Главная страница

Шыыс азастан облысы скемен аласы кімдігіні


Скачать 1.03 Mb.
НазваниеШыыс азастан облысы скемен аласы кімдігіні
Дата15.09.2021
Размер1.03 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла00164b88-d2b11ac8.docx
ТипДокументы
#232475
страница1 из 3
  1   2   3

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№6 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Биология пәні бойынша

қолданбалы курстың бейімделген бағдарламасының тақырыбы:
«Тұқымқуалаушылықтың заңдылықтары»


Авторы: Жумагулова Акмарал Бакытбековна-

жаратылыстану ғылымдары магистрі,

биология пәні мұғалімі

«педагог-зерттеуші»

Өскемен қаласы

Аннотация
Жұмыстың авторы - Жумагулова Акмарал Бакытбековна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің биология пәні мұғалімі. Еңбек өтілі – 9 жыл, санаты – «педагог-зерттеуші».

Бағдарламаны ұйымдастырудың себебі, сабақ барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығн, ынтасын оятып, белсенділіктерін арттыруға көмектеседі. Оқушының шығармашылық, ізденіс, зерттеушілік қабылеттерін дамыта отырып, олардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негізделген.

Авторлық бағдарламасы білім стандартына сай жасалған және оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана алуына мүмкіндік туғызады. Қолданбалы курс барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер білім алушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға, танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруға, сөйлеу дағдыларын дамытуға үйретеді. Сонымен қатар жаңартылған білім беру мазмұнының критерийлеріне сай бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.

Бағдарлама мектеп мұғалімдеріне ұсынылады.


Түсінік хат

«Тұқымқуалаушылықтың заңдылықтары» курс бағдарламасы аптасына 1 сағаттан 34 сағатқа жаратылыстыну-математикалық бағытта оқитын 10-11 сыныптарға арналған. Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Курс бағдарламасы білімді саралап, оқушының қабілетіне, бейімділігіне байланысты сыныптарды ұйымдастыруға негізделген.

Жалпы білім беретін мектептердің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған «Қазақстан Республикасының орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы әдістемелік нұсқаулық хатта қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына ұсынылатын тақырыптар ретінде «Тұқымқуалаушылық заңдылықтары» тақырыбы ұсынылған.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пәннің мазмұны шиыршықталған бағытта берілетіндіктен, пән мазмұны тірі организмдерді молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік және ағзалық деңгейде зерттеленетіндіктен курс бағыты оқушыларға білімнің тереңдетіліп берілуіне көмектеседі.

Тіршілікте ең жоғары құндылық деп түсінетін экологиялық, эволюциялық ойлау деңгейлері қалыптасқан, биологиялық мәдениетін меңгерген, дүниенің ғылыми бейнесінің биологиялық саласын бағдарлай алатын, тірі табиғатты зерттеу әдістерінен қажетті білімдері бар, генетикадан білімдерін дамыту, зат алмасу үрдістері және тірі ағзалардың жалпы қасиеттері туралы мағлұматтарын кеңейту. Сонымен қатар, бағдарламада генетикалық есептерді құрастырудың және шешудің әдістемесі, есептердің типтері, оларды шығару жолдары көрсетіледі.
Курстың мақсаты: Оқушыларға генетика ғылымындағы тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын жан-жақты меңгерту.

Курстың міндеттері:

- оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту

- негізгі ұғымдар мен теорияларды білу.

- өз бетімен белсенді жұмыс істеуге үйрету;

- оқыту өмірмен тығыз байланыстыру;

- оқушылардың мамандықты таңдауына ықпал жасау;

- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, интеллектуалдық, дарындылық қабілеттерін жетілдіру

-ҰБТ – ға дайындық.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: жұмыс дәптерлерінің болуы, танымдық іс-әрекеті мен ой өрісін,  басқа ғылыммен байланысын, компьютер техникасын, интернет желісін пайдалану.

