ҚОСЫМША АҚПАРАТ Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.
| Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.
| Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау
| Сабақ бойынша рефлексия
-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ
| Жалпы баға
Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?
_____________________________________________________________________________________________________
Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?
_____________________________________________________________________________________________________
| ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 58
Мектеп
| Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия
| Мұғалімнің аты-жөні
| Тилесбаев Берик Аргынбайулы
| Сынып
| 10 «А»
| 10 «Ә»
| 10 «Б»
| 10 «В»
| 10 «Г»
| Күні
|
|
|
|
|
| Қатысушылар саны:
|
|
|
|
|
| Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
|
| Бөлім
| 5-бөлім. Командалық ойынның қозғалыс дағдысы
| Сабақ тақырыбы
| Ойын арқылы сенімділікті бекіту.
| Оқу мақсаттары
| 10. 1. 5. 5. Сенімділік қабілетін жақсарту үшін тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеялармен тәжірибе жасау.
| Сабақ мақсаттары
| Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау
| Бағалау критерийлері
| Қимыл-қозғалыс жаттығуларын жетілдіреді. Жаттығуларды ретімен орындайды.
Тактикалық, стратегиялық, құрылымдық идеяларды қолданады.
| Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады. Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: екпін алу, итерілу, ұшу, қону, «Ұшу фазасы», «Қайшылай басу», қозғалыс сапалары: күш, жылдамдық, шыдамдылық, иілгіштік, ептілік, қадамдар, секірулер, лақтырулар, жылдамдату, қауіпсіздік, тәуекел, сөре, сөрелік екпін, қашықтық бойымен жүгіру, сөреге келу, бір орыннан, жүгіріп келіп лақтыру, екпін алу кезіндегі адымның ұзындығы, лақтыру кезіндегі дәлдік, дұрыс қону, секіру мен лақтыру кезеңдері, жүгіру ырғағы.
Талқылауға арналған сұрақтар:
- секіру мен лақтыруды орындаған кезде, неліктен қатаң түрде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
- лақтыру кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
- секірулер орындалатын тапсырмаларда жарақат алып қалу мүмкіндіктерін қалай азайта аласыздар?
- ұзындық пен биіктікке секіруді үйрету кезінде алдын-ала дайындық жаттығуларын неліктен ретімен орындау маңызды?
- дене қыздыру жаттығуларын қай ретпен орындау керек?
- қысқа және орта қашықтықтарға жүгіруге арналған тапсырмаларға дайындалу кезінде, арнайы жаттығуларды орындау қаншалықты қажет?
| Құндылықтарды дарыту
| Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.
Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.
Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.
Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.
Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.
| Пәнаралық байланыстар
| Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка
| АКТ қолдану дағдылары
| Ұялы телефон, планшет, ноутбук
| Бастапқы білім
| Спорт ойындарын ойнау шеберлігін меңгерту. Білім алушылар командалық ойындардың түсініктерін біледі.
| САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ Сабақтың кезеңдері
| Оқушының әрекеті
| Педагогтің әрекеті
| Оқу ресурстары
| Сабақтың басы
10 минут
| Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.
| Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.
| Ысқырық, секундомер, конустар, волейбол бағаналары мен торы, волейбол доптары, бор
http://avangardsport.at.ua/blog/podvizhnye_igry_v_podgotovke_volejbolistov/2012-06-14-86#.WJ15n2-LTIV
| Сабақтың ортасы
25 минут
| (Т, К, Ф) Сынып екі топқа бөлінеді. Мұғалім «Допты қайтару жарысын» өткізеді. Волейбол ойынындағыдай екі команда алаңның аймақтарына орналасады. 6 аймақтың ойыншысының допты ойынға қосуымен ойын басталады да, үш рет қол тигенге дейін ойнайды. Тордың жанындағылар допты секіре немесе жұдырықпен қайтаруға болады. Мұғалім ойынды жақсарту үшін оқушыларға ұсыныс жасайды. Ойынға өздерінің тактикалары мен стратегияларын құрады.
| Допты қайтару – тордың жоғарғы шетіне допты бағыттап, шабуылшы соққысын орындауға арналған әдіс-тәсіл. Допты қайтарушының тұрған бағытына байланысты алға, артқа және өзінің үстіне орындалуы мүмкін.
| (С, К, Ф) Допты ойынға қосушы және қабылдаушы екі команда ойынға қатысады. Екі команданың алаңда орналасуы әртүрлі. Допты ойынға қосушылар әдеттегідей алаңның шеткі сызығында, ал қабылдаушылар аймақтарда тұрады. Белгі бойынша бірінші ойыншы допты келіскен әдіс бойынша қарсыластың алаңына ойынға қосып, алаңды айналып (сызықтың сыртымен), орнына келіп тұрады. Қарсы команданың ойыншылары допты қабылдап, допты ойынға қосқан ойыншы алаңды айналып орнына келгенше, бір-біріне барынша көп, әрі дәл қайтара, жерге түсірмей ойнайды, . Ойыншы орнына жүгіріп келген кезде ойын тоқтатылады. Ойын, қарсы команданың барлық ойыншылары допты ойынға қосып болғанша, жалғасады. Ойынның соңында допты қабылдап-қайтарылудың жалпы саны есептелінеді. Оқушылар орындарымен ауысып, ойынды жалғастырады.
| Волейбол ойыны кезінде әртүрлі қимылдардың кезектесуі, жағдайдың тез ауысуы, әр ойыншының қызметінің қарқыны мен ұзақтығының ауысуы туралы түсіндіріңіз. Ойын жағдайы жаттығушыларды үйретеді: жалпы мақсатқа жету үшін ұжымның ықыласының алдында өзінің әрекетін бойсұндыру; барынша күш салып, мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ойын кезіндегі кедергілерді жеңе білуді, ойын барысын үнемі қадағалау, өзгерген жағдайды бағалап, дұрыс шешім қабылдай білу. Сұраңыз: ойын комбинацияларын оқып үйрену кезінде көшбасшының қасиеті қалай байқалады?
| Сабақтың соңы
5 минут
| Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.
Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.
Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.
Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.
Бағалау: Мұғалім оқушыларына өзіндік және бірін бірі бағалау арқылы білім бекітеді.
| ҚОСЫМША АҚПАРАТ Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

| |