Главная страница
Навигация по странице:

  • Сезімталдық және оның бұзылыстары

  • Ерікті қимылдар және олардың бұзылыстары

  • Ерікті қимылдар және олардың бұзылыстары.

  • Экстрапирамидтік жүйе. Мишық

  • Экстрапирамидтік жүйе

  • невро. ига невро. Сезімталдылы анализаторыны ыртысты орталыы арты орталы иреле


    Скачать 177.29 Kb.
    НазваниеСезімталдылы анализаторыны ыртысты орталыы арты орталы иреле
    Анкорневро
    Дата27.06.2022
    Размер177.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаига невро.docx
    ТипДокументы
    #617898
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    1

    Сезімталдылық анализаторының қыртыстық орталығы?

    +артқы орталық ирелең

    Гешль иірімі

    шүйде бөлімі

    самай бөлімі

    маңдай бөлімі

    2

    52 жасар әйел, қант диабетімен сырқаттанады. Аяқ-қолындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру барысында «ұзын қолғап және шұлық» типі бойынша гипестезия анықталды.

    Бұл жағдайда сезімталдылық бұзылысының түрі қандай?

    +шеткі

    түбіршектік

    жұлындық-сегментарлық

    өткізгіштік

    сегментарлы

    3

    35 жасар ер кісі, анамнезінде нейросифилис, арқасындағы ауру сезіміне шағымданады. Тексеру барысында оң аяқ қолында терең сезімталдылықтың бұзылысы анықталады.

    Қандай құрылымдардың зақымдалуы кезінде осындай симптоматика болуы ықтимал?

    +Бурдах и Голь шоғыры

    артқы түбіршек

    артқы мүйіз

    жұлын-көру төмпешігі жолы

    жұлындық ганглий

    4

    40 жасар ер кісі, инсульттан кейін көзін жұмып құралдарды сипап танып айтып бере алмайды.

    Сезімталдылықтың қандай түрі бұзылған?

    +стереогностикалық

    буын-бұлшықеттік

    вибрациялық

    температуралық

    ауырсынусезімі

    5

    20 жасар наркоманиямен сырқаттанатын науқаста, аяқ қолының дистальді бөліктерінде сезімталдық төмендеген.

    Сезімталдылықбұзылысы қалай аталады?
    жұлындық

    милық

    +шеткі

    артқы бағандық

    өткізгіштік
    6

    36 жасар ер кісі, сол жақ кеуде және қолында ауырсыну және температуралық сезімталдылықтың төмендеуіне шағымданады. Тексеру барысында сезімталдылықтың сегментарлы «жартылай кеудеше» түрінде бұзылысы анықталды.

    Қандай құрылымдар зақымдалған?

    +жұлынның артқы мүйізі

    жұлынның алдыңғы бағаны

    бет нервінің ядросы

    ішкі капсула

    көру төмпешігі

    7

    35 жасар ер кісі, темір ұсташысы, емханада қарау кезінде оң жақты аяғы мен қолында терең сезімталдықтың бұзылысы, сенситивті атаксия анықталды.

    Жүйке жүйесінің қандай құрылымы зақымдалған?

    артқы мүйіз

    артқы түбіршек

    +артқы баған

    жұлын-көру төмпешігі жолы

    жұлын ганглийі

    8

    Қабылдауда 45 жасар әйел кісіде, анамнезінде көптеген күйіктер, сол жағында бұғанадан кіндікке дейінгі деңгейге дейін «жартылай күрте» типі бойынша беткейлі сезімталдықтың бұзылысы анықталды.

    Науқаста сезімталдықтың бұзылысының типі қандай?

    +артқымүйізді-сегментарлы

    мононевритикалық

    полиневритикалық

    капсулярлы

    түбіршектік
    Сезімталдық және оның бұзылыстары
    9

    Қабылдауда 58 жасар ер кісіде, оқытушы, сол жақ аяқ қолында біртіндеп қатты ауру сезімі пайда болды, қараңғыда жүрісі бұзылған. Қарау кезінде: гемигипестезия, гиперпатия, гемианопсия.