  1. Генетиканың шығу тарихын оқушылар білу;

  2. Мендель зандарын пайдалана отырып, есептер шығара білуі тиіс;

  3. Т.Х. Морган зандарының теориясын менгере отырып, практикада пайдалана білу;

  4. Гендердің өзара әрекеттесуін ажырата отырып менгеру;

  5. Генетика теориясының қазіргі жағдайын пайдалана білу;

  6. Тұқым қуалайтын аурулардың болу себептерін анықтай алу.


Бағалау критерийлері:

Генетиканың даму тарихы, әдістерімен заңдылықтарын біледі;
Тұқымқуалаудың Мендель ашқан заңдылықтарымен ұғымдарды қолданады;
Тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негіздерін салыстырады.
Жыныспен тіркес тұқым қуалау заңдылықтарымен механизмдерін зерделейді;
Генетикалық карта құрастырады;
Тұқымқуалаушылық заңдылықтарына арналған практикалық есептерді шығарады;
Адам қан топтырының тұқымқуалаушылыққа әсерін дәлелдей алады;
Тұқымқуалаушылықтың адам өміріндегі маңыздылығын бағалайды.
Пәнаралық байланыс: химия, математика, география, экология, жаратылыстану.

Кәсіпке бағдарлау: биология, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология бағытына даярлау.

Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс (лекция ), ойын технологиялары есептер шығару, практикалық жұмыс, зертханалық жұмыс, топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, семинар.

Курсты оқытуды аяқтау формасы:

- рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру, ғылыми жоба жасап қорғау.

- түрлі генетикалық есептер шығару.

- тест сұрақтарына жауап беру.

Оқу жетістіктерін бағалау:

    • деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.

Пәннің саясаты

    • Оқушы түзілген кестеге сәйкес дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысу міндетті;

    • сабаққа кешікпеу;

    • сабақты жібермеу;

    • оқу процесіне белсенді араласу;

    • ішкі тәртіпке бағыну және орындау;

    • үй тапсырмаларын өз уақытында және нақты орындау;

    • тапсырмалар орындалмаған жағдайда және дәріске себепсіз қатыспаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі;


 Реферат тақырыптары:

1.Генетика жетістіктері.

2. Г. Мендель өмірі мен қызметі.

3. Денсаулық және медицина.

4. Зиянды заттардың болашақ ұрпаққа әсері

5.Жеті атасын білмеген, жетесіз.

6. Генетикалық аурулар.

7. ГМӨ ұрпаққа әсері.
Ұсынылатын әдебиеттер:

Оқушыларға:

1.Мектеп оқулықтары, 9,10,11-сыныптары.

2.Интернет желісін пайдалану.

3.«Биология салауаттылық негіздері» журналдары.

4.«Биология анықтамалығы» журналдары.

5.Алматы 2005. Биология оқыту әдістемесі.

6.М.Гильманов, А.Сартаев. Алматы 2006. Жалпы биология.
  Мұғалімдер пайдаланатын әдебиеттер тізімі:

1.Бочков Н.П., Медициналық генетика.[Бочков Н. П. ж.б.] ; редакциясын басқарған Н. П. Бочков ; қазақ тіліне аударған Б. Н. Дюсенбекова, жауапты редакторы Қ. А. Естемесова - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015.

2.Автор: В.Корунская.  Жалпы биология сабақтары.

3.Биология және салауаттану журналы.

4.Автор: М.Е. Лобалиева, К.В. Ватти, М.М.Тихомирева. Алматы.  Генетика және селекция негіздері.

5.Интернет желісі.

6.«Биология салауаттылық негіздері» журналдары 2013-2020.

7.«Биология анықтамалығы» журналдары 2015-2020.

8.Е.Ж. Стамбеков. Алматы 1993.  Жалпы генетика.

9.Алматы 2005. Биология оқыту әдістемесі.

10.К.Мұханбетжанов, Л. Аманжолова. Алматы 1993. Генетика есептерінің жинағы.

