Главная страница
Навигация по странице:

  • Г астростома

  • Илеостамия

  • Колостомия

  • Уростомия

  • Трахеостоманың стационардағы күтімі.

  • Ішек стомасын күту Илео-, колостома.

  • Пациентті стома күтіміне үйрету.

  • Стомасы бар пациенттер реабилитациясы.

  • Стома. Стома күтімі. Стомалар ктімі Тсініктер мен терминдер


    Скачать 150.89 Kb.
    НазваниеСтомалар ктімі Тсініктер мен терминдер
    АнкорСтома
    Дата30.04.2021
    Размер150.89 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСтома күтімі.docx
    ТипДокументы
    #200344


    Тақырыбы: «Ішек қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс. Стомаларды күту»

    Стомалар күтімі

    Түсініктер мен терминдер:

    • Асфиксия – тұншығу;

    • Г астростома - асқазан тесігі;

    • Гастросомия – жасанды тамақтандыру мақсатымен

    ас қабылдайтын жылан көз жасау ортасы;

    • Илеостома – іштің алдынғы бетіндегі мықын ішегі аймағындағы жасанды тесік;

    • Илеостамия – мықын ішгін іштің алдынғы бетіне шығару ортасы;

    • Колостома – іштің алдыңғы бетінде тоқ ішектің өрлеу,көлденең,сигма тәрізді бөлігіне не бүйенге салынған жасанды көтеншек;

    • Колостомия – тоқ ішекті іштің алдыңғы бетіне шығару отасы;

    • Постуральды дренаж – дене қалпымен дренаждау;;

    • Стома - тесік;

    • Трахеотомия – кеңірдекті тілу,кесу;

    • Трахеостома – кеңірдектегі жасанды тесік;

    • Уростомия – іштің алдыңғы бетіне шығарылған мықын ішегі арқылы зәр бөлінуі үшін жасалған жасанды тесік отасы;

    • Эпицистостома – іштің алдыңғы беті арқылы зәр бөлінуі үшін қуыққа салған жасанды тесік.


    Трахеостома күтімі

    Трахеостома (кеңірдекті кесу) кеңірдек арқылы ауаның табиғи жолмен өтуі мүмкін болмайтын жағдайларда салынады.Кейбір жағдайларда,мысалы, көмекейдің,дауыс байламаларының қатерлі ісігінде трахеостомия жоспарлы турде жасалады.Егер тыныс жолдарының бітелуі отадан кейінгі кезеңде эндотрахеальды түтік арқылы шығарылатын тым көлемді сілекей,қақырық бөлінгеннен пайда болса,жедел трахеотомия жасалады.Отадан кейінгі кезеңде жасалған трахеостомаға өкпенің жасанжы желдетуін орындауға болатын арнайы аспап қосуға болады.Трахеостома уақытша және тұрақты бола алады.

    Түтіктер түрі көп,бірақ негізінен екі түрі қолданылады.

    • Егер трахеостома уақытша болса,ішкі диаметрі кең пластикалық түтік қолданылады.Осындай түтікті пациентке сәулелік терапия қолданатын болса, не қолданылып жатса (мысалы, көмекей рагі) пайдаланады.

    Үрленбейтін манжетка түтік айналасын тегіс жауып,түтікке қосылуы мүмкін,тыныс аспабын қолдануға мүмкіндік береді.

    • Металды түтікті тұрақты трахеостома үшін қолданылады,ол үш бөліктен тұрады:

    • сыртқы түтік (канюля),сыртында бау өткізетін тесігі бар,ол арқылы түтік мойынға бекітіледі(тесік арқылы бау екі рет өткізіліп,түйін арқылы бекітілетінін ұмытпау керек);

    • ұшы тұйық өткізгіш, ол арқылы түтік қажетті қалыпқа орналастырылады.Ол тек түтікті енгізгенде ғана қолданылады;

    • ішкі түтік (канюля),трахеостоманың сыртқы түтігінен бірге тұрады.Ішкі түтікті алып жууға болады.