    Патологиялық ошақ қайда орналасқан?

    варолиев көпірінде

    +көру төмпешігі

    сопақша ми

    ішкі капсула

    бас миының маңдай бөлімі

    10

    Қабылдауда 30 жасар әйел адам, тексеру барысында Th8-Th10 дерматомдары аймағында «белдеу» типінде беткей сезімталдылықтың бұзылысы анықталды. Терең сезімталдылық сақталған.

    Патологиялық ошақтың орналасу деңгейін анықтаңыз

    + алдыңғы сұр зат тұтастығы

    артқы баған

    алдыңғы мүйіз

    түбіршек

    қыртыс

    11

    Қабылдауда 30 жасар әйел адам, тексеру барысында Th8-Th10 дерматомдары аймағында «белдеу» типінде беткей сезімталдылықтың бұзылысы анықталды. Терең сезімталдылық сақталған.

    Қандай зертеу әдісін өткізу қажет?

    ЭЭГ

    РЭГ

    УЗДГ

    +жұлын МРТ

    бас ми МРТ
    12

    Ер кісі оң жақ маңдай аймағындағы ауру сезіміне және көпіршік түріндегі бөртпелерге, сонымен қатар кератиттің дамуына шағымданады.

    Қандай препаратты тағайындаған тиімді?

    антибиотик

    +вирусқа қарсы

    гормональды

    қантамырлық

    ноотропты

    13

    Науқас жұмулы көзбен оң қолмен құралдарды сипау арқылы тани алмайды, бірақ оның қасиеттерін сипаттап бере алады. Үстірт сезімталдылық бұзылысы анықталмайды.

    Осы симптом қалай аталады?

    апраксия

    анакузия

    +астереогноз

    агнозия

    афазия
    14

    Омыртқа аймағында пышақпен жараланғанна кейін науқаста оң аяқтың сіресрпелі салдануы және буын-бұлшықет сезімталдылығының бұзылысы, сол аяқта ауырсыну сезімінің төмендеуі дамыды.

    Диагнозы анықтау үшін қандай зерттеу әдісін өткізу қажет?

    +жұлын МРТ

    бас ми МРТ

    элекроэнцефалография

    электронейромиография

    рентгенография
    15

    Тексеру барысында науқаста терең сезімталдылықтың бұзылысы, жүрген кезде сенімсіздік анықталды. Көзді жұмған кезде жүру бұзылысы айқындала түседі.

    Қандай зерттеу әдісін жүргізген тиімдірек?
    люмбальді пункция

    бас ми МРТ

    +жұлын МРТ

    электромиография

    электроэнцефалография
    Ерікті қимылдар және олардың бұзылыстары
    17

    Қабылдауда 45 жасар ер кісіде, табанынан басталатын сол аяғындағы клоникалық тырысуларға шағымданады. Емханада қарау кезінде патологиялық табан рефлекстері мен тонусының жоғарылауымен сол аяғының салдануы анықталады.

    Патологиялық үрдіс орналасуы мүмкін

    сол жақты ішкі капсула

    сол жақты алдыңғы орталық қыртыстың төменгі жағы

    сол жақты алдыңғы орталық қыртыстың жоғарғы жағы

    оң жақты алдыңғы орталық қыртыстың төменгі жағы

    +оң жақты алдыңғы орталық қыртыстың жоғарғы жағы
    18

    К науқас, 89 жаста, гипертониялық аурумен ауырады, кенеттен оң қол-аяқтағы қозғалысы жоғалды. Объективті: оң жақтық спастикалық гемиплегия мен гемианестезия анықталады.

    Науқастан қандай синдромды анықтауға болады?

