Главная страница
Навигация по странице:

  • 2019-2020 оқу жылы Баядаманың тақырыбы: « Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу

  • Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін

  • «Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі»

  • «ҮЙ, АДАМ, АҒАШ» ПРОЕКТИВТІ ӘДІСІ. (авторы

  • «АЯҚТАЛМАҒАН СӨЙЛЕМДЕР» ӘДІСТЕМЕСІ

  • «МЕН КІММІН» ӘДІСТЕМЕСІ

  • Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері

  • Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері

  • Суицидтің шығу себептері

  • Суицидтік аффектілік мінез

  • Суицидтік әрекеттің алдын-алу және түзету

  • Түн артынан күн шығатыны секілді, қиыншылық арты жақсылыққа ұласатынына бала сенімді болуы керек.

  • Таырыбы Мектепті психологиялы ахуалы, оушылар арасындаы аутодеструктивті мінезлыты алдын алу Педагогпсихолог Сатаева Амарал Дусенбековна 20192020 оу жылы Баядаманы таырыбы Мектепті психологиялы ахуалы,


    Скачать 1.85 Mb.
    НазваниеТаырыбы Мектепті психологиялы ахуалы, оушылар арасындаы аутодеструктивті мінезлыты алдын алу Педагогпсихолог Сатаева Амарал Дусенбековна 20192020 оу жылы Баядаманы таырыбы Мектепті психологиялы ахуалы,
    Дата23.02.2022
    Размер1.85 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1605226604.docx
    ТипДокументы
    #370603

    «Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі»

    коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Тақырыбы: «Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»

    Педагог-психолог

    Сатаева Ақмарал Дусенбековна

    2019-2020 оқу жылы
    Баядаманың тақырыбы: «Мектептің психологиялық ахуалы,

    оқушылар арасындағы аутодеструктивті

    мінез-құлықтың алдын алу»


    Баяндама авторының

    тегі, аты, әкесінің аты Сатаева Ақмарал Дусенбековна

    Жұмыс орны, қызметі: «Созақ ауданы әкімдігінің білім

    бөлімінің Ш. Уалиханов атындағы

    жалпы орта мектебі коммуналдық

    мемлекеттік мекемесі, педагог-психолог

    Аннотация
    Мен бұл шығармашылық жұмысымды «Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы атан-ана мен ұстаздардың, қоршаған ортаның маңыздылығын көрсеттім. Мектеп ережелерін, жұмыс бағыттарын түсіндіре отырып аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушы бойында қалыптасатын жеке тұлғалық қасиеттерге тоқталып, еліміздің ертеңі білімді жас ұрпақтың бойына жақсы тәрбие қалыптастыру және өмірге деген құштарлықтарын арттырып, мектептің психологиялық ахуалын арттырып, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ата-ана мен ұстаздардың зор рол атқаратынын ашып көрсеттім.

    Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу

    «Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін

    жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды

    жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен,

    дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге

    жетуге болады»

    Л.С.Выготский
    Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.

    Енді нақты суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері, белгілері және оның шығу себептеріне тоқталып өтейін. Орта Азия елдері арасында Қазақстан өз-өзіне қол жұмсаудан І орын, ТМД көлемінде Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Яғни, әр 100 мың қазақстандыққа шаққанда 20,7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 1989 жылмен саластырғанда үш-төрт есеге есті. Бұл мәліметтерді БҰҰ жанындағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) таратты.

    Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының 41%  жұмбақ жағдайда, 18% жан күйзелісінің салдарынан, сондай-ақ 19% кесімді жазадан қорыққаннан, 18%  отбасындағы жағдайлардан, 6% махаббат «ауруының» салдарынан болған.

    «Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінде 2019-2020 оқу жылында мектептегі аутодеструктивті мінез-құлықтың және келеңсіздіктерді алдын –алу мақсатында «БЕС ТЕРЕК» жобасына сүйене отырып психологиялық зерттеулер, іс –шара жоспары жасалынып, сол жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.

    1. КАБИНЕТТІК ТАЛДАУ

      1. Әлеуметтік педагогтың мәліметтері.

      2. Мектеп инспекторының тіркеудегі отбасылар тізімі.

      3. Мектеп инспекторының тіркеудегі оқушылар тізімі.

