СРО 2. Сж таырыбы аза мемлекеттілігі эволюциясыны тарихи бастаулары
Скачать 33.72 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әлихан Бөкейханов атындағы университеті Ақпараттық технологиялар және экономика факультеті (факультет атауы) Қазақстан Тарихы (пән атауы) СӨЖ Тақырыбы: Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары Орындаған:Серік Әділжан Семей 2022 Қазақ мемлекеттілігі эволюциясының тарихи бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы. Кіріспе 1. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. 2. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи кезеңдері. Мақсаты: Студентерге «Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың, мәнін, міндеті мен мақсатын ұғындыру; Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи кезеңдерінің ерекшеліктерін зерделеу. Негізгі терминдер: мемлекет, тәуелсіздік, мемлекеттілік, дербестік, федерация, хандық, демократия, конститутция, нарық, деклорация, президент, парламент, сенат. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» егеменді тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы территориясындағы қазақ халқының және басқа да халықтардың тарихы. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» бүкіл адамзат тарихының толық ажырамас бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтары тарихы, Орталық Азия елдері тарихымен ұштасып жатыр. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» - Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдерін және қазіргі уақыттағы болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілелерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым. Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері оқу пәнінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу. Қазақстан тарихына қазіргі тұрғыда қарау дегеніміз, оны дүниежүзілік тарихпен, Евразиялық контингент тарихымен, көшпелілер өркениетімен, түркі халықтарының тарихымен және Орталық Азия елдері тарихымен бірлікте қарастыру деген сөз. Бірте-бірте оның маңыздылығы мен көп функционалды рөлі де арта түсуде. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» оқытудың рөлі мен маңызын анықтайтын төмендегідей кешенді міндеттер мен мақсат: -егеменді Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, нығаю міндеттеріне жауап бере алатын тарих білімінің теориялық және әдіснамалық базасын жасау; -Қазақстан халықтарының ортақ тарихы негізінде Қазақстандық қоғам бірігу үшін идеологиялық база дайындау; -Батыс пен Шығыстың ғаламдық тарихы құрамында өзара байланыста қарастырылатын ұлттық тарихымыздың өзіндік қайталанбас орнын, сондай-ақ дүниежүзілік тарих пен адамзат өркениетінің тасқынында қарастыруды көздеуі; -«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» оқу пәнінің негізгі мақсаты: - Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі даму бағыттары, кезеңдері туралы, қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіз сабақтастығы туралы объевтиктік білім беру. Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз өте күрделі кезең кешіп отыр. