1.Алтын адам. Таырыбы Алтын адам киіміні мсініндегі ады стилдегі бейнелер Баыты Жоба авторы Жоба жетекші
Скачать 61.81 Kb.
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тақырыбы: «Алтын адам киімінің мүсініндегі аңдық стилдегі бейнелер» Бағыты: Жоба авторы: Жоба жетекші: 2020-2021 оқу жылы ПІКІР Бұл пікір «Алтын адам киімінің мүсініндегі аңдық стилдегі бейнелер» атты ғылыми зерттеу жобасына берілді. Оқушы Алтын адамның тарихы, сақ тайпаларындағы аңдық стильді жан-жақты зерттеп, Алтын адамның киім мүсінінде бейнеленген аңдық стильдер бейнесіне тоқталған, саралаған. Сонымен қатар сауалнамалар жүргізу арқылы оқушы «Алтын адамның» зерттелуі туралы қысқаша тоқталып Алтын адам сақтардың дүниетанымын деген көзқарасы зерттелінген. Автор өзінің зерттеу жұмысында «Алтын адам» киіміндегі керемет көріністер ол сақ дәуірінің дәрежесін көрсететін әр түрлі хайуанаттар бейнесіндегі асыл бөлшектер ең маңызды екеніндігін дәлелденген. Аннотация Бұл жобада оқушы Алтын адамның тарихы, сақ тайпаларындағы аңдық стильді жан-жақты зерттеп, саралаған. Сонымен қатар сауалнамалар жүргізу арқылы оқушы «Алтын адамның» зерттелуі туралы қысқаша тоқталған. Автор өзінің зерттеу жұмысында Алтын адам ұлы дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын көрсете отырып, Ұлттық тарихымыздың жаңғыртуының өміршеңдігін дәлелдеген. Аннотация В этом проекте ученик изучил и проанализировал историю Золотого человека, звериный стиль сакских племен. Ученик также дал краткий обзор изучения «Золотого человека» посредством опросов. В своей исследовательской работе автор доказал жизнеспособность возрождения нашей отечественной истории, показав великую мощь и эстетику великой степной цивилизации Золотого человека. Annotation In this project, the student studied and analyzed the history of the Golden Man, the beastly style of the Saxon tribes. The student also gave a brief review of the study of "Golden Man" through surveys. In his research work, the author proved the vitality of the rebirth of our domestic history, showing the great power and aesthetics of the great steppe civilization of the Golden Man. Жобаның өзектілігі: Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазбалардың бірі де бірегейі Алтын адам саналады. Есік қаласынан табылған сақ жауынгері еліміздің басты символына айналды. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар,ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған. Осының өзі алтын адамның тарих үшінде мәдениетіміз үшінде қаншалықты құндылығының көрінісі. Алтын адамның киім үлгісі жерлеу рәсімі оның көрнекті елбасының ұлы, көсем әскербасы екенін аңғартады. Есік обасынан табылған алынған археологиялық деректерге қарап, бұл адамның б.з.б 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Алтын адам еліміздің азаттық, тәуелсіздік символы. Есік қорғанынан табылған Алтын адам ел тарихындағы ең құнды мұра болып табылады. Алтын адам ұлы дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын көрсетті. Сол дәуірдегі қолөнердің дамығанын көрдік. Ұлттық тарихымызды жаңғыртуымызға негіз болды. Мақсаты: Есік қаласында табылған сақ мәдениетін, дала мәдениетін, аң стилін қалыптастырған -«Алтын адамды» туралы сипаттама беріп, зерттеу. Міндеттері: 1.Оқушылардың ғылыми жобаға қызықтырушылығын арттыру; 2.