Главная страница
Навигация по странице:

  • Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал

  • Аталған зерттеу әдісінің қайсысы неғұрлым дұрыс болады

  • Төменде көрсетілген дәрі-дәрмектердің қайсысын жалпы ем үшін ең тиімді тағайындау

  • ТЕСТЫ СОПР КАЗ+++. Тесты по сопр 20 жасты айел адам уш апта бурын ауыз куысында жаранын пайда болуына шагымданып келдi. Анамнезден ауыз куысын калий перманганат суйыктыгымен шайды, облепиха майымен аппликация жасады, бiрак натиже болмады.


    Скачать 0.8 Mb.
    НазваниеТесты по сопр 20 жасты айел адам уш апта бурын ауыз куысында жаранын пайда болуына шагымданып келдi. Анамнезден ауыз куысын калий перманганат суйыктыгымен шайды, облепиха майымен аппликация жасады, бiрак натиже болмады.
    Дата23.06.2022
    Размер0.8 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаТЕСТЫ СОПР КАЗ+++.doc
    ТипТесты
    #612699
    страница9 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. экзематозды хейлит

    2. атопиялық хейлит

    3. гландулярлы хейлит

    4. + эксфолиативті хейлит

    5. актиниялық хейлит.

    77. 30 жастағы әйел адам астыңғы еріннің ауруына және күйіп тұрғанына шағымданады, әсірісе еріндерді түйіскенде. Қарап тексергенде:ісінген, қызарған астыңғы еріннің қызыл жиегіннің фонында ауыздың бір бұрышынан екінші бұрышына дейін қоңыр-сары түсті, алдыжапқыш (фартук) тәрізді салбырап тұрған қабыршақтар анықталады. Қоршап тұрған тіндер өзгеріссіз.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. атопиялық хейлит

    2. экзематозды хейлит

    3. гландулярлы хейлит

    4. аллергиялық хейлит

    5. + эксфолиативті хейлит.

    78. 50 жастағы ер адам ауыздың бұрыштарының шырышты қабығының кедір-бұдырына және керіп тұратына шағымданады. Жиырма жыл бойына күнніне 2 кораб темекі шегеді. Қарағанда: ауыз бұрышындағы шырышты қабықта ұшбұрышты, сүр түсті күңгірт ошақтары анықталады, қырып байқағанда беті алынбайды.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

    2. Қызыл жалпақ теміреткі, әдеттегі түрі

    3. Қызыл жегі, әдеттегі түрі

    4. +Лейкоплакия, жалпақ түрі

    5. Боуэн ауруы.



    79. 56 жастағы ер адам тамақ қабылдаған кезінде ауру сезімге шағымданады. Созылмалы соматикалық аурулармен ауырмайды. Қарағанда: ауыз қуысы санацияланбаған. 3.5 және 3.8 тістерге бекітілген сапасыз көпір тәрізді протез бар. Тілдің сол жақ бүйір бетінде 0,3х0,5 см көлемінде шекарасы анық емес ойық жара анықталады, жараның түбі тегіс емес, оліеттенген қақпен жабылған. Пальпацияда ауырады, жараның шеттері аздап тығыздалған. Қоршаған шырышты қабық гиперемияланған.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. + лейкоплакия, эрозивті-жаралана түрі

    2. милиарлі-жаралы туберкулез

    3. жарақатты жара

    4. трофикалық жара

    5. обыр жара.

    80. 23 жастағы бойжеткен стоматологиялық емханаға ұрттың шырышты қабығының кедір-бұдырына шағымданып келді. Анда-санда эмоциялық жағдай кезінде шырышты қабықты тістейді. Қарап тексергенде: ұрттың шырышты қабығында, тістердің түйісу сызығында ақшыл түсті жұмсартылған бахромаға ұқсас шырышты қабықтың аймақтары. Қырып қарағанда беті аздап алынады.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. қызыл жегі

    2. А витаминнің жетіспеулігі

    3. + жұмсақ лейкоплакия

    4. қызыл жалпақ теміреткі

    5. созылмалы гиперпластикалық кандидоз.

    81. 48 жастағы әйел адам тілдің бүйір бетінде күю және кедір-бұдыр сезіміне шағымданады. Соңғы төрт жыл қант диабетінің компенсирленген түрі бойынша эндокринолог-дәрігерде диспансерлік бақылауда тұрады.

    Қарағанда: тілдің арқасында жіне ұрттың шырышты қабығының оң жағында - ақ түсті қақ және бляшкалар. Шпателмен қырғанда қақ жартылай алынады.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. +кандидоз

    2. лейкоплакия

    3. қызыл жегі

    4. қызыл жалпақ теміреткі

    5. шырышты қабығының созылмалы жарақат.

