Главная страница
Навигация по странице:

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • реферат. Саясаттану реферат. Тексерген Мазмны


    Скачать 129.02 Kb.
    НазваниеТексерген Мазмны
    Анкорреферат
    Дата30.03.2023
    Размер129.02 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСаясаттану реферат.docx
    ТипРеферат
    #1027035
    страница2 из 2
    1   2

    9.Ежелгі шығыстағы  саяси ойлар.

    Саяси-құкықтық ілімдер  алғашқы кезде адамдардың  мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе  ежелгі Шығыс жөне Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда,  гректерде, қытайларда, римдіктерде және т.б. халықтардың мифтік аңыздарында көрініс табады.

    Мифология — ежелгі адамдардың өзін қоршаған әлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегі өндіріс қатынастары  мен өндіргіш күштердің жетілмегенін, бүкіл әлемді, оның заңдылықтарын  түсіну өте қиынға соқты.

    Мифтік көзқарастарда  болашақ ілімдердің элементтері де кездесетін, оларды алғашқы адамдар өздерінің тіршілігі мен қызметіне қажетті түрде пайдаланған. Мифтік аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайшылардың билегендігі, кейіннен құдайлар адамдарды ел билеу әдістсріне үйретіп, ел билеуді олардың өз қолдарына бергендігі туралы айтылады.

    Хаммурапи бірінші Вавилон  әулетінің алтыншы патшасы (б.з.д. 1792—1750 жж.) Бұл уақыт Вавилонныц бүкіл Қос озен аралығында экономикалық, саяси жане мәдени орталығына айналу және оның гүлдену мен дәуірлеу кезеңі. Вавилонның саяси және әлеуметтік құрылымы туралы бағыты және жан-жақты мәліметтер қалдырған. Хаммурапи зандары жазылған биік базалы бағана 1901—1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезінде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тәуіпі Шаман қүдай және оның алдында ілтипатты түрған әйел патша Хаммурапи салынган.

    Әділдіктің қорғаушысы ретінде баяндалған бұл заң еркін  адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзінде бекітеді. Олардың  әлеуметтік жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретінде бағалайды, билеуші топтың мүдесін және жеке меншікті кызғыштай қоргайды.

    Ежелгі парсылардың  дүниетаным туралы көзқарасгары зороастризмде  көріпіс тапты және дамытылды.

    Зороастризм бойынша  мемлекет аспан қүдайы Ормуздаиын жердегі билігі болып саналады. Мемлекет билеушісі — монарх — жердегі Ормузданың омірі орындаушы қызметкері, ол халықтық жауыздық пен жамандықтан қорғауға, мемлекетке қауіп төндіретін әрекетке қарсы күресуге, қайырымдылық нәрін себуге міндетті.

    Қоғамның әлеуметтік құрылымы, зороастризм бойынша, әркімнің қандай кәсіппен шұғылдануы еркін таңдауы  бойынша жүзеге асырылады. Бұл әлеуметтік топтың әрқайсысының басында жетекшілік ролді атқаратын неғұрлым белсенді жәнебеделді адамдар тұрады. Заратустра Ормузда қызметшілерін өзара сүйіспеншілік пен сыйластыққа, бір-бірін кешіре білуге және бітімге  шақырады.

    Ежелгі Үндістандағы саяси және құқықтық ілім мифтік және діни көзқарастар түрінде қалыптасты.

    Брахманизм идеяларының  алғашқы көріністері б.э.д. екі мыңдаған жылдықтағы "Веда" ескерткіштерінде кездеседі. "Веда" — "білім, кіріспе" (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінетіндігі және олардың брахмандар — Пуруши құдайдың аузынан, кшатрийлер — құдайдың қолынан, вайшийлер — құдайдың санынан, шудралар — құдайдын табанынан жаратылды деп айтылады. Манузаңдарының 96-бабында "Тірі нәрселсрдің ішіндегі ең қасиеттісі — жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар" деп айтылады.

        «Манузаңдарында»  адамдардың варналарға бөлінуі  және олардың қоғамдағы орны  мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалады.  Мұнда да брахмандардың жоғары  дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі,  артықшылығы туралы айтылады.

    "Ману зандары"  бойынша патшаның өкілдігі шектеулі, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек.

    "Ману заңдарының" 7-тарауы бүтіндей жазаға арналган. Онда жазаның қуаттылығы мен  күштілігі және коғамға пайдасы  туралы көп айтылады. "Жаза  бүкіл адамды билейді. Жаза адамдарды қорғайды, ол өзгелер ұйықгап жатқанда сергектік танытады, данышпандар жазаны, данданы қорғаушы" деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздіксіз жүзеге асырып отырмаса, оңда күштілер «әлсіздерді қармақтағы балықтай қуған болар еді. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкіл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкпі халық наразы болар еді" делінеді.

    Әртүрлі варна мүшелерінің  құқықтары мен міндеттерінің  тең болмауы олардың заң алдындағы  қылмыс пен жазадағы әділетсіздігінсн көрінеді. Брахмандар заң алдында ерекше жеңілдіктерге ие болған. "Әлемдегі бар нәрсенің бәрі брахмандардың меншігі болып табылуымен бірге" (100-бап), оларға ешқашан тон жазасы қолданылмайтын еді. Олар үшін ең ауыр жаза — шашын алу болып саналды. Қылмыс үшін айып төлеуде варналардын қоғамдағы теңсіздігінің. сипаты анық көрінеді. Мысалы, брахмақнды тілдеген кшатрийге 100 пан айып салынады. вайший екі жарым есе артық төлейді, ал шудрадене жарақатымен жазаланады (267-бап). Ал "брахман кшатрийді тілдесе 50 пан, найшийді тілдесе, оған 12 пан айып салынады" (268-батт).

     Ежелгі Қытай философиясы  мен қоғамдық-саяси ойындағы ықпалды  ағымдардың бірі даосизм ілімінің  негізін салушы болып б.э.д. VI ғасырда  өмір сүрген Қытай оқымыстысы  Лао-цзы болып саналады.

    Даосизм ілімінде асқан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады. Бұл заңшылық жоғары қайырымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адам тең. Өз дәуіріндегі мәдени жетімсіздіктер мен адамдардың әлеуметтік-саяси теңсіздігін, халықтың қайыршылық жағдайын және т.б. Лао-цзы даодан ауытқу деп есептейді. Сол кездегі халыктың ауыржағдайына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдікті қайта орнататынына сенеді.