    Трахеостоманың стационардағы күтімі.Трахеостома арқылы енген ауа әдеттегідей мұрын және жоғарғы тыныс жолдары арқылы өткендегідей жылытылмайтыны,ылғалданбайтыны,қоспаларынан тазартылмайтыны әрдайым есте болуы тиіс.Сондықтан трахеостомасы бар адам әр түрлі инфекцияны қабылдауға өте тиім,тыныс жолдарының инфекциялануының алдын алу тұрақты түрде орындалуы тиіс.Ол үшін қажеттілері:

    • ауаны ылғалдандырылатын,жылытатын сыртқы жағдайды пайдаланып,тыныс жолдарын ылғалдандырылған ауамен қамтамасыз ету қажет.Осылай сөлдің жабысқақтығы төмендетіледі;

    • ауыз қуысын күту қажет,себебі онда сілекей,кілегей жиналуы,еріндер жарылуы мүмкін.Сондықтан ауыздан,көмекейден еппен кілегейлерден тазарту,еріндерді,тілді,ауыз қуысын қарау, ауызды физиологиялық ерітіндімен ылғалданған тампонмен тазалау керек;еріндерді ылғандандыратын кремдермен майлау қажет;

    • ө кпені желдететін барлық жабдықтарды әр 24 сағат сайын ауыстыру керек;

    • түтікті күтетін кез келген жерге түсіп кеткен зат ауыстырылуы керек;

    • тыныс алу аспаптарында конденсация нәтижесінде пайда болған сұйықтық алынуы тиіс.(Оны ешқашан ылғалдағышқа құюға болмайды!).

    • жағдайға сәйкес тамақтанумен қамтамасыз ету.


    Ішек стомасын күту

    Илео-, колостома.Үлкен дәретті (нәжісті) көтеншек арқылы бөлу мүмкін болмаған жағдайларда, ішектің әр түрлі деңгейінде жасанды тесік жасалады.Мысалы,илеостома – мықын тоқ ішегі аймағындағы тесік бейспецификалық жаралы колитте,жедел ішек бітелуінде,әр түрлі жақтарда және т.б. жағдайларда салынады. Ота кезінде сау мықын ішек бөлінділері бөлінетін жаңа тесік қалыптастырылады. Илеостома уақытша не тұрақты бола алады.Әдетте ол іштің төменгі бөлігінде оң жақта орналасады.

    Колостомада сау тоқ ішектің ашық шеті іштің алдыңғы бетіне шығарылып бекітіледі,ішек бөлінділері шығатын жаңа тесік қалыптастырылады.Осы жағдайда асқорыту жолдары илеостомадағы сияқты қалыпты жұмысын жалғастырады.Стома бір-екі бағанды не тұзақты, қабырға жанынан немесе тұмсықты бола алады.Колостома – тоқ ішектің өрлеу не көлденең бөліктеріне салынады.Ол да уақытша не тұрақты салынуы мүмкін.Уақытша стома ішек жарақаттарында(атудан алынған жарақаттар, тесілген жарақаттар, жол апаттарындағы зақымдалуларда),жеңіл іше бітелуінде салынады.

    Отадан кейінгі күтім. Стоманы отдан кейін егу – емдеу бөлмесінің мейірбикелері не стоматерапевтер бақылайды.Стоманы тұрақты бақылап,оның түсі бағаланады.Ішек түсінің қызылдығы, оның өмір сүру қабілетін білдіреді,ал қан айналымы бұзылған ішек қоңыр түсті.Стома мен тері тігісінің бүтіндігі бақыланады.

    Отадан кейін бірден стома арқылы алғашқы 24 – 28 сағатта кілегей бөлінеді.Ішек жұмысы қалыпқа келуіне байланысты стома арқылы ішектен жел бөліне бастайды.Стоманың барлық түрінде де ішектен шығатын бөлінділер алдында сұйық болады.Стома орналасқан орнына байланысты бөлінділер сипаты өзгереді.Су алмасуы бұзылуы,тері тітіркенуі белгілері пайда болуы мүмкін.