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, құқылы мемлекет екендігі жариялады. Қазақстан ұзақ жылдар бойы Кеңестер Одағының құрамында болып келді. Жасыратын жоқ, осы жылдары біздің тарихымыз көптеген бұрмалау мен қателерге тап болды. Сол себепті, тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды мәселенің бірі – ұлттық тарихын қайта дамыту, жаңарту болып табылады. Тарих дегеніміз тек қана өткен-кеткен туралы баяндау, немесе өткен уақытты зерттейтін ғылым емес. Сонымен бірге, өткен-кеткен әрқашан жеке адамда, әр халықта, жалпы адамзатта өшпес ықылас оятады. Осымен байланысты, біз әрқашан өткенді түсінуге, білуге ыңталанамыз. Сонымен қатар, өзін сыйлайтын әр адам, өзінің елінің, жерінің тарихын білуге міндетті. Тек ғана тарихи күндердің, оқиғалардың тізімін емес, тарихи кейіпкерлерді ғана емес, нағыз Ата-бабалардың жерінің тарихын, оның негізгі мағынасын тҥсіну керек. Қоғамда тарих ғылымы бірнеше қызмет атқарады: гносеологиялық (танымдық) – жеке адамға, халыққа әр халықтың өткен-кеткен туралы білім береді; аксеологиялық – әр адамның халқына, тарихына ортақтастық сезімін қалыптастырады; праксеологиялық – күрделі, әртҥрлі құбылыстарға өз алдына бағалау, талдау қабілетін шынықтырады; прогностикалық – тарих болашаққа ұмтылған ғылым, ол ешқашанда, еш уақытта аяқталмайды. 2. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының тарихи кезеңдері Тарихи сыры да көп, айтатын мұңы да көп түркі текті халықтардың ішіндегі іргелісінің бірі қазақ халқы. «Қазақ түркі емес, қазақсыз түрік емес», - деген ежелгі мәтел ер қазақтың ерен мінезін, абзал қасиетін, асқақ көңілін, ата тарихына деген сүйіспеншілігін көрсететіні хақ. Академик Қозыбаев М.Қ қазақ тарихын бірнеше асқарлы белестерге бөлген. Олар: Адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген белес; Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, ғұндар заманасы; Түркі тектес тайпалар дәурені, Қыпшақ белесі; Моңғол үстемдігі; Қазақ хандықтары: халық, ұлттың қалыптасуы; Отаршылдық бұғауында; Қазақ халқы совет империясының уысында; Қазақ халқы егеменді ел болған шағында. Әлем мен өркениет, ру мен тайпа, тек пен нәсіл, халық пен ұлт, жүз бен мемлекет, тұрмыс қарекеті мен ұлттық сана, уақыт пен тағдыр – көне түркі көшіінің негізгі төл иелері осылар.. I белес. Еуропа мен Азия құрлығын жамбастап, шығыста Тәңірі (Тянь-Шань), Алатай, Тарбағатай, Алатау, Саян, Хинган, батыста – Карпат тауларының аралығындағы апайтөс, сайын сахарада ерте заманнан көшпелі халықтар мекендеген-ді. Осы күні қазақ елінің жерінде б.д.д. XVIII-VIII ғ.ғ. өмір сүрген тайпалар археолог ғалымдардың айтуы бойынша, қазақ халқының ата салтына, дәстүріне ұқсас қышқа нақышталған, тасқа таңбаланған өрнек өнерін қалдырыпты. ІІ белес. Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, ғұндар дәуені. Тарихтың атасы Геродот (жезтаңдай Цицерон осылай деп бағалаған) б.д.д. VII-IV ғ.ғ. арасында Ұлы далада скиф, грек географы Стабон – сақ деп атаған тайпалар дәурен сүргенін мәлім еткен. Атақты көне шежірелері «Ханнамада» (б.э.д. 104-91 ж.ж.), «Тарихнамада» Үйсін елі, қаңлы елі, Алан (янсай) – Алшын елі б.