    Даосизм ілімінде адамдардың қанағатшылығы мен белсенді әрекеттермен тартыну принципі көбірек орын алған. Лао-цзы сонымеи бірге соғыстың барлык түрі мсн армияны қатты сынға алады. Оныңайтуынша, әскер жүріп өткен жерде арам шөптер мсн тікенектер ғана өседі, үлксн соғыстардан кейін ашаршылық жылдары басталады. Прогрестік дамуды жақтырмаған Лао-цзы өткен дәуірдің қайта оралуды және білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынады. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға "дао" жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды. Ондай билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды. Оның басты міндсті — елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау ғана.

    Қытайдағысаяси және философиялық ілім тарихында конфуцизм  ілімі маңызды роль атқарады. Оның негізін қалаған б.э.д. 551—479 жылдары  өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды.

    Дәстүрлі көзқарастарға  суйенген Конфуций меншікті патриархшы — патерналистік концепциясын дамытты. Оның айтуы бойынша, мемлекет — үлкен жанұя.

    Әлеуметтік теңсіздікті  қалыпты жағдай ретінде қарастырған  Конфуций аристократиялық билік  концепциясын, яғни ақ-сүйектер тобының  билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тиесілі жақтаған Конфуций билеушілерді өз бағыныштыларына кайырымды болуға шакырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады. Биліктің осы ережесін жақтаған Конфуцийден "Шөп жел сокқан жаққа кисаяды деген нақыл сөз қалған. Ішкі жәнесыртқы соғыстарға карсы болған Конфуций Кьггай жсрінен алыс түратын басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды.

    Конфуцийдің этикалық-құқықтық және мінез-құлық нормалары мен  принциптері адам өмірі мен тұрмысының барлық жағын қамтыған. Бұған дәстүр ережелері (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо). адамдық касиет (жэнь). адамдар қамқорлығы (шу), билеушіге адалдык (чжун), парыз (и) және т.б. жатады.

    Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы "өлсм өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүреді, сондықтан да оның тіршілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет» дсп ой түйеді. Яши адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты. Сянь-цзының пікірінше адам тумысынан қызғаншақ, дүниеқұмар, алакөз болып келсді. Сондықтан да адамдардың мінезіне жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыптан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге және бір-бірінің қателігін бетке байып айтуы тиіс. Бұл туралы ол былай дейді: "Менің қателігімді дұрыс көрсеткен адам — менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі — менің досым, ал маған жағынъш, жарам ақтанушылар — менің жауым".

    Конфуцизм ілімі, сонымен  бірге, ел билеушілері мен өкімдерге  де қол астындағыларға тап баласындай қарауға кеңес береді. Конфуций бойынша "ақылды билеуші ауыр жазамен адамдардың жанын қинамайды, оларды табаңдылықпен, сң алдымен өзі үлгі-өнеге көрсетіп жақсылыққа тәрбиелейді". Конфуцизм ілімі мемлекеттік дін рөлін атқара бастады.

    Ежелгі Қытайдағы легизм идеялары б.з.д. IV ғасырларда жарық көрген . Легизм ілімінің және заңшылдар мектебінің негізін қалаған ол Шан облысының билеушісі: болды. Шан Ян заңдар мен қатал жазаға сүйенген басқару жүйесін қолдады. Сол кездегі үлкен ықпалға ие болған конфуцизмді сынаған Шан Ян заң нормалары ғана елде тәртіп орната алады деп есептеді. Ел басқарудың негізгі әдісі ретінде қатал заңдарды жақтаған ол мемлекет пен адамдар арасындағы қатынастарды оңай реттеуге болатындығын айтты. Бұл "кімді КІМ жеңетіндігі" туралы принципке негізделген таптар күресінің қатынастарын көрсетті. Оның айтуынша, "халик, өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, армия күшті, өрі қуатты болады".

    Шан Янның басқару  туралы концепциясы адамдарға дұшпандық  көзқараста болу оларды жазалау және күштеу шаралары арқьлы қалаған тәртіпке көндіруге болады деген тұжырымға сәйкес келеді Легистер ше Шан Яннан басқа да Цзьн Чань, ІІьн Бү-хай, Ханфэи және т.б. одан әрі дамытты.

      10) Антика дәуірінің философиясы

    Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

    Ертедегі Грецияның  алғашқы философтары стихиялы материалистік  бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

    Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

    Ертегрек (антикалық) философиясы  өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

    1. Сократқа дейінгі  кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

    2. Классикалық кезең  (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель  философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

    3. Римдік-эллиндік кезең  (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ.  басы). Стоиктер, скептиктер және  эпикуршілдік мектептер басымдылық  танытқан кезең. 

    Милет мектебі-грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.

    Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) –  Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша  ерте грек жеріндегі жеті данышпанның  бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.

    Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.

    Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны  материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген  пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

    Анаксимандр (шамамен  б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің  материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортансында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері – жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған.

    Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист  – философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар – от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.

    Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің  бізге тек үзінділері ғана жеткен «Табиғат туралы» шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазірде бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі» Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; «ұлы маусым» біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың». Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деде. данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.

    Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуакн түрлілігінің түп негізі деп санаған.

    Сандардың қасиеттерін  зеттей отырып, Пифагоршылдар жұп  және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.

    Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда  болған философиялық мектеп. Басты өкілдеріКсенофан, Парменид, Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

    Ксенофан (б.д.д. 6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы. бүкіл  мифологияны алғаш сынаушылардың  бірі: «адамдар Құдайды тек өздеріне ұқсатып жасайды, егер жануарлар Құдайға сенетін болса, оларда Құдайды өздеріне, яғни жануарға ұқсатып елестетер еді»,- дейді. Дүние жер мен судан пайда болды деген көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз деп санады.

    Парменид - «болмыс» ұғымын алғаш рет философияға енг3зген6 ежелг3 грек философы, Элей мектебінің өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын, тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті. Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және қараңғылық. Сезімнің көрсетуіне сенбеу, пайымдық білімді жоғары бағалау Парменид іліміндегі рационализмнің басым екендіген аңғартады. «Болмыс-бар нәрсе, олай болса ол туралы ойлауға, оймен бейнелеуге, зерттеуге, сипаттауға болады»,-дейді.

