Шыыс азастан облысы скемен аласы кімдігіні
Скачать 1.03 Mb.
|
Тақырыбы: Тұқым қуалау құбылысының негізгі заңдылықтары мен негізгі генетикалық ұғымдарМақсаты: Генетикалық ұғымдармен танысу. Тұқым қуалаушылыққа талдау жасағанда көптеген ұғымдар, терминдер мен символикалар жиі қолданылады. Генетикада көп қолданылатын ұғымдардың қатарына «белгі», «қасиет» деген ұғымдар жатады. Ол ұғымдар бір ағзадан екінші ағзаны ажыратуға болатын морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және т.с.с. басқа да ерекшеліктерді білдіреді. Жынысты көбеюде жұп белгілердің тұқым қуалауына генетикалық талдау жасау үшін әр түрлі жынысты екі ағзаны будандастыру керек. Сол мақсатта алынған ата-аналық ағзаларды латынның Р әрпімен (латынның Parent- ата-ана деген сөзінің бірінші әрпі) белгілейді. Генетикада будандастыруды көбейту – Х белгісімен көрсетеді. Будандастыру сызбасын жазған кезде бірінші орынға аналық ағзаны, ал екінші орынға аталық ағзаны жазады да, екі аралығына будандастыру белгісін қояды. Аналық жынысты (Шолпан айнасы) белгісімен, аталық жынысты (Марс қалқаны және найзасы) белгісімен белгілейді. Альтернативті белгілері бар екі ағзаны будандастырудан алынған ұрпақты будандық (гибридтік) ұрпақ деп, ал оның жекелеген дарабастарын – будан (немесе гибрид) деп атайды. Ықшамдылық үшін будан ұрпақты Ғ әрпімен (латынның Filia – ұрпақ деген сөзінің бірінші әрпі) белгілейді, ол әріпке индекс қойылады және ондай индекс гибрид ұрпақтың реттік нөміріне сәйкес келеді. Хромосоманың белгілі бір бөлігінде орналасқан, тұқым қуалайтын белгі – қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тұқым қуалау ақпаратының генетикалық өлшем бірлігі ген деп аталады. Альтернативті жұп белгілерді анықтаушы жұп гендерді аллеломорфты жұп деп, ал жұп болып келу құбылысын аллеломорфизм немесе аллелизм деп атайды. Әр ген екі түрлі жағдайда болады және олар бір жұп түзеді, ал ол жұптың әр мүшесі аллель деп аталады. Мендель тұқым қуалайтын альтернативті жұп белгілерді латын алфавитінің әріптерімен көрстеуді ұсынылады. Мысалы, А және а, В және в т.с.с. Аллельді гендер гомологты хромосомалардың ұқсас бөлімінде орналасады, ал олардың орналасатын орнын локус деп атайды. Гомологты жұп хромосоманы хромосомасыз көрсеткенде АА, Аа және аа делініп жазылады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасын зигота деп атайтыны белгілі. Егер зигота бірдей аллельдерді бар жыныс жасушаларының қосылуынан түзілсе, онда зиготаны гомозигота АА, аа, ВВ деп, ал әртүрлі аллельдері бар екі жыныс жасушасының қосылуынан түзілсе гетерозигота Аа, Вв, Сс дейді. . Мысалы, А а А = = гомозигота, ал = гетерозигота. А а а 2-кесте. Генетикалық символдардың белгісін көрсетсек:
Білім бекіту. «Жасырын сөз» Бірінші белгісі________хромосома жиынтығы бар Екінші белгісі________мейоз нәтижесінде түзіледі Үшінші белгісі________бірдей аллельді гендері бар гаметаның қосылуынан гомозигота түзіледі. Тақырыбы: Моногибридті будандастыру заңдылықтары. Мақсаты: Мендельдің біркелкілік және ажырау заңдарымен танысу. Генетикалық белгілер түсінік беру. Мендель тәжірибелері үшін альтернативті белгілері бойынша ажыратылатын бұршақтың әртүрлі сорттарын таңдап алды. 3 - кесте – Г.Мендель тәжірибелерінде қолданған ас бұршақ өсімдігінің белгілері
