Главная страница

сабақ жоспары. 5қмж130. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Анкорсабақ жоспары
Дата29.11.2021
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла5қмж130.docx
ТипДокументы
#285696
страница39 из 97
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР№ 43


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

5 «А»

5 «Ә»

5 «Б»

5 «В»

5 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Сабақтың тақырыбы

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Оқу мақсаттары

5.2.3.3. Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша, біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау;

Сабақ мақсаттары

Қолайлы оқу-үйрену ортасын қалыптастыруға қажет бірқатар тиімді дағдыларды көрсету

Бағалау критерийі

Ойнауға қолайлы орта қалыптастырады. Ойынның орындалуының тиімді жолдарын көрсетеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: командалық тапсырмалардың әр түрлілігі жағдайында негізгі қозғалыс дағдыларын талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: ұлттық ойындар, асық, еңкею тақтайлары, құрсау, пластмасса доптар, қоржын, тоғызқұмалақ, атсырау, тұздық, отау, қауіпсіздік, орамал тастау, теңге алу, түйілген орамал, көкпар

Талқылауға арналған сұрақтар:

- осы жаттығу көмегімен біз қандай когнитивті дағдыларды дамытамыз?

- физикалық дамуға жәрдемдесу үшін нені жақсарту қажет?

- негізгі қозғалыс дағдыларын меңгеруде сендерге не көмектеседі?

- тапсырманы орындау кезінде қауіпсіздік мәселелері туындады ма?

- ойынды адал ету үшін ережелерін қалай өзгертуге болады?

- физикалық белсенділік ақыл-ой саулығына қалай әсер етеді?

- өмір салтын өзгертіп, өз денсаулығыңды қалай түзетуге болады?

- кейбір зияткерлік ойныдарда ойлау дағдыларын қалай дамытуға болады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Спорттық және қозғалмалы ойындар

ӨҚН. Күйіп қалғанда және қан кеткенде алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

С.Ұзакбаева, А.Айтпаева «Қазақ ұлттық балалар ойындары». Алматы.2000 жыл.

Б.Т.Тотенаев «Қазақ ұлттық ойындары». Алма-Ата. 1976 жыл.

Е.А.Сағындықов «Қазақтың ұлттық ойындары». Алматы.

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, Т, К) «Көкпар». Ойыншылар екі командаға бөлініп, сөре сызығын бойлай, бір ойыншы арқылы орналасады. Жетекшінің (көсемнің) белгісі бойынша олар көкпарға қарай жүгіреді. Көкпарды алған ойыншы одан әрі жүгіреді. Оны қуып жеткен көкпарды тартып алып, алға қарай жүгіруін жалғастырады. Көкпармен бірге алда жүгіріп бара жатқан ойыншыға әрбір қуып жеткен оқушы мәре сызығын қарай жақындайды. Ойыншысы бірінші болып көкпарды жеткізген команда жеңімпаз атанады.

Қазақ ұлттық ойындары халық даналығының бір бөлігі, кіші мектеп жасындағы балалардың ақыл-ойын дамыту міндетін іске асыруға жәрдемдесетін эмоционалдық-сауықтыру, танымдық және тәрбиелік кешендердің негізі салынған, ұлттық және ойын фольклорының үлгісі ретінде келеді.

Осылай, мысалы, «Көкпар» ойынының атауы «көк бөрі» - көк қасқыр атауынан шыққан. Қасқыр-көшпенді мал өсіруші халықтың бірінші жауы болғандықтан, ертеректе қасқырларды аулаған. Сәтті аңнан қайтқаннан кейін, өлтірілген хайуанның денесін ауылға кім бірінші жеткізетіндігіне жарыстар ұйымдастырған. Нәтижесінде бұл жарыс «Көкпар» ұлттық ойынына айналған.

«Жаяу көкпар» ойынын ойнаңыз.

Берілген ойынның орындалуының тиімді жолдарын топта талқылаңыз.

Дескриптор

- «Жаяу көкпар» ойынын ойнайды;

- ойынның шартын орындайды;

- ойынның тиімді жолдарын топта талқылайды;

- өзі алған ақпаратты басқаларға жеткізеді.

Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97


написать администратору сайта