тапсырма. 1 практикалық сабақ. Таырып Арнайы мектептерде тзете оыту дістемесіні негізгі ережелері
Скачать 28.94 Kb.
|
№1 тақырып: Арнайы мектептерде түзете оқыту әдістемесінің негізгі ережелері Сұрақтар: 1.Арнайы мектептегі қазақ тілін оқытудың түзетушілік және іс-тәжірибелік бағыты, басқа ғылымдар арасындағы орны. 2.Арнайы мектептерде қазақ тілін оқытудың мақсаты, мектеп курсының қүрамы. 3.Арнайы мектептерде қазақ тілін оқытудың қағидалары. 4.Арнайы мектептерде қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері. Тапсырмалар: 1. № 1 дәріс материалдарын пайдалана отырып, берілген сұрақтарға толық жауаптар даярлау. 2. Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасына талдау жасау. 3. Тақырыптағы негізгі ұғымдар мен терминдер бойынша глоссарий жасау. 1. Бүгінгі таңда көмекші мектептегі ақыл-ойы кем оқушылардың білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлау білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар оқушының кәсіби біліктілігін, іскерлігін арттыру қоғамның міндеті болып табылады. Ойлау және сөйлеу - өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Қазақ тілі сабағында оқушылар оқу әрекетінде белгілі бір дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындалса, ойлау және сөйлеу әрекетте баланың іздену жұмысы басты нысанада болады. сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, ойлау және сөйлеу әрекеті нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерді дамытады. Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі сипаттамалар береді. Мәселен: И.Я.Лернер –сөйлеу және ойлау деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді айтады: Ойлау және сөйлеу: -проблеманы бұрынғы тәжірибеге сүйене отырып шешуді; -объектінің жаңа функциясын көре білу; -проблеманы шешудің балама жолдарын таңдай білу; -жаңа объект, жаңа шешім табуды белгілейді. Көмекші мектепте қазақ тілі пәні бағдарламаға сәйкес екінші сыныптан басталады. Қазақ тілін бұл мектептерде оқытудың негізгі мақсаты – қарапайым түрде күнделікті тұрмысқа, оқуға қатысты тақырыптар мөлшерінде оқушылардың ауызекі сөйлесу, түсіну, өз ойын қазақ тілінде жеткізе білу дағдыларын дамыту және әлеуметтік ортада қарым –қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тіліндегі дыбыстарды жеке, сөзде, сөйлемде дұрыс айтуға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеу – диалогтік және монологтік сөйлеу (ауызекі, жазба тіл) дағдыларын қалыптастыру. Берілген сұраққа жауап бере білу, сұрақ қоя білу, бірнеше сөйлемдерден шағын мәтін құрастыру, қарапайым тақырып бойынша өз ойын жеткізе білуге үйрету. Қазақ тіліндегі жарнамаларды, іс қағаздарын. мәтіндерді оқып, түсінуге машықтандыру. Қазақ тілі этикасына байланысты сөйлеу мәдениетін меңгеру. Қарым – қатынас жасауға белсендіретін тақырыптар алу. Сөйлеу және ойлау таным әрекеттерін түзете отырып, дамыту, оқыту. Көмекші мектептегі жоғарғы сынып оқушысын барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуына әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асыруда. Мектепте білім мен тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық талғамы, сезімі артады. Көмекші мектеп реформасын жүзеге асырудың барысында оқу мен тәрбие жұмысының көптеген мәселелеріне түбегейлі өзгерістер енгізіп, қайта құру қажеттілігі туады. Солардың бастамаларының бірі, мұғалім мен оқушы, мұғалім мен мектеп басшылары мен педагог арасындағы қарым-қатынас сипатының өзін бүтіндей өзгерту қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге, жаңа білімді еркін игеруге үйрету. Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар қазақ тілі сабағында түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Дамытып оқыту – бұл оқушылардың таным іс-әрекетін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Осының негізінде олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту керек. Оқыту жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытудың маңызды құралы. Балалардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамытудың негізгі мынандай шарты бар: Қазақ тілін оқытудың мақсаты – мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен дамытып қана қоймай, олардың ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады. Қазақ тілі сабағында оқушылар тыңдайды, көреді, оқиды, бақылайды, сабақ үстінде тапсырманы орындайды сонымен қатар даму процесс жүреді. Тапсырмалар оқушылардың қажетті ойлау және сөйлеу іс-әрекетін қалыптастырады. Сонымен бірге оқыту барысында оқушылардың өз бетінше жұмыс түрлерін орындауы. Өз бетіндік жұмыс – шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін олардың өз бетіндік жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге берерлік маңызы зор. Ойлау және сөйлеу өз бетінше жұмыс жүргізу, өте жоғары психикалық белсенділік. Ойлау және сөйлеу деген сұраныс кез келген бағытта дамиды. Ойлау және сөйлеудің деңгейі әр түрлі болады. Бірақ барлығы да жаңа нәрсенің тууына ашуылуына тікелей байланысты. Ойлау және сөйлеу арқылы ғылым мен өнер тіпті адам өмірінің негізі қалыптасқан. Дамыту шығармашылық бұл кездейсоқтық емес. Ол шынайы толыққанды адами мүмкіндік. Ойлау және сөйлеу қабілетін дамыту мәселелерін теориялық шолу жасасақ: Бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей қабілет арқылы психикалық үдерісте жаңа материалдарды қабылдау және тану танымдық тұрғыда іске асырылады. Ойлау және сөйлеу қабілеті тек адамға ғана тән. Ол еңбектің жемісін көрсетеді. Сурет салу не құрастыру немесе басқа да жұмыстар басталғанға дейін мүле басқаша көрінеді. Интелектісі төмен балаларға ортаға бейімдеу оңай емес. Оларға бастаған істі соңына дейін апару тіптен қиын. Сондықтан ең алғашқы маңызды міндет жағымды іс әрекет қалыптастыру. Осындай жұмыстардың сабақ барысында жүргізілуі жауапкершілік тапқырлық, бір-бірін түсіну, қиындықты бөлісу сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Ойлау және сөйлеумен белсенділігін арттыру кезінде төмендегі міндеттер шешіледі: - Баланың танымын түзету; - Баланың мүмкіндіктерін салыстыру және пысықтау ерекшеліктері - Балалардың әртүрлі өнер түрлерімен жеке бағыттармен танысу. - Өнерге деген эмоциональды-эстетикалық белсенді қарым-қатынасын адамның ішкі жан-дүниесінің қызығушылығын арттыру. - Күнделікті өмірден алған білімдерін қолдануға үйрену. Осылайша баланың барлық психикалық қызметі жұмысын жасап тұлға ретінде дамуы басталады. Сабақтан тыс жұмыстар ерікті түрде болатындықтан оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне байланысты ұйымдастырылуы қажет. Сабақтан тыс жұмыстар тәрбиешіге әр түрлі сабақтар өткізуге балалардың шығармашылық жұмысқа сүйіспеншілігін арттырып жұмысты орындауға қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады. Қорытындылай келе Ақыл-ойы кем оқушының қиялының дамуы төмен деңгейді көрсетеді. Фантазиясы нашар дамиды. Психикалық дамуы тежелген оқушылар үшін ойлау және сөйлеу қасиеттері дамымауы да мүмкін, олардың қимылы жай, әңгіме құрастыруда эмоциялары жеткіліксіз. Әр баланың даму деңгейі әр түрлі болғандықтан жеке жұмыс жүргізілуі керек болады. Кейбіреулерге ауызша айту керек болса, кейбіреулеріне көмек көрсету қажет. Барлық балалар мұғалімнің көмегін керек етеді. Бұл көрсеткіштер түзете-дамыту жұмыстарын ұйымдастырғанда әр баламен жеке жұмыс жүргізуде өте қажет. Мұндай жұмыстар сабақ барысында жүргізіледі. Бұл мұғалімнің жетекшілігімен жүйелі түрде жеткізіледі. 