    +орталық гемипарез

    сезімталдықтың шеткі тип бұзылысы

    солғын гемипарез

    шеткі гемипарез

    алмасушылық синдром
    19

    Д науқас, 48 жаста, біртіндеп сол аяқ-қолда қатты ауру сезімі, қараңғыда жүрісінің бұзылыстары дамыды. Объективті: гемигипестезия, гиперпатия, гемианопсия.

    Ең тән зақымдану деңгейін анықтаңыз?

    +көру төмпешігі

    сопақша ми

    ішкі капсула

    варолиев көпірі

    бас миының маңдай аймағы
    20

    Д науқас, 48 жаста, біртіндеп оң қол-аяқта әлсіздік пен ұю сезімі, сөйлеудің бұзылыстары дамыды. Объективті: оң мұрын-ерін қатпары тегістелген, тілі оңға ығысқан, дизартрия, оң қол-аяқта тонус пен рефлекстері жоғарылаған. Бас миының зақымдану деңгейін анықтаңыз

    көру төмпешігі

    сопақша ми

    +ішкі капсула

    варолиев көпірі

    бас миының маңдай аймағы
    21

    55 жастағы әйел кісі, вахтер, аяқ-қолының әлсіздігіне шағымданады. Қарау кезінде: қол бұлшықеттерінің гипотрофиясы, рефлекстердің, бұлшықет күшінің төмендеуі, қол бұлшықтетерінің фибрилляциясы анықталады. Жүрісі өзгерген, жүрген кезде аяғын «тартады». Аяғындағы рефлекстердің айқын жоғарылауы, екі жағынан Бабинский және Оппенгейм патологиялық рефлекстері оң.

    Патологиялық үрдісты анықтау үшін жұлынның қай бөлігін зерттеу қажет?

    +мойын буылтығы

    мойын буылтығынан жоғары

    кеуде бөлігі

    бел бөлімі

    төменгі кеуде бөлімі
    22

    39 жасар К есімді науқас, гипертониялық аурудан зардап шегеді, кенеттен айқын көпреттік құсу пайда болды. Объективті: кома, қарашықтары кеңейген, қарашықтарыдың жарыққа реакциясы жоқ, оң жақтық спастикалық гемиплегия және гемигипестезия.

    Синдромды анықтаңыз

    +капсулярлық

    таламикалық

    Броун –Секар синдромы

    алмасушылық

    бағандық синдром
    23

    Науқаста қол бұлшықеттерінің гипотрофиясы, рефлекстердің, бұлшықет күшінің төмендеуі, қол бұлшықтетерінің фибрилляциясы анықталады. Жүрісі өзгерген, жүрген кезде аяғын «тартады». Аяғындағы рефлекстердің айқын жоғарылауы, екі жағынан Бабинский және Оппенгейм патологиялық рефлекстері оң.

    Синдром қалай аталады?

    +аралас тетрапарез

    спастикалық тетраплегия

    орталық төменгі параплегия

    перифериялық тетраплегия

    жоғарғыорталық парапарез


    Ерікті қимылдар және олардың бұзылыстары.
    24

    Науқастың барлық аяқ-қолында әлсіздік, жүруі мен өз өзіне қызмет жасау қабілетінің қиындауы анықталады. Тексеру барысында аяқ-қолдарында белсенді қимыл-қозғалыстардың шектелуі, оларда бұлшықет тонусы және рефлекстердің жоғарлауы, қол басы мен табанда патологиялық рефлекстер анықталды. Бас ми нервтерінің функциясы бұзылмаған. атологиялық ошақ қайда орналасқан?

    жоғарғы кеуде сегменттері деңгейінде

    төменгі кеуде сегменттері деңгейінде

    +жоғарғы мойын сегменттері деңгейінде

    бел сегменттері деңгейінде

    төменгі мойын сегменттері деңгейінде
    25

    45 жастағы ер кісіде, АҚ 140/90 мм.сын.бағ. кқтерілу фонында оң аяғында әлсіздік, салақтық дамыды, ұзақтығы 20 мин. Түскен кезде объективті: беті симметриялы, тілі ортаңғы сызық бойымен. Оң аяқ монопарезі, рефлексі жоғарылаған, оң жақтан Бабинский симптомы оң. 20 мин кейін оң аяқ бұлшықетінің күші қалпына келді, рефлекстері бірдей, патологиялық белгілер жоқ.