    Зенон (б.д.д. 490-430 ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық табиғаты туралы мәселелерді теріс формада қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған (елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе» т.б. апорияларымен белгілі. Апория (гр. aporia-шарасыздық)-ежелгі грек философиясында шешілуі қиын мәселені білдіретін ұғым. Апория заттың өзінде немесе ол туралы ұғымдағы қарама-қайшылықтың негізінде пайда болады. Зенонның қозғалыстың мүмкін еместігі туралы пайымдауларын апория деп атайды. Зенон апорияларының мәні мынадай: белгілі қашықтықтан өту үшін оның жартысын жүріп өту керек; жартысын жүріп өту үшін осы жартының жартысын жүріп өту керек, сөйтіп осылай кете береді. Бұдан шығатын қорытынды: қозғалыстың басталуы мүмкін емес.

    Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы, Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық көзқарастың негізін  салушылардың бірі. Ол дүниенің бастамасы  ретінде екі негізді-атом мен  бос кеңістікті алға қояды.

    Атомдар бос кеңістікте бір жерден екінші жерге ауысып, үздіксіз қозғалып отырады. Осы қозғалыс процесінде олар бір-бірімен қосылып, тұтас материяны  құрайды: отты, суды, жерді тудырады. Атомдар-болмыс, ал бос кеңістік-болмыс емес.

    Демокрит танымның материалистік теориясын дамыта келіп, адамның санасы-обьективті түрде атомдардың сезім мүшелеріне жасайтын әсерінің нәтижесі деп есептеді. Дүниені танып-білудің екі түрін көрсетеді:

    1. Сезім арқылы танып-білу,

    2. Ақылмен танып-білу.

    Демокрит біздің сезім мүшелеріміз-көру, есту, иіс сезу, дәм білу, тән сезімдеріміз-заттар мен қозғалыстардың бәрін бірдей қабылдай алмайды, дүниеде шексіз ұсақ нәрселер бар, адам оларды ақыл-ойы арқылы ғана тани алады.

    Демокриттің атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Оның материялық атомдардың обьективті өмір сүретіндігі туралы жалпы философиялық көзқарасы ғылым мен филосогфияның тарихында орасан зор маңызға ие. Демокриттің көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар әрі қарай датытты.

    Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана)-«даналықтың,»  «шешендіктің» кәсіби ұстаздары  ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған. Олардың халықты риторикаға, философияға үйретудегі атқарған еңбектері  зор. Діннен бас тарту, табиғат құбылыстарын ұтымды түсіндіру, этикалық және әлеуметтік релятивизм-олардың ортақ көзқарасы болып табылады. Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғатты материалистік тұрғыда түсіндірді. Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик, Антифондар-алғашқы ағартушылар. Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы)-Гипподам, Критий-философиялық идеализмге ден қойғандар. Софистер дау–дау кезіндегі кейіпке байланысты пайда болған «Софистика» деген әдісті қолданды. Софистика – дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сондықтанда Аристотель оларды «жалған даналық» ұстаздары деп атады.

    Антикалық философияның екінші-классикалық  кезеңі-ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.

    Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) –  ежелгі грек философы, оның ілімі материалистік  натурализмнен идеализмге ауысу  кезеңін бейнелейді. Афиныда ғұмыр кешіп. одан Платон, Евклид, Антисфен, Аристипп секілді ұлы адамдар дәріс алады. Сократ ілімін тек Платон мен Аристотельдің айтуы бойынша ғана білеміз. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде. Сократ этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сократтың этикасы рационалды: жаңсақ әрекеттер білместіктен жасалады, ешкімде өз еркімен зұлым болмайды.

    Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Сократқа жүгінсек «Менің білетінім ештеңе білмейтіндігім»  қағидасының мәні ашыла түспек.

    Платон (б.д.д. 428/427 – 348/347 )- ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, объективті идеализмнің негізін қалаушы, 30-дан  астам философиялық диалогтар ретінде  жазылған еңбектердің авторы. («Парменид», «Теэтет», «Мемлекет», т.б.) Дүниеге  идеалистік көзқарасты қорғаған Платон сол заманның материалистік ілімдеріне қарсы белсенді күресті.

    Платон объективті идеализмнің  жүйесін жасады. Сезім арқылы қабылданатын «заттар дүниесіне» «идеялар дүниесін»  қарама-қарсы қойды. Идеялар объективті түрде табиғат пен қоғамға тәуелсіз өмір сүреді. Нақтылы «заттар дүниесін» Платон көлеңкелер дүниесі деп атады, өйткені заттар дегеніміз идеялардың көшірмелері, көлеңкелері ғана деді. Идеялар дегеніміз заттардың мәңгілік бейнелері, оларды ойша «сезілетін заттар» ғана көреді.

    Адамның жаны, рухы тәнге  тәуелсіз о дүниеге идеяларда  өмір сүреді. Ол материялық емес, мәңгілік нәрсе. Адам бойына уақытша ғана қонақтап, кейін тәннен ажырап, өзінің мәңгілік әлеміне қайта оралады. Платон философиясында «идеялар дүниесі»– «Эйдос» деп  аталады.

    Сезімдік дүние «идеялар»  мен «материяның» туындысы, арасында, екеуінің ортасын,да тұрады. «Идеялар»  мәңгілік, аспаннан да биік, олар туылмайды, пайда болмайды, өлмейді, салыстырмалы емес, кеңістік пен уақытқа тәуелді  емес. Платон ілімі философияның кейінгі уақытта өркендеп, дамуына көрнекті роль атқарды.

    Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) – ежелгі грек философы, логика және басқада көптеген ілімдердің негізін  қалаған энциклопедист-ғалым. Әлем бойынша бірінші ұстаз атағына  ие. Фракңиядағы Стагирда туған, Афиныдағы Платон мектебінде тәрбиеленді. Платонның денесіз форма жөніндегі («идеялар дүниесі» пікірін) теориясын сынаса да «идеялизм мен материализм» арасында екі ұдай күйге түсіп платондық идеяны толықтай жоққа шығара алған жоқ. Аристотельдің айтуы бойынша рух тәннен бөлінбейді, тән өлгенде жанда жоғалады. 335 ж. Афиныда өз мектебін (Ликей деп аталды) ашты. Аристотель философияны үш салада бөліп қарастырды: 1) Теориялық бөлімі – болмыстың кезеңдері, себептері мен түп негізі турасындағы ілім; 2) Практикалық бөлім – адамдардың іс-әрекеті жөнінде ; 3) Поэтикалық бөлім –(творчество) шығармашылық жөнінде. Ал ғылымның зерттейтін объектісі – адамның ақыл-ой өресі жететін дүние.