д.д. І-ІГІ ғасырларда іргелі елдер болғанын баяндайды. Ендеше сол б.д.д. заманда өмір сүрген «кәспи», «сақ», үйсін, қаңлы, алан, массагет пен дай тайпалары кейіннен өмір сүрген түркі тектес халықтарының түп қазығы екендігіне күмән болмаса керек. Айталық, кейбір түркі тектес халықтар – қайсақ-қазақ, саха аталуы, не болмаса арғын, қыпшақ, керей рулары ішінде «сақтоғалық», «Бессақ», «Сақұлы», «Борсақ», «Қар-сақ», «Саха» атын қолданған этникалық тармақтар сақ тайпасы атауынан осы күндерге жалғасып жеткен сақ этнонимінің жаңғырығы болса керек. Не болмаса қазақ бертінде үш жүз болып қалыптасқанда Ұлы жүзден өкілдік алған үйсінге – «жалау», Орта жүзден арғынға – «көз», Кіші жүзде алшынға – «найза» таңбасының берілуі де қазақ еліне ұйтқы болған көне тайпалардың қадыр-қасиеті ескерілгені аса күмән тудырмайды. Не болмаса қазақтың «Қаңлысыз хан сайламайды»,- деуі де ол тайпаның көне көз екендігін білдіреді. Ұлы Даланы бес ғасырға жуық (б.д.д. 204 – б.з. 216 ж. дейін) дүбірлетіп, гүмбірлетіп ғұндар (көне қытай деректері бойынша Орхон өзеніне байланысты хун атанған) өтті2. Көне қытай шежірелерінде батыс ғұндардың Азияның терең қойнауынан шығып, осы күнгі қазақ сахарасына қоныс аударғаны, олардың ежелгі сақтардың ұрпағы екендігі туралы мәліметтер кездеседі3. ІІІ белес. Түркі тектес тайпалар белесі. «Түрік» деген этноним қытай жылнамаларында 542 ж. кездеседі (муңғылша – тукюе – таудың бейнесін елестетін дулыға)6. Қытайлықтар VI ғ. түркілерін сюннудің – ғұндардың бұтағы деп санайды. Әбілғазы Баһадур хан турік шежіресінде: «түркі елінде ең алдымен аты шыққан бес ру бар, олар: ұйғыр, қаңлы, қыпшақ, қалаш, қарлық дегендер»7, - деп таратқан. Сол бір дәуірде басы барды идірген, тізесі барды бүктірген, Қытаймен және Руммен (Византия) терезесі тең Туркі қағанаты(552-744), Еділ мен Қап тауының шығысында шаңырақ көтерген Хазар қағанаты, Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңіріндегі Қарахан қағанаты, Сырдария мен Еділ арасын жайлаған Оғыз ұлысы, он екі тайпадан құралған ер Алтайдан, Ертістен Еділге, оңтүстік Оралдан, Құланды даласын басып, Балқаш көлінен Жоңғар Алатауына дейін мекендеген Кимек қағанаты, тағы басқа ұлыстар, қағанаттар осылардың бәрі негізінен жергілікті түркі тектес тайпалар еді. Олар сары сайран даланы өз ешкісінің терісінің пұшпағындай илеп, дәурен сүрді. IV белес. Түркі тектес тайпалардан этностардың бөлініп, болашақ этностардың қалыптаса бастау кезеңі.Қазақ тарихына бағыштай айтсақ, бұл – оғыз-қыпшақ дәурені үстем болған белес.Заманымыздың,Хғасыр шеннінде Евразия сахарасында,сан тайпалардың жиынтығы болған тектерден (славяндар,роман –германдықтардан,түріктерден,т.б)этностардың бөліну процестері басталды.Дәл осы тұста славяндар бөлініп,басыста орыс халқы қалқиып шықты.Міне,осы кезеңде ұлы далада қыпшақ халқы қалыптасты.Қыпшақ этнонимі туралы мәлімет 759ж селенгі тасында кездеседі10.Рашид-ад-дин:Оғыз (өгіз)қаған қанмайданда қаза болған белгінің шірік ағаш қуысында –қыпшақ туған баласын тауып алып, қыпшақ деп атады11, - деп көрсетеді.