5 ОТВЕТЫ НЕВРО. Сратар Апиын марлы. Жаса байланысты салыстырмалы ерекшеліктер. Гашишизм. Жауаптары
Скачать 30.5 Kb.
|
Сұрақтар 1. Апиын құмарлық. 2. Жасқа байланысты салыстырмалы ерекшеліктер. 3. Гашишизм. Жауаптары 1.Апиын құмарлық Опиоидтар — таза опиоидты макты (Papover somniferum) және синтетикалық жолмен алынатын наркотикалық анальгетиктер класына жататын психоактивті заттар. Қазіргі кезде опиоидтарға опиоидты көкнәрдің табиғи өнімдері және синтетикалық опиат тәрізді қосылыстар жатады. Опий (морфин) тобына келесі наркотиктер жатады: Табиғи: мақтың құрғақ шырыны омнопон таза опий: морфин, кодеин мактың сабаны. Синтетикалық: промедол метадон лидол Жартылай синтетикалық — героин Опиоидтердің адам ағзасына әсер ету патогенезі Опиоидтар асқазан- ішек жолына, мұрынның шырышты қабатына, өкпе капиллярларына жақсы сіңеді. Кодеин және героин өзінің гидроморфты әсері нәтижесінде гематоэнцефальды кедергі арқылы жақсы өтіп, ОЖЖ- не күшті әсер етеді.Морфиннің әсерінің нейрохимиялық механизм ацетилхолиннің гидролизін тежеп, ол нерв ұштарынан бөлуімен байланысты. Морфинге антисеротониндік қасиет тән. Нейрофизиологиялық зерттеулер нәтижесі морфиннің ауырсынулық сезімталдығының таламустық орталығын тежеп, ауырсынулық импульстарды ми қыртысына өтуін блоктайтынын көрсетті. Опиоидтардың ми рецепторларына әсері зерттелді. Лимб аймағында басым түрде орналасқан мида опиаттық арнайы рецепторлар ашылды. Опиаттық рецепторлардың эндорфин, энкефалин сияқты эндогенді медиаторы бөлінді. Олар рецепторлармен байланыс түзіп, ауырсынуды басушы әсер дамытады. Морфиннің құрылымында эндорфин және энкефалиннің құрылымына ұқсас молекулалар бар. Сондықтан морфин опиаттық рецепторлармен байланысып, ауырсынуды басады. Арнайы “опиатты” рецепторлар: эндорфондер және энкефалиндер. Опиоидты рецепторлар: мю. морфин байланыстырушы, олар эйфория, миоз және тыныс алу тежелуіне қатысады Дельта .Энкефалиндерге ұқсас олар миоз бен гипотензия шақырады. Каппа 1-3. кетоциклазин және бензоморфанды препараттар миозды және седатифті әсер етеді. Опиоидты есірткінің өлімге әкелетін мөлшері: ішке қабылдағанда: 0,5-1 гр. к/т: 0,2 гр. қандағы концентрациясы: 0,14 мг/л Жиі опиоидттарды бірінші рет қолдану түрі ингаляционды формада болады . Себебі жасөспірімдерді наркотиктің осы формасы зиянсыздығана сендіру оңай болып табылады. Диагностикасы Опийіндік нашақорлықтық диагностика негізі болып науқасты толық клиникалық зерттеу болып табылады. Ол арнайы токсикологиялық зертханада жасалатын тексерулермен анықталады. Ең маңызды опийіндік масаюдың белгісі-миоз. Сонымен қатар терінің құрғақтығы, бозғылттығы; гипотония, брадикардия, сіңір рефлекстерінің жоғарылауы тән. Сөз жылдам. Сын төмендеген. Кодеиндік масаю алкогольдік масаюға ұқсас психомоторлы ажитация тән. Психомоторлы қозу әдетте мак сабағының химиялық өңделген заттарына тән. Психиканың өзгерістері өте жиі кездеседі. Аурудың бастапқы сатыларында астениялық бұзылыстар жиі кездеседі. Кеш этаптарда науқастар еңбекке жарамсыз, оларда әлсіздік, енжарлық, астения, аллергия байқалады. Морфинисттерде есте сақтау бұзылған. Жұмыс істеу морфинның күшімен ғана іске асады. Интеллектуалді бұзылыстар өте айқын. Өзіне, өз ісіне сын жоқ. Есте сақтау қабілеті төмендеген.