    Қандай терапия тағайындаған тиімді?

    +нейропротекторлар

    коагулянттар

    транквилизаторлар

    антиконвульсанттар

    антихолинестеразды
    26

    59 жасар әйел кісі, айқын бас ауру сезіміне, құсу, сол аяқ-қолының әлсізденуіне, жүрісінің бұзылысына шағымданып келді. Анамнезінен; жарты жыл бойы онкологта Сүт безі рагы диагнозымен есепте тұрады және ем қабылдайды.Неврологиялық статус; менингеальды симптомдар жоқ, сол аяқ-қол бұлшықет күшінің 2 баллға төмендеуі, бұлшықет тонусы сол жақтан жоғарылаған. Терең рефлекстер сол жақтан жоғары, сол жаұтық гемигипестезия, Ббаинский симптомы сол жақтан оң, Ликворда; белоктық-жасушалық диссоциация. Бас ми МРТ-сы- оң жақ маңдай-төбе аймақтарында метастаздар.

    Төменде келтірілген препараттардың қайсысын қолданған тиімдірек?

    антиоксиданттар

    саңырауқұлаққа қарсы

    +ісінуге қарсы

    қабынуға қарсы

    иммуностимулдеуші

    27

    Гипертониялық аурумен зардап шегетін, 67 жасар ер кісі, сол аяқ қолындағы әлсіздікке шағымданады. Объективті: 3-4 баллға дейін оң жақты бұлшықет күші төмендеген, тонусы жоғарылаған, гиперрефлексия, оң жақты табан патологиялық рефлексі.

    Қандай зерттеу әдісін қолдану қажет?

    ЭЭГ

    ЭМГ

    омыртқа МРТ зерттеуі

    +бас миының МРТ -сы

    омыртқа рентгенографиясы
    28

    Атеросклерозбен зардап шегетін 56 жасар әйел кісі оң жақ аяқ-қолының әлсіздік пен жансыздануына шағымданады. Объективті: АҚ-170/90 мм.сын.бағ., оң жағында тілдің және беттің мимикалық бұлшықеттерінің орталықты салдануы, тонусының жоғарылауымен гемипарез және оң жақты гиперрефлексия анықталады.

    Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?

    мйын бөлімінің МРТ

    кеуде бөлімінің МРТ

    +бас миының МРТ

    омыртқа рентгенографиясы

    бел бөлімінің МРТ
    29

    Қабылдауда32 жасар ер кісі, атлет, қоссырықтан құлағаннан кейін, сол қолындағы ауру сезіміне қозғалысының бұзылысына және сезімталдығының бұзылысына шағымданып қаралды. Қарау кезінде қолы салбыраған, ішке әкетілген, иық және шынтақ буынындағы қозғалысы шектелген, білезігі мен саусақтары бүгілген.

    Диагнозы аніқтау үшін қандай инструментальды зерттеу тағайындау ең ықтимал?

    Эхоэнцефалография

    Реоэнцефалография

    Электроэнцефалография

    +Электронейромиография

    бас ми тамырларныың УДДГ
    30

    Науқас клоникалық ұстамаларға шағымданады. Ұстама оң аяқ басының басталады, содан кейін барлық оң жаққа тарайды. Ұстама 1-2 мин созылады. Есін жоғалтпайды. Тексеру барысында терең рефлекстердің аздап жоғарылауы байқалады.

    Осы науқасқа қандай зерттеу әдісін өткізген жөн?

