Главная страница
Навигация по странице:

  • Теодолиттің құрылысы және оның түрлері.

  • Теодолит типтері. Теодолит типтері, рылымы


    Скачать 44.1 Kb.
    НазваниеТеодолит типтері, рылымы
    Дата27.01.2019
    Размер44.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТеодолит типтері.docx
    ТипДокументы
    #65521

    Теодолит типтері, құрылымы

    Мазмұны

    • Теодолит

    • Теодолиттің құрылысы және оның түрлері

    • Теодолиттің қолданылуы


    Теодолит — жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі — вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) — шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша улкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы.

    Теодолиттің құрылысы және оның түрлері.Теодолит мынандай осьтерден тұрады. ZZ-теодолиттің вертикаль айналу осі; ТТ/-көру дүрбісінің айналу осі; UU/ - цилиндрлік деңгейдің осі; VV/-көру дүрбісінің нысаналау (визирлік) осі. Көтергіш үш винттердің (1) көмегімен цилиндрлік деңгей (6) нөл пунктке қою арқылы теодолитгің айналу осі ZZ тік бағытқа келтіріледі. Үш көтергіш винтгер (2) тұғырығына орнатылған. Теодолиттік негізгі жұмыстық бөлігі 0-ден, 360-қа дейін бөлінген шыныдан жасалған дөңгелек шеңбер-лимб (3) және дүрбімен бірге айналатын алидада деп аталатын

    Көру дүрбісі (8) айналу осіне ТТ екі тұғырық (5) арқылы ұстатылады. Лимб (10) пен алидаданың (11), дүрбінің бекіткіш (11) және жетекші винтгері болады. Бұрышты өлшеген уақытта, теодолит штативке орнатылады. 40- суретте геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарда кеңінен қолданылып жүрген 2ТЗО теодолиттің сыртқы бейнееі көрсетілген. Мұнда есеп алатын құрылғы микроскоп (7), вертикаль (9) және горизонталь дөңгелектер, дүрбі, т.б. қай жерде орналасқандары көрсетілген. Дүрбі (8) бақылайтын нүктені жуықтап нысаналау үшін, оптикалық визирмен (13) жабдықталған. Дүрбіні фокустау кремальераны (12) айналдыру арқылы жүзеге асады. Есеп алатын микроскопқа жарық түсіру үшін, шалқаймалы айна қолданылады. Кейінірек тоқталамыз.

    Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:

    1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.

    2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.

    3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.

    Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі "теодолит" деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің секундтық орташа квадраттык қателігін білдіреді, мысалы Т5 теодолиті үшін mp-5 , ТЗОМ үшін тр=5 , ал Л/-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналгандыгын көрсетеді. Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2Т30 тектес болып шығарылуда. Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы микроскоп; б) оптикалық микрометрлер.

    Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып коятын және жетекші бұрандалары болады. Оларга ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарга 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т.б. жатады, оларда лимб арнайы күрылғы аркылы керекті жағына бұрылады.

    Горизонталь дөңгелектiң лимбасы­ның центрiн аспаптың тұру нүктeci арқылы өтeтін тік сызықпен сәйкестендiру әpeкeтін центрлеу деп атайды. Теодолиттiң айна­лу оciн вертикаль жағдайға, демек, лимба жазықтығын гори­зонталь жағдайына келтiру теодолиттi горизонтальдау болып саналады

    Аспаптардың конструкциясына, өлшеулердiң шарттарына және оларға қойылатын талаптарға байланысты горизонталь бұрыштарды өлшеудiң мына төмендегiдей түрлерi қолданылады:

    1. Жеке бұрыш әдiсi теодолиттiк жүрiстердi салуда, жобаны жергiлiктi жерге шығаруда және т. с. с. жеке бұрыштарды өл­шеу үшiн қолданылады.

    2. Қайталаулар әдiсi есептеқатe­лiгiнiң әcepiн азайту мaқcaтымен өл­шеудiң aқыpғы нәтижесiнiң дәлдiгiн арттыру қажет болған кезде бұрыш­тарды өлшеу үшiн қолданылады.

    3. Айналма тәсiлдер әдici триангу­ляция жүйесi мен екiншi полигонометрияда немесе тeмeнгi класс жүйелерiн­де бiр нүктеден үш және одан да көп бағыттар арасындағы бұрыштарды өл­шеу кезiнде қолданылады.

    Дүрбiнiң нысаналау oci горизонталь, ал алидадағы деңгей­дiң үлбiреуiгi нөл-пунктте болған уақыттары вертикаль дөңге­лектегi есептеудi вертикаль дөңгелектiң нөлдiк орны деп атай­ды, оны НО деп белгiлейдi. Ендi көлбеу бұрыштарды қалай өлшейтiнiн қарастыралық. Вертикаль бұрыштарды есептеу қолайлы болу үшiн верти­каль дөңгелектiң нөлдiк орны нөлге жуық болуы тиic. Осы шарт­ты орындау үшiн бiрнеше рет нөлдiк орнынын мәнін дүрбi то­рының горизонталь сызығын әр түрлi нүктелерге вертикаль дөңгелектiң eкi орнында нысаналау арқылы анықтайды. Вертикаль бұрыштарды өлшеудiң дәлдiгi негiзiнен есептеу кезiнде жiберiлетiн қaтeciмeн сипатталады. Вертикаль бұрыштарды өлшеудiң орташа квадраттық қателiгi есептеу құрылғы­сының дәлдiгiнiң жартысына тең деп қабылданады.




    Т30-теодолиті :

    1 — кремальера; 2 — диоптрлі сақина; 3 — жіпті тор түзету бұрандасы орналасқан жердің қақпағы; 4 — оптикалық нысана; 5 — вертикальды дөңгелек; 6 — тұғыр; 7 — лимб бұрандасы; 8 — қақпақ негізі; 9 — бұранда; 12 — деңгей; 13 — көру дүрбісінің бекіту бұрандасы; 14 — дүрбі; 15 —жетекші бұранда; 16 — алидаданың жетекші бұрандасы; 17 —тұғыр; 18 — көтеру бұрандасы; 19 — лимбтың жетекші бұрандасы; 20 — окуляр; 21 — айна.

    Қолданылған әдебиеттер:

    • https://lektsii.org/14-28193.html


    написать администратору сайта