Опийіндік нашақорлыққа шалдыққандарда аффективті ауытқулар айқын көрініс береді. Наркотизациядан тыс кезде көңіл күй өте төмен. Науқастар лабильді, психогенді және ауырсынулық тітіркендіргіштерге өте сезімтал. Біртіндеп тұлғалық қасиеттер жоғала бастайды. Барлық қызығушылық тек наркотикалық заттар жайында, оны табу негізгі мақсат болып табылады. Ұялу сезімі жоқ. Науқастар отбасы жағдайымен мүлде шұғылданбайды. Яғни, толық тұлғалық деградация дамиды. Опийіндік нашақорлықта адамның сыртқы келбеті өте маңызды. Науқастар өз жасынан үлкен көрінеді. Терісі сарғыш. Бетінде көптеген әжімдер. Шашына ақ түсу ерте байқалады. Шаш және тырнақтары сынғыш, түсі өзгерген. Тістері кариеске шалдыққан, 5-7 жыл наркотикалық затты жүйелі түрде қолданған II сатыдағы нашақорда тістері мүлде болмайды. Көктамырлары ұлғайған, олардың бойында сезімталдық төмендеген. Ұзақ наркотизация нәтижесінде науқастар азып-тозған, жүдеген. Жиі флебиттер тән.Көктамырдың бойында абсцесс, және іріңдеуден көптеген тыртықтар байқалады. Жасанды опий наркотикалық заттарын пайдаланушыларда жиі көктамырлардың өте дөрекі өзгерістері болады. Опийіндік нашақорлықтың соңғы этаптарында жүрек-тамыр жүйесіндегі өзгерістер байқалады. Өкпеде жиі эмфизема дамиды. Абстиненция уақытында тыныс ырғағының бұзылуы, демікпе дамиды. Науқастарда жиі пневмониялар, гепатиттер, гломерулонефриттер, пиелонефриттер байқалады. 2. Жасқа байланысты салыстырмалы ерекшеліктер. Опиоидттардың жүкті әйелдер мен балаларға әсері Жүктілік кезінде опиоид қабылдауды тоқтату салдарынан жүктілік асқынуы; Босану процессінің баяулауы; Нәресте өлі тууы немесе түсік тастау; Балаға әсері: Ұрықтың өсуі тежелуі; Ұрықтың шамадан тыс қозғыштығы; Ұрық орналасу бұзылысы (жамаспен келу). 95 % жүктілік кезінде опиоидты қабылдағанда жаңа туған нәрестеде абстинентті синдром дамиды, 12-25 % ауыр түрінде. 4 нәрестенің 3 еуі ересектер сияқты осы синдромнан зардап шегеді. Егер жүкті әйелді метадонмен емдеген болса, нәрестеде абстинентті синдром кейінірек дамиды, бірақ жеңіл түрде ұзаққа созылады. Омыраумен тамақтандырғанда опиоидттар нәрестеге сүт арқылы берілуі мүмкін. Опиоманияның дамуы Бірінші саты: Есірткінің физикалық әсері бұл сатыда өзгермеген. Нашақордың ұйқысы беткей болғанымен, ұйқысының қанбай қалу сезімі және есірткіге аздап қана құмарлық пайда болады.Біріншілік әсерге және мақсатында есірткі мөлшері арта түседі, есірткінің болмауы нашақор ағзасына 1-2 тәуліктен кейін психикалық бұзылыстар ретінде көрінеді. Ол қысылған, психикалық дискомфорты бар, енгізгісі келіп жүреді, сонымен қатар, 1-саты есірткіге бұрмаланған реактивтілік синдромымен және психикалық тәуелділік синдромымен көрінеді. Екінші саты: бұрмаланған реактивтілік синдромы, толығымен қалыптасқан психикалық тәуелділік синдромы жоғары шегіне жетеді Ерекшеліктері: Опиоидттардың жүкті әйелдер мен балаларға әсері Жүктілік кезінде опиоид қабылдауды тоқтату салдарынан жүктілік асқынуы; Босану процессінің баяулауы; Нәресте өлі тууы немесе түсік тастау; Балаға әсері: Ұрықтың өсуі тежелуі; Ұрықтың шамадан тыс қозғыштығы; Ұрық орналасу бұзылысы (жамаспен келу). 