    Стома күтімінің маңызды бір бөлігі – теріні қорғау.Стома айналасы терісі ішек бөлінділері әсерінен тітіркенуі мүмкін."КонваТек" фирмасы – стома(илео-,коло- және уростомалар) салынған ауруларға бұйымдар жасаудың көшбасшысы – лидері,жабысқақ пластиналар – теріні тітіркендірмейтін компоненттерден жасалған. Пластина науқас терісінде 7 күнге дейін тұра алады,салғанда жеңіл жазылады,қыртыстанбайды,екінші тері сияқты.Осы пластинаға сенімді түрде жинайтын қап бекітіледі,бөлінділер жан – жаққа ақпайды.Одан басқа колостома айналасындағы тері дәрілік заттармен тазартылады(дәрігер тағайындауы бойынша).Олар тек қана теріні нәжіс тиюінен сақтап қана қоймайды,сонымен қатар қабынуға қарсы әсер етеді.Мысалы,Стомагезив - паста("КонвоТек" фирмасы) ол тек қосымша қорғау және емдеу құралы емес,сонымен қатар ол пластинаның денеге сенімді қосылуына ықпал етеді.



    Пациентті стома күтіміне үйрету. Стома күтімін орындай тұрып, пациенттің күтімді үйренуге әзірлігін бағалау қажет. Сөзбен де мимика арқылы да пациентке қазіргі жағдайына байланысты ынтымақтастық білдіру керек. Үйретуді жоспарлай отырып, адамның әр түрлі фундаментальды қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты, барлық мәселелерді алдын ала ойластыру керек:

    • өмір сүру натижесіндегі бөлінділерді қалыпты бөлуді;

    • жағдайға сәйкес тамақтануды;

    • күнделікті өмірде қауіпсіздікті сезіну, жанұя мен достарының қолдауын сезіну;

    • стоманы күту дағдыларын игеруде қолдауды сезіну;

    • стомаға психологиялық бейімделуі;

    • басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі болуы.

    Пациентті нәжіс қабылдағышын қалай ауыстыратынына үйрету және стационардан шығар алдында жазбаша нұсқау беру. Үйретуге әдетте үш-төрт сабақ қажет болады. Бірінші сабақ барысында пациент шара сатыларын мейірбике орындауында бақылайды. Ол стома қол тигізгенді «сезбейтінін» айтады және қызыл түс оның жағдайынынң жақсы екенін білдіреді. Пациентті қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берілуі тиіс (егер сұрақтар медициналық мейірбике білімі шеңберінде болса). Екінші сабақта пациент нәжіс қабылдағышты әзірлеуге, теріні тазартып оны стома айналасы ортасына қоюға көмектеседі. Үшінші сабақта ол өз-өздігінен медициналық мейірбике бақылауымен нәжіс қабылдағышты ауыстырады. Кейбір пациенттерге тәжірибе көбірек қажет болуы мүмкін. Ондайда сабақ көбірек жоспарланады.

    Пациентте стационардан шығар алдында қапшықшалар мен жабысқақ пластиналар қоры болуы тиіс. Ресей Федерациясы Үкіметінің 1994 жылғы 30-маусымдағы №890 бұйрығына сәйкес стомасы бар пациенттер нәжіс қабылдағыш пен пластиналарды ақысыз алуға құқылы. Мәскеуде денсаулық сақтау комитетінің бұйрығы бойынша стомасы бар пациенттерге реабилитациялық көмек бөлмесі ашылды. Сол сияқты стомалы аурулар Ассоциациясы жұмыс жасайды.

    Үйрету пациентке өздігінен стоманы күтуге қажетті дағдыларды игеруге көмектесуі керек. Оқыту жоспарына кіретіндері:

    • қажетті жазбаша нұсқауларды құрастыру;

    • пациентте оған қол жетімді тездікпен стоманы күту дағдыларын дамыту және жаттықтыру;

    • пациентпен стоманы кутуге байланысты түсініксіз жағдайларды түсіндіру мақсатымен әңгімелер өткізу;

    • жанұя мүшелерімен жұмыс жасау, стомасы бар науқастар туыстарының күту жұмысына қатысуын әрдайым қолдау қажет (егер ол келіссе);

    • егер дәрігер тапсырса бөлінген нәжіс (зәр) көлемін бақылау. Оқыту нәтижелерін оқыту жоспары хаттамасына тіркеу керек.

