Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 Геодезия туралы түсінік

  • 2 Топография мен геодезияның басты мақсаттары

  • 3 Топография мен геодезияның даму тарихы

  • Сурет-1.Топографиялық шартты белгілер.

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • алина сож 1 топограф. СЖ 1 Таырыбы азіргі геодезия мен топография даму баытын тсіну масатында ылымны даму тарихына жалпы сипаттама беру. Орындаан Маханбетжан А. А абылдаан Дуйсенбаев С. М. Алматы 2022 Мазмны


    Скачать 149.42 Kb.
    НазваниеСЖ 1 Таырыбы азіргі геодезия мен топография даму баытын тсіну масатында ылымны даму тарихына жалпы сипаттама беру. Орындаан Маханбетжан А. А абылдаан Дуйсенбаев С. М. Алматы 2022 Мазмны
    Дата12.04.2022
    Размер149.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаалина сож 1 топограф.docx
    ТипДокументы
    #467002

    Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

    География және табиғатты пайдалану факультеті

    География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

    СӨЖ 1

    Тақырыбы: «Қазіргі геодезия мен топография даму бағытын түсіну мақсатында ғылымның даму тарихына жалпы сипаттама беру».


    Орындаған: Маханбетжан А.А

    Қабылдаған: Дуйсенбаев С.М.


    Алматы 2022
    Мазмұны

    Кіріспе..................................................................................................................3

    1.Топография және геодезия туралы түсінік...................................................4

    2.Топогарфия және геодезияның басты мақсаттары......................................5

    3.Топография мен геодезияның даму тарихы..................................................7

    Қортынды............................................................................................................9

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................10

    Кіріспе
    Бұл жұмыста топография мен геодезия ғылымдарының ерте замманнан бері қалыптасуы мен дамуы туралы мәліметтер жазылған. Топография мен геодезия ғылымдары ерте замманнан пайда болған, себебі бұл ғылымдардың шаруашылықта маңыздылығы жоғары. Адамдар жазу білмеген кездерде де тастар мен үңгірлерде, тіпті, қолданбалы заттарда өздері тұрақтаған жерлердің суреттерін қалдырған. Бұл ғылым салалары халықтардың қажеттілігіне байланысты шаруашылықта, оның ішінде егіншілік, суармалы егіншілік, балық аулау, жайылым жерлерлерінің орналасуын көрсетуде дами бастады. Орта ғасырларда топографиялық карталар ірі мемлекеттер пайда болуымен және щаруашылық пен сауданың дамуына байланысты толықтырылып, дәлдене түсті. Сонымен бұл жұмыста топография мен геодезия ғылымдарының осы заманға дейінгі өзгерісі мен өрлеуі туралы таныса аласыз.

    Геодезия немесе топография – Жердің кішігірім бөлігінде түпкілікті өлшемдер жүргізу арқылы оның карта немесе планын құрастырумен шұғылданады. Осы жұмыстардың жиынтығын топографиялық түсіріс деп атайды. Жоғары геодезия – Жердің пішіні жəне оның сыртқы гравитациялық көлемін геодезиялық, гравиметриялық жəне астрономиялық өлшемдер жүргізу арқылы анықтау, сонымен бірге Жер серіктерінің жылжуын бақылап отыру. Жер серіктерінің пайда болуы космостық геодезия саласының пайда болуына əсер етті. Аэрофототопография – Жер бетінде аэрофототүсірістер ар қылы оның картасын немесе планын құрастырумен шұғылданатын ғылым. Инженерлік ( қолданбалы ) геодезия өндіріс орындарын, гидротехникалық, көлік-жол қатынастарын жобалауда, ізденіс жұмыстарында геодезиялық өлшем əдістерімен шұғылданатын ғылым.


    1 Геодезия туралы түсінік
    Геодезия-жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын Жер туралы ғылымдардың бір саласы. Жердің физикалық бетін зерттеу үшін картографиялық және топографиялық әдістер мен пландық және биіктік координаталар құрылады. Геодезия ғылымы астрономиялық және гравиметриямен тығыз байланысты, сондықтан Жердің пішіні мен мөлшері градустық өлшеу әдісімен анықталады. Оның шамасы — геогр. координаттар арқылы доғалардың сызықтық және бұрыштық мәндерін анықтаудан тұрады.

