СД анатомия физ 6 так— — копия — копия — копия. ШЖ Талдыоран жоары медициналы колледжі мкк тжірибелік сабаТЫ дістемелік деуі
Скачать 34.28 Kb.
|
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық колледжі» МКК ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ Пән: «Анатомия және физиология»_______________________ (модуль немесе пән атауы және коды) Мамандық_______ 09130100 «Мейіргер ісі» ______________________________ (шифрмен атауы) Біліктілік__4S09130103«Жалпы тәжірибедегі мейіргер ісі»____________________ (шифрменатауы) Құрастырушы:____Акжигитов Дастан Берикканович_________________________ (фамилиясы, аты-жөні)
№ 4 ЦӘК отырысында қаралды Хаттама №____________2022 Ж ЦӘК төрайымы: Сағындықова Ж.А. Тақырыбы: Несеп шығаратын жолдарының анатомиясы: несепағар, қуық, несеп шығаратын өзек құрылысы, топографиясы.Несептің түзілуі,несеп құрамы. Несеп шығаратын жолдарының физиологиясы. білімділік: теориялық білімдерін тәжірибелік дағдылармен ұштастыруға,жүйелендіру және топтастыру.Ойларын тұжырымдауға уйрету. тәрбиелік:білімгерлерді салауатты өмір сүруге,жақсы маман иесі болуға тәрбиелеу. дамытушылық: Студенттердің деонтология ережелерін сақтауға үйрету;Студенттердің тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру; өз ойларын тиянақты айта білуге, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды меңгеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;Адамгершілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, шеберлікке, сабырлыққа тәрбиелеу;Студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттыру;Студенттер өз ойларын тиянақты түрде айту; Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту;Алынған мәліметтерді талдай алуға және тәжірибеде қолдана білуге;Интернет сайттарымен және қосымша білім көздерімен жұмыс істеуге баулу. Мақсаты: Бүйректiң, несеп ағардың, қуықтың, несеп шығаратын өзектің топографиясын, макро-микроскопиялық құрылыстарын бiлу. Бүйректің қанайналым ерекшелігін оқып үйрену. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Оқыту әдістері: қаңқа, муляждар, плакаттар, кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер. Бүйректiң микроскопиялық құрылысы. Бүйрек функциясы. Бүйрек қабаттары. Бүйректiң скелетопиясы, синтопиясы, голотопиясы. Нефрон, құрамдық бөлiктерi. Несепағар, бөлiктерi, қысыңқылары. Қуық, құрылысы, функциональдi аппараты. Бүйректiң форникальдi аппараты. Бүйректiң экскреторлық ағашының түрлерi. Несеп шығаратын канал. Несептің түзіліуі,құрамы. Әдебиет: ... Негізгі: Рақышев А.Р. Адам анатомиясы І,ІІ том. 2004. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы, І,ІІ том. Алматы: «Кітап», 2006. Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М., Жұмабаев У., ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. I,II,III,IV том. Астана: «Фолиант», 2005 Әубәкіров Ә.Б., Сүлейменова Ф.М. Адам анатомиясы, атлас. I,II том. Астана: «Сарыарқа», 2011. Досаев Т.М. редакциясымен. Адам анатомиясы. Алматы, «Ақнұр», 2013. Қосымша: 1. Тебенов М.Е.Адам анатомиясы (ас қорыту және тыныс алу жүйесі). Оқу құралы.Қарағанды,»1993 2. Нұрмұхамбетова Б.Н. Лимфа жүйесінің функционалдық анатомиясы. Оқу құралы. Алматы,2007 Сабақ барысы Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (5минут):студенттердің сырт көрінісіне, аудитория тазалығына көңіл бөліп, журнал толтыру. Сабақтың мақсаты: Бүйректiң, несеп ағардың, қуықтың, несеп шығаратын каналдың топографиясын, макро-микроскопиялық құрылыстарын бiлу, студенттерге үйрету. Сабақтың хронокартасы
2.Сабақ тақырыбы бойынша негізгі білімді жаңарту(45мин): Өтілген сабақ бойынша оқушылардың теориялық білімін ауызша сұрақ-жауап күйінде тексеру. Тексеру сұрақтары: 1.Бүйректiң микроскопиялық құрылысы. 2.Бүйрек функциясы. 3.Бүйрек қабаттары. 4.Бүйректiң скелетопиясы, синтопиясы, голотопиясы. 5.Нефрон, құрамдық бөлiктерi. 6.Несепағар, бөлiктерi, қысыңқылары. 7.Қуық, құрылысы, функциональдi аппараты. 8.Бүйректiң форникальдi аппараты. 9.Бүйректiң экскреторлық ағашының түрлерi. 10.Несеп шығаратын канал. 11.Несептің түзіліуі,құрамы. 3.Практикалық жұмыстарды орындау техникасын түсіндіру және көрсету(15мин). Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбының өзектілігімен таныстыру. Тақырыптың практикалық медицинадағы орнын: ауруларға диагностика жасауда, емдеу және асқынулардың алдын-алуға қажет екендігін түсіндіру, мысалдар келтіру. 4.тәжірибелік іс-әрекетке арналған әдістемелік нұсқаулар(10мин). Муляждардан, планшеттерден несеп шығару жүйесінің құрылысын тауып, атап көрсете алу, олардың басталуларын, байлануларын, құрылысын және функциясын айтып бере алу, студенттерге үйрету, топографиясын бiлу. 5.