    Нәжіс қабылдағышты ауыстыру жиілігі пациент оның қандай түрін пайдаланып жүргеніне байланысты. Бір компонентті адгезивті нәжіс қабылдағышты ішіндегі бөлінділерге толуы ортасына жеткенде немесе пациент қапты алып журуде ыңғайсыздық пайда болса ауыстырылады. Қажеттігі болмаса нәжіс қабылдағышты жиі ауыстырмаған жөн, себебі тері тітіркенеді және зақымданады. Екі компонентті жабысатын пластинасы бар жүйе 3-4 күнге қалдырылады, ал жабылатын және дринажды қапшалар ыңғайлы мерзімге ауыстырылады.

    Нәжіс қабылдағышты ванна бөлмесінде ауыстырған жөн, бірақ дәретханада да ауыстырып үйренген дұрыс, себебі дәретхана - ең осындай шараны үйден тыс орындауға ыңғайлы орын. Стоманы күтуге қажетті заттар бірге қақпағы жабылатын бір ыдыста сақтаған жөн және олардың пайдалануға дайын күйінде болғаны дұрыс. Нәжіс қабылдағышты ауыстыру үшін қажеттері:

    • жаңа нәжіс қабылдағыш (сәйкес түрі мен өлшемдері);

    • стома өлшемдері өзгергенін не өзгермегенін тексеру үшін өлшегіш (трафарет). Оны медициналық мейірбике береді;

    • пациент пайдаланатын қосымша материалдар (мысалы, «Стомагезив» пастасы эпилятор, фен, дезодорант және т.б.) қағаз сүлгі мен салфеткалар, жұмсақ ысқыш, сабын, қайшы, пластырьлар,

    • қағаз қап, пластикалы пакет не газета (пайдаланған нәжіс қабылдағышқа);

    • кішкене қайшылар (мүмкін болса домалақталған, екіншісі үшкірлі);

    • қосымша қысқыш (дренаждалатын нәжіс қабылдағыш үшін)

    • кішкене айна.

    Стомасы бар пациенттер реабилитациясы.

    Пациентті мынаған сендіру қажет: стомамен өмір - ол ауру емес. бірақ отадан өткен бірінші жылы адам, сәбилерше стомамен өмір сүруге үйрену керек. Мәселе тек қана стоманы күтуде емес, сонымен қатар психологиялық адаптацияда.

    Көпшілік жағдайда стомасы бар пациент отаға дейін сүрген қалыпты өміріне, үйреншікті жұмысына оралады. Бірақ оларға ауыр көтеруге не қарқынды қол жұмыспен айналысуға болмайды. Егер стомасы бар пациент жұмысы ауыр физикалық жүктемелерге байланысты болса, жұмысты ауыстыру қажеттігі пайда болуы мүмкін. Пациент үйіне оралғанша, жұмыс жағдайын талқылаған жөн. Стомасы бар пациент стоманы күтуге қажетті заттарымен, нәжіс қабылдағышымен саяхатқа шығуына болады.

    Пациентке отаға дейінгі өмір сүру салтын жалғастыру ұсынылады. Бірақ ол спорттың қақтығысу, соғылу болуы мүмкін түрлерінен қашық болғаны дұрыс. Жүзумен, тенниспен айналысуға болады. Физикалық дайындық бағдарламасын алдын ала таңдауға болады.

    Автомобильмен жүргенде қауіпсіздік белбеуі стомадан жоғары не төмен келетіндей етіп, қию, жол жүргенде стоманы күту жабдықтарын қол жүгімен бірге алып жүру қажет. Бұндайда бір рет қолданылатын нәжіс қабылдағыштар ыңғайлы. Пациенттерге пайдаланылған жабдықтарды тастауға, әр түрлі жоспарсыз болуы мүмкін жағдайларға қосымша керектерді алып жүру үшін пластикалық пакеттер алып жүру ұсынылады.

    Асты шамамен қабылдау, әсіресе жаңа тағамдарды сақтықпен қабылдаған жөн. Стомасы бар адамға әсіресе, «саяхатшы іш өтуі» болуы мүмкін жағдайларда су ішуде өте сақтық қажет.

