Главная страница

Тест. Стерилизация асептиканы негізгі тсіліні бірі. Стерилизация дегеніміз медициналы рал жабдытардаы


Скачать 72.69 Kb.
НазваниеСтерилизация асептиканы негізгі тсіліні бірі. Стерилизация дегеніміз медициналы рал жабдытардаы
Дата03.12.2021
Размер72.69 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаDocument.docx
ТипДокументы
#289900

1 из 10

1 из 9

1 из 7

Стерилизация асептиканың негізгі тәсілінің бірі.
Стерилизация дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы
микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін
түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен
диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар,
жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі

3.

Залалсыздандырудың технологиялық барысы мынандай кезеңдерден тұрады:
Медициналық құрал жабдықтарды зарарсыздандыру.
Залалсыздандыруға дейінгі тазалау.
Стерилизаторға материалды дайындау және жайғастыру.
Залалсыздандырудың өзін жүргізу.
Залалсыздандыру сапасын бақылау.
Залалсыздандырылған материалдарды сақтау.
Құрал-саймандарды стерилизация алдында тазалау

4.

Жуылған құрал-саймандарды стерилизацияға дайындау
Азопирам реактиві

5.

Залалсыздандыру алдындағы тазалау кезеңдері
І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1%
лизоформин (дез ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа
салып қоямыз.
ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған
судың астында 30 секундтан жуамыз.
ІІІ кезең. Медициналық құрал -саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут
салып қоямыз.
IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал -саймандарды мақталы
тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.
V кезең. Медициналық құрал -жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып,
ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін
медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.

6.

Медициналық құрал- саймандарды залалсыздандыру алдындағы
тазалығын тексеру (көзге көрінбейтін қанды жуғыш ерітінділерді, дәрі –



2 из 10

дәрмектерді, тат басқанды)
Азопирам сынамасы
Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобин, жұғыш ерітінді,

2 из 9

құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік
заттардан тазалау сапасын бақылау.
Жабдықталуы:
азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды
құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру;
1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына
арналған пипетка;
астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын).
Міндетті шарттар:
жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану;
азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай

2 из 7

сақтау

7.

Сынама жүргізу
- бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию;
- азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы
бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа
араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп
белгіленеді;
- бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне
азопирам тамыздырылады.
Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал-саймандардың
құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді
қайталаймыз.
Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың
құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтары болғаны. Бұндай жағдайда V
кезеңді қайталаймыз.
Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында
ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны.

8.

Фенолфталеин сынамасы
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын



3 из 10

анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті
фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің
қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер
тексеріс оң болса, ағынды суық су астында қайтадан қайталау керек.
Ескерту! Прогресс «Биолот» жуу заттарын қолданғанда фенолфталеин
тексерісі қолданылмайды.

9.

3 из 9

VІ кезең. Медициналық құрал саймандардың құрамындағы тұздарды
жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз.
VIІ кезең. Медициналық құрал саймандарды кептіргіш шкафтың
ішінде 85'C салып кептіреміз.
Тазалаудан толық өткізгеннен соң, медициналық құралсаймандарды крафт пакетке, бөз орамына орап, бикске саламыз.

10.

Стерилизация әдістері
Стерилизацияның химиялық әдістері полиэтилен заттарды, өкпенің
жасанды вентиляция аспабын, әртүрлі эндоскоптарды залалсыздандыру
үшін қолданылады, бұл үшін дезерітінділер немесе газдар қолданылады.
Автоклавтау туралы түсінік
Автоклавтау булы стерилизаторлармен жүзеге асады. Булы
стерилизаторларда жоғары температура (138˚С ке дейін) және жоғары
қысым (2,5 атм дейін) орнатылады.

11.

Стерилизация режимдері:
негізгі режим
t - 132 ˚C
қысым- 2 атм
уақыты- 20 минут

3 из 7

сақтаушы режим
t - 120 ˚C
дәкеден жасалған таңу
материалдары
коррозияға төзімді металл
саймандар



4 из 10

жаймалар киімдер
кейбір полимер саймандар
шыны саймандар
уақыты-45 минут
резина саймандар
латекс қолғаптар

12.