      4. Медбике толтыратын тізім (Д-есебі).

      5. Сынып жетекшінің әлеуметтік желілердегі талдауы.

      6. Суицид, құқықбұзушылық, ерте жүктілік орын алған отбасылардағы оқушылар тізімі

    2. ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

    2.1. Эссе талдауы.

    2.2. Сауалнама.

    2.3. «Үй, адам, ағаш» проективті әдісі (ДДЧ).

    2.4. Люшердің түрлі түстер тесті.

    2.5. Отбасы суреті.

    2.6. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі.

    2.7. «Мен кіммін?» әдістемесі.

    2.8. «Суицид қауіпінің картасы»(Л.Б. Шнейдердің жасөспірімдерге

    арналған модификациясы)

    2.9. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы болжамдық

    тәуекел кестесі (А.Н. Волкова).

    2.10. Психодиагностика: бақылау, әңгімелесу, диагностикалық интервью.

    2.11. Әдістердің нәтижесін тіркеу нұсқасы.

    Кабинеттік талдау: Мектеп психологы, ДТІЖО, Әлеуметтік педагог, медбике, мектеп инспкторы, сынып жетекшілері бірлесіп оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеп, сараптамалық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Кабинеттік талдау психодиагностикалық әдістері арқылы, арнайы жасалған нұсқаулықтар бойынша оқушылар тізімі құрылды. Мектеп оқушылары арасында отбасы жағдайы төмен, жартылай жетім, аз қамтамассыз етіліген, ата–анасы бала тәрбиесіне онша көңіл бөлмейтін отбасылар тізімі жасалды. Әлеуметтік педагогтың мәліметтері, мектеп инспекторының тіркеудегі отбасылар тізімі, мектеп инспекторының тіркеудегі оқушылар тізімі, медбике тізімі (Д-есебі), сынып жетекшінің әлеуметтік желілердегі талдау жұмыстары жинақталып талдау нәтижесінде суицид, құқық бұзушылық мектеп оқушыларынан анықталмады. Мектептегі ата –аналар жиналысында осы мәселерге кең көлемінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

    3. ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

    1. «Өз есімдерін жақсы жағынан көрсетіп танысу» әдістемесі.

    2. Сауалнама.

    3. «Үй, адам, ағаш» проективті әдісі (ДДЧ).

    4. Зунг – депрессия шкаласы

    5. Отбасы суреті.

    6. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі.

    7. «Эссе» талдауы.

    8. «Суицид қауіпінің картасы»(Л.Б. Шнейдердің жасөспірімдерге

    арналған модификациясы)

    9. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы болжамдық

    тәуекел кестесі (А.Н. Волкова).

    10. Психодиагностика: бақылау, әңгімелесу, диагностикалық интервью.

    11. Әдістердің нәтижесін тіркеу нұсқасы.


    Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында келеңсіздік әрекетінің әрбір жағдайын жеке жеке зерделеп, оқушы мен оқушы арасындағы қарым –қатынасты анықтау үшін сауалнамалар, тесттер, мектептегі қобалжуды анықтауға арналған сұрақнамалар алу арқылы балалардың психологиялық деңгейлері анықталды.

    Оқушылардың көңіл- күйін анықтау мақсатында «менің арманым», «менің досым», «менің отбасым» эсселер жазылды. Жоғары сынып оқушылары мен «Адам өмірінің құндылығы» , «Өмір –сүрудің мәні мен мақсаттары», «Мен өмірді таңдаймын» тақырыптарында және 9 –сыныптар арасында «Адамгершілік құндылықтар достық қарым –қарым қатынас» тақырыбында дөңгелек үстел, пікірталас өткізілді. Мектептегі оқушыларға психологиялық кеңес беру мақсатында өз ойларын ашық айту үшін «Сенім жәшігі және сырласу жәшігі» орнатылған. Мектепте аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түрлі тақырыптарында тест тренинг сабақ және жаттығу сабақтары жүргізілуде.