11. М.Жұмажанов. Қарағанды 1996.Жалпы генетика курсының есептер жинағы.

12.М.Гильманов, А.Сартаев. Алматы 2006. Биология және салауаттану журналы.

13.А.Сартанов. Алматы 2006. Адам генетикасы.

14.М.Гильманов, А.Сартаев. Алматы 2006. Жалпы биология.

15.Қазақтілі терминднрінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Биология.

16.А.Сартаев, С.Жолымбетова. Алматы 2006. Жалпы биология есептері.

17.Р.Сәтімбекұлы, Ғ.Ережепова, Б.Унасбаева. Алматы 2007. Тәрбие тағлымдары.

18. Бурунбетова Қ. Қ. Генетика негіздері: Оқулық. – Алматы: ЖШС «Дəуір», 2013. – 264 б.


Тақырып жоспарының мазмұны.
Кіріспе (3 сағат) Генетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым. Генетиканың даму тарихы. Генетиканың негізгі әдістері мен заңдары.

Тұқым қуалаудың Г.Мендель ашқан заңдылықтары (12 сағат) Мендель ілімі. Тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары мен негізгі генетикалық ұғымдар. Туқым қуалаудың цитологиялық негіздері. Моногибридті будандастыру заңдылықтары. Г.Мендельдің біркелкілік және белгілердің ажырау заңы. Тұқым қуалаудың аралық сипаты немесе толымсыз доминанттылық. Моногибридті будандастыруға есептер шығару. Дигибридті будандастыру. Тәуелсіз тұқым қуалау заңы. Полигибридті будандастыруға сепетер шығару. Гендердің өзара әрекеттесуі. Аллелді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Комплементарлық. Эпистаз. Полимерия. Көпаллельділік. Гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі тұқым қуалау әрекетіне есептер шығару.

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы (7 сағат). Жыныстың анықталуының генетикалық механизмі және баланстық теориясы. Жыныстың анықталуына ортаның рөлі. Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің тіркесуі. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына арналған септерді шығару. Кроссинговер. Кроссинговердің механизмдері. Кроссинговерге әсер ететін факторлар. Генетикалық карталар. Тіркесу және кроссинговерге арналған есептерді шығару. Жыныс хромосомалары жүйесіндегі ауытқулар.

Адам қан топтарының тұқым қуалауы (3 сағат). Қан құю. Қан топтары. Донор. Рецепиент. Қан топтарының тұқым қуалауына есептер шығару.

Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері (7 сағат). Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен биологиялық ролі. Генетикалық код.Жасуша нәруыздарының жинақталуы. Нәруыз синтезінің механизмі. «Сплайсинг процесінің механизмі». Ген құрылымының реттелуі.

Қорытынды ( 2 сағат ).
Көрсетілімдер. Мендель заңдарын, хромосомалардың айқасуын бейнелейтін көппешөп материалдарын, жинақтамаларды, нақнұсқа-жапсырмаларды, сызбанұсқаларды, тәжірбиелерді көрсету.


Қолданбалы курсқа арналған күнтізбелік жоспар.




Сабақтың тақырыбы.

Сағат саны

Қолданылатын әдіс-тәсілдер. Құрал-жабдықтар.

Күні

Барлығы

Лекция

Практикалық




Кіріспе

3

3










1

Генетика – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

1

1




Түсіндіру.Лекция. Электронды оқулық.




2

Генетиканың даму тарихы.

1

1




Лекция, өзіндік ізденіс




3

Генетиканың негізгі әдістері мен заңдары

1

1




Лекция, АКТ







Тұқым қуалаудың Г.Мендель ашқан заңдылықтары

12

7

5







4

Мендель ілімі

1

1




Лекция, өзіндік ізденіс




5

Тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары мен негізгі генетикалық ұғымдар

1

1




Лекция, өзіндік ізденіс




6

Туқым қуалаудың цитологиялық негіздері.