95 % жүктілік кезінде опиоидты қабылдағанда жаңа туған нәрестеде абстинентті синдром дамиды, 12-25 % ауыр түрінде. 4 нәрестенің 3 еуі ересектер сияқты осы синдромнан зардап шегеді. Егер жүкті әйелді метадонмен емдеген болса, нәрестеде абстинентті синдром кейінірек дамиды, бірақ жеңіл түрде ұзаққа созылады. Омыраумен тамақтандырғанда опиоидттар нәрестеге сүт арқылы берілуі мүмкін. 3.Гашишизм Гашиш — құрғатылған, тығыздалған смола тәрізді зат. Оны Индияда және Америкада және Қазақстанда, Шуда өсетін коноплянын беткейінен алады («cannabis indica», «cannabis americana»). Гашиштың басқаша атауы: анаша, план, дурь, пыль, косяк, петрушка, зелень, Мария Ивановна. Әсер етуші зат- тетра-гидроканнабиол, сондықтан оны каннабиоидты нашақорлық деп атайды. Қабылдау түрлері: шайнау; тарту, табакпен араластырып немесе таза смола түрінде; Спирт немесе тағамдарға қосып; қайнатып, кофе тәрізді. Калльян түрінде қабылданады Этиологиясы Социологиялық (әлеуметтік): мамандығы; алған ақпараттылығы , тұратын мемлекеті (үшінші елдер). Отбасылық факторлар: егер ата – анасы наркотиктерді қабылдаса , толық емес отбасы; Жеке тұлғалық фактор: адамның мінез-құлығы, санасы, ойлау қабілеті өзгереді, алған білімі, ұлты, жасы, жынысы. Қоршаған орта факторы: жиі тұрғылықты орнын ауыстыру, тұрғылықты жеріне байланысты. Биологиялық факторлар: әртүрлі адамдар ағзасының индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты. Тұқым қуалаушылық. ДНҚ құрылымының өзгерістері. Психологиялық немесе психикалық факторлар: әртүрлі психикалық жағдайларда стресстік жағдайлардан құтылу үшін , депрессия әсерінен, көптеп наркотикалық заттарды қолдану (ұйықтататын, тыныштандыратын, психостимуляторларды және седативті заттарды қолдануда дамиды). Жарақаттар, ауыр инфекциялық аурулар, онкологиялық аурулар, мүгедектер. Әлем бойынша таралуы: Гашишизм алкоголизмнен кейін дүние жүзі бойынша 2-ші орын алады. Гашишпен улану: алғашында 2-5мин ұзақтығы — жеңіл бас айналу сезімі, көз алдында барі шомылып жүргендей. Кейін жылулық, қолдағы, аяқтағы ауырлық сезімі, ақымақтану (одурение) 10-20мин өткен соң қоршаған ортаға, түске, дыбысқа, өз денесіне деген сезім бұзылыстары байқалады. Гашишпен уланудың ерекшеліктері: Адам өзін сырттан бақылай алатындай және өз-өзімен болып жатқанды бағалай алады. Гашишты улану патогенезі: Каннабиоидты шегу кезінде қан ағымына тетрагидроканнабинол шамамен 50% түседі. Сарысуда тетрагидроканнабинолдың концентрациясы шыңына 70 минут ішінде жетеді. Кейін психиактивті заттардың концентрациясы 1 сағат ішінде төмендейді, ал әсер етудің субъективті әсері 6-8 сағ ішінде редуцирлейді. Каннабиоидты ішке қабылдау, шегуге қарағанда, қанға тетрагидроканнабинолдың 1/3 бөлігіне аз түседі. Гашиштік улану кезінде симптомдардың ауысуы: Моторлы қозу – субъект қозғалысы, секіргісі, билегісі келеді.. Тәртібін