    Аристотель табиғатты  «материяның» «формаға», «форманың» «материяға»  біртіндеп ауысуы түрінде қарастырды. Алайда материядағы қозғалыс бастамасының баяулығын байқап, түбінде қозғалыстың түп төркіні мен мақсатқа келіп тірелетін форманың белсенділігіне баса назар аударды. Қозғалыс атаулының түп төркіні – «өзі қозғалмайтын, қозғалтуға түрткі болатын» - Құдай деген тұжырым жасады.

    Адамның ақыл-парасатының  қабілетін этикадағы ең жоғарғы  қозғаушы күш деп тапты. Аристотельдің  моральдық үлгісі – Құдай, яғни «өзін  ойлайтын ой» - нағыз кемелденген  философ.

    Антикалық философияның үшінші кезеңі римдік –эллиндік кезең ( б.д.д. 3ғ – б.д. 6ғ.). Платон мен Аристотельдің философияға енгізген орасан зор еңбектері мен жаңалықтарынан кейін философия айтарлықтай беделге ие болып, дәрежесі өсе бастады. Бұл жағдай «Эллиндік дәуірдің» өркендеп, гректік ойлау ерекшелігінің Жерорта теңізінің барлық территориясына таралуына септігін тигізген еді. Мұнымен қоса, Александр Македонскийдің бірнеше елді мекендерді жаулап, сол жерлерде жаңа мәдениетті жасауы боды.

    Бір жағынан грек ойшылдарының философиясы жан-жақты таралып, қанат жая өркендеп өсуі- сол замандағы адамдардың өз өмірдерін жақсартуға деген құлшыныстарына да байланысты болды, өйткені, олар «қалай өмір сүру керектігін» білу үшін, «данагөй» болуға тырысты. Соған орай философия жүйеленіп, догматикалық сипатқа ие бола бастады. Қалаған мектебінен, ұстазынан білім алатын жағдайға жетті, себебі әртүрлі философиялық мектептер қалыптаса бастады. Ерекше сипатқа ие болған философиялық мектептер қатарына стоиктер, эпикуршылар және скептиктерді жатқызкға болады. Мүмкін, Сіз, философияның барлық бағыттарын меңгеріп, олар туралы білетін шығарсыз, бірақ қайсысын таңдар едіңіз, әрине, күнделікті өміріңізде қолданатын болғандықтан. Адам өмірінің жандануы мен құлдырауы жөніндегі мәселе сол кездегі негізгі философиялық сұраққа айналды. Бұл сұрақ ақиқатқа жетудің жолын емес, бәрінен бұрын қалай жақсы өмір сүруге болады деген мәселенің шешімін іздеді. Міне, осы сұрақ төңірегінде өрбіген стоик, эпикуршыл және скептиктер секілді ағымдар өздігінше жауап беруге тырысты.

    Сіздің басыңыздан мынадай жағдай өтті ме: жақсы не жаман сәттер, оқиғалар болуы мүмкін, бірақ сіз осы жағдайларға салқынқандылықпен қарап, тіпті назарға аудармайсыз. егер солай болса, онда сіз Стоиксіз. Сіз стоик ретінде болып жатқан барлық құбылыстармен оқиғаларға билік етіп, оларды қалағаныңызша өзгерте алмайтындығыңызды түсінесіз. Ал, қаншалықты билігіңіз жүрмегендіктенде, болған істі өзгертуге тырысудың қажеті жоқ.

    Стоиктер («стоя») мектебі. Аталған мектептің негізін салған Китиондық Зенон. Өкілдері Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий. Стоиктердің басты идеясы – сыртқы дүниенің түрлі әсерлерінен құтылу болды. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін философтар табиғатпен бірлікте болуға шақырып, байлықты, әсемдікті жақтады. Жағымсыз әлде қуанышты сәттер болсын, салқын қандылық таныту керек, жағымсыз, жан дүние - өтпелі, сондықтанда одан құтылуға асығудың қажеті жоқ.

    Эпикуршылдар мектебі  – негізін салған Эпикур. Ірі  өкіл Лукреций Кар. Мектепті эпикур бақшасы  деп те атайды. Ол Эпикур үйінің артында  орналасқан бақшамен байланысты. Осы  бақшада шәкірттер білім алып, сол жерде өмір сүрген. «Атараксия» ( гр. «ataraxia» –сабырлылық, жан тыныштығы, оған дана адамдар ғана қол жеткізе алады.) күйіне жету үшін бақшадан тысқары шығармаған. Эпикур өмірден өткеннен кейін, мектепті шәкірті Гермарх басқарады.

    «Өмірдің мәні – бақытты  болуда» дейді Эпикур. Өмір сүрудегі ең негізгі мақсаты – жан тыныштығына  жету. Эпикуршылдар – жан тыныштығына  жетудің, саналы түрде қайғы –  қасіреттен арылудың жолын іздестірушілер.

    Танымның мақсаты- адамды надандық пен жоққа сенушіліктен, құдай мен ажалдан қорқудан арылту, ал мұнсыз бақытты болу мүмкін емес. Эпикурдың ойынша, Құдай адам өміріне араласпайды, сондықтан, ол туралы ойлап, бас қатырудың қажеті жоқ, себебі жоғары жаратушы күшке сену – азаптанудың көзі. Эпикур құдайға сенбегендіктен, Жаратушы күш адамдардың өміріне, іс-әрекеттеріне араласпаса. онда не үшін ржаратты деген ойға келеді. Әлем, адамзат баласын не үшін жаратты деген сұраққа жауап іздеу барысында Дүние – атомнан құралған деп санаған Демокритпен танысады.