Тәжірибелік жұмысты орындау және нәтижелерін көрсету(180мин). 6.Сабақты қорытындылау, рефлексия(10мин). Оқытушы бағасы мен әр студенттің өзін өзі бағалау бағаларын салыстыра отырып бір қорытынды баға қояды, артық-кемшіліктеріне тоқтайды. Белсенді студент өзінің жинаған қосымша мәліметімен бөліседі. 7.Үй тапсырмасы (5мин). Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт - бағдар беру. Студенттердің білімін бағалау Өз білімдеріңізді келесідей бағалаңыз: 1.Мен бәрін түсіндім және осы материалды басқаларға түсіндіре аламын 2.Мен материалды түсіндім, бірақ басқалардың көмегімен түсіндіре аламын. 3.Мен матреилады ішінара түсіндім. 4.Мен ештеңе түсінбедім. Рефлексия 1.Сабақтың қандай сәті қызықты болды: 2.Сабақтың қиын болған тұстары? 3. Сабақтың оңай болған тұстары? Чек-лист Аты-жөні . Тобы:
Бағалау критерийлары: 90-100 –үй тапсырмасын толығымен айтты,сұрақтарға нақты толығымен жауап берді,анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алды, ,тесттік тапсырмаға толығымен жауап берді. 80-85- үй тапсырмасын толығымен айтты,сұрақтарға жартылай жауап берді,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан жартылай көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс диагноз қойып ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді. 70-80- үй тапсырмасын талдыды ,сұрақтарға жауап беруде қиналды ,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алды ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алмады ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді. 55-65- үй тапсырмасын қате талды ,сұрақтарға жауап беруде қиналды ,кейбір сұрақтарға жауап бере алмады, анатомиялық құрылысын муляждан толығымен көрсете алмады ,ситуациялық есепті дұрыс шеше алмады ,тесттік тапсырмаға қателерімен жауап берді. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер): Тесттер: 1. Бүйрек фасциясының бүйрек алды жапырағымен алды жабылған анатомиялық құрылымды көрсет: А) төменгі қуыс вена Б) колқаның құрсақ бөлігі В) омыртқа бағанасы Г) бүйрек тамырлары 2. Бүйрек қойнауының анатомиялық құрылымдарын көрсет: А) қан тамырлары Б) несеп ағар В) үлкен бүйрек табақшалары Г) кіші бүйрек табақшалары 3. Бүйрек орнын қатысатын бұлшық еттерді көрсет: А) үлкен бел бұлшық еті Б) белдің квадратты бұлшық еті В) құрасақтың көлденең бұлшық еті Г) диафрагма 4. Көрсетілген ағзалардың қайысы сол бүйрекке жақын жатыр: А) айналма ішектің сол иіні Б) ұйқы безі В) жіңішке ішектің тұзақтары Г) бауыр 5. Сол бүйректің жоғарғы шекарасының деңгейін көрсет: А) II- кеуде омыртқасының төменгі жиегі Б) III- бел омыртқасының ортасы В) II- бел омыртқасының ортасы Г) III- бел омыртқасының үстіңгі жиегі 6. Бүйректі ұстайтын аппаратқа жататын анатомиялық құрылымды көрсет: А) бүйрек қабықтары Б) құрсақ іші қысымы В) бүйрек аяқшалары Г) бүйрек орыны 7. Бүйректің экскреторлы ағашы бөліктерін көрсет: А) үлкен табақшалар Б) кіші табақшалар В) бүйрек лоханкасы Г) пирамидалар 8. Несеп түзетін ағзаларды көрсет: А) бүйректер Б) несепағарлар В) қуық Г) несепшығаратын канал Жағдайлық есептер: №1. Дәрігер-рентгенолог бүйрек рентгенограммасын қарағанда оның түбекшесі қап тәрізді, кіші табақшалар бірден түбекшеге құятыны (үлкен табақшалар жоқ) көрінді. Даму варианттарын ескере отырып дәрігер бүйректің экскреторлық жолдарының қай пішініні көрді? Жауап: Дәрігер рентгенолог бүйрек экскреторлық ағашының эмбриональдық пішінін тапты. №2. Ауруда несеп-тас ауруы. Несеп ағардың қай жерлерінде тас тұрып қалып тесікті жабуы мүмкін. Жауап: Түбекшеден шыққан жерінде, кіші жамбасқа өткен жерінде, қуыққа кірген жерінде. №3. Шат сүйектерінің жарақатынан кейін, симфиз маңында жылжу байқалды. Қай ағзаның қызметі бұзылуы мүмкін? Жауап: Бұндай жарақатта қуық бұзылады. №4. Несеп шығаратын өзектің өткізбейтіндігінен, несепті қуықты тесіпшығару керек. Бұл манипуляцияны іш пердесін жарақаттамай жасауға бола ма? Жауап: Балада, тесіп кіргізу құрсақтың алдыңғы қабырғасында симфиздің үстіңгі жиегіне жасалынады. №5. Ауруда қабыну процесінде бүйректің милық заты зақымданған. Бұндай жағдайда нефронның қай бөлігі өзгереді. Жауап: Бұндай жарақатта нефронның Генле ілмегі зақымданады. №6. Бір бүйректің экскреторлық ағашының рентгендік суретін алу үшін контрасты затты сәйкес несеп ағарға салады. Қандай ориентирлер бойынша несеп ағардың тесігін қуықтың шырышты қабатынан табады? Жауап: Несеп ағарлардың тесіктері үш бұрышты алаңының бүйір бұрыштарында орналасқан, қуықтың шырышты қабатында қатпарлар болмайды. |