    Стомасы бар пациент сексуалды қажеттілігін де қанағаттандыра алады. Көбіне медициналық мейірбикелер еститін сөздер: «меніңше, мен ешқашанда жасай алмаймын...» не «Менің әйелім қызық...». медициналық мейірбике не хирург осы мәселені пациентпен ашық талқылауы керек. Пациентке және оның партнеріне осы тәжіірибеде тиімді қалыпты таңдауға көмектесу керек. Шетел зерттеушілері деректері бойынша, стомасы бар ер адамдардың 15%-да сексуалды белсенділігі төмендеген, бұл психологиялық себептерге байланысты болуы мүмкін. Үйреншікті сексуалды өмірге оралу отадан кейінгі бейімделуіне байланысты. Егер пациент қиындықтарды сезсе, мамандар кеңесі қажет. Стома салу отасы жүктіліктің пайда болуына, сәби көтеруге және босануға кедергі бола алмайды.

    Эпицистостома күтімі

    Кейбір ауруларда, мысалы, простота безінің аденомасында зәрдің табиғи ағымы бұзылады, қуықтың жоғарғы тұсы кесіледі. Ота барысында эпицистостома (уростома түрі) - қасаға үсті тұсынан қуық-зәр жыланкөзі салынуы мүмкін.

    Кез келген денені өзгертетін отада пациент болашақ жағдайы ерекшеліктері туралы толық ақпаратты қажет етеді. Зәр қалай ағатынын пациентке, оның туыстарына дәрігер айтып түсіндіреді.

    Егер эпицистостома ұзаққа қалдырылса не тұрақты болады деп есептелсе, зәр дренажды Пеццер не Малеконың басты катетері арқылы іске асырылады. Олар жыланкөз қалыптасқан болса, бекітуді қажет етпейді. Катетердің зәр тастарымен бітелмеуі, бұзылмауы не ауыстырған кезде басы сынып қалмауы үшін дәрігер катетерді кемінде айына бір рет ауыстырады. Егер катетер кездейсоқ шығып кетсе, оны қалай салуға болатынын пациентке көрсету керек.

    Катетердің дистальды шеті түтік арқылы зәр қабылдағышпен қосылады. Егер пациент жүрсе, зәр қабылдағыш оның балтырына не санынабекітіледі, ал жатса кереуетке ілінеді.

    Эпицистостомасы бар пациенттер ұзақ мерзім бойы амбулаториялық бақылауда бола алады. Егер пациент жағдайы және жасы үйреншікті істерімен айналысуға мүмкіндігі болса, оған ешқандай қарсы көрсетпелер жоқ.

    Гастростома күтімі

    Гастростома - асқазандағы іштің алдыңғы бетіне шығарылған тесік. Гастростоманы көмекейдің, жұтқыншақтың, өңештің ауыр жарақаттары мен ауруларында, өңешке отадан кейін, отаға келмейтін өңештің, жұтқыншақтың қатерлі ісіктерінде салынады. Гастростома тек қана науқасты тамақтандыру мақсатында қойылады. Қазір хирургтардың көбі бұл ота ешқандай ыңғайлықты бермейді, өмірді ұзарта алмайды деп есептейді.

    Гастростомаға тұрақты тығынымен жабылатын түтік қойылады, түтік тығыны ас қабылдау аралықтарында жабылады. Пациентті гастростоам арқылы тамақтандырғанада ол есінде екені есте болу керек, ал ол үшін шара тек қана тамақтану емес, сонымен қатар кезекті ас қабылдау, сондықтан дастархан тиісінше жабдықталуы қажет. Тамақтану кезінде пациент отыруы керек. Асқазанға енгізілген зондтан тығыны алынады, ол құйғышпен қосылады, алдымен құйғышқа аз-кем (30 мл) су құйылады. Су құйғыштан кете бастағанда ас қосылады. Осыдан кейін зонд арқылы тағы аз-кем су құйылады. Егер пациент гастростомамен үйге қайтуы тиіс болса, оны біртіндеп өзін-өзі күтуге үйрету керек.

    Стома айналасының терісі күнде тазартылады, себебі асқазан сөлі тиіп тітіркендіреді. Тітіркендірудің алдын алу үшін байлап-таңуды күнде ауыстыру қажет, стома айналасына мырышты май жағылады.




    написать администратору сайта