Альтернативті немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны моногибридті будандастыру деп атайды. Аналық өсімдік ретінде қандай сорттың пайдаланылғанына қарамастан, будандасудан алынған F1будандарында альтернативті жұп белгінің тек біреуі ғана көрініс береді бұл құбылыс Мендельдің бірінші заңы немесе бірінші ұрпақтың будандарының біркелкілік заңы деп аталынады. Бұл заңды доминанттылық ережесі деп те атайды. Бұл барлық өсімдіктерге, жануарларға, адамға да тән жалпы құбылыс. Егер бұршақ өсімдіктерінің бірінші будан ұрпағы F1 өздігінен тозаңданса, онда олардың екінші F2-де екі ата-анасының да белгілері көрінетін болады. Мысалы, бұршақтың сары және жасыл тұқым жарнақтары бар түрлерін будандастырудан алынған бірінші ұрпақтың түсі сары болады. Ал осы F1 будандарын өздігінен тозаңданудан алынған F2 ұрпағында сары және жасыл тұқымдары бар өсімдіктер пайда болады. Яғни бірінші будан ұрпақта көрінбеген белгілер (жасыл түс) екінші ұрпақта көрінеді. Доминантты және рецессивті белгілер F2 ұрпағында белгілі бір сандық ара қатынаста болады. Мендельдің тәжірибесінде F1-де алынған 258 өсімдіктің өздігінен тозаңдануынан F2-де 8023 тұқым алынды. Осы тұқымдардың ¾ бөлігі (яғни 6022) сары ал ¼ бөлігі (яғни 2001) жасыл түсті болып шыққан. Сонымен F2-де алынған доминантты және рецессивті белгілері бар тұқымдардың сандық ара қатынасы 3:1 болды. Бұл жұп белгілердің осындай арақатынаста ажырауы Мендельдің екіші заңы немесе ажырау заңы деп аталынады. Жүргізген зерттеулеріне талдау жасаудың негізінде Мендель келесідей қорытынды жасады: рецессивті бастамалар гетерозиготалы ағзада жоғалмайды, өзгеріске ұшырамайды және көбею кезінде дәл сондай рецесивті бастамалармен кездескен кезде, яғни келесі ұрпақтарда қайтадан көрінеді. Мендельдің осы гипотезасын У.Бэтсон (1902 ж.) гаметалардыңтазалықережесіретінде генетика ғылымына енгізді. Бұл ереже бойынша ажырау құбылысының негізінде доминантты және рецессивті бастамалардың гетерозиготалық ағзада бірімен бірі араласып кетпей, гаметалар түзген кезде таза күйінде ажырайтындығы жатыр. Әр түрлі типті гаметалардың өзара қосылу мүмкіндіктерін есептеп шығаруды жеңілдету үшін ашылған генетигі Р.Пеннет ұсынған тор жасалынады. Пеннет торында аталық гаметалар горизонталь бағытта, аналық гаметалар вертикаль бағытта жазылады (Кесте 4). 4 - кесте –Моногибридті будандастырудың Пеннет торы
Тордың ішінде гаметалардың үйлесімдері орналастырылады ол үйлесімдер ағзалардың генотиптерін көрсетеді. Мысалы, гомозиготалы АА немесе гетерозиготалы Аа өсімдіктер тұқымдарының беті тегіс болғанымен олардың тұқым қуалау бастамалары бірдей емес. Ағзалардың сыртқы көрінетін белгілерінің жиынтығын фенотип, ал тұқым қуалау бастамаларының жиынтығын генотип деп атайды. Пеннет торынан ажыраудың генотип бойынша 1 АА: 2 Аа : 1 аа, ал фенотип бойынша 3А- : 1аа қатынасында болатындығын оңай көруімізге болады №1 практикалық жұмыс. Моногибридті будандастыруға есептер шығару Сабақтың мақсаты: Оқушыларға генетикалық ұғымдар, Мендель заңы және оның тәжірибелері жайында мағлұмат беру; Шығармашалық ойлау қабілеттерін, пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту Жаңа сабақ: Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым. Генетиканың негізін салушы чех жаратылыс зерттеушісі Грегорь (Иоганн) Мендель деп есептеледі. Ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастыру деп аталады. Егер екі жұп белгілерінде айырмашылық болса, бұл дигибридті будандастыру болады. Сары түс басым түс – доминантты түс (латынша “dominans” -басымдылық), деп атап, оны А бас әріпімен белгіледі. Жасыл түс басылыңқы – рецессивті түс (латынша “recessus” – шегіншек, басылыңқы) деп аталып, а кіші әріппен белгіленеді. Генетикада басым аллель – басылыңқы аллельдің көрінуіне басымдылық көрсететін ген жұптарының бірі. Соған сәйкес басылыңқы аллель – бұл басым аллельдің қатысында сырттай білінбейтін аллель. Генетикада будандарда бір белгілердің екіншісінен басым болуы басымдылық деп аталады, яғни тек басым белгілер ғана сырттай білінеді. Аллельдер дегеніміз – сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы. Мысалы: сары және жасыл. Генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері гомозиготалар деп аталады. Гетерозиготалар дегеніміз – жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ағзалар. Генотип – бұл генетикалық есептерде АА, Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы. Фенотип – бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы. P - ата-ене дарақтары. (Латынша “parento” (ата-ене)сөзінің бірінші әрпі) ♂ - еркек дарағы ♀ - әйел дарағы Х – дарақтар арасындағы шағылысты белгілейтін белгі. Ғ – шағылыс үдерісінің нәтижесі, яғни ұрпақтар. (Латынша “filii” – балалар сөзінің бірінші әрпі): Ғ1-балалар; Ғ2-немерелер; Ғ3-шөберелер, тағы сол тәрізді А – басымдық белгі немесе ген. а – басыңқылық белгі немесе ген. Жаңа сабақты бекіту: Есеп шығарып үйрету: 1есеп: Генотиптері а) АА; ә) Аа; б) аа болып келетін өсімдіктер қандай типті гаметалар түзе алады? Шешуі: Мейоздық бөлінудің нәтижесінде мынадай гаметалар түзіледі: а) ә) б)
а) доминатты «А» гені бар біркелкі гаметалар; б) бірінде доминатты «А» гені; екіншісінде рецессивті «а» гені бар екі түрлі гаметалар; б) рецессивті «а» гені бар біркелкі гаметалар. 2 есеп: Асбұршақ тұқымының қара тісін анықтайтын А гені, ақ түсін анықтайтын а геніне қарағанда доминантты. Мына жолдармен будандастырылып алынатын ұрпақтардың ьұқымдарының түстерін анықтау керек: а) Аа х Аа; ә) АА Х Аа; б) аа х АА; в) Аа х аа Шешуі:
а) Р ♀ Аа Х ♂ Аа
Жауабы: алынған ұрпақтың ¾ қара тұқымды, ал ¼ ақ тұқымды, яғни Мендель заңы бойынша 3:1 арақатынасында ажырау жүреді. Г:1:2:1 Ф:3:1 (75%:25%) ә) Р ♀ АА Х ♂ Аа
Жауабы: алынған ұрпақтың барлығы қара тұқымды өсімдіктер. Г:2:2 Ф:4 қара тұқым (100%) 2.Тұқымының қара түсі бойынша гомозиготалы өсімдік ақ тұқымды өсімдікпен будандастырылған. Сонда а) Ғ1-де, б) Ғ2-де, в) Ғ1-дегі өсімдіктерді оның тұқымы ақ ата-анасымен қайыра будандастырғанда г) Ғ2-дегі өсімдікті оның қара тұқымды ата-анасымен қайыра будандастырғанда алынатын ұрпақтардың фенотиптері қандай? Берілгені. Қара тұқым - АА Ақ тұқым - аа а) б)
|