Шығармашылық қабілетін таныту және дамыту; 3.«Алтын адам» киіміндегі керемет көріністер ол сақ дәуірінің дәрежесін көрсететін әр түрлі хайуанаттар бейнесіндегі асыл бөлшектер ең маңызды екенін білу; 4.«Алтын адам» бейнесінің қайта жаңғыруын ғылыми деректерге сүйеніп зерттеу; Зерттеу әдістері: Іздену, анықтау, тәжірибе жасап бақылау, сауалнама өткізу, қорытындылау, тұжырымдау. Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім 1.1.Алтын адам тарихы жайлы мәлімет 1.2.Алтын адам кім болған? Зерттеу бөлім 2.1.Сақ тайпалапындағы аңдық стиль 2.2Алтын адамның киім мүсінінде бейнеленген аңдық стильдер бейнесі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Негізгі бөлім 1.1.Алтын адам тарихы жайлы мәлімет 1969 жылы Есік қаласының солтүстік-батыс жағында, атақты Есік қорғаны орналасқан маңда автобаза құрылысы жоспарланады. Мұндағы үлш бірдей қорғандар жоспарланған құрылыс нысанының аймағына кіріп тұрған еді. «Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалану туралы» заңына сәйкес кез-келген құрылыс түсетін орынға алдын-ала археологиялық зерттеу жүргізілуі тиіс. Міне, осы мақсатпен КазақКСР ҒА Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтына құрылыс пен археологиялық нысан жайлы келіп түскен хабар негізінде археологиялық зерттеу жүргізу үшін К.Ақышевтің басшылығымен экспедиция тобы құрылады. Бұл экспедиция К.Ақышев жетекшілік еткен Отырар археологиялық экспедициясының (№69 Бұйрық) сметалық негізінде Есік археологиялық отряды болып бөлініп, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтындағы археология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Бекмұханбет Нұрмұханбетов отряд жетекшісі болып тағайындалды (1969 жылдың 21 сәуіріндегі №54 Бұйрық). Есік қорғанындағы қазба жұмыстары 1969-1970 жж. екі маусым бойы жүргізілді. 1969 ж. күз айларында басталған экспедиция барысында қорғандағы ортаңғы қабір ашылып, оның тоналғандығы анықталады. Қазба жұмысы тоқтатылып, археологтар бұл маусымды аяқтайды. Ал 1970 жылы сәуір айында экспедиция жалғасын тауып, қорғанның зерттелуін толық аяқтауға жұмылдырылған еді. Бұл маусымдағы экспедиция құрамында екі адам жұмыс істеген. Олар: отряд жетекшісі Б.Нұрмұханбетов пен аға лаборант А.Амандықов болды (№39 Бұйрық). Архивтік мәліметтер негізіне сүйене отырып зерттеу жұмысы 1970 жылдың 15 мамырында аяқталды дей аламыз. Алайда, 1969-1970 жж. Есік археологиялық отрядының мүшесі Ә.К.Ақышевтың айтуы бойынша Есік қорғанының зерттеу жұмыстары 22 сәуірде аяқталған. Негізі бұл Алтын адам қабірі анықталғаннан кейін толық тазартылып, барлық табылған олжа Алматы қаласына алынған. Ал экспедиция мүшесі Б.Нұрмұханбетов Есік қорғанын, Алтын адам қабірін толықтай тазалап, мұқият зерттеу үшін экспедицияны жалғастырған. Сол себепті де шын мәнінде экспедицияның аяқталуы жоғарыда көрсетілген 15 мамыр болып отыр. Алтын адам табылған екінші (шеткі) қабір бірінші (ортаңғы) қабірден 13 метрдей оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан және ол 1970 жылы сәуір айында, экспедицияның екінші маусымында анықталған. Орталық зират бірнеше қайтара тоналғандықтан ол жерден ешқандай құнды бұйымдар табылмады. Ал, 1970 ж. қорғанды техника көмегімен түру барысында (археологтардың бақылауымен жүргізілген) шеткі қабірдің бөрене ағашы көрінеді. Б.