    Эпикур – Демокриттің атомдық көзқарасын жалғастырып, толықтырулар енгізеді. Эпикурдың ойынша бос кеңістікте бірдей шапшаңдықпен қозғалатын атомдардың соқтығысуы мүмкіндігін түсіндіру үшін ол атомның тура бағыттан спонтанды (іштей шартты) «ауытқу» ұғымын көрсетті. Таным теориясы бойынша Эпикур –сенсуалист. Түйсік әрқашан өзінен- өзі ақиқат, өйткені ол объективті нақтылықтан туады; ол қателіктер түйсікті түсіндіруден туады. Түйсіктің пайда болуын Эпикур материалистік тұрғыда былай деп түсіндірді: дененің бойымен өте майда бөлшектердің үздіксіз ағысы жүріп, олар сезім мүшелеріне енеді және заттардың бейнелерін туғызады.

    Эллинизм кезеңінің үшінші мектебі  – скептиктер болды. Скептицизм (гр. Skeptikos -сынаушы) – объективті шындықты танып-білудің мүмкіндігіне шүбә келтіретін философиялық концепция. Скептицизмнің соңы – агностицизмге әкелді. Алғашқы скептик Пиррон (б.д.д.360-270 ж.ж.ш.) – ежелгі грек философы, антикалық скептицизмнің негізін қалаушы. Оның айтуынша ешнәрсеге сенімді болмау керек деп үйретті. Ол бақытқа жетудің жолын іздестіреді. Бақыт – сабырлылық, жан тыныштығы және азаптың жоқтығы. Біз заттар туралы ештеңе біле алмаймыз, сондықтан олар туралы қандай да болмасын пікірлерден бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн: мұндай қадамға бару – жан-дүниенің тыныштығына қол жеткізеді. Соған орай скептиктер мынадай жағдайларға байланысты пайда болды деп айтуға болады: адамның (догмасы) ақиқат деп жүрген ой-тұжырымы шындығында қателік, жалған болып шығуы мүмкін (Догма – ақиқат, шын деп есептелетін идея немесе идеялар жүйесі). Өкілі С.Эмпирик.

       11) Орта ғасырлық Шығыстағы саяси ой-пікірлер.

    Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) «Тамаша қала тұрғындары¬ның көз-қарастары  туралы» деген саяси трактатында  мемле¬кеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарас¬тырылады. Мемлекет адамдардың өз қажеттерін мүмкіндігінше жақсы құру мақсатымен бірігуі арқылы қалыптасады дейді. Қысымға, өктемдікке негізделген, сыңаржақ адам басқарған мемлекетті айыптады.

     Әл-Фарабидің еңбектерінде үлгілі  қоғамның жобасын жасау¬ға талпыныс  бар. Ол мемлекетті адамдардың қажеттігін қана¬ғаттандыру мақсатымен жасалған бірлесудің нәтижесі деп есептеді. Адамзат қоғамын Фараби мынандай жіктерге бөледі: ұлы қоғам (жер бетіндегі мекендеген барлық адамдардың, халықтардың бірлестігі); орта қоғам (белгілі бір халықтың қоғамы), кіші қоғам (адамдардың жеке қалаларға бірігуі). Ол сондай-ақ мейірімділік, зұлымдық, еңбекке көзқарас туралы моральдық категорияларды басшылыққа ала отырып, қала-мемлекеттерді игілікті, ұжымдық, жеккөрінішті деп те жіктейді.

     Өзінің «Фусул ал-мадани» («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері») деген шығармасында: «Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс», – дейді. Аталған трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның арақатынасына, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – денелік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.

     Фараби «Азаматтық саясатта»  қоғамдық мәселелерді талдауды  қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде...» ол мұны ең кішкене ұядан – от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке – ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гума¬низмнің биік көріністерін табамыз.

     Ғылым жолына әбден берілген  әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан  ығыс¬тырылған несторианшыл христиандар  тұратын Хорасанға келіп қоныс  та тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды.

     Әлішер Науаи (1441-1501) саяси  ой-пікірлерінде халықты қыспаққа  алған, қанаған рухани, діни басшыларды  сынады. Халыққа қызмет етуді ең жоғарғы игілік дейді. Патшалардың қаталдығын да өткір сынайды. Дін мен оның қызметшілерін жек көрген. Дамып отырған феодализм жағдайында сауатты монарх басқарған мемлекет идеясын ұсынды. Бір орталыққа бағынған монархияны жақтады. Тұтасымен алғанда саяси ой-пікірлерінің өзекті мәселелері – мәдениетті дамыту, халыққа қызмет көрсету, жемқор феодалдарды сынау, халықтар дос¬тығы идеясы болды.

     Закавказьенің ой-пікірлері.  Закавказьеде феодализмнің дамуы  араб басқыншыларына қарсы бағытталған  күреспен қабат келді. Әзірбайжандағы Бабек бастаған шаруалар соғысы (816-837) маздакизм идеясын ұстады. Антифеодалдық, анти¬исламдық сипатта өрістеді. Феодалдық тәуелділік пен фео¬далдық жер меншігін жоюды, шаруаларды азат етуді, «баршаға бірдей теңдік» орнатуды көздеді.

     Көрнекті ойшыл,  ақын Низами Глянджеви (1141-1209) феодалдық қоғамның әлеуметтік  және саяси құрылысын өткір  сынады, езілген халықты жақтады.  Шахтардың билігі зорлыққа негізделгенін  айтты. Достықты, еңбекті мадақтады,  ағартушы¬лық монархиясын қолдады.  «Хосров пен Шырын», «Жеті сұлу» поэмаларында осындай монархияны жырлайды. Патшалар халық үшін өмір сүруі керек дейді. «Искандер-наме» поэма¬сында аңызға айналған үлгілі қоғамдық құрылысы бар елді суреттейді. Онда мемлекет те, мемлекеттік құрылыс та жоқ, мүлік пен әлеуметтік жағынан тең адамдар бар жағдайды армандайды. Соғыс атаулыны айыптап, бейбітшілікті дәріптейді.

    12) Саяси ой-пікірлер  тарихындағы Еуропалық орта ғасыр.

    Орта ғасырлық Шығыстағы  саяси ойдың тарихи дамуы тек  Шығыстың ғана емес, Еуропаның, жалпы бүкіл адамзаттың әлеуметтік-саяси іліміне қосылған үлкен үлус болды.Еуропаның орта ғасырлық саяси ойының өзіндік ерекшелігіне, ең алдымен,батыстың саяси ойына негізінен христиан діні мен Рим шіркеуінің  күшті ықпалы себепші болды. Сол тұстағы саяси ойдың орталық мәселелерінің бірі қандай билік басым юолу керек рухани-діни немесе зайырлық па, деген мәселе болды. Шіркеудің саяси талаптарын негіздей келіп, оның идеологтары билеушілердің қуаттылығы шіркеуден шыгады, ал шіркеу өзіне беделді тікелей Христадан алады деп сендірді. Осыдан христандық ел билеушірінің сөзсіз міндеті-христиан шіркеу басына бағынатындығы болып шығады.

    Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий  Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.

     Августин барлық  әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық  мекемелер мен зандарды адамның  күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің  еркіндігін береді, яғни ол өз бетімсн (күнәһар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.

     Христиан дінінің  саяси теориясын жасап, шыңына  жеткізген монах Фома Аквинский  (1225—1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.

     Аквинский өз шығармаларында  Аристотельдің көзқарастарын католик  дінінің қағидаларына бейімдегісі  келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің  адам қоғамдық және саяси тірі  жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты — "ортақ игілікке" жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.

     Фоманың ойынша, билік  құдайдың құдіретімен орнайды.  Сондықтан патшалық билік жоғары  діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

     Осыған ұқсас саяси  көзқарас мұсылман дінінде де  орын алды. Ислам саяси билік  дін басыларының қолында болуын  көздеді. Құранның талабы бойынша  қай мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.

    13) Ағартушылық  дәуіріндегі саяси ілімдер.

    Неміс ойшылы, августин монахы Мартин Лютер орта ғасырдағы протестантизмнің ірі идеологы болды. Ол діндір ғалым, Германиядағы Реформацияның көрнекті қайраткері, Германия, Балтық жағалауы, Скандинавия елдеріне кеңінен тараған лютеран діни сенімін негіздеуші. Оның «неміс ұлтының  христиан дворяндарына», «Шіркеудің вавилондық тұтқындалуы туралы» және т.б. еңбектері  бар.

    Католик шіркеуіне қарсы  бағытталған Лютердің көптеген саяси идеялары, «Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бүл діни қозғалыстың дем берушісі — Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бүл қозғалыс — католиктік шіркеуді қайта қүруға, діни салт- жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бүл қозғалыс¬тың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің «протестанизм» деп аталатын мүл- де жаңа бағыты қалыптасты. Дін тарихында «протестанизм» деген атау 1529 ж. Шпейгер рейхстагыңда алғаш рет қолданылды. Мүнда Лютердің жақтаста- ры осы рейхстагтың 1526 жылғы «Дін түту еркіндігі туралы» өз шешімдерін бүзу әрекетіне «қарсылық» білдірген болатын. Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапы- нан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көпте¬ген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы — католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Олардың пікірінше, қүдай сөзі әрбір адамға арнал¬ған, соған бағытталған, ал өз кезегінде күдай сөзін шын жүрек- тен қабылдап-үғыну, оған сеніммен қарау — өрбір адамның өзіне байланысты. Жеке адамның сенімі қүдай жайындағы ақиқатты білуді қажет етеді, демек Лютердің жолын қуушы өрбір адам бүл қағиданы ескере отырып, Библияның мөн-мағына- сын, мазмүнын жете түсініп, оны меңгере білу қажет. Протестанттардың ілімі бойынша, өмір мен сенімнің ережелері мьшандай: шіркеуге де, схоластарға да, көне заманның данала- рына да сенбе, тек өз басыңның сенімімен айқындалған ақыл- ойыңа сен, бірақ оның барлығы Библияның қағидаларына сөйкес келуі қажет, өйткені Библия — ақиқаттың айнасы, олай болса оны танып-білу процесі шексіз болып келеді. Мүнда реформа¬торлар беделінің Библия беделінен өруақытта төмен болу керек екендігін естен шығармау баса айтылады. Демек, протестанттық ілімінің бүл принциптерінен жаңа заманның ғалымдары мен философтары үлгі түтарлықтай біршама қағидалар мен ғылым жо¬лына бағыт берер ережелерді аңғарьш-байқауға болатын сияқты. Шынында да, Лютер іліміне сүйенсек, адамның қүдаймен тілдесуі — адамның жеке басының сенімі негізінде ғана жүзеге асырылады, ал сенім мәселелерінде адаспас үшін, оның акиқаттығына көз жеткізу үшін, өрдайым Библияға жүгіну қажет. Лютер дін жолы¬на түскен өрбір адамның сенім жөне адамгершілік мәселелерінде тәуелсіз болуын жақтай отырып, ар-үждан болатындығын алға тартты.

    Қайта өрлеу дәуірінің  төмендегідей ерекшеліктері бар.Саяси  ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу. Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу. Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.

    Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы. Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы. ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.Қоғамдық  дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.Гуманизм, адам құқы  мен бостандығы  идеяларын жария ету.Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді."Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған.

    Макиавелли дінге қарсы  болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.

    15) Жаңа замандағы  саяси ой-тұжырымдар.

    1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ.  басындағы "Философиялық революция": И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің  саяси ілімі азаматтық қоғам,  мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік,  әлемдік Рух;

    2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.

    3. Революциялық демократиялық  утопиялық социализм-Н.Чернышевский, А.Герцен, В.Белинский, Н.Добролюбов. Қоғамды революцпялық жолмен жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену  орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі социализм.

    4. Марксизм-ленинизм - К.Маркс,  Ф.Энгельс, В.И.Ленин. Капитализмнің  тарихи күйреуінің сөздігі және  комунистік қоғам құру  Әлеуметтік социалистік революция және социализм теориялары. Әлемдік революциялық процесс. Социализм құрылысының жолдары.

    Жаңа заман XVII ғасырдағы  Англиядағы буржуазиялық революция  тұсында басталды.

    Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің  бірі - ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді.

    Францияда буржуазиялық революцияның өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деген ұстанымда болды.

    Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.

    Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826). 0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік декларадиясын" жазды. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген зандардан жоғары түруы керек. Жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқығы бар делінген.

    Келесі ойшыл-Томас  Пейн (1737-1809). Ол Америка халқын азаттық  күреске шақырды. Ол бірінші болып  қоғам мен мемлекетті ажыратты. Оның ойынша, мемлекетті қоғам тудырды. Үкіметтің  мақсаты  қауіпсіздікпен бостандықты қамтамасыз ету. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады.

