Таырыбы лшем бірлігін амтамасыз етуді техникалы жне йымдастырушылы негіздері
Скачать 24.89 Kb.
|
Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдастырушылық негіздері 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін мыналар құрайды: - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметтері менқолданылатын шама барліктерінің эталондары; - өлшеу құралдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілері. Өлшеу құралдары өлшеуге арналады, нормаланған метрологиялық сипаттарға ие болады, шама бірлігін ұдайы қайталайды және (немесе) сақтайды. Шама бірлігінің мөлшері (бекітілген қателік шегінде) белгілі уақыт ішінде тұрақты деп есептеледі. Шама бірлігінің эталоны – шама бірлігін (шама бірлігінің еселік немесе үлестік мәндерін) оның мөлшерін осы шаманы өлшейтін басқа өлшеу құралына беру мақсатында ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Эталон Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен тағайындалған тәртіп бойынша бекітіледі. Шама бірліктерінің эталондары Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған шама бірліктерін дәл ұдайы қайталау, сақтау керек және олардың мөлшерлерін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданудағы өлшеу құралдарына беру қажет. Бірліктердің мөлшерлері эталондар арқылы ұдайы қайталанылады, сақталады және беріледі. Эталондар мынадай сипаттары бойынша жіктеледі. Халықаралық немесе ұлттық сипаты бойынша эталондар Халықаралық, Мемлекетаралық және ұлттық деп бөлінеді. Халықаралық эталон – халықаралық келісім бойынша ұлттық эталондардың бірліктерінің мөлшерін онымен салыстырудың халықаралық негізі ретінде қабылданған эталон. Халықаралық эталонды Халықаралық өлшемдер мен салмаақтардың Бюросы сақтайды және жұмысқа жарамды күйде ұстайды. Мемлектаралық эталон - ТМД мемлекеттері арасында жүретін мемлекетаралық эталон. Мемлекетаралық эталондар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық процесінде мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде және Келісімге қатысушы мемлекеттердің халық шаруашылығын метрологиялық қамтамасыз етуде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді. Мемлекетаралық эталондарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес бекітеді. Шама бірліктерінің Мемлекетаралық эталондары Ресейде сақталады. Ресейдің эталондық базасы физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің бастапқы эталондары құрайды (метр, килограмм, секунда, Ампер, Кельвин және кандела). Ұлттық эталон – мемлекет үшін бастапқы деп ресми шешім бойынша танылған эталон. Мемлекеттік эталондар ұлттық байлық болып табылады, мемлекеттің ғылым, техника және мәдени жағынан даму денгейін білдіреді. Эталондардың дұрыс сақталуын, тексерілуін және зерттелуін бақылау үшін, сондай-ақ басқа талаптарды орындау үшін ғалым – эталон сақтаушы тағайындалады. Қазақстан Республикасының эталондар базасы Эталондар базасы елімізде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ең маңызды элементі болып табылады. Оның деңгейі еліміздегі өлшеулер деңгейін көрсетеді. Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттердің негізгі бағыты эталондар базасын дамыту және жетілдіру болып табылады. Өлшем бірлігін және өлшеу құралдарының бірегейлігін қамтамасыз ету үшін, 10 миллионнан астам өлшеу құралдарын, оның ішінде заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілерін метрологиялық қамтамасыз ету үшін республикада эталондар базасы және стандарттық үлгілер қызметі құрылған, мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу құқығына аккредитациядан өткізеді. 01.01.2003 жылға республиканың эталондар базасы 20 мемлекеттік эталоннан құралады. Оның ішінде: - масса эталоны – 2; - ұзындық эталоны – 2; - қысым эталондары – 6; - айналмалы (ауыспалы) ток кернеуінің эталоны; - электр сиымдылық бірлігінің эталоны; - рН бірлігінің эталоны; - температура бірлігінің эталондары – 4; - уақыт және жиілік эталоны және т.б. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында 1- разрядты 518 жұмыстық эталоны, 2- разрядты 710 жұмыстық эталон және 3- разрядты 879 жұмыстық эталон қолданылады. Шама бірліктерінің эталондары мөлшерді беру жұмыстарында ғана қолданылады (салыстырып тексеру, калибрлеу, салыстыру (сличение)). Мемлекеттік эталондарды сақтау, зерттеу және қолдану осы жұмыстарды жүзеге асырудың бекітілген ережелері бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге мемлекеттік салыстырып тексеру талаптары сақталуы керек. Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің эталондары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес пайдаланылады. Мемлекеттік қызметтердің эталондарын өте жоғары дәлдікпен өлшеу үшін қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жерде олардың эталон ретіндегі функциясы бұзылмауын қамтамасыз ету керек. Эталонды мөлшер берумен байланысы жоқ өлшеулерді жүргізу үшін қолданғаннан кейін эталон кезектен тыс салыстырып тексеруден өткізілуі керек. 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметі болып табылады. Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметінің құрылымына мыналар кіреді: - мемлекеттік метрологиялық қызмет; - мемлекеттік уақыт және жиілік қызметі; - заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі; - заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама-деректерінің мемлекеттік қызметі; - мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері. Мемлекеттік метрологиялық қызметі Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметін реттейтін құрылымдық бөлігі болып табылады. Ол мыналардан құралады: - техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнан; - мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды мемлекет тарабынан басқаруды жүзеге асырады. Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнын негізгі міндеттері және мақсаттары мыналар болып табылады: а) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру; б) Қазақстан Республикасыметрологиялық қызметінің әрекеттерін координировать ету; в) Республикада қолдануға жіберілетін шама бірліктері жүйесін тағайындау; г) шама бірліктерінің эталондарын әзірлеу, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін тағайындау, шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіру; д) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету Жүйесін жетілдіру. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығының негізгі міндеттері мен мақсаттары: а) метрология облысында іргелі зерттеулер, ғылыми-техникалық, практикалық және ұйымдастыру-өдістемелік жұмыстырды жүргізу; б) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру; в) шама бірліктерінің мөлшерін беру жүйесін құру; г) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру, оларды халықаралық талаптармен гармонизациялау; д) өлшем бірлігін қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік саясатты ескере отырып, республикада метрологияны жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жүргізу. 3 Ел ішінде және халықаралық деңгейде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттің бас міндеттердің бірі болып табылады. Осы міндетті орындау мақсатында 18.01.1993 ж. «Өлшеулердің бірегейлігі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң республикадағы метрологиялық ішкі құрылымдарды (инфраструктураны) заңнамалық принциптерге көшіруге мүмкіндік берді және мемлекеттік қадағалаудың төмендегі формаларын тағайындады: а) өлшеу құралдарын мемлекеттік сынаудан өткізу және типін бекіту; б) өлшеу құралдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу; в) өлшеу құралдарын мемлекеттік салыстырып тексеруден өткізу; г) өлшеу құралдарын жасау, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға беру жөніндегі әрекеттерді (қызметтерді) лицензиялау; д) кез келген орамаға буып түйілген бума тауарларды сату және буып-түю кезінде осы тауарлардың санын метрологиялық қадағалау; е) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жау-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін, метрологиялық ережелер мен нормаларын мемлекеттік қадағалау. 07.07.2000 ж. жаңа заң – ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін тағайындады, мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы метрологиялық әрекеттер сферасындағы қатынастарды реттейді. Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін және республика экономикасын өлшеулердің ақиқат болып табылмайтын нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған. Заңның ережелері мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында өлшем бірлігін қамтамасых етумен байланысты әрекеттер жүргізуші жеке және заңды тұлғаларға таралады. Заң 7 тараудар және 31 баптан құралады. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы Конституциясында негізделеді және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету тураы» Заңнан және басқа өлшем бірлігін қамтамасыз ететін әртүрлі жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерден құралады (өлшеу құралдарын Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі тізіліміне енгізу тәртібі, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді жүргізу тәртібі, олшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеуге, аттестациялауға, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген физикалық шама бірліктеріне қойылатын талаптар және т.б.). 4 Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздері – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін және қажетті дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін бірегей ережелер, положения және ноормаларды тағайындайтын ноормативтік құжаттардың комплексі болып табылады. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары мыналарды регламенттейді: - шама бірліктерін; - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын; - өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістерін және құралдарын; - өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларының номенклатурасын; - өлшеу дәлдігінің нормаларын; - өлшеу нәтижелерін және өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін беру тәсілдері және көрсету формалары; - өлшеулерді орындау тәсілдемелері; - заттар мен материалдардың қасиеттері туралы мәліметтердің дұрыстығын бағалау әдістері; - заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілеріне талаптар; - өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді, нормативтік құжаттарды, жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды метрологиялық сараптауды, заттар және материалдардың қасиеттері туралы мәліметтерді сараптау және аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу тәртіптерін; - метрология облысындағы терминдер мен анықтамалар. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары бөлінеді: - негізін қалаушы, яғни жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды тағайындаушы; - өлшеудің бір түріне талаптар, ережелер мен нормаларды регламенттеуші. Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарына мемлекеттік стандарттар, бекітілген тәртіппен қолданылатын халықаралық (региондық) стандарттар, положениелар, нұсқалықар және басқа до нормативтік және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтаушы әдістемелік құжаттар. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар техникалық реттеу және метрология облысындағы заңнамаға сәйкес әзірленеді және қолданылады. Қазақстан территориясында міндетті түрде қолдануға жататын Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарын техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет бекітеді. Өздікбақылауға арналған сұрақтар: 1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін не құрайды? 2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі қандай? 3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздеріне қандай заң актілері кіреді? 4 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздерін қандай құжаттар құрайды? Ұсынылатын әдебиеттер: 1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с. 2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б. 3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова– Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 242 б. |