Нұрмұханбетов археолог түйсігімен бұл бөренелердің жәй ағаш емес екенін бірден байқап техника жұмысын тоқтата сала, бөрене маңын арши бастайды. Нәтижесінде тоналмаған, сол қалпында сақталған қабір анықталады. Экспедиция жетекшісі К.Ақышев телеарналарға берген сұхбатында «мен ол кезде Алматы қаласында едім. Маған ең алғаш тоналмаған қабір анықталғанын Б.Нұрмұханбетов хабарлады. Менің жетекшілігіммен бір топ экспедиция мүшелері, оған қоса өзімізбен суретші, реставратор, фотограф алып, Есік қаласына аттандық», - деп атап өтеді. Жалпы Есік археологиялық отрядының құрамында жұмыс істеген адамдар қатарында Есік қорғаның қазба экспедициясының жетекшісі Кемел Ақышев, археолог Б.Нұрмұханбетов, инженер-реставратор В.И.Садомсков, суретші Т.В.Воробьева, фотограф О.В.Медведев, зертханашы А.С.Загородний, тәжірибеден өтуші студент А.К.Ақышевтарды айта кетер едік. Алтын адам алғаш табылған 1970 жылдардан бастап, күні бүгінге дейін зерттелу үстінде. Әйгілі археологиялық олжа туралы алғашқы ірі көлемдегі еңбек Есік обасын зерттеген экспедиция жетекшісі К. Ақышевтың орыс тілінде жазылған, 1978 жылы Мәскеу қаласындағы «Искусство» баспасында жарық көрген «Курган Иссык» атты монографиясы. Одан кейінгі тағы бір ірі еңбек ретінде Әлішер Ақышевтың «Искусство и мифология саков» монографиясын айтуға болады (Алма-Ата, «Наука» 1984 ж.). 1971-74 жж. К.Ақышевтың жетекшілігімен В.И.Садомсков Алтын адам киімінің алғашқы жаңғыртпасын жасап шықса (бас киім мен шапанның графикалық жаңғыртпа жұмысына Т.В. Воробьева көмектескен (1972 ж. ғылыми зерттеу жұмысы бойыншы есеп), одан кейін тағы екі нұсқасы жасалды. Бірінші нұсқа дүние жүзінің көптеген елдерінде көрмеде көрсетіліп үлгерді. Алтын адам жаңғыртпасы 1974 жылы Лейпцигте, 1975 жылы Каирде, 1976 жылы Дамаскде халықаралық көрмеде келушілер назарына ұсынылды. 1993-95 жж. екінші жаңғыртпаны Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша А.Танабаев жасаған. Ал үшініші жаңғыртпаны 1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қ.Алтынбеков жасаған. Бұл жұмыс археолог А.К. Ақышевтің ғылыми жобасына және басқа да ғылыми-зерттеу жұмыстарына, Қ.Алтынбековтың өзіндік ізденістеріне негізделе отырып орындалды. Алтын адамды және оның жерлеу кешенін толыққанды зерттеу, насихаттау мақсатында Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық бағдарламасының аясында Қазақстан Респбуликасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы №43 Бұйрығының негізінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі құрылды. Қазіргі таңда Алтын адам қорық-музейдің негізгі экспонаты және негізгі ғылыми зерттеу объектісі болып табылады. 2012 жылдан бастап «Есік» қорық-музейінің бұрынғы директоры Г.Р.Мухтарованың жетекшілігімен «Алтын адамның ашылуы мен зерттелу тарихы: аңызы мен ақиқаты» жобасы іске асырыла басталды. Зерттеу барысында Алтын адамның ашылуының басы-қасында болған куәгерлермен, яғни Есік археологиялық экспедициясының мүшелерімен, Есік қаласының тұрғындары және журналистермен сұхбат жүргізілген. Ең алдымен, Алтын адамға бірінші болып қолы тиген археолог Бекен Нұрмұханбетовтен сұхбат алынды. Сонымен қатар, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының археология бөлімінің қызметкерлерінің Есік қорғанында 1969-1970 жылдары жүргізген зерттеу жұмыстарының құжаттамалық материалдарымен танысу мақсатында ҚР «Ғылым ордасының» (бұрынғы