    +бас ми МРТ

    жұлын МРТ

    Бас ми қантамырларының УЗДГ

    энцефалография

    люмбальді пункция
    Экстрапирамидтік жүйе. Мишық

    31

    Экстрапирамидті жүйе келесі қызметтерді реттейді,

    сезімталдылық

    бұлшықет күші

    +бұлшықет тонусы

    естуді

    көруді

    Экстрапирамидтік жүйе. Мишық
    32

    Қабылдауда 56 жасар ер кісіде, координацияның бұзылысы, жүру кезінде теңселуі анықталады. Саусақ-мұрын және тізе- өкшелік сынамасында оң жақты интенционды тремор байқалады. Ромберг қалпында тұрақсыздық, оңға қисаяды.

    Топикалық ошағын анықтаңыз

    оң жақты жұлынның жартылай көлденеңінің

    жұлынның артқы бөлімдерінің

    жұлынның көлденеңінің

    +оң жақты мишықтың

    мишық құртының

    33

    Қабылдауда12 жасар қызда созылмалы ангина фонында, буындарында және жүрегінде ауру сезімі, «билеуші жүрісі» түріндегі гиперкинездер, бұлшықет тонусының төмендеуі пайда болған.

    Болжамалы диагнозы қандай?

    Гентингтон хореясы

    +ревматикалық хорея

    Паркинсонауруы

    дистония

    тремор

    34

    Қабылдауда74 жасар ер кісі, жүрісі мен сөйлеуінің қиындауына шағымданып қаралды, ауруы бертіндеп басталған, көп жылдардан бері артериальды гипертензиямен зардап шегеді.Объективті: тыныштықтағы тремор, амимия, брадилалия, бұлшықеттердің ригидтілігі, пластикалық тип бойынша тонусы жоғарылаған, гипокинезия.

    Болжамалы диагнозы қандай?
    Паркинсонауруы

    +екіншілік тамырлық паркинсонизм

    нейролептикалық паркинсонизм

    жарақаттан кейінгі паркинсонизм

    энцефалиттен кейінгі паркинсонизм
    35

    Қабылдауда25 жасар жасөспірімде, хореялық гиперкинез, билеуші жүрісі, атетоз, психикалық деградация анықталады, отбасында әкесі жағынан әрбір ұрпағында осындай жағдайлар болған.

    Болжамалы диагнозы қандай?

    Томсон ауруы

    +Гентингтон хореясы

    ревматикалық хорея

    Штрюмпель ауруы

    Вильсон-Коноваловауруы

    36

    45 жасар ер кісі оң қолындағы еркінен тыс қимылдарға шағымданады, ол «ядро немесе допты лақтыру» әрекеттеріне ұқсайтын қимылдар жасайды. Аталған симптом қалай аталады?

    тик

    атетоз

    +гемибаллизм

    хорея

    торсионды дистония

    37

    Қыз «кобра» секілді кеудесіде, ? Аяқ қолындамен еріксіз айналмалы іс-әрекеттер жасайды. Аталған симптом қалай аталады?

    тик

    атетоз

    гемибаллизм

    хорея

    +торсионды дистония

    38

    66 жасар ер кісіде тепе-теңдік бұзылысы, жүргенде теңселу анықталады. Саусақ-мұрын және тізе-өкшелік сынамада интенционды діріл. Ромберг сынамасында алдыға және артқа құлайды.

    Қандай құрылымдардың зақымдалуы кезінде осындай симптомдар анықталады?
    жұлынның жартылай көлденеңнен зақымдалуы

    жұлын

    маңдай бөлігі

    мишық жарты шарлары

    +мишық құрты

    Экстрапирамидтік жүйе
    39

    Жасөспірімде бауырлық жетіспеушілік, гиперкинездер, бұлшықет тонусы төмендеген, психикасы өзгерген, нұрлы қабығында Кайзер-Флейшер жүзігі анықталады.

    ЕҢ БІРІНШІДЕН қандай дәрілік зат тағайындаған жөн?