Жоғары қысымды бумен залалсыздандырылатын саймандарды алдын ала
арнайы бикс немесе контейнерлерге орналастырады немесе арнайы
крафт-пакетке немесе бөз матаға оралады.
Залалсыздандырудың мақсаты- асептика ережелерін сақтау
Залалсыздандыру екі түрге бөлінеді:



4 из 9

1. Физикалық: қайнату, ылғалды бу, ыстық ауа, гамма сәулесі.
2. Химиялық: газбен ,салқын әдіспен.
Қазіргі уақытта ЕПҰ- да залалсыздандырудың бірнеше түрі қолданылады.
Ауамен залалсыздандыру (ыстық, құрғақ ауамен), автоклавтау (ыстық
будың қысымымен), химиялық залалсыздандыру (түрлі химиялық
заттарды қолдану), газды залалсыздандыру (гамма сәулесімен
жүргізілетін залалсыздандыру).

13.

Залалсыздандыруды шарттары:
Залалсыздандыру филтрлі, филтрсіз қорапшада, бөз матада немесе
дымқылдықты өткізбейтін қағаздан жасалған қорапшада, Е маркалы
автоматтарда бұйымдар орағыштарға арналған қағаз қорапшада.
Универсалды, мақсатты, түрлі (видовая)
Универсалды бір бикске бір түрдегі халаттар салынған, салфеткалар, мақта
шариктер.т.б.
Мақсаты үлкен операцияға арналған таңу материалы мен жаймалар
салынады.
Орташа түріне бір операцияға арналған барлық материал бір бикске
салынады.

14.

Медициналық саймандарды мен операциялық жаймаларды
дайындау және бикске орналастыру
Биксті, халаттарды, жаймаларды, таңғыш материалдарды
дайындаймыз;
Бикстің ақаусыздығын тексереміз;
Бикстің ішін 2 рет сүртеміз;
Бикстің ішіне жайма төсейміз:



5 из 10

Бикске біріңғай материалдан жасалынған заттарды саламыз;
Халаттарды, жаймаларды, орамалды, салфеткаларды, мақта
шариктерін т.б
Бикске тек қана залалсыздандыруға дайын материалды қатаң
тәртіппен саламыз;

4 из 7

15.

Бикске салынатын материалдардың саны белгіленген болуы керек;
Таңу материалдарын 10 дана етіп, орам түйіншегімен саламыз:
Дәкелі шариктерді 50-100 дана етіп, дәкелі түйіншекке саламыз;
Бикстің ішін спиртті салфеткамен өңдеп аламыз;
Сосын жайманы төсейміз, материалдарды салып, жайманың
шеттерімен үстін жабамыз, арасына бу кіріп, жақсы зарарсыздандыру



5 из 9

үшін бос етіп саламыз;
Материалдарды жайғастырған кезде вертикальді және қатарымен
салуды қадағалау керек;
Бикстің қақпағына индикатор қағазын саламыз;

16.

Медициналық құрал-саймандарды, операциялық жайма, киімдерді
стерилизациялауға арналған бикстер

17.

Ыстық, құрғақ ауамен стерильдеу
Металл және шыны саймандарда ұсынылады. Стерилизация
камерасында жұмысшы 180˚С температура, уақыты – 60 минут
Дайындау қажет:
Крафт пакетке салынған және ашық эмаль астаушаға салынған шприц
және инелер, хирургиялық саймандар: пинцет, зажим, конрцанг т.б.,
тиомочевина салынған флакон.
Алгоритм іс-әрекеттері:
1. Крафт-пакеттерді ашық эмальды астаушаға салынған шприц пен
инелерді хирургиялық саймандарды арнайы ыстық-құрғақ ауа
шкафқа жайғастырылады.
2. Шкафтың қызуын өлшеу үшін тиомочевинасы бар флакон салады.
3. Стерильдеу 180˚С –та 1 сағат жүргізіледі.
4. 1 сағат уақыт өткеннен соң шкафты ашып, тиомочевина тексеріледі,



6 из 10

егер тиомочевинаның ұнтағы сары қоңыр теске кірсе, онда шкафтың
ішіндегі ауаның қызуы жеткілікті екенін білдіреді.
5.Медициналық құрал-саймандар стерильді деп саналады.

18.

