Главная страница

жоспар. 10қмж130. Тексерілді дожжо


Скачать 1.08 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Анкоржоспар
Дата18.03.2022
Размер1.08 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла10қмж130.docx
ТипДокументы
#402579
страница41 из 65
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

спорт алаңы, спорт зал ысқырық, секундомер, конустар, волейбол бағаналары мен торы, волейбол доптары, бор

https://www.youtube.com/watch?v=7g6eyR3hPGo

Сабақтың ортасы

25 минут

(Т, К, Ф) «Ауадағы доп»: оқушылар диаметрі 3-4м болатын шеңбер бойымен тұрады. Шеңбер бойымен қозғала допты 2-3м биіктікке өзінің үстіне көтереді. Ереже бойынша доп бір орында болуы керек. Қозғалу тәсілдерін мұғалім көрсетеді (жүгіріп, оң, сол жақпен). Допты дәл бермеген немесе допты түсіріп алған ойыншы айып тапсырмасын орындайды да, орнына тұрып, қайтадан ойынға қосылады.

Волейболда допты қабылдау мен қайтаруды, орын ауыстыруды меңгеру маңызды екенін мұғалім түсіндіреді. Әсіресе допты қабылдау мен қайтарудың маңызы зор. Шабуылдағы ойынды ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдердің негізгілерінің бірі болып табылады. Оқудағы дифференциация: төмен дене дайындығы бар оқушылар көмекшілер рөлін атқара алады немесе доппен жеке жұмыс жасайды.

(С, К, Тәж, Ф) Оқушыларды екі немесе одан да көп топтарға бөліп, ойын кезіндегі стратегиялар мен тактикаларды жақсартуға арналған қарапайым ойын комбинацияларын құруға тапсырма беру. Әр топ өзінің құрған ойын комбинацияларын көрсетеді. Топтарда ұсынылған ойын комбинацияларын талқылап, талдау.

Оқушылар қозғалыс қабілеттері туралы түсінік алатын ойын комбинацияларын таңдайды. Ойын комбинациялары өте күрделі болмауы керек. Сұраңыз: ойын комбинацияларын құрастырған кездегі бірлескен жұмысты қалай бағалар едіңіз? Ойын кезінде жарақат алып қалу қауіпінің алдын алуды және қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз. Оқушылар бір-біріне құрмет көрсетеді.

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 57


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

10 «А»

10 «Ә»

10 «Б»

10 «В»

10 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

5-бөлім. Командалық ойынның қозғалыс дағдысы

Сабақ тақырыбы

Доппен топтық тапсырмалар

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Волейбол ойыны: Шабуылдаушыға допты жоғарыдан көтеріп беру әдістерін үйрету. Шабуылдаушыға допты төменнен көтеріп беру әдістерін үйрету.

Оқу мақсаттары

10. 1. 2. 2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану

Спорттық ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру

Сабақ мақсаттары

Әр түрлі қозғалыс комбинациясын құру және оны дене жаттығуларын орындау кезінде жүйелі қолдана білу

Бағалау критерийлері

Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді. Жаттығуларды ретімен орындайды.

Үйлесімді жаттығулар тізбегін ойлап табады және орындайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону, «Ұшу фазасы», «Қайшылай басу», қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік, қадамдар, секірулер, лақтырулар, жылдамдату, қауіпсіздік, тәуекел, сөре, сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, сөреге келу, бір орыннан, жүгіріп келіп лақтыру, екпін алу кезіндегі адымның ұзындығы, лақтыру кезіндегі дәлдік, дұрыс қону, секіру мен лақтыру кезеңдері, жүгіру ырғағы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- секіру мен лақтыруды орындаған кезде, неліктен қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- лақтыру кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- секірулер орындалатын тапсырмаларда жарақат алып қалу мүмкіндіктерін қалай азайта аласыздар?

- ұзындық пен биіктікке секіруді үйрету кезінде алдын-ала дайындық жаттығуларын неліктен ретімен орындау маңызды?

- дене қыздыру жаттығуларын қай ретпен орындау керек?

- қысқа және орта қашықтықтарға жүгіруге арналған тапсырмаларға дайындалу кезінде, арнайы жаттығуларды орындау қаншалықты қажет?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту. Білім алушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

спорт алаңы, спорт зал ысқырық, секундомер, конустар, волейбол бағаналары мен торы, волейбол доптары, бор

https://www.youtube.com/watch?v=7g6eyR3hPGo

Сабақтың ортасы

25 минут

(Т, К, Ф) «Ауадағы доп»: оқушылар диаметрі 3-4м болатын шеңбер бойымен тұрады. Шеңбер бойымен қозғала допты 2-3м биіктікке өзінің үстіне көтереді. Ереже бойынша доп бір орында болуы керек. Қозғалу тәсілдерін мұғалім көрсетеді (жүгіріп, оң, сол жақпен). Допты дәл бермеген немесе допты түсіріп алған ойыншы айып тапсырмасын орындайды да, орнына тұрып, қайтадан ойынға қосылады.

Волейболда допты қабылдау мен қайтаруды, орын ауыстыруды меңгеру маңызды екенін мұғалім түсіндіреді. Әсіресе допты қабылдау мен қайтарудың маңызы зор. Шабуылдағы ойынды ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдердің негізгілерінің бірі болып табылады. Оқудағы дифференциация: төмен дене дайындығы бар оқушылар көмекшілер рөлін атқара алады немесе доппен жеке жұмыс жасайды.

(С, К, Тәж, Ф) Оқушыларды екі немесе одан да көп топтарға бөліп, ойын кезіндегі стратегиялар мен тактикаларды жақсартуға арналған қарапайым ойын комбинацияларын құруға тапсырма беру. Әр топ өзінің құрған ойын комбинацияларын көрсетеді. Топтарда ұсынылған ойын комбинацияларын талқылап, талдау.

Оқушылар қозғалыс қабілеттері туралы түсінік алатын ойын комбинацияларын таңдайды. Ойын комбинациялары өте күрделі болмауы керек. Сұраңыз: ойын комбинацияларын құрастырған кездегі бірлескен жұмысты қалай бағалар едіңіз? Ойын кезінде жарақат алып қалу қауіпінің алдын алуды және қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз. Оқушылар бір-біріне құрмет көрсетеді.

Спорттық және қозғалмалы ойындар.

Волейбол ойыны:

Шабуылдаушыға допты жоғарыдан көтеріп беру әдістерін үйрету;

Шабуылдаушыға допты төменнен көтеріп беру әдістерін үйрету;

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65


написать администратору сайта