Ғылым Академиясы) архивіндегі сақталып келген құжаттары қаралды. Аталмыш архив қорында осы тақырыпқа қатысты 1969 жылдан бастап 1980 жылға дейінгі 81 іс (4122 парақ) қаралып, 77 архивтік құжаттардың көшірмесі алынды. Мұндағы қаралған материалдардың басым бөлігі қазбаға қатысты бұйрықтар мен ғылыми-зерттеу жұмысы жайындағы есептер болып табылады. Осы іздену барысында 2013 жылы Алтын адамның сүйегі деп болжанған қаңқа сүйектің табылу ерекше оқиға болды. Алайда, ең бірінші кезекте ол қаңқа сүйек Алтын адамға тиесілі ма, жоқ па соны анықтап алу керек еді. Осы мақсатпен қаңқа сүйек ең әуелі әйгілі экспедиция мүшелері – Б.Нұрмұханбетов пен Ә.Ақышевке көрсетілді. Олар мұның Алтын адамның сүйегі екенінм айтты. Содан кейін еліміздің алдыңғы қатарлы антрополог мамандары Оразақ Смағұлов, Айнагүл Смағұловаға және шетелдік антропологтар Андраш Биро (Венгрия) және Егор Китовқа (Ресей) көрсетілді. Антрополог мамандардың барлығы бірдей қаңқа сүйек 16-18 жастағы адамға тиесілі деген ортақ пікірге тоқталды. Одан кейін ресейлік антрополог Александра Китова қаңқа сүйектің рентген түсірілімін 1970 жылғы түсірілген фотосуреттермен және сызбалармен салыстырып, қаңқа сүйектің Алтын адамға тиесілі екенін растайтын қорытынды жасады. Қаңқаны зерттеудегі келесі қадам – генетикалық зерттеу жүргізу жұмыстары еді. Сүйектің Алтын адамдікі екеніне көз жеткізген соң оған генетикалық зерттеу жүргізу керек болды. 2015 жылы Даниядағы Копенгаген университетінің «GeoGenetics» орталығының профессоры Эске Виллерслев басшылығымен, генетик Питер Дамгаард қаңқаның бірінші шынашақ сүйегіне, екінші рет бұғана сүйектің бір бөлігіне палео ДНК зерттеу жұмысын жасады. Алғашқы зерттеу нәтижесінде қаңқа сүйектің сақ кезеңіне тән екендігі анықталған мен сүйектің ДНК-сының бүлінуінің салдарынан (бөлшектеніп кеткен) басқа нәтиже алу мүмкін болмай шықты. Дания елінде жүргізілген зерттеулер «Shejire DNA» жобасының жетекшісі Нұрбол Баймұхановтың қолдауымен іске асырылды. Бәлкім болашақта жаңа технологиялар көмегімен бұл олқылықтар артта қалып, физиологиялық түр-әлпетін, адамның жынысы мен шығу тегін анықтай аламыз деген үмітіміз де жоқ емес. Жоғарыда айтылып өткен, 2012 жылдардан бастап жүргізілген зерттеулер мен ізденістер нәтижесінде 2016 жылы орыс тілінде «Алтын адамның құпиялары» атты деректі жинақ жарық көрді. Жинақта Алтын адамның ашылу тарихы мен зерттелуіне қатысты мәліметтер жүйеленіп, аңызы мен ақиқаты анықталған. Бүгінгі таңда Алтын адам Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының ерекше бір қырына айналды. Алтын адам киіміндегі дүниетанымдық рухта асқан шеберлікпен орындалған тоғалар мен жапсырмалар мемлекеттік рәміздерімізде және жергілікті басқару әкімшілік нышандарында қолданылады. Мысалы, Алматы қаласында орналасқан Республика алаңдағы ҚР Тәуелсіздігінің Монументінде қанатты барыс үстіндегі Алтын адам мүсіні (1996 ж.), ҚР Елтаңбасындағы Алтын адамның тәжіндегі қос пырақ ат (1992 ж.), Президентіміздің штандартындағы барыс бейнесі (1995-2012 жж.), Алматы қаласының гербінің орталық бөлігінде де осы фигураны көреміз (1993 ж.). Алғаш Тәуелсіз ел атанғанымызда Алтын адам бейнеленген пошта маркасы 1992 ж. шығарылды, Ұлттық банк арнайы «Көшпенділер алтыны» шақа (монета) сериясын айналымға шығарды. Осылардың бәрінде де Алтын адамның киіміндегі аңдық стилде орындалған бейнелер орын алған. Ендеше Алтын адам еліміз үшін жәй ғана археологиялық олжа болып қана қоймай, Тәуелсіздігіміздің, Елдігіміздің де бір бейнесіне айналып кетті десек артық айтқан болмаспыз. 