    Германияның ойшылы Иммануил Кант (1724-1804). Оның "Космополиттік  көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерледі. Мемлекеттер арасындағы халық аралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.

    Пролетариат күресінің алғашқы кезенінде Сен-Симон. Фурье, Оуэн сияқты социалист-утопистер болды. Әркім өз қабілетіне қарап еңбек ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.

    16) Томас Гоббстың  қоғамдық келісім теориясы.

    Томас Гоббс (1588-1679) - XVII ғасырдағы  ағылшын революциясы кезіндегі  көрнекгі саяси ойшыл, философ-материалист. Жаңа дәуірдегі саяси ғылымның ірге тасын салушылардың бірі болып есептеледі. "Азамат туралы", "Левиафан" т.6. еңбектерінде мемлекет пен саяси өкіметтің өзара келісімі негізінде, заңға бағынған қоғамның басқару теориясын ұсынады. Гоббстың айтуьшша мемлекет ұлы да құдіретті күш өздерінің құзырындағы адамдарға шексіз билік жасайды және олардың мүлтіксіз бағынуын міндеттейді. Сөйтіп Гоббс мемлекетке толық бағынудың қажеттілігін мойындап, оның төменгі табының құқын шектейді. Ол шексіз билікті қамтамасыз ететін мемлекеттің монархиялық түрін қолдайды.

    17) Ш.Л.Монтескьенің  саяси теориялары

    Монтескье Шарль Луие – француз ағартушысы, философ, социолог.с

    Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді  қатты сынға ала отырып, адамзат  қоғамының дамуында белгілі бір  объективті заңдылық бар екендігін  мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:заң шығарушы,атқарушы

    сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.

    Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық  түрлерін айқындап, олардың өзіндік  ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті  бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды. Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескье философия тарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтары мен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті.

    18.Ж.Ж.Руссоның  саяси теорияларыФранцияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.

    19.Дж.Локк либерализмнің  негізін салушы ретінде. Локк Джон — ағылшын философы. Локк философия тарихында танымның эмпирик. (тәжирибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады. Локктың көзқарастарына П. Гассендидің, Р. Бойль мен И. Ньютонның идеялары ықпал етті. Оның “Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы” (1690) деген еңбегінде философия тарихында алғаш рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Локк философиясында адамның ақылы, зердесі зерттеудің негізгі нысанасына алынды, ақылдың мүмкіндігі, қабілеті қарастырылып, оны пайдалану қажеттілігі айтылды. Р. Декарттың білім “туа пайда болады” деген идеясын сынай отырып, “сезімде жоқ нәрсе ақылда болуы мүмкін емес” деп, эмпирик. таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Сыртқы дүние сезім мүшелері арқылы бізге әсер етіп, білім береді деп санады. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр деген Локк көзқарасы Бэкон философиясынан басталатын эмпирик. бағыттың сара жолы еді. Локк философиясы зердені тек ақылдың деңгейінде, яғни алған білімдерді жинақтайтын қызмет түрінде ғана бейнелейді. Оның ойынша зерде (оны Локк ақыл дейді) — жан қабілетінің ең жоғарғы сатысы. Оның әрбір қадамы білімге әкеліп, белгілі бір жаңалықтар ашып отырады. Мұндай ойлау процесінің қабілеті ақиқатты тауып зерттеуге бағытталады. Локк зерде мен әдістің өзара байланысын ашпақшы болып, олардың өзара ұқсастығын (білім мен пікірдің байланысын) көз алдына елестетеді. Егер ақыл ойлау қабілетінің сатысы ретінде білім алуға жол ашса, әдіс ақыл арқылы идеяларға ие болуға мүмкіндік береді. Локк сыртқы дүние бізге түйсіктер арқылы беріледі деген таным теориясында жаңа, тың пікір айтты. Ол түйсіктерді сыртқы және ішкі деп екіге бөледі. Сыртқы дүние адамның сезім мүшелеріне әсер ететін түйсіктердің сапаларын, ал оның ішкі дүниесіне әсер ететін түйсіктер эмоциясын, сезімін тудырады. Локк түйсіктер идеясын әрі қарай дамытып, солар арқылы келетін сапаларды жан-жақты зерттеп, терең талдайды. Локктың сапаларды бір-бірінен айырып, оның объективті және субъективті жақтарын қарама-қарсы қоюы философия тарихында жаңа ағымның — субъективті философияның пайда болуына әкелді. Локктың пайымға сүйенген философиясы зерделік ойда жіберген қателіктерді айқын көре білді.

    Білімнің көзі — тәжірибеде деген эмпирик. көзқарасты дамыта отырып, Локк ешқандай да туа пайда болатын білімдердің болмайтынын анықтады. Ол өзінің шығармаларында адамның қабілеті туа пайда болады деген көзқарасты да негізсіз деп тапты. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары философия тарихында өшпес із қалдырды. Мемлекет, билік және құқық туралы ілімдерінде мемлекетті басқару реформаларын жүргізу идеясын ұсынды. Мемлекеттің міндеті, Локк бойынша, еңбек арқылы алынған бостандық пен меншікті сақтау. Оның пікірі бойынша, билік заң шығарушы, атқарушы және одақтық, федерация болып бөлінеді. Локктың әлеуметтік-саяси қөзқарастары француз ойшылдарына, жалпы саяси ой-пікірлердің дамуына зор әсер етті.

    20.Т.Джефферсон  мен А.Гамильтонның саяси пікірлері

    21. ХІХ-ХХ ғғ. Әлеуметтік-саяси идеялары мен  ағымдары.

    ХІХ ғасырдың бірінші  жартысыңда капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленісуі, пролетариаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды.

     Карл Маркс (1818—1883) философия мен саяси экономия  саласыңда екі жаңалық жасады. Біріншісі — тарихты материалистік тұрғыдан түсіну. Оның мәні мынада. Өндіргіш күштер мен өңдірістік қатынастардың бірлігі болып табылатын материалдық тұрмыстық өндіріс әдісі қоғамдағы әлеуметтік саяси және рухани процестерді туғызатыңдығын дәлелдеді. Капиталистік құрылыстың өндіргіш күштері үздіксіз дами отырып, өңдіріс құрал-жабдықтарына жеке меншікке негізделген буржуазиялық өңдірістік қатынастармен сөзсіз қайшылыққа келеді. Өңдіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы терендеп келе жатқан антогонизмді тек пролетарлық революиия ғана шеше алады, ол жұмысшы табының өкіметін орнатуға жеткізеді және қоғамды социалистік жолмен қайта құру үшін жол ашып береді деді. Екінші жаңалығы — капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құң туралы ілім болды.

