Главная страница

ҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық. Тексерілді дожжо


Скачать 0.94 Mb.
НазваниеТексерілді дожжо
Дата01.02.2023
Размер0.94 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚМЖ. 6-сынып 130 бұйрық.docx
ТипДокументы
#916118
страница74 из 97
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР № 79


Мектеп

Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназия

Мұғалімнің аты-жөні

Тилесбаев Берик Аргынбайулы

Сынып

6 «А»

6 «Ә»

6 «Б»

6 «В»

6 «Г»

Күні
















Қатысушылар саны:
















Қатыспағандар саны:
















Бөлім

7. Ойын арқылы дағдыларды жақсарту

Сабақтың тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі. Допқа ие болу әдісінің негізгі элементтерін дамыту

Оқу мақсаттары

6.3.4.1. Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіне білу

Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану

Бағалау критерийі

Берілген жүктемелерді орындауда нормалары мен техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: командалық ойындарда өзінің дағдысымен түсініктерін талқылай және көрсете алады

Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: таза ойын, шабуыл, қорғаныс, ойындағы шабуыл элементтері, қозғалыс, шабуылдау соққы, ауысу, шабуылдау соққысы, кеңістіктегі бағдарлау, допты иелену, алдау және тоқтату, тактика, стратегия, дағдылар, жүгіру, жылдамдықты және қозғалыс бағытын өзгерту, допты алып жүру, қысқа және ұзындыққа допты беру, пас, лақтыру, допты беру, қақпашы, шабуылшы, бақылаушы, ереже, ұпайларды есептеу жүйесі.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- допты иелену дағдысын қалай жетілдіресіз?

- қорғаушы ойыншыны ойынан тыс қалдыратын ең жақсы тәсіл қандай?

- доппен қозғалыс кезінде қандай тактика мен стратегияны қолдандыңыз?

- допты иелену үшін қандай тактика қолдандыңыз?

- ойын алаңында шабуылға шыққан кезінде неліктен қозғалысты жақсартасыз?

- бір ойыншыға назар аударған дұрыс па әлде қарсыластың бүкіл тобының жағдайын анықтаған дұрыс па, неге?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.

Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді.

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады.

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика, математика, қазақ тілі, өзін-өзі тану, музыка

АКТ қолдану дағдылары

Ұялы телефон, планшет, ноутбук

Бастапқы білім

Әділ ойын және ынтымақтастық.

Спорттық және қозғалмалы ойындар. Аяқ добы ойыны: Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы әдістерін үйрету. Ойыншылардың қозғалысы мен әдіс-тәсілдерін үйрету.

ӨҚН. Жара мен жарақат алу жағдайларда алғашқы мед-қ көмек көрсету.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңдері

Оқушының әрекеті

Педагогтің әрекеті

Оқу ресурстары

Сабақтың

басы

10 минут

Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау.

Дене жаттығуларымен айналысу үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, футбол добы.

Ғаламтор ресурстарына сілтеме:

Қозғалмалы ойындар. http://www.dou459.forchel.ru/blogs/sportiya/a/502-Podvizhnyie-igryi-dlya-obucheniya-igre-v-futbol.html

Сабақтың

ортасы

25 минут

(С, ЖЖ, ҚБ) Мұғалім қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізіп жатыр.

Ойыншыларға ойын барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екендерін түсіндіру керек.


(Т, ЖЖ, Тәж., К) «Допты аяқпен беру». Ойыншылар екі топқа бөлінеді (5-6 адамнан), олардың әрқайсысы арақашықтығы қол созымдай етіп шеңбер құрып тұрады. Сонда 2 шеңбер шығады. Ойыншылар шеңберде тұрып нөмір ретімен саналады. Бірінші нөмірлер өздерінің шеңберінің ортасына тұрады да, алдарына допты қояды. Шеңбер бойымен тұрғандар өз орындарын сызықпен немесе дөңгелектермен белгілеуге болады. Ортақ белгі бойынша ортада тұрған оқушылар допты аяқтарымен екінші нөмірлерге беріп, олардан қайта дәл солай алады да, үшіншілерге береді. Олардан пас алғаннан кейін допты төртінші нөмірлерге береді және әрі қарай т.с.с.

- ойынның дұрыс орындалуына назар аудару;

бүкіл топ тапсырманы орындағаннан кейін қателіктерді анықтап, түзету керек;

Ереже бойынша шеңберде тұрған қандай да болмасын ойыншыны өткізуге тыйым салынады. Допты міндетті түрде табанмен тоқтатып немесе тезірек әрі қиын болса да, тоқтатпай бірден беру керек.

Сұрақ: Сіздер допты меңгеру дағдыларын қалай жетілдіресіздер?

Тапсырмаларды орындаңыз:

- ойындағы қауіпсіздік ережесін еске түсіріңіз;

- сыныптасыңызбен талқылаңыз, ойын кезінде ережеге сай әрекет етіңіз.

Арнайы дайындық жаттығулары:

- допты жоғары лақтырып, сол қолмен қағып алу;

- оң қолмен лақтырып, сол қолмен қағып алу;

- допты аяқтың астымен өткізу.

«Доп үшін күрес» ойыны:

Дескриптор

- допқа иелік етуге арналған арнайы жаттығуларды орындайды;

- сәтсіздіктердің себептерін айтады;

- доп үшін күрес жекпе-жегінде берілген уақытты толық пайдаланады.




Сабақтың

соңы

5 минут

Сабақты қорытындылау:

Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау.

Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді.

Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады.

Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап, деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым. Деңгейі жоғары оқушылармен араластырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылар бір-біріне кері байланыс берді. «Қолмен белгі беру», «Бір минуттық эссе», «Ауызша бағалау» әдісі арқылы рефлексия жасалды.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу. Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді. Дене қуатын үнемдеу шарттары. Дұрыс тыныс алу. Сабақтың барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

-Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

-Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

-Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

-Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

-Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары жоспар бойынша нақты қойылған. Сабақ соңында барлық оқушы оқу мақсатына қол жеткізді. Сабақ соңында саралау жүргізіліп, сабақ қорытындыланды. Кіріспе бөлім 10 минут, негізгі бөлім 25 минут, қортынды 5 минут регламент сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Caбaқтың жақсы өткен eкi acпeктici (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқты жaқcapтуғa не ықпал ете aлaды (оқыту туpaлы дa, oқу туpaлы дa ойланыңыз)?

_____________________________________________________________________________________________________

Caбaқ бapыcындa cынып туpaлы нeмece жeкeлeгeн oқушылapдың жeтicтiк/қиындықтapы туpaлы нeнi бiлдiм, кeлeci caбaқтapдa нeгe көңiл бөлу қaжeт?

_____________________________________________________________________________________________________

1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   97


написать администратору сайта