    Геодезиядағы координаттық негіздер триангуляция,полигонометрия, геометриялық және тригонометриялық нивелирлеу әдістерімен геодезиялық торлар құру арқылы жасалынады. Өндірістік, гидротехн. және т.б. құрылыс объектілерінің пландық пен биіктік негізін салуды және инж. түсірімдерді орындау мәселелерін инж. Геодезия шешеді. Қазіргі уақытта мұхит, теңіздердің және көлдердің байлықтарын меңгеру үшін олардың жағаларын, түбін зерттеу жұмыстары жүргізіліп, гидрографиясы толықтырылды, бұл су асты Геодезиясын дамытты. Үлкен территорияларда топографиялық жұмыстар тез және тиімді жасалу үшін әуеден жер бетінің бейнесі алынды, осыған байланысты Геодезияның аэрогеодезия мен ғарыштық геодезия саласы қалыптасты. Жер асты байлықтарын меңгеруде инж.-техникалық жобалар мен сызбаларды қамтамасыз ету үшін жер асты тәсілдері қажет. Геодезияның ғылыми және практикалық шешу әдістері математика мен физика заңдарына негізделген.

    Топография — жер бетін әуе және ғарыштық түсірім негізінде жоспарға және ірі масштабты картаға (1:100000 масштабқа дейін) түсіру, әрі бейнелеу әдістерін зерттейтін ғылым. Бұған көзбен өлшеу, бұрыш өлшеу, мензульдық, тахеометриялық немесе алыстан өлшеу сьемкалары жатады. Таулы жерлерде фотограмметрия қолданылады.

    Топографияның негізгі ғылыми және қолданбалы мәселелері – топографиялық карта жасау әдістерін, картада жер бетін бейнелеу тәсілдерін, топографиялық карталарды пайдалану тәсілдері мен қағидаларын жетілдіру.

    2 Топография мен геодезияның басты мақсаттары

    Топография геодезия негіздерімен пәнінде топографиялық карта мен план жасау әдістері, топографиялық түсіру жұмыстары кешені, геодезиялық өлшеу аспаптары қарастырылады.

    Топография мен геодезия табиғат және қоғам туралы ғылымдарымен тығыз байланыста дамиды. Топография мен геодезияның картографиямен байланысы аса маңызды, бұл ғылымдардың жалпы бір бағыты бар, картография – картографиялық бейнелеу арқылы табиғаттағы мен қоғамдағы құбылыстарды көрсету мен зерттеу туралы ғылым, ал топографиялық карта осындай бейнелерге жатады.

    Топографиялық карталар геологиялық ғылымдар жүйесі, топырақтану, ландшафттану, ботаника мен зоология тағы басқа да ғылымдар үшін аса маңызды болып табылады. Топографиялық карталар қолданбалы ғылымдар, әсіресе инженерлік ғылымдар үшін, өте қажетті болып табылады. Топографиялық түсіру жұмыстары көптеген ғылыми зерттеулерде қажетті болып келеді, мысалы неотектникалық қозғалыстарын анықтау үшін қайталау топографиялық түсірістерді жүргізеді. Әр түрлі құрылыс мәселелерін шешуде топографиялық карта мен план негіз болып табылады. Ауыл шарушалық жерлерді жоспарлауда, гидротехникалық құрылыс жүргізуде топографиялық карталардың маңыздылығы өте жоғары.

    Топографиялық карталар әскери мақсатта өте үлкен роль атқарады. ХХ ғасырда болған соғыстар және соңғы жылдарда болған көптеген әскери соқтығыстар әскери оқиғалар болып жатқан аудандардың толық топографиялық карталардың қажеттілігін көрсетті.Қазақстан Республикасында пайдалы қазбаларды барлау, жер ресурстарын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау мақсатында жер бетінің жоғары дәлдікпен бейнеленген топографиялық карталар қажет. Мұндай топографиялық карталар басым ел қоныстанған жерлерге жасалынған, ал халық сирек тұратын, бірақ пайдалы қазбалар көп, жер ресурстары жеткіліті жерлер ұшін толықтырылған карталар аз.Геодезия, жер қыртысының қозғалысын және деформациясын, мұхиттар мен теңіздердің жаға бойының өзгеруін бақылау, теңздердің биіктігін және олардың арасындағы айырмашылықтарын анықтау, жер полюстерінің қозғалыстарын зерттеу үшін, сонымен қатар азаматтық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, көліктік құрылыстағы т.с.с. инженерлік алуан түрлі мәселелерін шешу үшін жер бетін өлшеу әдістерін дамытады.

