сит есеп Бурашева пед. Ситуациялы есеп
Скачать 16.92 Kb.
|
Ситуациялық есеп 1.Науқас пластикалық ота жасау алдында тахикардия, жүрекше фибрилляция болуына байланысты стационарға жіберілді. Шағымдары: аздаған тізе буыны ауырсынуы, бірнеше күндер алдын тұмау белгілерімен өткен ауру. Болжам диагноз қандай? Арықарай тактика қандай? 2. Асхат атты бала - 10 айлық. Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар ауруханасына келіп түсті. Шағымы : сұйық нәжіске күніне 10 рет өткір иіспен ,2 ай шамасы ауырды. Аудандық ауруханаға түскенде күніне 5-6 рет, кейде кезекті түрде 20 рет іші өткен. Аудандық ауруханада антибактериальды терапия, инфузионды - регидратация, ферментотерапия, 10 % альбумин қабылдаған және плазма құйылған. Осы өткізілген терапиядан ешқандай эффект байқалмаған. Туылғандағы салмағы 3450 гр. , түскендегі салмағы 6300 гр. Ауырғанға дейін салмақты қалыпты қосқан. Қарау кезінде гипотрофия фонындағы бұлшықеттің гипотониясы байқалады және тілдің кілегейі тегістелегін, дегидратация симптомы әлсіз көрінеді. Метеоризм әсерінен іші әлсіз үлкейген, аяқ-қол ұштарының жіңішкеленгені көрінеді, тек алдыңғы тісі шыққан. Сіздің болжам диагнозыңыз? Зерттеу жоспарыңыз? 3.Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлағаннан кейін арқасында ауқымды қанқұйылу болды, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалды. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар. Зертханалық тексерулер:Қан ұйуының уақыты және тромбиндік және протромбиндік қалыпты ұйу уақытында үлестік тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған. Қан плазмасында IX жайт – 1% Науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз. Науқаста гемостаз бұзылыстарын патогенездік қалпына келтірудің мүмкіндік әдістерін көрсетіңіз 4.Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады. Зертханалық тексерулер: Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген.Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, белсенділенген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған.Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5% Науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз. |