1

1




Лекция, ауызша түсіндіру, АКТ, интербелсенді әдістер




7

Моногибридті будандастыру заңдылықтары. Г.Мендельдің біркелкілік және белгілердің ажырау заңы.

1

1




Видеофильм,презентация, кесте




8

Тұқым қуалаудың аралық сипаты немесе толымсыз доминанттылық.

1

1




Видеофильм,презентация, кесте




9

№1 Практикалық жұмыс. Моногибридті будандастыруға есептер шығару.

1




1

Моногибридті будандастыруға арналған есептер.




10

Дигибридті будандастыру. Тәуелсіз тұқым қуалау заңы.

1

1




Видеофильм,презентация, кесте




11

№2 Практикалық жұмыс. Дигибридті будандастыруға есептер шығару.

1




1

Дигибридті будандастыруға арналған есептер




12

№3 практикалық жұмысы. Полигибридті будандастыруға сепетер шығару.

1




1

Түсіндіру, лекция. Презентация.




13

Гендердің өзара әрекеттесуі. Аллелді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Комплементарлық. Эпистаз. Полимерия. Көпаллельділік.

1

1




Полигибридті будандастыруға арналған есептер шығару.




14-15

№4 практикалық жұмыс. Гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі тұқым қуалау әрекетіне есептер шығару.

2




2










Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы.

7

5

2







16

Жыныстың анықталуының генетикалық механизмі және баланстық теориясы. Жыныстың анықталуына ортаның рөлі.

1

1




Лекция, ауызша түсіндіру, АКТ, интербелсенді әдістер




17

Жыныспен тіркес тұқым қуалау. Гендердің тіркесуі.

1

1




Лекция, ауызша түсіндіру.




18

№5 практикалық жұмыс. Жыныспен тіркескен белгілердің тұқым қуалауына арналған септерді шығару.

1




1

Лекция, ауызша түсіндіру.




19

Кроссинговер. Кроссинговердің механизмдері. Кроссинговерге әсер ететін факторлар.

1

1




Лекция, ауызша түсіндіру, АКТ, интербелсенді әдістер




20

Генетикалық карталар.

1

1




Лекция, ауызша түсіндіру.




21

№6 практикалық жұмысы. Тіркесу және кроссинговерге арналған есептерді шығару.

1




1

Отбасы шежіре картасын құру.




22

Жыныс хромосомалары жүйесіндегі ауытқулар.

1

1




Сынақөтем, тестілеу.







Адам қан топтарының тұқым қуалауы.

3

2

1







23-24

Қан құю. Қан топтары. Донор. Рецепиент.

2

2




Лекция, ауызша түсіндіру.




25

№7 практикалық жұмыс. Қан топтарының тұқым қуалауына есептер шығару.

1




1

Лекция, ауызша түсіндіру.







Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері.

7

5

2







26

Нуклеин қышқылдарының құрылымы мен биологиялық ролі.

1

1




Видефильм. Баяндама




27

Генетикалық код.


1







Лекция, ауызша түсіндіру, АКТ, интербелсенді әдістер




28

№8. практикалық жұмыс. Генетикалық кодқа арналған есептерді шығару.

1

1

1

Лекция, ауызша түсіндіру, АКТ, интербелсенді әдістер




29

Жасуша нәруыздаының жинақталуы.

1

1




Лекция, ауызша түсіндіру, АКТ, интербелсенді әдістер




30

Нәруыз синтезінің механизмі.

1

1




Лекция, ауызша түсіндіру, АКТ, интербелсенді әдістер




31

Модельдеу 1. «Сплайсинг процесінің механизмі»

1




1

Лекция, ауызша түсіндіру.




32

Ген құрылымының реттелуі.

1

1




Лекция, ауызша түсіндіру.







Жылдық қорытынды.

2













33-34

Курс материалдарын қайталау

2







Жыл бойы өткен материалдарды қайталау.




Қосымша №1.
Тақырыбы: Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым.

Сабақтың мақсаты: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, ген ұғымдарымен танысу.