    Мектеп ережелерін, жұмыс бағыттарын түсіндіре отырып аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушы бойында қалыптасатын жеке тұлғалық қасиеттерін анықтап, еліміздің ертеңі білімді жас ұрпақтың бойына жақсы тәрбие қалыптастыру және өмірге деген құштарлықтарын арттырып, мектептің психологиялық ахуалын арттырып, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түрлі сауалнама жұмыстары,тренинг сабақтары өтілд

    Көбінесе ата –ана мен мұғалімдер балалар проблемаларына, алаңдауларына көңіл бөлмеулерінің нәтижесінде балаларда ашу ыза пайда болып мінез-құлықтары өзгеріп отырады.

    «ҮЙ, АДАМ, АҒАШ» ПРОЕКТИВТІ ӘДІСІ. (авторы Дж. Бук)

    Мақсаты: тұлғаның эмоциясын, кейбір аспектілері мен жасырынып жатқан дүниесін ашу.

    Нұсқау: үй, адам, ағаш суретін салу



    Үй, адам, ағаш проективті әдісі 8-10 сынып оқушыларынан алынды. қорытынды нәтижесі бойынша оқушылардың өзіндік бағалау деңгейі қалыпты, болашаққа алға қойған мақсаттары айқын. Мінез-құлқының қобалжуы анықталмады. Сағат тілі ойын барысында оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, болашаққа алда қойған мақсаттарына ұмтылыстарының жоғары екенін , сыныпта ұйымшыл екендігін қимыл әрекеттерімен көрсете алды.

    Отбасы суреті, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі, «Эссе» талдауы, «Суицид қауіпінің картасы»(Л.Б. Шнейдердің жасөспірімдерге арналған модификациясы), балалар мен жасөспірімдер арасындағы болжамдық тәуекел кестесі (А.Н. Волкова) жұмыстары толығымен жүргізілді.

    Бұл тізім жоғарыда аталған мамандардың көмегімен жинақталады: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы, сынып жетекшісі ұсынған тізімдер бойынша кабинеттік талдау жүргізіліп, анықталған оқушылар тәуекел тобының жасыл деңгейіне тіркеледі.


    «ОТБАСЫ СУРЕТІ» ӘДІСІ

    Мақсаты: баланың эмоциялық күйін, үрей мен уайымын анықтау.Жұмысты бастамас бұрын назар аудару қажет:

    А) қарындаштар жай қалам немесе қаламсап болмауы тиіс. Өшіргішті барынша қолданбағаны дұрыс.

    Б) баланың көңіл-күйіне көңіл бөлу; отбасындағы болған кикілжіңнен кейін бұл жұмысты жасамау, себебі, бала дәл сол уақыттағы көңіл-күйін салады; сурет салу барысында балаға кедергі болмау, дегенмен, баланың сурет салудағы көңіл-күйін бақылу қажет; сурет салу барысында баланы түземеу, мысалы «Сен әкеңді салуды ұмыттың», «құлақ, көз салмадың» деген сияқты сұрақтар қойылмау қажет; тесттің нәтижесін балаға айтпау, бұл бізге анықтама үшін қажет. Яғни, алдағы жұмысты жоспарлау және нақтылау үшін; нақты жауап алу мақсатында суретті 3-4 рет, арасы бірнеше күн өткізіп салдыру салдыру қажет. Сонымен қатар, суретте үнемі салатын жайттарды назарға алу маңызды.

    №1 ТАПСЫРМА: Осы әдістемені әріптесіңізбен бірге орындап, интерпретация жасап көріңіз.

    Нұсқау: А4 форматындағы қағаз бетіне түрлі-түсті қарындаштармен «Менің отбасым» немесе «Мен және менің отбасым» тақырыбында өзіңіздің отбасыңыз туралы бейнелеңіз.

    №2 ТАПСЫРМА: Көрсетілген суретке интерпретация жасап, қысқаша түрде жазып қойыңыз:




    «АЯҚТАЛМАҒАН СӨЙЛЕМДЕР» ӘДІСТЕМЕСІ

    Мақсаты: зерттелушінің қоршаған ортаға, өзінің және келесі жыныс өкіліне, достары, ұстаздары, жалпы барлық адамдарға, өз-өзіне, өз болашағына, материалды дүниеге, заңға, тәрбиеге т.б. қатынас ерекшеліктерін анықтау.