2. Қазақ тілі мектеп пәндерінің ішіндегі ең негізгісі болып табылады. Жазуға, оқуға немесе ауызша сөйлеу тіліне оқыту мерзімі шамамен оқыту жоспарымен 20-50% бөлінеді. Қазақ тілі бағдарламасы келесі бөлімдерді қарастырады: «Сауаттылыққа үйрету», «Ауызша сөйлеу тілін заттармен және айналамен таныстыру негізінде дамыту», «Оқу және тіл дамыту», «Грамматика, емле және тіл дамыту». Қазақ тіліне оқыту түзетушілік және практикалық бағытта болады және ол оқыту пәнінің мазмұны және құрылымымен анықталады. Бағдарламаның түзетушілік бағыты ең алдымен баланың сөйлеу тілінің дамуында көрініс табады. өйткені қазақ тілі сабақтарының негізгі мақсаты- сөйлеу тілін қарым- қатынас құралы ретінде оқушылардың таным әрекетін түзету және мектеп бітіргеннен кейін бейімделуін жеңілдету мақсатымен қалыптастыру болып табылады. Оқыту барысында баланың сөйлеу тілінің барлық жақтарын түзету жұмыстары жүргізіледі. Арнайы логопедиялық сабақтарда және қазақ тілі сабақтарында дыбыстауды түзетуді, фонетико- фонематикалық түсініктерін қалыптастырады. Оқытуға алты жыл бойы бағдарлама арнайы «Тіл дыбыстары»деген бөлімді қарастырады. Ол дыбыстық талдау, жинақтау жаттығуларын өткізуді, кейбір фонетикалық ұғымдарымен таныстыруды, дыбыстар мен графикалық белгілерді сәйкестендіруді қарастырады. Сөз қорының кедейлігі, грамматикалық негіздерді дұрыс қолданбау қазақ тілі сабағы үстінде көрінеді. Оқушылардың әрекеттің барлық түріндегі кемістігін ескере отырып бағдарлама оқытудың барлық кезеңінде дайындық кезеңін ерекшелейді. Бұл кезеңде балаларда өткен материал кемістіктерін түзету және жаңа бөлімдерді меңгеруге дайындау жұмыстары жүреді. Сауаттылыққа үйрету кезеңі әліппеге оқытудан басталады. Ол баланың сеномоторлық деңгейін түзетуге, сөйлеу тілінің күрделі кемістіктерін түзетуге, қоршаған орта туралы дұрыс түсініктерін қалыптастыруға негізделеді. Мұндай жұмыстар жүргізбесе, дұрыс оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру мүмкін емес. Жоғары сыныптардағы грамматиканың жүйелі курсының қарапайым кезеңі практикалық грамматикалық жаттығулар орындаудан басталады және осы кезеңде ақыл ойы кемтар оқушыларда фонетика, лексика, морфология, синтаксис негізіндегі тілдік жалпылаулар қалыптасады. Бұл сабақтар арнайы ұйымдастырылған бақылауларға сүйенеді. Осылайша, қалыптасқан тілдік жалпылаулар грамматикалық ұғымдар мен орфографиялық емелелерді меңгеруде негіз болады. Көркем шығармаларды түсіндіріп оқу (2-6 сыныптар) егер де ол тақырыпқа нақты сәйкес келсе және ересектер мен балалардың әрекеттерін бейнелеген жағдайда, оқушыларды үлкен көлемдегі шығармаларды, шетел тіліндегі әдебиеттерді (7-9 сынып), шетел жазушылардың шығармаларын оқуға әкеледі. 3.Зияты зақымдалған тұлғалар күрделі ұғымдарды қиындықпен меңгереді, ал қарапайымдарын оңай меңгереді. Сондықтан да, 1-9 сыныпқа дейінгі материал концентрикалық түрде орналасуы күрделі грамматикалық ұғымдар мен дағдыларды бөлуге және әрқайсысын жеке- жеке қарастыруға мүмкіндік береді. Берілген материалды баяу түрде қабылдау, білік дағдыны меңгерудегі қиындықтар, әсіресе вербальды деңгейде әр тақырыпқа берілген сабақ санын ұлғайтуды талап етеді. Мысалы, сауаттылыққа үйрету бір жылбойы оқытылады. Бағдарлама материалының практикалық бағытта болуы да өте маңызды болып табылады. Бұл бағыт ең алдымен ауызша сөйлеу тілін дамытудың арнайы ұйымдастырылған сабақтар мен ерекшеленеді. (1-4 сынып). Алғашқы сабақтардан –ақ бастап оқушылар мұғалімді мұқият тыңдауды, өз бетімен қарым – қатынасқа түсуге құрбыларының сөйлеуіне адекватты түрде жауап қайтаруға дағдыланады. Тек осы ауызша сөйлеу тілін дамыту сабақтарында, сөздік қорын дамыту интенцивті түрде жүреді. Сонымен қатар ауызша сөйлеу тілін дамыту және байланыстырып жазуға үйрету басқа да сабақтар үстінде жүргізіледі. Оған дәлел ретінде мына бөлімдер беріледі: «Оқу және тіл дамыту,» «Грамматика, сауатты жазу және тіл дамыту». Зияты зақымдалған баланың сөйлеу тілі қалыпты жағдайдағы баланың тілі секілді тілдің дыбыстық жүйесін эмпирикалық меңгеруінің көрінісі болып табылады. Зияты зақымдалған балалар мектепке келгенде сөйлей алады. Бірақ зиятының зақымдалу себебінен олардың сөйлеу тілі қалыпты жағдайдан артта қалады, осының салдарынан үлкен түзету жұмыстары жүргізіледі. Тілдің ары қарай дамуы тілдің заңдылықтарын меңгеруіне байланысты. Алғашқы оқыту жылдарында тілдік материалды меңгеру, бастауыш меңгеру, жаттығулар орындау барысында меңгеріледі. Жоғарғы сыныптарда қарапайым теориялық жалпылаулар енгізіледі. Осылайша, арнайы мектептегі грамматика курсы лингватеориялық болып табылады. Бұл практикалық