Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 Практикалық жұмыс. Тақырыбы: Дигибридті будандастыруға есептер шығару.

  • 4есеп Дигибридті есеп

  • Өзіндік шығаруға арналған есептер

  • Генетикалық терминдер

  • Шыыс азастан облысы скемен аласы кімдігіні


    Скачать 1.03 Mb.
    НазваниеШыыс азастан облысы скемен аласы кімдігіні
    Дата15.09.2021
    Размер1.03 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла00164b88-d2b11ac8.docx
    ТипДокументы
    #232475
    страница3 из 3
    1   2   3

    Лездемелік сұрақтар:

    Тұқым қуалау дегеніміз не?

    Ген дегеніміз не?

    Хромосома дегеніміз не?

    Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы қалай аталады?

    Тұқым қуалайтын гендердің жиынтығы қалай аталады?

    Гамета дегеніміз не?

    Фенотип дегеніміз не?

    Жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ағзалар қалай аталады?

    Гомозиготалы және гетерозиготалы күйінде басқа белгінің дамуына басымдылық көрсететін басым белгі қалай аталады?

    Аллельді гендер дегеніміз не?

    2 Практикалық жұмыс.

    Тақырыбы: Дигибридті будандастыруға есептер шығару.
    Оқушыларға генетикалық ұғымдар, Мендель заңы және оның тәжірибелері жайында мағлұмат беру; Дамытушылық: шығармашалық ойлау қабілеттерін, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту

    Жұмыс барысы:
    4есеп Дигибридті есеп

    Иттердегі жүннің қара болуы, қоңыр түске қарағанда доминантты жүннің қысқа болуы ұзын болуына қарағанда доминатты. Екі белгісі арқылы гетерозиготалы иттен қандай қара күшіктер дүниеге келуі мүмкін.

    Берілгені Жауабы:

    А- қара Р ♀ Аа Вв х ♂-Аа Вв

    а – қоңыр Есептің шарты бойынша ата-аналары

    В –қысқа екі белгісі бойынша гетерозиготалы.

    в – ұзын Олай болса ата- аналарының

    ♂-Аа Вв генотипін жазып, Пеннет торына салу

    ♀- Аа Вв арқылы тұқымдарын анықтаймыз.

    т\к F-? Р ♀ Аа Вв х ♂-Аа Вв

    Г: АВ, Ав, аВ, ав АВ, Ав, аВ, ав

    ♀ ♂

    АВ

    Ав

    аВ

    ав

    АВ

    ААВВ

    ААВв

    АаВВ

    АаВв

    Ав

    ААВв

    ААвв

    АаВв

    Аавв

    аВ

    АаВВ

    АаВв

    ааВВ

    ааВв

    ав

    АаВв

    Аавв

    ааВв

    аавв


    Фенотипі арқылы қара қысқа – 9 қара ұзын – 3, қоңыр қысқа – 3, қоңыр ұзын – 1, 9:3:3:1 ажырау, бұл жұптан қара қысқа жүнді күшіктердің дүниеге келу мүмкіндіктері 9\16 немесе 62,5%

    Қой көзді оңқай жігіт көк көзді оңқай қызға үйленді. Олардың екі баласы болды: қой көзді оңқай. Осы отбасында көк көзді солақай балалардың туу ықтималдығын анықтаңдар?

    Өзіндік шығаруға арналған есептер:

    1 есеп. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай гаметалар түзе алады: ААВВ, АаВВ, ааВВ, ААВв, ААвв, АаВв ?

    2 есеп. Бұршақ тұқымының сары түсі-А, жасыл түсіне-а ға қарағанда доминантты. Ал, тегіс пішінді В бұдыр пішінді-в дан басым. Мына генотиптердің, тұқымдарының түстері мен пішіндерін анықтаңдар:

    ааВВ, Аавв, , АаВВ, ааВВ, ААВВ, ААвв.

    3 есеп. Иттердегі жүннің қара болуы, қоңыр түске қарағанда доминантты жүннің қысқа болуы ұзын болуына қарағанда доминатты. Екі белгісі арқылы гетерозиготалы иттен қандай қара күшіктер дүниеге келуі мүмкін.

    4 есеп. Қой көзді оңқай жігіт көк көзді оңқай қызға үйленді. Олардың екі баласы болды: қой көзді оңқай. Осы отбасында көк көзді солақай балалардың туу ықтималдығын анықтаңдар?

     5 есеп. Тұқымының түсі мен пішіні бойынша гетерозиготалы өсімдік осы екі белгі бойынша да рецессивті гомозиготалы өсімдікпен будандастырылған. Алынатын ұрпақтың генотиптері мен фенотиптерін анықтау керек.

    6 есеп. Сары тегіс тұқымдардан өсіп шыққан бұршақ өсімдігі жасыл, тегіс тұқымнан алынған өсімдіктің тозаңымен тозаңдандырылған. Олардан алынған будан тұқымдардың жартысы сары тегіс, жартысы жасыл тегіс болып шыққан. Аталық және аналық өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек.

    1. есеп. Бидай масағының қылтанақсыз формасы А қылтанақты а-дан, ал қызыл түсі В ақ түсі в-дан доминантты. Мынадай жолдармен будандастырғанда алынатын ұрпақ масағының сыртқы көрінісін анықтау керек:

    а) ААвв х ааВВ; ә) АаВв х Аавв; б) АаВВ х аавв; в) АаВв х аавв

    8 есеп. Тауықтарда балақ жүнінің болуын доминантты ген анықтайды, ал ерте пісетіндігі кеш пісетіндігіне қарағанда доминантты. Гомозиготалы ерте пісетін сабағы қалыпты өсімдік пен кеш пісетін сабағы ұзын өсімдіктің будандарының белгілері қандай болады? Ондай буындарды өзара шағылыстырса, нендей нәтиже берер еді?