Құрманғали Халидтің айтуынша, «мағынасын байқағанға қыпшақ адам баласы дегенге саяды»12. Л.Гумилев айтқандай, ХІ ғ.түркі суперэтнос санатында сөне бастады13.Осы шақта түркілердің бағына 92баулы қыпшақтар тарих сахынасына шықты.Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шежіресінде: «Күн батысы – Сырдария,күн шығысы – ұзын аққан Ертіс,оңтүстігі – Жетісі,солтүстігі- Еділ-Жайық,сол төрт судың арасы заман қадымынан бері Дешті Қыпшақ жайлаған,қыпшақ жұртының қонысы еді,сол қыпшақтан 92 ру ел таралды. «Қытай көп пе,Қыпшақ көп пе?»-деген мақал болған себебі осы»,- деп көрсетілген14.Ол «түркі»деген жинамалы этнонимді ысырып тастап,өзі суперэтносқа –басқа түркі тайпаларының бірден-бір ұйытқысына айналды.ХІІ ғ.қыпшақтар араб ,парсы,славян,роман-герман халықтарының үрейін ұшырған құдіретке айналды.15 Қыпшақтар мен оғыздар, тохсы, яма, оқрақ, нарұқ тайпалар Махмұд Қашқаридың дәлелдегендей, ғажайып, таза, түркі тілінде сөйледі. Қыпшақ одағына кірген тайпаларға ол ортақ тілге айналды. Тарихи әдебиетте қыпшақтардың болашақ қазақ этносының (протоказах) өзегі деген ұғым кездеседі. Шын мәнінде ХІ-ХІІ ғ.ғ. қыпшақ халқы қалыптасты. Оған негіз – ежелгі біртұтас атақоныс, аралас-құралас енген түркі тектес тайпалар, ортақ тіл, қалыптасқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс, өмірге деген мәдени-рухани көзқарас, әскери демократия, ортақ жаугершілік қарекет – осының бәрі бірегей халықтық қасиеттерді, ортақ дүниетанымды тудырды. Тарихи деректерге қарағанда, «қыпшақ», «қазақ» атаулары қатар шыққан. V белес. Мұңғыл үстемдігі. Мұңғыл империясы барша қазақ жерін біріктіріп, оң қанат (Батый – Алтын Орда, Орта) Шейбани, Әбілхаир (Көк Орда) сол қанат (Орда Ежен) – Ақ Ордаға бөліп, ту тікті. Қыпшақ этносына керей мен найман, қоңырат пен барғы, қоңырат пен меркіт сияқты тайпалар қосылды. Аз ғана уақытта татарлар қыпшақтармен қандасып кетті. Тарихшы әл-Омари айтқандай: «олардың бәрі аумаған қыпшаққа ұқсайды»26. Жошы мен шағатай ұлыстарында не бәрі 4 мыңнан ғана әскер қалды27. Ал Алтын Ордада 200 мың атты әскердің Шыңғыс қолымен келгендері (маңғыт пен чжур-жөндер) небәрі 2 мың-ақ ұлан болатын. Олай болса ежелгі қыпшақ даласын жайлаған түркі тайпаларының шапқыншылықтан ес жинап, мұңғыл империясы дәуірінде бүкіл Европаға дәуренін жүргізген елдің құрамында басы бірігіп, рулық-тайпалық шеңберден шығып, халықтың сана биіктігіне қайтаданкөтеріле бастады. Мұңғылдардың қыпшақтарды қатты қырғанына қарамастан ен далада еркін өскен өжет, өрен далалықтардың этномәдени бірлігі, ғасырлар бойы қалыптасқан қыпшақ халқының тұтастығы, ата тегінен келе жатқан қасиеттері сақталды. Жеті атасына дейін қан араластырмай, ата-баба салтын, дінін, тілін сақтап қалған қыпшақ елі мұңғыл шапқыншылығы сынынан да өтіп, мың қырылып, мың бірінші рет тағы тірілді. VI белес. Қазақ халқы, мемлекетінің дәурені. Алтын Орда құлап, ежелгі түркі Дешті Қыпшақ даласында өзбек, ноғай хандықтары пайда болды. Өзбек хандығына – Жошының Шейбани атты баласының тұқымы Әбілхаир өктемдік етті. Мұхаммед Хайдардың «Тарихи-Рашиди» атты еңбегінде көрсетілгендей, 1465-1466 ж.