    3 Топография мен геодезияның даму тарихы

    Ежелгі Рим кезінде топография мен геодезияның қолданбалы мәселелері дамыған, себебі өте үлкен империя болғандықтан ел туралы толықтырылған карталар қажет болған. Мұндайдың куәсі «Пейтингер кестесі» деп аталатын жол карталары. Ежелгі Римде алыс провинцияларымен байланыс жүргізу мақсатында, елді мекендер арасындағы жолдар картасы жасалынған және маршруттарға жалпы баяндама берілген. Мұндай карта бір көшірмесі ғана сақталған, оны XVI ғасырда Аугсбург қаласында Пейтингер деген неміс тарихшысы тапқан, сондықтан оны «Пейтингер кестесі» деп атаған.

    Топография мен геодезияның келесі даму кезеңі Еуропада XVI – XVIII ғасырларда ірі мемлекеттер пайда болумен және шаруашылық пен сауданың дамуына байланысты. Осыған орай ел аумақтарының толықтырылған карталары жасалынды. Бұл түсірістер қарапайым аспаптармен жасалынған – компас, жіп немесе өлшеуіш-дөңгелек. Ара қашықтар мен бұрылыстардың бұрыштары тек ғана жолдармен жүргізілген, ал жергілікті жерді қоршаған нысандар көз мөлшерімен түсірілген.XVII ғасыр геодезия үшін өте маңызды болды, 1609 жылы Г.Галилей италияндық астроном – геодезиялық бұрыш өлшеу және ара қашықтықты өлшеу аспаптардың негізгі бөлігін – астрономиялық көру дүрбісін ойлап тапты. 1616 жылы голландық Снеллиус өзі ойлап тапқан триангуляция тәсілімен алғашқы градустық өлшеулерді жүргізді. XVIII ғасырдың екінші жартысында (1783 ж) ағылышын Рамсден алғашқы теодолитті жасап шығарған.​XV – XVIII ғасырларда топография мен геодезияға аса маңызды көптеген картографиялық жұмыстар жүргізілген, жер бетінің ұсақ масштабты карталары, глобустар, атластары жасалынған. Жердің пішіні шар тәріздес екендігі дәлелденді.

    1740 жылы Ц. Кассини Франция аумағы үшін трингуляцияның тіреу пунктер желісін жасау жұмыстарын бастады (триангуляция деген тіреу геодезиялық пункттерді құру әдістерінің бірі, сонымен бірге осы желіні де триангуляция деп түсінеді). Жасалынған желісі негізінде Францияның бүкіл аумағына 1:86400 масштабтағы мензулалық түсіріс жүргізіліп 1789 жылы аяқталды. Бұл түсіріс негізінде 1815 жылы топографиялық карталары жарық көрді.

    ​Трингуляцияны пайдалану топографиялық карталардың дәльдігін көтерді. Мұндай тәжірибе барлық еуропалық елдер бойынша тарады. Мұндай карталар алғаш рет әскери мақсатта пайдалан бастады. Осындай карталардың қажеттілігі көптеген еуропалық елдерде мемлекеттік картографиялы-геодезиялық мекемелердің пайда болуына алып келді. Осының салдарынан еуропалық елдерде топографиялық карталар шыға бастады. Бұл карталарда жер бедері пішіні штрих (бояу) тәсілімен көрсетілген, яғни жер бедерінің элементтері толық көрсетілмеген, әсіресе беткейлердің еңкістігі, жер бетінің абсолюттік биіктіктері. Бұл мәселе ХІХ ғасырдың екінші жартысында жер бедері пішіндері изогипс немесе горизонталдар арқылы көрсетумен шешілген.


    Сурет-1.Топографиялық шартты белгілер.
    Топография және геодезия ғылымдарының Ресейдегі дамуы Қазақстан үшін аса маңызды болды. Ресейдегі топография мен геодезияның дамуы XVII ғасырда «Мәскеу мемлекетінің Үлкен сызбасы» деген еңбектен басталады десек қателеспейміз. Осы ғасырда орыс патшаларының шығыс жерлерді басып алу саясаты, ол аумақта карталастыру жұмыстарының дамуына алып келеді. 1667 жылы Тобыл әкімі П. Годунов Сібір картасын жасап шығады, 1701 жылы Семен Ремезовтың «Сібірдің сызба кітабы» атты 23 картадан тұратын алғашқы орыс географиялық атласы шығады. Бұл карталардың маңыздылығы олардың масштабында, басым бөлігі ірі масштабты, бүгінгі шолу топографиялық карталардың масштабына сәйкес – 1:200 000-тан 1:400 000 дейін.1701 жылы І Петрдің бұйырығымен Мәскеу қаласында алғашқы математикалық-навигациялық мектеп ашылады, мұнда геодезисттерді дайындаған. 1715 жылы сол кездегі Ресей империясының батыс облыстарында топографиялық түсіру жұмыстары басталады. Нәтижеде 1:21000 тан бастап 1:84000 масштабқа дейін топографиялық карталар жарық көреді.Топография мен геодезия ғылымдары даму үшін аса маңызды болған 1739 жылы ашылған Географиялық департамент, нәтижеде геодезия бойынша алғашқы С.К. Котельниковтың «Жас геодет немесе геодезияның алғашқы негіздері» деген геодезия бойынша оқулығы жарық көрді.1779 жылы Мәскеу қаласында Межа мектебі, жер өлшеуіш мамандарды дайындайтын оқу орны ашылды.