    9 есеп.. Теңіз шошқасының жүнінің тығыздығы – В тықырлығы в-ға қарағанда доминантты. Мынандай генотиптері бар жануарлардың фенотиптерін анықтау керек:

    а) Ввсс; ә)ВВсс; б) ввСс; в) ввСс; г) ВвСс; ғ) ввсс

    10 есеп. Гетерозиготалы ақ, тығыз жүнді қара теңіз шошқасын будандастырғанда, дәл сондай фенотиптері бар ұрпақ алынған. Ата-аналық формалардың генотиптерін анықтауға бола ма?

    11 есеп. Ата-аналарының біреуі қара көзді солақай қызға үйленген. Олардан бір көк көзді солақай бала туған. Келесі балаларының фенотиптері жөнінде не айтуға болады?

    Генетикалық терминдер
    Айқас шағылыстыру – гомологты хромосомалар мейоздық бөліну кезінде бір-бірмен айқасып, сәйкес үлескілермен алмасу процесі.

    Аллельді гендер -  гомологиялық жұп хромосомның бірдей учаскілерінде орналасқан бір геннің әртүрлі формалары. Аллельді гендер бір белгінің вариантын анықтайды.
    Аутосомдар – жыныстың екеуінде болатын хромосомдар.

    Биологиялық алға басу (пргресс) – дарақтар сафнының, жүйеленген сан алуандықтың артуы және аймақтың кеңеюі.

    Биологиялық кері кету (регресс) – дарақтан саны мен олардың жүйеленген топтары санының кемуі және аумақтың тарылуы.

    Ген – хромосомның белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының  генетикалық өлшем бірлігі. Белоктың алғашқы құрылымы туралы хабар бар ДНК молекуласының учаскесі.

    Гендік қор (генофонд) — популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы.

    Геном – жасуша хромосомасы немесе организм гендерінің гаплоидты жиынтығы.

    Генотип – ағзаның гендер жиынтығы.

    Гетерозиготты ағза – белгілі геннің әр түрлі жұп  аллельді гомологты хромосомаларда орналасқан әртүрлі гендер.

    Гетерозис – гомологты хромосомада белгілі жиілікпен кездесетін гендердің жиынтығы.

    Гибридологиялық әдіс - әртүрлі таза сызықтарға жататын даралардың гибридизациясы және бір-бірінен альтернатив белгілері бойынша ажыратылады. Келесі ұрпақта мұндай шағылыстыру нақты статистикалық заңдылықтар бойынша өтеді.

    Гомозиготты ағза – гомологты хромосомада белгілі геннің бірдей жұп аллельдері орналасқан диплоитты ағза.

    Гомологиялық хромосомдар – құрылысы жағынан ұқсас бір локуста аллельді гендері бар, бір белгінің дамуына жауап беретін хромосомдар.

    Ди – және полигибридті шағылыстыру – екі немесе көп жұп қарама-қарсы белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстыру.

    Доминантты ген - аллельді гендердің біреуін – рецесивті генді басатын ген. Белігінің басым болу құбылысын доминанттау, ал басым белгіні доминантты белгі деп атайды.

    Жынысты хромосомдар – екі жыныстың бір-бірінен ажырай алатын хромосомдар.

    Кодомирование – гетерозиготалы организмде екі аллельді геннің айқын көрінісі және де олар бір біріне әсерін тигізбейді.

    Коньюгация – бактериялардағы ДНК алмасу процесі. Бұл жағдайда ДНК беретін жасуша (донор),  ДНК-ны қабылдайтын (акцептор) қосылады.

    Көбею шексіздігі – бұл тірі ағзалардың дәл осы нақтылы жағдайларда тірі қала алатын ұрпақтарды көбірек өндіретін ортақ қасиет.

    Моногибридті шағылыстыру – бір жұп альтернатива белгілері бойынша ажыратылатын гомозиготалы даралар шағылыстыру.

    Мутация — организм генотипінің, яғни хромосомалар мен олардың құрамды бөліктері — гендердің өзгеруіне байланысты кездейсоқ пайда болатын, тұқым қуалайтын өзгергіштік.

    Өзгергіштік  — организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады немесе өзінің кейбір белгі-қасиеттерін жоғалтады.

    Таза линия (іріктемелер, қолтұқымдар, штаммалар) – гендердің бір немесе бірнеше аллель бойынша гомозиготты жиынтығы, өсімдіктердің өздігінен немесе өзара тозаңданғанда белгілердің ыдырауы байқалады.
    Толық доминанттылық – аллельді жұп геннің біреу басым қасиетті көрсетіп, гетерозиготалы күйде де гомозиготалы даралардағы  сияқты айқын көрініс береді, ал рецессивті геннің әсері байқалмай жасырын қалады.

    Толымсыз доминанттау – аллельді гендердің екеуінің әсері бірдей байқалып, сондықтан аралық сипаттағы формалар қалыптасады.

    Тұқымқуалау – организмдердің ұрпақтан ұрпаққа белгілерін өтқізе алатын қасиет.  Тұқымқуалауғыштық материалдарын тасымалдаушысы ДНК болып есептеледі.

    Фенотип – геноти пен айналадағы ортаның әсерінен қалыптасқан белгілердің жиынтығы.

    Хромосома - өзіндік ядролық құрылым, екі иықшасы, центромерасы және екі хроматинды болады.

    Ыдырау – ұрпақта бірнеше фенотиптің немесе генотиптің пайда болуы
    1   2   3


    написать администратору сайта