Әдіс-тәсілде: терминмен жұмыс, илюстрация, лекция, сәйкестендіру.

Құрал-жабдықтар: презентация, видео, тақырып бойынша қосымша материалдар.

Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының күрделі саласының бірі. Тұқым қуалаушылық – ата-аналарының белгілерінің ұрпақтарына берілуі мен ұрпақтар арасындағы жалғастықты қамтамасыз ететін қасиет. Тұқым қуалаудың негізінде тірі ағзалардың кейбір түрлері миллиондаған жылдар бойы өздерінің ерекшеліктерін сақтап келеді. Тұқым қуалау көбею үрдісімен, ал көбею жасушаның бөлінуі және оның құрылымы мен функцияларының көшірмелерінің ұдайы өндірілуімен тығыз байланысты.

Өзгергіштік – тірі ағзаның бойындағы белгілер мен қасиеттердің өзгеруі. Өзгергіштікке байланысты тірі ағзада жаңа белгілер, қасиеттер пайда болады немесе бұрынғылары өзгеріп, жойылуы мүмкін.

Өзгергіштік ағзаның тұқым қуалайтын қасиетінің әрдайым сақталып отырмауының көрінісі болып табылады. Ол гендердің өзгеруіне және олардың комбинациясына, сондай-ақ ағзаның тұқым қуалаушылық қасиетінің даму үдерісінде гендер көрінісінің өзгеруіне де байланысты болады.

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік бірімен-бірі қатар жүретін, бір-біріне қарама-қайшы, өзара тығыз байланысты үдерістер. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік туралы білім жер бетіндегі тіршіліктің пайда болу заңдылықтарын терең де толық зерттеуге мүмкіндік береді.

Ағзаның осы басты екі қасиетін жасуша ядросының хромосомаларында орналасқан гендер қамтамасыз етеді. Ата-аналарының ұрпақтарымен байланысы негізінен жынысты көбею арқылы жүзеге асады. Жасушаның бөлінуі алдында әрбір хромосома екі еселенеді. Бөліну үрдісінде олар жаңадан түзілген жеке жасушаларға ажырап кетеді. Жасушаның бөлінуіне дейінгі хромосома жиынтығы қанша болса, жаңа түзілген жасушаның ядросындағы толық хромосома жиынтығы да сонша болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда жыныс жасушаларындағы хромомсомалар саны екі есе кем болады. Ал түрге тән хромосоманың толық саны ұрықтанған жасушада қайтадан қалпына келеді. Зигота хромосоманың әр жұбының бір сыңарын - әкесінің, екіншісі – анасының қасиеттерін береді. Ағза белгілері мен қаситеттерінің дамуы хромосоманың белгілі-бір бөлігі – геннің әсер етуіне байланысты болады.

Ген – материалдық бөлшек болғандықтан ұрпаққа берілгенде жойылып кетпейді, әр ұрпақ сайын жасушаның бөлінуі барысында өзіне ұқсас гендерді жасап отырады. Яғни, дамуы онымен байланысты белгілер де жойылып кетпейді. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікке жауапты зат өзін-өзі өндіріп, жаcушаның бөлінуі барысында жаңа жасушаларға дәл тарала алуы керек. Бұл қасиет жасуша ішіндегі хромосомаларға ғана тән. Молекулалық деңгейде хромосоманың осы ерекшеліктерін оның құрамындағы ДНҚ (дезоксирибонуклеин қышқылы) молекуласы анықтайды.

Бақылау сұрақтары:

1.Генетика дегеніміз?

2.Тұқым қуалаушылық дегеніміз?

3.Өзгергіштік дегеніміз?

4.Ген дегеніміз не?
Тақырыбы: Генетиканың даму тарихы.

Мақсаты: Генетиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы мәлімет беру, ой-өрістерін дамыту.