ж. Жошының Тоқай-Темір атты баласының ұрпақтары – Жәнібек пен Керей сұлтандар Өзбек хандығынан бөлініп, ат құйрығын шорт кесіп, Моғолстандағы Шудың солтүтік қапталында Қозыбасы деген жерге Қазақ хандығының ордасын тікті. Шоқанның айтуы бойынша, 92 баулы қыпшақ болатын, жартылай отырықшы тайпалар өзбек хандарына, көшпелі тайпалар қазақ хандығына ойысты. Шал ақынның: «Тоқсан баулы өзбек айырылыпты, Таңбалының моласы деген жерде»- Деуі осыдан. Шын мәнінде бұрынғы қыпшақ халқы суперэтнос ретінде айтадан өзбек, қазақ, башқұрт, ноғай болып бөлінді: «өзбек өз арам, сарт садағам», не болмаса: «өзбекте бар иманым, тәжікте бар күмәнім» деген сөздер сол кездердің куәсі. Әбілғазы шежіресінде көрсетілгендей, тұңғыш ханымыз Әз-Жәнібек Еділ мен Жайық арасындағы ноғайлар ордасымен одақтасты. Қаз дауысты Қазыбектің «Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен»,- деуі осыдан. XV ғ. аяқ шенінде қазақ хандығына Жетісу одағының тайпалары да қосылды. Осы тұста ноғай ордасынан алшындар, қарақалпақ пен қырғыздардың бір сыдырғы тайпалары қазақ хандығына енді. Әз Жәнібек, Қасым хан қазақ даласын қайта біріктірді. Қазақ халқының саны жарты ғасыр ішінде 200 мыңнан 1 миллионға жетті. Шоқанның айтуы бойынша, Қасым хан 300 мың ұланды атқа мінгізе алады екен. Ақназар хан заманында қазақ елі Еділ мен Жайықы жайлап, Қызылқұм мен Шу, Сыр бойын көсіле қыстай бастады. Жазушы Әбіш Кекілбайдың «сөйтіп, бір жарым ғасырдай уақытқа созылған прцесс тамамдалды. Бұрын бір Одақта ұзақ уақыт бірге болмаған, бір-біріне бағынбаған үш мемлекеттің құрамында жүрген тілі бірдей, діні бірдей, тұрмыс-салты, шарушылық үрдісі бірдей көшпелі тайпалардың жаңа саяси Одаққа бірігуі атақты Ақназар ханның тұсында тиянақталды»,-деген тұжырымы дәлелді. Қазақ шежірелерінің бірінде үш жүзге бөліну Майқы биден басталады. Ал бұл тұлға Шыңғыс хан заманасында өмір сүрген. Шежірелердің кейбіреулері бұл құбылыс Әз Жәнібек кезінде болды деп те хабарлайды. Менің ойымша, қазақ елінің үш этно-территориялық бірлестікке бөлінуі, қалыптасуы ғасырлар бойына жүріп жатты. Жүздердің негізі табиғи географиялық факторға сайкөшпелі өмір қарекеті, ғасырлар бойы үш аймақта ту көтерген мемлекеттік дәстүр, қалыптасқан салт-сана, ру-тайпалық байланыс болса керек. Мен онымен қатар географиялық фактордың ролін аса атап кетер едім. Қазақ халқы Евразияның Орталық даласында қалыптасты. Бас бостандығын, ата мекенін, жері мен малын өмір бақи қорғады. Ал этнотерриториялық бірлестіктер – жүздіктер отан қорғау мүддесіне де сай келді. Ортақ тіл, Қасым хан салған қасқа жол, Есім хан салған ескі жол, Тәуке ханның жеті жарғысы, бүкілхалықтық құрылтай, хан сайлау, жылдық миграция жолын бекіту – осының бәрі біртектілікті, тұтастықты, баршаға ортақ заңдылықты, әдет-салтты іске асырды. XVII-XVIII ғ. жоңғарлардың қаһары қазақ елінің байына батты. Абылай ханның айтуы бойынша, «XVIII ғ. басындағы 40 жыл ішінде халықтың үштен екідейі қырылды». Қазақ поэзиясының пайғамбарларының бірі – Шәкәрім «Қалқаман-Мамыр» лоэмасында «үш есенің екуін қырып салды»,- деуі осыдан. |