    1. Менің мамандығым ______________________________

    2. Болашағым _____________________________________

    3. Білгім келетіні __________________________________

    4. Біздің отбасы ____________________________________

    5. Егер де _________________________________________

    6. Қорқамын, ______________________________________

    7. Менің түсімде ___________________________________

    8. Басқа адамдар ___________________________________

    9. Менің сырт келбетім______________________________

    10. Ең жақсы көретінім _______________________________

    11. Менің уайымдайтыным ____________________________

    «МЕН КІММІН?» ӘДІСТЕМЕСІ

    Нұсқау:12 минут ішінде бір ғана «Мен кіммін?» деген сұраққа мейілінше көп жауап беру керек. Әр жаңа жауап жаңа жолдан басталады. Сізге қалай ыңғайлы болса, солай жауап беріңіз, ойыңызға келген жауаптың барлығын жазыңыз. Бұл тапсырмада дұрыс немесе дұрыс емес деген жауап жоқ. Зерттеу кезіндегі тапсырманы орындау барысында туындаған эмоциялық реакцияларға көңіл аударыңыз, сұраққа жауап беру қаншалықты қиын немесе оңай болғанына мән беріңіз.

    Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері:

    1. өзінің сырт келбетіне салақ қарау

    2. өзін үнемі жалғыз сезіну, пайдасыз немесе кінәлі, қайғылы сезіну

    3. бұрын ләззат әкелген жұмыстан қалыпты ортадан қанағаттанбау

    4. өлу туралы ойға салыну

    5. болашаққа жоспардың жоқтығы

    6. ұсақ түйектерге ашулану

    7. сыртқы бейнесімен түрінің мұңлы болуы

    8. бір қалыпты дыбыс

    9. асықпай сөйлеу

    10. сөздің қысқа болуы

    11. жауаптың жоқтығы

    12. жылдам экспрессивті сөйлеу

    13. жоқтау

    14. сыңсуға құмарлық

    15. жалпы қозғалыстың саябырсуы

    16. ештеңе істемеу

    17. тым асыра қозғалу

    Эмоциялық өзгерістері:

    1. көңілсіз жүру

    2. қабақ шытуы

    3. ашулылық

    4. бұрқылдау

    5. айналадағы ортаға жағымсыз қарым-қатынас

    6. айналаға жек көрушілік сезіммен қарау

    7. өз-өзіне деген мейірімсіздік

    8. қатыгездік сезімі

    9. мәнсіз қорқыныш

    10. мәнді қорқыныш

    11. көңіл-күйдегі қайғының үнемі болуы

    12. қайғыға душар болу

    13. айнала қуанған сайын көңілсіздікке ұшырау

    14. психикалық аурулар, депрессия

    15. үрейлі қорқыныштың мінездемесі, невроз, ішкі үрей және қорқыныш

    16. шизофрения

    Суицидтің белгілері:

    1. өзінің өткен өміріне пессимистік баға беру

    2. өткен өмірдегі таңдаулы жағымсыз оқиғаларды еске түсіру

    3. қазіргі кездегі өзінің жағдайына пессимист көзқарас

    4. болашақта перспективтіктің болмауы

    5. айналадағы ортамен қарым-қатынасқа түспеу

    6. сыңсуға құмарлық

    7. қырсығу

    8. өзінің қайғысына эгоцентристік бағыттау

    9. көзжасының вегетативті бұзылуы

    10. көз қарашығының үлкеюі

    11. ауыз құрғақшылығы

    12. дем жетпеу

    13. бас ауруы

    14. ұйқысыздық

    15. іштің түйілуі

    Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол салуы – девиантты мінез-құлықтың бір формасы.

    Суицидтік әрекеттерге ұшырау себептері:

    • Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы

    • Ішкі эмоцоналды жағдайдың бұзылуы

    • Әлеуметтік шеттетілу

    • Жанұядағы жайсыз психологиялық ахуал

    • Өзіндік “Менінің” жоғалуы, сыртқы ортаның қысымы

    Суицидтің шығу себептері

    1. Отбасылық ұрыс-керіс, ажырасу, жалғыздық, махаббатқа жол болдырмау, жыныстық қарым-қатынастағы әлжуаздық;

    2. Психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік;

    3. Қылмыстық жауапкершіліктен қашу, істеген ісінің ұяттығынан қорқу;

    4. Материалдық-тұрмыстық қиыншылықтар;

    5. Жұмыс және оқу орындағы даулы мәселелер мен сәтсіздіктер;

    6. Қоғамдық -саяси жағдайлар;

    7. Тұқым қуалаушылық;

    8. Даму акселерациясы.