    +Д-пенициламин

    кардиомагнил

    ацикловир

    баклофен

    кавинтон

    40

    Жасөспірімде бауырлық жетіспеушілік, гиперкинездер, бұлшықет тонусы төмендеген, психикасы өзгерген, нұрлы қабығында Кайзер-Флейшер жүзігі анықталады.

    Қандай зерттеу әдісін жүргізу ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

    +қандағы церуллоплазмин мөлшері

    бас сүйегінің рентгенографиясы

    люмбальды пункция

    коагулограмма

    ЭЭГ
    41

    Науқас жүргенде оңға теңселеді, ас ішкенде оң қолы дірілдейді, жазуы өзгерді. Қарағанда: оң қол-аяқта бұлшықет тонусы төмендеген, адиадохокинез бен оң білезіктің гиперметриясы, саусақ-мұрын және тізе-табан сынамасын жасағанда интенционды діріл байқалады.

    Синдром қалай аталады?

    статикалық мишықтық атаксия

    +динамикалық мишықтық атаксия

    маңдай атаксиясы

    сенситивті атаксия

    вестибулярлы атаксия
    42

    Қабылдауда 48 жасар ер кісі, бет және бас терісінің майлылығының жоғарылауына, амимияға, конвергенцияның әлсіздігіне, барлық аяқ қолындағы кенеттен пайда болған бөгелуіне шағымданады, бұлшықеттерінің тонусы «тісті доңғалақ» типі бойынша жоғарылаған, аяғында көбірек, білезіктеріндегі тремор, сөйлеуі кешеуілдеген, дауысы монотондыжай, жүрісі майда қадамдармен. Анамнезінен: 2 жыл бұрын ЖРВИ –мен ауырған, айқын ұйқышылдық пайда болып, дене қызуы жоғарылаған.

    Бас миындағы қандай нейрохимиялық өзгерістердің болуы ЕҢ ЫҚТИМАЛ?

    дофамин құрамының жоғарылауы

    + дофамин құрамының төмендеуі

    норадреналин құрамының жоғарылауы

    глутамат құрамының төмендеуі

    серотонин құрамының жоғарылауы

    43

    Науқаста жүрісінің тұрақсыздығы, скандирленген сөйлеу, горизонтальді нистагм, барлық қол-аяқтың бұлшықеттің тонусы төмендеген, саусақ-мұрын және тізе-табан сынамасын жасағанда интенционды діріл байқалады. Зақымдану ошағы қайда орналасқан?

    маңдай бөлігінде

    қыртыс асты ганглийлерінде

    +мишық

    жұлын

    боз шар
    44

    Ер кісі 64 жаста, жүрісі мен сөйлеуінің қиындауына, тыныштықтағы треморға шағымданып қаралды. Объективті: амимия, брадилалия, дауысы жай, бұлшықеттердің ригидтілігі, пластикалық типтегі тонусының жоғарылауы, гипокинезия.

    Қандай дәрілік зат тағайындау қажет?

    +Л-Допа препараты

    коагулянттар

    цитостатиктер

    антибиотиктер

    иммуномодуляторлар
    45

    Қабылдауда 48 жасар ер кісі, бет және бас терісінің майлылығының жоғарылауына, амимияға, конвергенцияның әлсіздігіне, барлық аяқ қолындағы кенеттен пайда болған бөгелуіне шағымданады, бұлшықеттерінің тонусы «тісті доңғалақ» типі бойынша жоғарылаған, аяғында көбірек, білезіктеріндегі тремор, сөйлеуі кешеуілдеген, дауысы монотондыжай, жүрісі майда қадамдармен. Анамнезінен: 2 жыл бұрын ЖРВИ –мен ауырған, айқын ұйқышылдық пайда болып, дене қызуы жоғарылаған.

    Осы науқаста бас миының қай құрылымы зақымдалған?

    жолақты дене

    бас миының бағанасы

    мишықтың тісті ядросы

    +палидонигральды комплекс

    бас миының қыртысының самай бөлімі
      1   2   3   4


    написать администратору сайта