1.2.Алтын адам кім болған? Ерте заманда қазақтыңұлан байтақ даласында бір тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ батырдың отбасында 9 ұл болыпты. Күндердің күнінде оныншы ұл дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді екен. Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған. 1969 жылы Алматыға жақын Есік қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар, мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды. Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда болғанын дәлелдейді. Зерттеу бөлім 2.1.Сақ тайпалапындағы аңдық стиль Қазақ даласындағы сақ қорғандарын қазу барысында табылған құнды жәдігерлер ертедегі көшпенділердің «аңдық стиль» үлгісіндегі туындыларын танып білуге үлкен мүмкіндік туғызды. Кейбір деректерге сүйенсек, сақ тайпаларының әр жерде орналасуының бірден бір себебі көшпенділердің қозғалысқа өте бейімдігімен түсіндіреді. Демек, осы уақытқа дейін жеткен мәліметтерге сүйенсек, сақтар мал шаруашылығы жайылымына қолайлы өңір ретінде Тәңіртаудың солтүстік етегін мекендесе, ал грек тарихшысы Геродоттың пайымдаулары бойынша Тарбағатай мен Алтай тауларында тиграхауда сақтары яғни шошақ бөріктілер тіршілік еткен делінген. Демек, тиграхауда сақтарынан бастау алған өнердің жалпы стилистикасы Жетісу өңірін мекен еткен сақтардың стилімен ұқсас келгендіктен жалпылама «аң стилі» деген даму генезисі қалыптасқандығын көруге болады. Қазіргі уақытқа жеткен жануарлардың бейнесін біз адамзат тарихының ең ерте кезеңінен-ақ білгенімізбен, аң стилін ерте темір дәуіріндегі алғашқы далалық мемлекеттер дәуірінің мұрасы ретінде еш нәрсемен салыстыру мүмкін еместігіне көзіміз жетті. Ғалымдардың пайымдауынша ерте қола дәуіріндегі сақ тайпаларында зооморфтық этно-әлеуметтік стильдің пайда болуы үшін сол заманның өзінде барынша жағдай қалыптасқан екен. Оларды жасауда өз кезеңінде дамыған технологияны қолданғаны, сондай-ақ ою-өрнек үлгілерін жасау үшін пайдаланатын құрылғылары қалыптасқандығын осы уақытқа дейін жеткен заттай құндылықтардан көруге болады. Демек, ерте темір дәуірінен бастау алған аңдық стильдегі әшекейлер қоғам өміріне қарай бейімделіп, аспан әлемі мен жер әлемі арасындағы мифологиялық дүниетанымның бірсыпыра әлементтерін бейнеледі. Сақ кезеңіндегі аң бейнелері үштік әлем (яғни құс, тұяқты жануарлар, жыртқыш) мен тіршілік арасындағы сабақтастық идеяны тудыру негізінде қалыптаса керек. Сондай-ақ аң стилі өз кезеңіндегі өрнектердің алдыңғы қатарында болды. Ендеше, VII-VIII ғасырларда қалыптасқан «аң стилі» сақ өнеріне тән туындылардың шоғырын қалыптастырды. Олар: жыртқыш аң, мүйізі шиыршықталған арқар, төрт тұяғымен тіреп тұратын тұяқты жануарлар, жыртқыш құс, гриф немесе құлағы ұзын грифон, мүйізі ағаш бұтақтар түріндегі бұғылар және мүйізі арқасына дейін жайылған қырынан жатқан тау ешкілер бейнелері еді. Демек, ағаш пен сүйекті ою арқылы «аң стиліне» тән кескіндемелерді жасағаны белгілі болды. Кейбір мәліметтерге назар аударсақ, аң стиліне тән зергерлік бұйымдардың бірсыпырасы Шілікті қорымынан табылғаны баршаға аян. Бұл тоналған қорған болса да, осы жерден табылған кейбір алтын әшекейлер зергерлік техниканың әртүрлілігімен таң қалдырады дейді ғалымдар. Деректерге назар аударсақ, күн символы мен тірі және өлі табиғат туралы дүниетанымдық түсінік барша сақ әлеміне тән дүние екендігі белгілі болды. Ендеше, бұғының мүйізін өмір ағашымен байланыстырса, шеңбер тәрізді шиыршықталған мүйізді арқарды өсіп өну культімен өрбіткен. 