Есте сақтау. А/ крафт пакеттегі медициналық құрал -саймандардың стерильдігі
3 тәулікке дейін сақталады.
Б/ ашық эмальды астаушадағы медициналық құрал-саймандар
тез арада қолданылуы керек.
В/ бұл шкафқа жұмсақ бөз орамын салуға болмайды.
Ауалы стерилизаторларда (құрғақ ауалы шкафтарда) жұмыс істеу тәртібі
1. саймандар суық стерилизаторға орналастырылады;
2. қыздыру;
3. стерилизация (180˚С – 60 минут);
4. суыту 40-50˚С –ке дейін;
5. босатып алу.

19.

Автоклав түрлері

20.

Автоклав түрлері

6 из 9

5 из 7

21.

Химиялық заттармен стерильдеу
Сүтегінің асқын тотығы – стерильдеу үшін 6% ерітінді
қолданылады – экспозиция 180 минут, температура 50˚С, полимер, резина,
шыны және коррозияға төзімді металдарды толық батыру – экпозиция 360
минут, температура 18˚С. Уақыт өткен соң саймандар 2 рет стерильді сумен
шайып стерильді контейнерге орналастырып қақпағы жабылады (стерильдік
мерзімі – 3 тәулік) немесе қолдану үшін стерильді аспапты үстел үстіне
жайып қойылады.
«Дезоксон-1» - түссіз, сірке қышқылына ұқсас иісті, суда, спиртте жақсы
ериді.
Стерилизация үшін 1% жұмысшы ерітінді қолданылады (препараттың
200 мл – 800 мл сумен араластырылады) – экспозиция 45 минут температура
180˚С, ерітінді 1 тәулікке жарамды, тек 1 рет қолданылады.
Стерильденген саймандар стерильді сумен 3 рет шайылады, сосын



7 из 10

стерильді стерилизациялық қорапшаға стерильді жайма үстіне
орналастырылады.
3 тәулікке дейін сақтауға болады.

22.

Стерильділікті бақылау
Бактериологиялық, техникалық, термиялық әдістер арқылы
жүргізіледі.
Бактериологиялық әдістер - өте анық, бірақ орындау уақытын талап
етеді және стерилизатор жұмысының эффективтілігін бақылауға
мүмкіндік береді.
Техникалық әдістер – камераларға термометр, жұмысты бақылау
манометрлерді орналастыру арқылы жүзеге асады.
Термиялық әдістер – күнделікті жүргізіледі. Ол кейбір ұнтақ
түрінде заттардың белгілі температура әсерінен түсін өзгерту және еру
қасиетіне негізделген. Бақылау үшін температуралы қысымды уақытқа
анықтау саймандары, химиялық тесттер, термохимиялық индикаторлар,
биотесттер қолданылады.
Келесі заттар қолданылады:
мочевина (132˚С);
тиомочевина (180˚С);
янтар қышқылы (180-192˚С)

23.

1.
2.
3.

7 из 9

4.
5.
6.
7.
8.
9.
Стерилизация өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігі
Әрбір аппараттың техникалық паспорты болу керек.
Аппаратпен жұмыс істеу үшін 18 жастан асқан, медициналық
білімі, куәлігі бар адам жұмыс істеу керек.
Аппараттарды қолданған кезде көрсеткіштері О ге түспей
ашуға болмайды.



8 из 10

6 из 7

Аппараттар тұрған бөлме жақсы желдетілуі керек.
Еденге қара резинадан немесе ағаштан жасалған дорожка болу
керек (ток тартпау үшін және аяқ тайып кетпеу үшін)
Аппараттардың сымдары, вилкасы, точкасы ашық немесе
шнурлары жалғанбаған болуы керек.
Арнайы аппараттардың монометрі дұрыс жұмыс жасайтын
болуы керек.
Аптасына бір рет қорытынды жуу жасалу керек.
Аппараттар тұрған бөлмеге бөгде адамдардың кіруіне
болмайды.

24.