    Геодезиялық жұмыстар далалық және ғылыми өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстардың ең басты мазмұны өлшеу процесі болып табылады, ал ғылыми өңдеужұмыстары есептеу және графикалық процестерден тұрады.Өлшеу процесіне пландар мен карталар жасау үшін немесе арнайы мақсаттар,мысалы, трассалар жүргізу, барлау траншеялары мен құрылыстарын бөлу үшін жүргізілетін жер бетіндегі өлшеулер жатады.Топографиялық-геодезиялық өлшеулер мынадай элементтерді қамтиды:горизонталь және вертикаль бұрыштар, еңкіш, горизонталь және верикальдар.

    Осыларды өлшеу үшін әр түрлі геодезиялық аспаптар қолданылады.

    Оларға мыналар жатады:

    а)қашықтықтарды өлшеуге арналған аспаптар - өлшеуіш ленталар, сым, рулеткалар,оптикалық қашықтық өлшеуіштер,жарық қашықтық өлшеуіштері және т. б.;

    ә) бұрыш өлшеуіш аспаптары: теодолиттер, буссольдар, гониометрлер және т. б.;

    б) вертикаль биіктіктерді өлшеуге арналған аспаптар: нивелирлер, рейкалар, және т. б.

    Геодезиялық өлшеулер нәтижелері тиісті журналдарға енгізіледі және дала жағдайында түсірілетін объектінің схемалық сызбалары жасалады,ол абрис деп аталады.

    Өлшеулер қаншалықты үқыптылықпен жүргізіліп, қолданылатын аспаптар қаншама жетілдірілген болса да, өлшеулердің азды-көпті қателері кетіп отырады. Оған кез-келген шаманы бірнеше рет өлшеген кезде, оңай жеткізуге болады. Бастапқы нүктелерден (пункттерден) алыстаған сайын, өлшеудің дәлдігі азайып, қателіктер көбейе береді. Өлшеудің дәлдігін тек қатенің абсолюттік (орташа квадратық) не салыстырмалы шамаларына қарап қана жобалауға болады. Қателердің ұлғайып-азаюын, дәлдігін арттыра түсу үшін, елімізде өлшеу жұмыстарын сезімтал аспаптар арқылы қажетті дәлдікке сай белгілі әдістермен шебер өлшеуші адамдар (геодезистер, маркшейдерлер) жүргізеді. Геодезиялық жұмыстарды ғылыми түрде жүргізу төмендегі принциптердің міндетті түрде орындалуын қажет етеді:

    Геодезиялық тірек торларын "жалпыдан жалқыға (нақтылыққа) көшу" деген принциппен әрі қарай дамыту, яғни алдымен геодезиялық бастапқы (тірек) торлары құрылады, олардың координаталары жоғары дәлдікпен табылады да, олар әрі қарай жиілетеді.

    Қорытынды
    Топография мен геодезия ғылымдарының адамдар пайда болғаннан осы уақытқа дейінгі өзгерісі мен прогрессі баяндалынды. Қорытындылай келе:

    • Жер туралы алғашқы идея, оның жалпы көрінісі VI ғасырда көрініс тапты.

    • Оптикалық құбыры бар алғашқы геодезиялық құрылғылар – невилер – XVI ғасырдың екінші жартысында пайда болды.

    • Оптикалық түтік теодолитін XVIII ғасырдың ортасында ағылшын механигі Джесси Рамсден ойлап тапқан.

    • Топография және геодезия ғылымдарының Ресейдегі дамуы Қазақстан үшін аса маңызды болды.

    • Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстандағы мекемелер негізінде Қазақстанның геодезия және картографияның бас басқармасы ұйымдастырылды.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    1.Топография және картография негіздері. О.Б.Мазбаев

    2.Жоғарғы геодезия. Г.М.Қырғызбаева

    3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Басты_бет

    4. https://sun9-57.userapi.com/impf/c836322/v836322088/2926c/FNBUVwDP-hA.jpg?size=604x402&quality=96&sign=4c2fedaf104c807b8eeb381b58b5de80&type=album



    написать администратору сайта