бақылаудың әлсіреуі — таныс емес идеяларға тұрақты көңіл аударуға тырысады. Кенеттен күлкілі емес қандайда бір эпизод оның адекватты емес, тоқтаусыз күлкісін шақырады. ”Состояние дурмана “- бұл жағдайда адамдар жиі өзінің ессіз қозғалыстарында , айтқан сөздерінде, істерінде, сағымдарында, галлюцинацияларда көрінетін бағалы ойларын айтады. Ойлар диссоцияциясы – сөйлеуге және өз ойын айтуға қажеттілігін көрінетін сәйкес келеді. Бұл сөйлесулер өзгеше болады: сөйлесуші адамды субъектің ойға сыймайтын сөздері таң қалдырады, олар оны түсінбеушілікке апарады. Бұған субъект мағынасыз күлкімен жауап береді. Субъект толқып сөйлейді, ұсақ нәрселерге бола қатты дауласады және айналасындағы адамдар ол сезетін толқуларды түсінбегеніне таң қалады. Өзіндік “мен” гипертрофиясы – субъект өзін жоғары адамзат деп есептейді. Өзінің жолдастарын барлық жағынан төмен санайды. Сандырақтық қозу – сыртқы қоршаған адамдар немесе заттарды дұрыс, нақты емес қабылдау. Бұл жағдайда сезімдердің ерекше өршуімен, ойлардың гипертрофиясымен саналады. Шу алдындағы қорқыныш — ойдың шатасуының артуымен қосылады. Жарық сәттер қысқарып, субъекті біртіндеп өзінің субъективті уайымдар басып, әдетте сағаттын тықылы және масалардың ызалы жабысқақ сезімдерді сезеді. Аздаған күш жұмсаудың өзі мүмкін емес болып көрінеді. Адам апатия көңіл күйдің төмендеу жағдайында болады. Уақытты қабылдаудың бұзылуы – уақыт шексіз баяу сияқты болып, екі анық әсердің арасында көптеген анық емес, жиі аяқталмаған басқа әсерлердің болуы. Уақыт оларды еске түсірумен ғана өлшенеді. Сондықтан да аяқталмайтын ұзақ болып көрінеді. Кеңістікті қабылдаудың бұзылысы — субъект және жанында тұрған адам арасынадғы қашықтық үлкен болып көрінеді. Егер баспалдақ қойса, оның сатылары аспанға жететін сияқты. Қабылдаудың бұрмалануы- бұл сатыда – бұл сатыда сезінулер, соның ішінде көру және есту ерекше өршиді. Алайда, қабылдау бұрмаланған. Заттардың пішіні және суреті өзгерген сияқты болып көрінеді. Тұлғаның ажырауы (раздвоение) – ерекше жағдайда сезінеді, бір жағынан қалыпты өмір сүретін өзіндік “мен” сезінсе, екінші жағынан онымен бірге қандайда бір ғажайып және тұрақты емес біреу бар екенін және ол сансыз идеяларды қоздырады. Жоғарылаған сезінудің пайда болуы – масаю жағдайындағы адамға бір зат бар екенін және оны тез арада көз алдына елестетуін айтса болғаны. Оның сезіміне әсер ететін кез келген әсер тез арада жалған қабылдауды шақырады (сағымдар немесе галлюцинациялар) Галлюцинациялардың туындауы – кейбір субъекттерде болады. Оларды жабайы аңдар аңдып жүр немесе өлтіру қаупі төніп тұрғанына сенімді. Дыбыстарға жоғары сезімталдық – аса әлсіз музыкалық дыбыс, ішектердің дыбысы өте қатты сезіледі. Онейриялық экстаз жағдайы – интоксикацияның жоғары нүктесі болып табылады. Егер бейнеленген қозу осы жоғары нүктеге жетпесе, күшті ойларын ояту біртіндеп қоюлануына түседі. Шаршаған ми енді кезбе ес елесті бақылауға қабілетті. Жыныс жүйесіне ерекше әсері интоксикацияның критикалық сәтінде эротикалық қозу басталуымен көрінеді. Бұл кезде ешқандай физикалық