1969-70 жылдары Есік қорғанынан тоналмай табылған сақ ханзадасының Қабірінен төрт мыңнан астам алтын тоғалар мен жапсырмалардың басым көпшілігі аңдық стильде жасалғандығын ғалымдар мен археологтар өз еңбектерінде көрсетіп жүр. Демек, алтынды өндеу мен аң стиліндегі тоғаларды жасаудағы сақ өнерінің өзіндік ерекше туындыларын әлемге паш етуге үлкен мүмкіндік туды десек қателеспейміз. Тек бас киімінің өзінде жүз елуге жуық алтын тоғалар болса олардың басым бөлігі аңдық стильде жасалған. Мәселен, бас киімдегі қос жебе түріндегі әшекей, геометриялық пішіндегі тіліктер, тік қарғыған аттың жарты бөлігі түріндегі тіліктер, тау шыңдары бейнесіндегі тіліктер, арыстанның бет-әлпеті түріндегі қапсырма, таутеке мүйізді қанатты аттардың мүсіндері, тау шыңындағы барыс түріндегі қапсырмалар, таутеке бейнелі әшекейлер, барыс бейнесіндегі қапсырмалар, құстың кіші қанаты түріндегі тіліктер, тік тақтайшалар арасындағы жолбарыстың басы түріндегі қапсырмаларды айта кеткен жөн. Жалпы сақ ата-бабаларымыздан жеткен аңдық стильдерді қазіргі таңда қазақ халқының қолөнер шеберлері күнделікті тұрмыстық бұйымдарға, сән әлемінде ұтымды әрі жаңаша бағытта қолданып жүр. Дегенмен, сонау сақ кезеңінен бастау алған композициялық туындылар өз кезегінде заманауи үйлесімділікке ие болып жандана түсуде. Демек, өрнектердің композициялық орналасуындағы тұрақтылық пен жүйелік әдістер адамзат пен әлем арасындағы тылсым күштің, рухтың жақындығын, тәңірге табынушылықтан туындаған дүниетанымдық көзқарастарды көрсететін керемет дүниелер сонау сақ заманынан жеткен аңдық стильдің бір тармақшалары болып табылады. Бізге жеткен мәліметтерге қарасақ, ою-өрнектің мазмұндық ерекшеліктері символы, дүниені тану, салт-дәстүр, наным-сенімнен туындаса, ал сондағы бояу түсінің идеялық мазмұны, эмоциялық әсері адамның ішкі жан дүниесін көрсетсе керек. Сондай-ақ ат әбзелдеріндегі ерекше қолөнер туындылары сақ кезеңінен бастау алған жылқыға деген ерекше құрмет пен пір тұту, серік ету сияқты дүниетанымдық көзқарастардан басталған. Мәселен, ердің қасына салынған аңдық және геометриялық ою-өрнектер салу, өсіп-өну, құт береке, байлық нышандарымен тығыз байланысты екендігі белгілі. 2.2Алтын адамның киім мүсінінде бейнеленген аңдық стильдер бейнесі Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «аң стилінде» жасалған. «Аң стилі» – әлемдік өнер атаулының ішіндегі биік белестердің біріне айналған ерекше құбылыс. Біздің бабаларымыз ежелгі металлургия ісін дамыта отырып, технологиялық жетістіктерге қол жеткізді. Археологиялық қазба жұмыстарынан соң табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен соғыс қару-жарақтары қоршаған ортамен тығыз байланысты болу себебінен және арғы дүниетанымдық негіздерге орай жануарлар әлемімен байланыспай тұрмайды. Әр түрлі жануарлар бейнесін көшпелілердің өркениетті тұрмысында берік орнығып, өздерінің табиғатпен бірлігінің белгісіндей айғақтап, рухани және мәдени болмысын айқындап отырған. Алтын адамның бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. «Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Сақтар тайпасының жас көсемінің зиратынан табылған бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы V-IV ғасырларда өмір сүргені анықталған. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, "Алтын адамның" Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті ел басшысының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін көрсеткен. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология тағы басқа салалардан мол дерек беретін "Алтын адам" сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдеген. "Алтын адам" Қазақстанның азаттық символына айналып, оның төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енген. Өзімнің зерттеу жұмысымда Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» зерттелуі туралы сауалнама алған болатынмын. Сауалнамаға 7-8 сынып аралығы бойынша 63 оқушы қатысты. Сауалнамада қойылған сұрақтарым: 1.«Алтын адам» 1970 жылы ашылды ма? А) Иә Б) Жоқ 2.«Алтын адамды» ашқан К. Ақышев па? А) Иә Б) Жоқ 3.«Алтын адамда» аң стилі басым ба? А) Иә Б) Жоқ 4.Алтын адам көшірмесі Бәйтерекке орнатылған ба? А) Иә Б) Жоқ 5.Алтын адамда барыс бейнеленбеген бе? А) Иә Б) Жоқ 6.Күміс тостағанда 26 таңбалы жазу бар ма? А) Иә Б) Жоқ Сауалнаманың қорытындысы бойынша 1.«Алтын адам» 1970 жылы ашылды ма? 2.«Алтын адамды» ашқан К.Ақышев па? 3.«Алтын адамда» аң стилі басым ба? 4.Алтын адам көшірмесі Бәйтерекке орнатылған ба? 5.Алтын адамда барыс бейнеленбеген бе? 6.Күміс тостағанда 26 таңбалы жазу бар ма? Қорытынды Сонымен ғылыми жобамды қорытындылай келе, Алтын адам – Қазақстанның ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Біздің елімізде Алтын адам табылғанға дейін әлемде тек перғауындардың зираты тұтас күйінде аршылғаны болмаса, дүниежүзілік деңгейде патшалардың қабірі толықтай табылған жағдайлар кездеспеген. Мұндай қабірлер көбіне тоналған немесе екінші бөлігі жоқ, яки нақты қай уақытқа, қашан, кім қазып алғаны белгісіз болып келеді. Мұндайлардың аса ғылыми құндылығы бола бермейді. Қырымда, Эрмитажда, басқа да мұражайларда тұрған заттардың тұтасқа жуығының құны біздің Алтын аданың құнындай бағалы емес. Ендеше осы тарихи, мәдени құндылығымыз болып табылатын алтынмен апталған адамның құпиясын ашу болашақтың еншісінде. Сақ дәуірінен бастау алған «аңдық стиль» қазіргі таңда жалғасын тауып ата-бабаларымыздан жеткен өнер туындылары жанадана түсуде, бұл дегеніміз өнердің ешқашан өшпейтінін, заман талабына сай көркейіп, дамып, жетіле түсетіндігін көрсетеді. Демек, сақ өнерінің жауһарлары қаншама уақыт өтсе де, өз миссиясын жоғалпағандығын меңзейді. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Көркемсуретті Қазақстан Қазақ энцилопедиясы Алматы 2006 ж. 1 том Палеолит дәуірінен Моңғол шапқыншылығына дейін; 2.Қазақстанның жеті кереметі Самашев З. Оқу құралы Алматы «Таймас» 2006. -200 бет; 3.Ұлы Дала тарихы Кан Г.В. Тогжанов Е.А.-Алматы: Қаз-ақпарат.2016-330 бет; 4.Айбын. Энциклопедия./Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х; 5.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8; 6.Интернет ресустары https://e-history.kz/kz/publications/view/4681 https://alashainasy.kz/culture/altyin-adamnyin-tupnuskasyi-kayda-49461/ Күнделік
|