Тұқым қуалаушылық туралы алғашқы зерттеулер біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда өмір сүрген ғалымдардың еңбектерінен де белгілі. Сол кезеңнің өзінде тура және тура емес тұқым қуалау туралы ойлар болған. Тура тұқым қуалау теориясының жақтаушысы Грек ғалымы Гиппократтың тұжырымы бойынша репродуктивті материал дененің барлық бөліктерінен жиналып тұқым қуалауға ықпал етеді, сондықтан денедегі сау және ауру тұқым қуалау бастамалары бірдей ұрпақтарға беріледі деген болса, біздің дәуірімізге дейінгі ІV ғасырда өмір сүрген Аристотель репродуктивті материал дененің әр бөлігінен жиналмай дененің бөліктерін құрауға арналған қоректік заттардан жасалады деген болатын.

Тура тұқым қуалау теориясы 23 ғасыр өмір сүрді. Генетиканың дамуына Ч.Дарвиннің (1868) «Жануарлар мен өсімдіктердің үй жағдайында өзгеруі» деген еңбегінде пангенезис гипотезасын ұсынды. Ол гипотеза бойынша өсімдіктер мен жануарлардың барлық жасушалары «өздерінен бүкіл денеде таралып жатқан өте ұсақ геммулалар бөліп шығарады» деген, ол геммулалар репродуктивті мүшелерге түседі деген. Бұл гипотезада ұрпақ белгілерінің дамуын анықтайтын жыныс жасушаларында ерекше бөлшектер болды, деген дұрыс болжам бар еді.

1871 жылы Ч.Дарвиннің пангенезис гипотезасын белгілі жаратылыстанушы Ф.Гальтон тәжірибе жағдайында сынап көреді. Ол қара қояндардың қанын ақ қояндардың қанына құйып реципиенттерді үш ұрпақ бойында шағылыстырып, ешқандай өзгеріс байқай алмай, қанда геммулалар болмайды деп тұжырым айтты.

Сол кезеңдегі бірқатар ғалымдар (Англияда – Т.Найт, Германияда – А.Гертнер, Францияда – Ш.Ноден т.б.) тұқым қуалау заңдылықтарын ашуға тырысты. Бірақ, генетика үшін аса маңызды ғылыми деректер жинақталғанымен тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары анықталмады.

1865 жылы чех жаратылыстану зерттеушісі Грегор Мендельдің «Өсімдік будандарымен тәжірибелер» атты еңбегін жазады. Өсімдіктерді будандастыру бойынша қойылған ұқыпты тәжірибелер оған тұқым қуалау заңдылықтарын ашуға мүмкіндік берді. Осы зерттеулерінің нәтижесі 1865 жылы Брно (Словекия) қаласы табиғат зерттеушілер қоғамының отырысында баяндалды. Бірақ, оның жұмысы өз замандастарының арасында толық қолдау таппады, сонымен Мендельдің жұмысы 35 жыл бойы ұмыт қалды.

1900 жылы Г.Д.Фриз (Голландия), К.Корренс (Германия), Э.Чермах (Австрия) бір-бірімен байланыссыз, әртүрлі нысандармен зерттеулер жүргізіп, Мендель тапқан белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын қайтадан ашты, сондықтан осы 1900 жыл генетиканың дүниеге келген жылы деп есептелінеді. Тұқым қуалау заңдылықтарының қайтадан ашылып жарық көруі, өсімдіктер мен жануарлардың басқа түрлерінде де осы заңдылықтардың болатындығын тексеруге арналған жұмыстардың әрі қарай жүргізіле беруіне мүмкіндік тудырды. Нәтижесінде Мендель ашқан тұқым қуалау заңдылықтарының универсалды және материалдық негізі бар екендігі анықталды. Көптеген зерттеушілер ағзалардың тұқым қуалау ерекшеліктері ген деп аталатын хромосоманың бөлшегіне тәуелді деген қорытындыға келді.