өзгерістер болмайды. Бұл нақты милық феномен. Науқас клиникалық көрінісі: Объективті көрінісі: Терінің қызаруы, Көздің қызаруы мен жылтырауы, қарашықтың кеңейюі, t°C төмендеген, терісі ылғалды, салқын, мандайы тершең, тахикардия (ЖСЖ 100 соқ/мин), тахипноэ (ТАЖ 30 соқ/мин), Тілде қою қоңыр жабынды, ауызымен киімінен қатты тәтті иіс, шөлдеу, аштық Гашишты шегетін адамдардың эмоциясы бірінен-біріне өте тез беріледі. Бұндай эмоциональды жағдайдағы адамдар өз эмоциясын тоқтата алмайды. Интоксикациядан шыққан соң — қозу жоғалады, әлсіздік, (заторможенность), АД төмендейді, қатты аштықты сезінеді. Егер ешкім ол адамға соқтықпаса 10-12 сағ. ұйқыға кетеді. Ұйқысы мазасыз, ұйқыда сөйлейді,соған байланысты қозғалады. Гашишты нашақорлықпен уланғандардың ұзақтығы бірнеше сағат. Артық дозада қабылдағанда- ес бұзылыстары – есенгіреуден сопор, комаға дейін. Эпилепсия және психоз кезіндегі сияқты дірілдер байқалады. Ағымы Алғашында – эпизодты қабылдау. Эпизодты шегу кезінде толеранттылық 3-5 темекіге дейін өседі. Гашишты шегу ішімдікпен кезектес бірақ кейіннен ішімдік азайып, 6-8 ай өткен соң организм тек гашишты керек етеді. Гашиштік улану фазалары Бірінші фаза. Міндетті емес. 2-5 минуттан кейін қорқыныш сезімі, күдіктену пайда болады. Сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау өршиді. 5-10 минутқа созылады. Екінші фаза. Босаңсу, жеңілдік, мейірімділік байқалады. Қабылдау, ойлау және сана бұзылыстары кеңістік, түстер, дыбыстар және шу сипатын және қарқындылығын, өз денесі кескінін қабылдау бұзылыстарымен көрінеді. Бұл қасиеттердің көрінуі индивидуальды. Ойлау интоксикация басталуына қарай эмоциялық сипатта болып, сапасы мен жылдамдығы өзгереді. Жиі бұл мейірімділік, сирек қорқыныш. Топ мүшелерін бағалау байқалады. Шешім қабылдаудың жеңілдігі, іс – әрекетінде немқұрайлық жауапкершілік тән. Ойлау жылдамдығы күшееді. Сананың бұзылуы біртіндеп дамып, интоксикация күшейген сайын тарылады. Есірткі қолданатын топтағы психикалық қатынас формасында көрінеді. Әрбіреуі жанындағы адамның сұрағына жауап береді, сөздерін тыңдайды, репликаларын көрсетеді. Үшінші фаза. Қабылдаудың парадоксальдығымен.,эмоциялық шатасумен, басынан өткізілген сезімдердің қабаттылығымен сипатталады. Ойлау байланыссыз, үзіліссіз сипатта болады. Есі бұлыңғыр эмоциялық шатасу аффекттің индуцирленген мимкалық имитациясымен көрінеді. Нашақор жанындағы адамға қуанышсыз күледі, уайымсыз жылайды. АҚҚ жоғарылайды, тахикардия. Дискоординация күшееді. Төртінші фаза. Бозару, әлсіздік, гипотензия, арефлексия. Тәбеті жоғары. Есі анық. Алайда, тежелу, апатия байқалады. Кейін ұзақтығы 10-12 сағатқа созылатын, тынышсыз, беткей сөйлейтін ұйқы болады. Оянған соң қайтадан көп тамақ ішеді. Гашишизм даму сатылары: Нашақорлық бірінші сатысы психикалық тәуелділіктің дамуымен сипатталады.Ол эйфория тудыратын заттарға обссесивті әуестіну және гашиштің болмауына мазасыздануымен көрінеді.Есірткіні және өзі тәулігіне 2-3 рет шегеді, яғни жүйелі түрде болатын гашишпен белсенді түрде өзінің есірткісін іздейді.