ПРОЦЕДУРАЛЫҚ (МАНИПУЛЯЦИЯЛЫҚ) ИНТЕНСИВТІ
ТЕРАПИЯ (РЕАНИМАЦИЯ) КАБИНЕТТЕРІНДЕГІ
САНИТАРЛЫҚ ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ТӘРТІП
1. Медициналық процедураларға байланысты процедуралық
(манипуляциялық) кабинеттер:
- бүлшық етке, тері астына инъекциялар жасау үшін;
- көктамырға инъекциялар мен ерітінділер құю үшін;
- ауыр халдегі науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге;
- интенсивті терапия жасауға;
- емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға;

25.

2.
Процедуралық (манипуляциялық) кабинеттерінің кешені 12-14м2 ден кем болмауы керек, желдеткіш терезелермен, жарығы жеткілікті,
қабырға және төбе бактерицидті шамдармен (ОБН-200 немесе ОБН300 бір адам бөлменің 30м3 есебімен) міндетті түрде жабдықталады.
Бактерицидті шамдарды 2 жылдан кейін ауыстыру қажет.

8 из 9

3. Процедуралық (манипуляциялық) кабинеттер аурухана (емхана)
жабдықтау табеліне сәйкес үстірт дезинфекция кезінде бүлінбейтін
кұралдармен жабдықталуы тиіс. Кушеткаларды полиэтилен
пленкасымен немесе медициналық клеенкамен жабу қажет.

26.

4. Арнайы құралдармен кушетканың үстін нұсқау бойынша
дезинфекциялайды.
5.
Процедуралық кабинетте дезинфекция жүргізу үшін мөрленген



9 из 10

ыдыста қажетті концентрациялы дезинфекциялық ерітінді
(дезерітінді) болуы керек.
6. Медициналық қүралдарды қолданған соң шайып, дез ерітіні бар
ыдысқа салып қояды.
7. Егер медициналық құралда қуыс болса, онда дезинфекция алдында
дезерітіндімен ыдыста шаяды, әрі қарай медициналық арнайы
құралдар нұсқау бойынша өңделеді.
8. Арнайы процедуралық (манипуляциялық) үстелдерде журнал және
басқа оқу-есептік құжаттарды толтыруға болмайды.

27.

9.
Дәрілік ампулаларды жинау және уақытша сақтау үшін арнайы ыдыс
болуы қажет.

7 из 7

10. Процедуралық кабинетте істейтін медициналық қызметшілер арнайы
киім (медициналық халат, шөрке) киюі тиіс. Арнайы киімді
күнделікті ауыстырады.
11. Медициналық қызметшілер нұсқау бойынша қанды өңдеп, қан тиген
орамалдарды күнделікті және күні бойы кірленуіне қарай
ауыстырады.
12. Қажетінше жұмыс күні ішінде залалсыздандырылған медициналық
заттарды қолдану және сақтау үшін залалсызданған жамылғышмен
жабылған үстел әзірлейді. Залалсыздандырылған заттарды сақтау
мерзімі 12 сағаттан аспауы керек. Залалсыздандырылған үстелді
әзірлеу үшін мейірбике үстіне залалсыздандырылған халат,
залалсыздандырылған резеңке қолғап немесе залалсыздандырылған
пинцет (корцанг) қолданады.

28.

13. Манипуляциядан кейін дезерітіндіні колдану арқылы ылғалды жинау
жүргізіледі.
14. Процедуралық кабинет, палата, реанимация бөлімінде ылғалды жинау

9 из 9

әдісімен дезерітінді қолдану арқылы 3 рет жүргізеді.
15. Аптасына бір рет процедуралық (реанимация, интенсивті терапия)
кабинеттерінде жалпы жинау жүргізіледі. Дезинфектант ретінде
0,1% деохлор немесе 6% су тотығы + 0,5% жуу комплексін
қолданады. Алдымен қабырғалар, құралдар, үстелдер, медициналык



10 из 10

кушетка залалсыздандырылады, қоқысты жандырып, еденді мұқият
жуады, бактерицидті шамдарды 2 сағатқа қосады да, бөлмені
желдетеді.

29.

16. Процедуралық кабинеттерде, реанимация (интенсивті терапия)
палаталарында жұмыс уақытында қолданылмайтын заттарды
сақтауға тиым салынады.
17. Егер мейірбике процедуралық кабинетті ылғалды жинауға
қатысса, оларға жинауға арнайы қосымша киім беріледі, ол негізгі
арнайы киімнен болек сақталады.



написать администратору сайта