Генетиканың даму тарихын қысқаша келесі кестеден қарастыруға болады.
1 – кесте - Генетиканың даму тарихы



Жылдар

Маңызды оқиғалар

Автор

1

2

3

4

1

1838-1839

Жасуша теориясының ашылуы

Т.Шванн М.Шлейден

2

1865

«Өсімдік будандарымен тәжірибе» жұмысының шығуы

Г.Медель

3

1870

Митоздың өсімдіктер ағзасында ашылуы

Е.Страсбургер

4

1879-1882

Митоздың жануарлар ағзасында ашылуы

В.Флемминг

5

1875

Ұрықтану барысында жануарларда пронуклеустардың қосылуының ашылуы

Э. Ван Бенеден

О.Гертвинг

6

1883

Ұрықтану барысында өсімдіктерде пронуклеустардың қосылуының ашылуы

Н.Н.Горожанкин

7

1884

Ұрықтану барысында өсімдіктерде пронуклеустардың қосылуының ашылуы

Е.Страсбургер

8

1883-1884

Тұқым қуалаудың ядролық теориясының ашылуы

В.Ру

Е.Страусбургер

О.Гертвиг

9

1883

«Хромосома» терминінің қабылдануы

В.Вальдейер

10

1884-1887

Хромосомалардың «ажырауының» ашылуы

Л.Гайзер

Э. Ван Бенеден

11

1885

Хромосома жиынтығының тұрақтылығының ашылуы

К.Рабль

12

1887

Редукциялық бөлінудің ашылуы

Э. Ван Бенеден

В.Флемминг

13

1900

Мендель заңдарының қайтадан ашылуы

К.Корренс

Э.Чермак

Г.Де Фриз

14

1901

Мутациялық өзгергіштік теориясын ұсынды

Г.Де Фриз

15

1902

Гаметалардың тазалық ережесі

У.Бэтсон

16

1906

«Генетика» термині қабылданды

У.Бэтсон

17

1909

«Ген», «генотип», «фенотип» терминдері қабылданды

В.Иогансен

18

1925

Саңырауқұлақтармен тәжірибеде рент-ген сәулелерінің тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің пайда болуына себепкер екендігі туралы мәліметтер алды

Г.А.Надсон

Г.С. Филлипов

19

1927

Дрозофиламен жасаған тәжірибе-лерінде рентген сәулелерінің тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің пайда болуына себепкер екендігі туралы мәліметтералды

Г.Меллер

20

1930-1940

Химиялық қосылыстардың мутациялар тудыратыны анықталды

В.В.Сахаров М.Е.Лобашев И.А.Рапопорт

21

1930-1940

Эволюцияның генетикалық негіздерін зерттеу бағытындағы жұмыстар дамыды

С.С.Четвериков Р.Фишер Дж.Холдейн С.Райт

22

1940-1955

«бір ген - бір фермент», «бір ген - бір белок, бір ген - бір полипептид» деген қағидасын ұсынды

Дж Бидл

Э.Тетум

23

1953

ДНҚ молекуласының құрылысын анықтады

Ф.Крик Дж.Уотсон

24

1950-1960

Гендердің жұмыс істеу принциптерінің ашылды


М.Ниренберг

С.Очао

Г. Корана

25

1930-1940

Жылдан бастап қазірге дейін

Қазақстанда генетикалық зерттеулердің жүргізілуі:

К.Мынбаев, Г.З.Бияшев, А.М.Ғаббасов, Н.Л.Удольская, І.Ә.Әбуғалиев, Р.А.Уразалиев, Е.Х.Узенбаев, М.В.Бессчетнова, А.Ж.Жангалиев, Н.С.Бутарин, Ә.Ы.Жандеркин, Ә.Е.Есенжолов, В.А.Бальмонт, М.Ә.Ермеков, А.Е.Елеманов, Ф.М.Мұхаметқалиев, Қ.Медеубеков, М.К.Кройтер, Р.І.Берсімбаев, Қ.Қ.Мұхамбетжанов, А.Т.Сейсебаев т.б.