     Маркс пен Энгельс  капитализмнің орнына соииализм  келеді, ол міндетті орындайтын  қоғамдық күш — жұмысшы табы  деп үйретті. Себебі, пролетариат  — буржуазиялық қоғамнын ең  революцияшыл, ең ұйымдасқан, ең  саналы және интернационалдық  табы.

     Маркс пен Энгельс  тап күресі, социалистік революция  және пролетариат диктатурасы  туралы ілімді жасады. Олар пролегариаттың  өзінің меншікті саяси партиясы  — коммунистер партиясы болуға  тиіс, ол жұмысшы қозғалысына  басшылық жасауға тиіс деген  қағиданы негіздеді.

     Маркс пен Энгельстің  ізбасары В. И. Лешш (1870—1924) болды.  Ол капитализм дамуының империалистік  сатысының заңдылыктарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы  ілімді жасады және осындай  партияның ұйымдастырушысы болды.

     Ленин Маркс пен  Энгельс жасаған социалистік революция теориясын дамьпты. Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы тұжырымдама жасады (бұған дейін марксистер социализмнің жеке бір елде немесе елдердің шағын тобында жеңуі мүмкін еместігі, дүниенің дамыған елдерінің көпшілігіңде социализмнің бір мезгілде жеңуінің міндеттілігі туралы тезиске сүйенген болатын)

     Ленин әр түрлі  елдердің капитализмнен социализмге өту түрлерінің сан алуан болатыңдығы туралы қағиданы қолдады. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты.

     Жаңа қоғам құру  ісін Ленин елді индустрияландырумен,  ауыл шаруашылығын кооперациялаумен  және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Ол социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшеліктерін көрсетті.

     Марксизм-ленинизм  коммунизм кезінде мемлекет, саясат  болмайды деп ұқты.

     Маркстік емес теорияларда,  әдетте, саясаттын бірден-бір нақты субъектісі жеке адам (индивид) деп білетін индивидуалдық көзқарасқа басымдық береді. Ал ірі ұжымдық қызмет нысандары және олардын ықпалы жекелеген іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қаралады. Бұл жерде көрнекті тұлғаларға айрықша роль жүктеледі. Ал бұқара дербес әрекет өте алмайтын күш, статистикалық шама ретінде ғана түсіндіріледі.

     Ресми-институциалық  тұжырымдамаларда саясаттағы шешуші  рольді ресми саяси ұйымдар  мен институттарға (мемлекет органдарына,  партиялар мен бірлестіктерге, сондай-ақ саяси элиталарға, жетекші топтарға) береді. Бұл тұжырымдамаларға сәйкес, саяси ұйымдар ірі қоғамдык топтардын пісіп-жетілуінің және өзін-өзі ұйымдастыруының нәтижесі болып табылмайды, керісінше, бұл топтардың байланысы мен сана-сезімі ұйымдардың, басшылардың қызметінің нәтижелерінде қалыптасқан. Бұл теорияларда бұқараны саясаттағы стихиялық фактор немесе тіпті тиісінше белгілі бір саяси күштерге әсер ететін зат, көрнекті тұлғалардың іс-қимылына, қызметі мен шешімдеріне мүлде ықпал ете алмайтын дәрменсіз нәрсе, институттар тарапынан реттеліп отыратын объекті ретінде қарастырады.

     Маркстік теория  саясатты және оның субъектілерін  бұлайша пайымдауды теріске шығарады. Ол жеке тұлғалар мен ин-ституттардың  тікелей орындаушылар ретіндегі,  әлеуметтік топтардың іс-қимылына дем беруші, оны ұйымдастырушы және бағыттаушы критерий ретіндегі ролін мойындайды. Марксизм жеке адамдар мен ұйымдардың қызметі мен ықпалының қоғамдық маңызын барлық кезде үлкен топтардың өзін-өзі тануы мен ұйымшылдығының белгілі бір деңгейінің нәтижесі мен көрінісі, олардың интеграциясы, тікелей әрекет етуші адамдардың басқа үлкен топтармен байланысы және олардың (таптардың, жіктердің және ұлттардың) арасындағы күштердің арасалмағы ретінде қарастырады. Саясатта елеулі роль атқара алатын (өзініңжеке ұмтылысы, қабілеті менталантының арқасын-да) жеке адамдар арасында белгілі бір ірі қоғамдық топтардың өкілі болып табылатындар, онын қолдауына ие болғандар және сол топтан іс-қимыл жасау, билік және өкілдік ету құқықтарын алғандар ғана саясатқа, шын мәнінде, ықпал етуі мүмкін. Саясатшынын немесе идеологтің маңызы мен саясатқа ететін ықпалы нендей бір таптың немесе жіктің мүддесіне қаншалықты қызмет ете алатындығына байланысты болады, ал, өз кезегінде, аталған таптын немесе жіктің өзінін де жеткілікті күші болуымен қатар, ол саясатшының қызметіне мүдделі де болуға тиіс.

    Пайдаланылған әдебиеттер

    1А Рахымбаева Саясаттану Астана 2012

    2 Р Әбсаттаров .Саясаттану негіздері. Алматы 2011

    3 Әбдіғалиев Б.Б. Саяси ой тарихы.-Алматы,2003

    4 Қапесов Н. Саясаттану.- Алматы. - Жеті жарғы, 2003

    5 Балғымбаев А.С. Саясаттану негіздері. – Алматы, 2004

    6 Жамбылов Д.Ә. Саясаттану негіздері. – Алматы. - Жеті жарғы, 2003

    7 Кенжебаев С., Бұлықтаев Ю. Саясаттану негіздері. – Алматы. – 1999

    8 Әбуев Қ.Қ. Саяси сөздік-анықтама. – Алматы. – 1996

    9 Қысқаша саяси сөздік. – Алматы. – 1993

    10 Жамбылов Д.Ә., Жамбылова Ғ.Қ Саясат сөздігі.-А., Экономика,1997

    11 Белов Г.А. Политология: Курс лекций: Учебное пособие-М.,1997
    1   2


    написать администратору сайта