Масаю формасының уысуының басталуы (қоқынышсыз, үрейсіз)қорғаныш реакциялардың жоғалуы (бет гиперемиясының азаюы, мидриаз, бұлшықет босаңсуы), толеранттылық дамуын өзгерген реактивтілік синдромы анықтайды. Нашақорлықтың екінші сатысы: 2-3 жылдан кейін ретті шегу кезінде дамиды.Алдыңғыдан физикалық тәуелділіктік және өзгерген реактивтілік синдромдарының жаңа сапасымен, психикалық тәуелділік дамуымен ерекшеленеді.Улану кезінде нашақор өте қысқа алғашқы психосоматикалық босаңсуды сезінеді.Кейін ол жинақы, күлкілі, белсенді қозғалады, жұмысқа қабілетті , ойлау жылдамдығы күшееді.Масаю 1-1,5 сағатқа дейін созылады, кейін тонусы, жұмысқа қабілеті төмендейді, гашиш нашақорға, оның қызметінде стимуляторға айналады. Үшінші сатысы Есірткіге толлеранттылық арта түседі. Психикалық тәуелділік синдромы толық дамиды.Есірткінің ынталандырғын әсері психикалық қызметке жалғыз, кейін физикалық камфорт жағдайына, есірткіге масаю кезінде қолайлы жұмысқа, қабілеттілікке жету мүмкіндігі түзіледі. Болдырмау синдромы: 2-3 жыл жүйелі түрде қабылдағанда пайда болады. Гашишты шеккеннен кейін 4-5 сағаттан соң тітіркенген-ашушаң мінез қалыптасады. Бұл симптомдарға есірткіге компульсивтілік келіп қосылады. Гашишке тәуелділік – болдырмау синдромының ең ұзақ әрі ең ауыр симптомы. Науқастың жағдайы нашарлаған,әлсіз, Кез-келген физикалық, психикалық жүктемеге тез шаршағыштық байқалады. Гашишизм кезінде болдырмау синдромының фазалары Бірінші фаза. Негізгі көріністері.Қарашық кеңейген, есінеу, қалтырау, әлсіздік, бұлшықет босаңсуы,мазасыздану, дисфория, ұйқы және тәбетінің жоғалуы.Шекеннен кейін 4-5 сағаттан кейін дамиды. Екінші фаза. Көріністері :жалпы вегетативтіқозу артады.Бұлшықеттер қатайған, аздаған тремор,гиперрефлексия, жеке бұлщықет шоғырларының тартылуы мүмкін.АҚҚ жоғарлайды, тамыр соғысы, тынысы жиілейді.Алғашқы тәуліктердің аяғында есірткі қолданбағанда көрінеді. Үшінші фаза. Синес топатиялық, яғни гашишизмге тән байқалады.Науқас кеудесінде ауырлық, басу сезімін, тынысының қиындауын, жүрегінде ауырсыну,қысу, басының әсіресе төбесінде және самайында қысу және басу сезімін сезінеді.Теріде және тері астындав күйдіру, жағымсыз пісу, тартылу, өрмелеу сезімі байқалады. Науқас жалған сезімдердің себебін дұрыс бағалайды.Компульсивті әуестену өзінің қарқындылығына жетеді.Науқастар жылауық болады.Асқынбаған абсистенция кезінде астениялық депрессия дамиды.Үрейлі мазасыздану байқалғанда, қабылдамағанда 3-5 ші тәулігінде абстинетті психоз болуы мүмкін.Бұл фаза есірткіні қолданбағанда 2-ші тәулікте көрінеді. Асқынулары: Гашишизмнің ең жиі асқынулары- прогрессирленген психикалық, физикалық бұзылыстар, сананың бұзылыстары. Және де: Дистрофикалық өзгерістер және бас миының нерв талшықтары мен басқа да бөліктерінің зақымданулары. миокардиодистрофия,жүрек ритмі мен өткізгіштігінің бұзылыстары, гепатит ,бүйретегі атрофия бүйрек жетіспеушілігі, Көру нервісінің және сетчаткасының бұзылыстары, Созылмалы бронхит, тыныс алу жолдарының шырышты қабатының ракалды өзгерістері. Өлім көрсеткіші – жйі гашишизм асқынулары және суицидальды жағдайлар. |