    Сыртқы белгілері:

    • Көп жағдайда көңілсіз күйде жүру, тыныш монотонды дауыс;

    • Сөйлеудің баяулығы, жауаптың қысқалығы;

    • Іс-шарасыздық.

    Эмоцоналды бұзылыстар

    • Қоршаған ортаға деген көңілсіздік;

    • Кекшіл, жылдам ашуланғыш;

    • Қобалжу, негізсіз қорқу.

    Қарым-қатынаста:

    • Оқшаулану, қоршаған ортаман қарым-қатынастан қашу;

    • Келешекке жоспардың болмауы;

    • Өз күйзелісі жөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.

    Психикалық бұзылыстар:

    • Жылауықтық;

    • Ауыздың кебуі;

    • Тахикардия;

    • Демнің жетпеуі;

    • Бас аурудың жиілігі;

    • Дене салмағының түсуі;

    • Тәбеттің қашуы;

    • Кеуденің ауырлығы.

    Демонстрациялық мінез:

    • Өз-өзіне қол жұмсаумен қорқыту

    • Қан тамырларын кесу

    • Дәрі-дәрмек ішу

    • Өзіне назар салуды талап ету

    Суицидтік аффектілік мінез:

    Аффект үстінде дарға асылу, улы, қатты әсер ететін дәрі-дәрмекпен улану

    Жыл мезгілі

    • Табиғаттың оянған гүлденген кезінде көктем мезгілінде жиі кездеседі.

    Сәуір-ең қатыгез ай” (Томас Эллиот)

    Сәуір айындағы суицид көрсеткіші жыл бойғы көрсеткіштен -120% жоғары

    Суицидтік әрекеттің алдын-алу және түзету:

    • Стресті жеңуге үйрету.

    • Отбасы, мектеп, референттік топтың көмегімен жасөспірімге әлеуметтік қолдау көрсету.

    • Қиыншылықты жеңуге арналған психологиялық тренингтер жүйесін ұйымдастыру.

    • Суицидтік жағдайларға жеткізген психологиялық қажеттіліктерді азайту.

    • Өмірге ерекше қатынасты қалыптастыру.

    • Суицидтік мінез-құлықты тани білу, алдын алу.

    Көмек беру үшін:

    • Суицидке әкелген себепті табуға тырысу.

    • Суицидке бейімділігі бар тұлға деп, оның әрекетіне нақты көзқараспен қарау.

    • Қамқорлық көрсете білу.

    • Тыңдаушы бола білу.

    • Өмірдегі қажеттілігін түсіндіре білу.

    • Сөз таластырмау.

    • Дәлелденбеген басу айтпау.

    • Үміт беру.

    • Мамандармен байланысу керек.

    Түн артынан күн шығатыны секілді, қиыншылық арты жақсылыққа ұласатынына бала сенімді болуы керек.

    Қорытынды
    Егер сіз өзіңізге жақын адамда депрессия басталғанын байқасаңыз, оның себептерін анықтауға тырысыңыз. Бұл болатын қауіпті жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді. Осыған орай ұсынылатын психологиялық кеңестер:

    - Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз.

    - Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз.

    - Оның сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз. Оның сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз.

    - Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа немесе оның жағымды естеліктер қалдырған жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз.

    - Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған көп көмегін тигізеді, себебі ол жарқын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін. Депрессия адамда ауыр өтуі мүмкін. Дегенімен одан сауығып кетуге әбден болады. Адам бойындағы стрестік жағдайлар мен жүйкенің шаршауы депрессияға жетелейді, сондықтан бұл жағдайдың қайсысы қайдан шығып жатқандығын ол біле бермейді. Өзіңізге жақын адамдарға көңіл бөліңіз, оларды сүйе біліңіз, сонда ғана сіз күннің күлімдеп жарқырағанын, құстардың сайрағанын сезінесіз. Аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу түрлі міндеттерді орындай алады: аутоагрессияның түрлі құралдарына қол жетімділікті бақылау мен шектеу, нақты тұлғаның медициналық психологиялық көмек көрсетуі. Аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу суицидтік белгілерді анықтау мен жақын адамдарға уақыты көмек көрсетуді уйрету түрінде іске асырылады. Аутодеструктивті мінез – құлықтары қалыптасып қойған адамға психолгиялық көмек дағдарыстық интервенсия деп аталады. Осы жағдайдағы жетекші әдіске дағдарыстық кеңес беру жатады, ал оның мақсаты адамды тірі алып қалу болып табылады. Аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу жолдары: балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу мәселелерін шешуге көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, зекіру орнына жиі мақтап, мадақтап отыру, кешірімді болу. Аутодеструктивті мінез – құлық қазіргі қоғамның өзекті мәселесі болып табылады. Бұл халықтың психологиялық көмек сұрауының жетекші себептерінің біріАдамгершілік қасиеттер өз бойындағы жақсы мінез-құлық, жақсы әдет, жақсы әдептен құралады. Ол ананың ақ сүтімен, әкенің үлгі-өнеге тәрбиелерімен бойыңызға сіңеді. Мектепте ұстаздар өмірдегі жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдықтың айырмасын танып білуге көмектеседі, өмірде дұрыс бағыт таңдай білуге үйретеді. Оны саралап, таңдап, бағалап, байыптап, өзіңізге керегін ала білу, жақсылыққа үйреніп, жамандықтан жирену өзіңізге байланысты.

    Ең бастысы адамдарды сыйлай білу, сүйе білу керек. Қайырымды болу – еліне, адам баласына, табиғатқа деген махаббаттан басталады Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға кәсіби бейімділігіңіз болсын. Әрдайым баланың пікірін, не қажет екенін тыңдай біліңіз, оған ерік беріңіз, бала айтпай-ақ білетін көреген болыңыз. Шыдамды, сабырлы, ақылды болыңыз. Баланың қателігін көре тұра, оған сенетініңізді көрсетіңіз. Әрдайым күлімдеп қасында бірге екеніңізді білдіріңіз. Жақсы адам боламын, өмірде мақсатыма жетемін десең бойыңдағы қасиеттерді ізгілендіріп, адамгершілікке ұмтылған жөн.
    Түн артынан күн шығатыны секілді, қиыншылық арты жақсылыққа ұласатынына бала сенімді болуы керек.

    Пікір
    Сатаева Ақмарал «Оқушының бойында жеке тұлғалық қасиеттер қалыптастырудағы «Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбындағы баяндамасында, эстетикалық талғамы жоғары, өрісі кең, рухы биік, өзін-өзі дамыта алатын, әлеуметтік белсенділігі жоғары жеке тұлға қалыптастырып, аутодиструктивті мінез құлықтың алдын алу жолдарын, тәрбиелік маңызын айқындап көрсеткен. Баяндама мектепішілік педагогикалық оқуына ұсынуға лайықты.
    Мектеп директорының оқу ісі

    жөніндегі орынбасары Қ.Бихондиева

    Әдебиеттер:
    1. Степанов В.Г. Психология трудных школьников. – М.: Академия, 2004.

    2. Баженов В.Г., Баженова В.П. Психолого-педагогическая диагностика и коррекция девиантного поведения школьников. – Тараз, 2003. – 125 б.

    3. Балалар суицидімен күресу шаралары. – Алматы, 2010

    4. Әдеп және жантану (Ұлттық тәлім-тәрбие)  «Атамұра баспасы   1993
    5. Б. М. Теплов. Психология. Орта мектепке арналған оқулық.  Алматы, 6. К.С.Нурахметова. Жетістік психологиясы тренингтер әдістемелік нұсқау «Дарын» Астана-2009
    7. Тәжірибелік психология І-ІІ нұсқасы

    8. «Бес терек» жобасы – 2019

    Ұсыныстар:

    1. Әр бір сынып оқушыларымен жеке және топтық кеңес беру жұмыстары, диагностикалық әдістемелер ұйымдастырылса.

    2. Мектепте өтілетін түрлі іс-шараларға ата –ананы қатыстыру және мектеп пен ата –ана тығыз байланыста болса.

    3. Үйде ата-аналар, мектепте мұғалімдер баланың мінезіне, көңіл-күйіне қарай қарым-қатынас жасалса.


    написать администратору сайта