граматика, яғни оқушылардың тілдік жүйені меңгеруіне емес, дамытуға және түзетуге бағытталғанын анықтайды. Практикалық грамматиканың негізгі мақсатына сәйкес теориялық мәліметтер бағдарламаға бөлініп алынған. Осылайша, ажыратып алынған тілдік мағұлымат сөз құрамы жайлы және оның қарапайым құрылу түрлері жайлы білім қорын құрады. Оқушылар сөз таптарымен, сөздерді жазу барысында жалғауларын дұрыс анықтаумен танысады. Оқытудың практикалық бағыты сонымен қатар, жоғарғы сыныпта барлық тақырыптарға терминалогиялық сөздік пен теориялық жалпылаулар берілетінімен сипатталады. Кейбір тақырыптарда оқушылар грамматикалық түсіндірме және практикалық жаттығулар негізінде танысады. Мысалы, «Құрмалас сөйлем» тақырыбы. Оқушылар жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге алмастыруды үйренеді. Зияты зақымдалған балалар көмекші мектепте ғана білім алады. Сондықтан қазақ тілі бағдарламасы оларға қарапайым болса да толығымен аяқталған білім, білік және дағдыны сонымен қатар, жазушылар жайлы мағлұмат беруді көздейді. Көмекші мектеп бағдарламасы қазақ тілін оқытудың келесі міндеттерін ажыратады: · Оқушыларға мәтінді дұрыс түсініп, ұғынып оқуды үйрету. · Граматика жайлы қарапайым материалды меңгеруге байланысты сауатты жазудың дағдыларын қалыптастыру. Баланың жалпы даму деңгейін жоғарлату. Оқушыларға өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізуді үйрету. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту. 4.Көмекші мектепте қазақ тілін оқытуды үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылымен шектеледі, бұл жағдай ақыл ойы кем балалардың психологиялық жағадайына байланысты. Бұл ерекшеліктер білім беру спецификасын, оқыту міндеттерін, материалды саралау және білім беру әдістерін ажыратады. Бірінші кезеңнің міндеті, балаларды жан- жақты және терең зерттеу, мектеп сабақтарына қатыстыру, сөйлесу тіл кемістіктерін түзету, есту, көру және тірек – қимыл анализаторларын түзету, алғашқы оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, жай сөйлемдерді құрастыру әрекеттерін дамыту. Бірінші сынып оқушылары жұмыс істейтін материал ол әріптер мен дыбыстар, сонымен қатар сөйлем түрлері, шағын әңгімелер. Жұмыс жүргізудің негізгі әдістеріне бұл кезеңде ойын түрлері және жаттығулар жатады. Осы жағдайда дағдыларды қалыптастыруда ойын басты орын алады. Оқушылар буын кестелерін құрып, суреттерді сәйкестендіріп, шыршадан сөз жасалған ойыншықтар алып жарысады. Оқыту ретінде жаттығу дыбыстық талдау жасаған кезде буындап оқу, мысалдарды таңдау кезінде қолданылады. Оқушылардың тез шаршағыштығын және талдау жаттығулардың қиындығын ескере отырып, бұл жаттығулардың арасына ойындарды қосқанды талап етеді. 2-4 сыныптарда оқытудың екінші кезеңі іске асады. Бұл кезеңде мынандай міндеттер шешіледі: ана тіліне деген қызығушылықтарын ояту, алғашқы тілдік жалпылауларды қалыптастыру, сөйлеу тілін жетілдіру, сөз қорын активтендіру, өз ойын ауызша жеткізе алуға үйрету, грамматикалық мағұлыматтар мен орфографиялық емлелерді меңгерту, шығарма, әңгімелерді мәнерлеп және түсініп оқуға дағдыландыру. Бұл кезеңде материалды меңгеруі емлені механикалық түрде жаттауда емес, нақты материалмен жұмыс жасау кезінде іске асады. Негізгі әдіс – оқуда және жазуда түрлі практикалық жаттығуларды қолдану. Ойын – оқытудың басты әдісі болып қала береді. Арнайы сабақтарда оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіле береді. Қоршаған орта туралы түсініктері байды, өз қабылдауларын ауызша жеткізе алуға дағдыланады. Үшінші кезеңнің (5-9 сыныптар) міндеттері – оқу техникасы ары қарай жетілдіру, жүгіртіп оқу дағдыларын қалыптастыру, оқып отырған материалды саналы түрде түсіну, мазмұндап беру. Жоғарғы сынып оқушылары өз ойларын асықпай сауатты, нақты, жазбаша және ауызша түрде жеткізуге үйренеді. Үшінші кезеңде жұмыстың негізгі әдісі – жаттығулар дегенмен, тапсырмалар қиындай түседі, күрделі материал енгізіледі. Сонымен қатар бастауыш сыныптарда жаңа материалды бекіту мақсатымен жүреді. |