Психология. психология СРС-1. Таырыбы Мені мірлік жоспарым Орындаан Мхидин Глдана Крімызы Тексерген
Скачать 350.56 Kb.
|
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Турксой кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Менің өмірлік жоспарым» Орындаған: Мұхидин Гүлдана Кәрімқызы Тексерген: Адилова Эльнур Темиркановна Тапсырған күн: 01.10.2021ж Жоспар: 1. Мотивация және мотив ұғымдарына жалпы түсінік 2. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы дегенді қалай түсінеміз? 3. Менің өмірлік жоспарым. 4. Қорытынды Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топтың ішкі және сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету процесі, бұл – белгілі бір мақсаттарға бағытталған адамдарды белгілі бір жұмысты атқаруға түрткі болатын сыртқы және ішкі итермелеуші күштердің жиынтығы. Ал психологиянық көзқарас бойынша, мотивация – адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе қажеттілік. Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде болады, "арнайы " мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне әсер ететін факторларға тәуелді, сонымен қатар оған параллель әрекет ететін басқа мотивтерге де тәуелді болады. Мотивация – өмірдің мәні және жетістікке жету кілті. Жетістікке жету мотивациясы деген адамның қалаған нәтижеге қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажеттілігімен байланысты мотивацияның бір түрі. Жетістікке жету мотивациясы үшін ең маңызды қасиет ол – табандылық (Х. Хеккаузен). Ал сәтсіздіктен қашу мотиві деген адамның іс-әрекетінде негізгі мақсаттың табысқа жетуде болғаны емес, сәтсіздіктен қашу мотивінің басым болуы. Әр адам өз өмірін әрқалай елестетеді, тіпті кейбір адамдар үшін өз өмір жолын құру өте қиын. Мен өмірлік жоспарды жеке өмір және мансап саласында қарастырар едім, әлбетте екеуі өзара байланысты. Жеке өмір дегенім – менің отбасым. Ал мансап саласында мақсатыма жетуім үшін аз уақыт кетпейтіні анық. Адам өзінің бағасын білсе, тым қатты қиындық тудырмас деп ойлаймын, алайда ол үшін адамның мотивациясы орташа деңгейде болуы керек. Мысалы, мен ағылшын пәнінен репетитор болсам, бастапқы 2-3 айда 100 000 тг табуға әрекеттенемін және бұл мен үшін мотивация. Келесі айларда табысымның мөлшерін көбейтуге тырысамын. Солай жалғастыра берсем, менің жетістікке жету мотивациям артып, мендегі сәтсіздіктен қашу мотиві біртіндеп жоғалады. Қорытынды. Сәтсіздіктен қашып, қателік жасау -қате емес, керісінше, қателігінен сабақ алмау – қателік. Жетістікке жету мотивациясының молдығы – өмірлік мақсатқа жетудегі алғашқы әрі берік қадам. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 2-дәріс материалдары |