Бақылау сұрақтары: «Биологиялық диктант» көп нүктенің орнына .

1.«Генетика» терминін  ......жылы ағылшын генетигі У.Бэтсон енгізді.
2. ..... жылы австралиялық табиғат зерттеушісі Г.Мендельдің «Өсімдік будандарына жүргізілген тәжірибелер» еңбегі жарық көрді.
3. ...... жылы нидерландтық ботаник Де Фриз мутация теориясын ұсынды.
4. ...... жылы дат биологы В.Иогансен ген, генотип, фенотип ұғымдарын қалыптастырды.
5. .... жылы орыс ғаламы Н.И.Вавилов тұқым қуалайтын өзгергіштіктің ұқсас қатарлар заңын ашты.
6. ..... жылы америкалық микробиолог әрі генетик О.Эври тұқым қуалаушылықтың материалдық негізі- ДНҚ екенін дәлелдеді
7. ...... жылы америкалық биолог Дж.Уотсон мен ағылшын генетигі Ф.Крик ДНҚ-ның молекулалық құрылымының моделін жасады.
8. .......... жылдары американдық генетик Т.Морган өз шәкірттерімен бірге тұқым қуалашылықтың хромосомалық теориясын жасады.
9. ...... жылы К.Корренс пен Э.Баур цитоплазмалық тұқым қуалаушылықтың негізін қалады.
10. ...... жылы цитоплазмалық аталық ұрықсыздықты американдық ғалым М.Родс ашты.

Кілттер: 1930, 1944, 1910-1915,  1865, 1909, 1953, 1906, 1901, 1908.

Тақырыбы: Генетиканың негізгі әдістері мен заңдары

Мақсаты: Генетиканың әдістерімен және заңдары жайлы түсінік беру.

Ағзаның тұқым қуалаушылық және өзгергіштік қасиеттері тірі материя құрылымының әр түрлі деңгейінде зерттеледі: молекулалық, хромосомалық, жасушалық, ағзалық, популяциялық. Бұл үшін әртүрлі әдістер қолданылады.

Жынысты көбеюде ағзалардың жеке қасиеттері мен белгілерінің тұқым қуалауын және тұқым қуалау заңдылықтарын талдауға мүмкіндік беретін будандастыру жүйесін сол сияқты гендердің өзгергіштігі мен олардың комбинаторикасын зерттейтін әдісті гибридологиялық талдау деп атайды. Бұл генетикалық талдаудың ішіндегі ең негізгісі. Бұл әдістің бір немесе бірнеше белгілері арқылы бір-бірінен ажыратылатын ағзаларды будандастыру болып табылады. Осындай будандастырулардан алынған ұрпақтар будандар (гибридтер) болып табылатындықтан, бұл әдісті гибридологиялық әдіс деп атайды. Гибридологиялық талдау генетиканың ең негізгі және ең арнайы әдісі болып табылады. Оған сонымен қатар математикалық статистиканың элементтері де енеді.

Математикалық әдіс, әдетте, будандастыру бойынша жүргізілген тәжірибелердің нәтижелерін өңдеу, белгілердің өзгергіштігін зерттеу және зерттелген белгілер арасындағы байланыстарды табу үшін қолданылады.

Хромосомалар құрылысының ерекшелігі цитологиялық әдістің көмегімен зерттеледі. Хромосомалар функцияларына және олардың жаңадан өзін өзі өндіру механизмдеріне талдау жасау үшін тұқым қуалаудың цитохимиялық, биохимиялық және цитогенетикалық әдістері де қолданылады. Геннің әсері және ағзаның жеке дамуы үрдісіндегі оның көрінісі онтогенетикалық әдіспен зерттеледі.

Молекулалық биология молекулалық генетиканың дамуы биополимерлерді зерттеудегі физикалық-химиялық әдістердің кең қолданылуына байланысты болды.
Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: генетика, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, ген, гентикалық талдау, гибридологиялық талдау.


  1   2   3


написать администратору сайта