    82. 56 жастағы әйел адам тілдің бүйір бетінде күю және кедір-бұдыр сезіміне шағымданады. Соңғы төрт жыл қант диабетінің компенсирленген түрі бойынша дәрігер- эндокринологта диспансерлік бақылауда тұр.

    Қарап тексергенде: тілдің арқасында жіне ұрттың шырышты қабығының оң жағында - ақ түсті қақ және бляшкалар. Шпателмен қырғанда қақ аздап алынады.


    Аталған зерттеу әдісінің қайсысы неғұрлым дұрыс болады?

    1. биопсия

    2. қанның жалпы анализі

    3. иммунологиялық зерттеу

    4. серологиялық зерттеу

    5. + қырманы микроскопиялық зерттеу

    83. 54 жастағы әйел адам тағам қабылдау кезінде қатты ауру сезімге шағымданады. Қарағанда: ұрттың шырышты қабығында беттері фибринді қақпен жабылған шекарасы анық емес, ауыратын эрозиялар анықталады. Зақымдану ошақтың шеттерінде ұсақ, ақшыл, шырышты қабықтан аздап көтеріңкі орналасқан, өрнек құрап қосылған элементтер анықталады.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. лейкоплакия

    2. қызыл жегі

    3. буллезді пемфигоид

    Г) + қызыл жалпақ теміреткі

    Д) шырышты қабығының созылмалы жарақат.
    84. 29 жастағы ер адам ауыз ашу қиындауына, ауыз қуысында қатты ауру сезімге, бұлшық еттерде, буындарда ауру сезімге, бас ауруына, 37,5-38ºС.дейін дене қызыуының көтерілуіне шағымданады. Қатты суық тигеннен кейін жедел ауырды. Қарағанда: гиперемияланған еріннің, қызыл иектің, ұрттың, тілдің шырышты қабығының фонында фибрин қақпен жабылған көп мөлшерде ауыратын эрозиялар анықталады. Еріннің қызыл жиегінде қалың қызыл түсті, қанайтын, және оларды алғанда ауыратын қабаттар.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. Белдеме теміреткі

    2. Вульгарлі күлдреуік

    3. + Көп түрлі жалқықты эритема

    4. Жедел герпестік гингивостоматит

    5. Қызыл жегі, эрозивті-жаралана түрі.

    85. 64 жастағы әйел адам ауызынан жағымсыз истің шығуына шағымданады. Созылмалы жүрек-қантамыр жетіспеушілігімен зардап шегеді. Қарағанда: ауыздың кілегейлі қабығы көкшіл түсті, тісасты аймақта шеттері тегіс емес шырышты қабығының ақауы байқалады, түбінде ақ-сүр түсті оліеттенген қақ бар. Қоршаған шырышты қабық бозарған, пальпация кезінде шеттері жұмсақ, аздап ауырады.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. туберкулез жара

    2. қатты шанкр

    3. +трофикалық жара

    4. декубитальды жара

    5. обыр жара.

    86. 30 жасар әйел адам сөйлегенде және тамақ қабылдағанда ауызда ауру сезімге шағымданады. Соңғы жарты жыл ішінде тұрақты әлсіздік, кешке таман дене қызыуының көтерілуі, түңгі уақытта тершеңдік анықтайды.

    Қарап тексергенде: тілдің арқасында шеттері тегіс емес, жұмсақ жіне пальпация кезінде қатты ауыратын саңылау тәрізді ақау анықталады. Түбі тегіс емес, сары-сүр тісті түйіршікті қақпен жабылған. аздап ауырады.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. + туберкулез жара

    2. қатты шанкр

    3. трофикалық жара

    4. декубитальды жара

    5. обыр жара.

    87. 48 жастағы әйел адам шырышты қабықта ауыру сезімге және түрін өзгеруіне шағымданады. Қарағанда: гиперемияланған, ісінген шырышты қабықтың үлкен азу тістердің оң жақ аймағында ақшыл-сүр түсті ұсақ папулалар анықталады. Олар доғалдана және дөңгелектене қосылып кілегей қабықтан көтеріңкі орналасқан.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. + қызыл жалпақ теміреткі

    2. аллергиялық стоматит

    3. қызыл жегі

    4. кандидоз

    5. екіншілік мерез

    88. 55 жастағыәйел адам, оқытушы, стоматологқа тілінде күю, бұрыш сепкен және инемен шаншыган сиякты шымырлаган сезімге шағымданып келді.

    Белгілер кешке таман және эмоция кезінде күшейеді, тамақ қабылдағанда жойылады. Қарағанда: ауыз қуысының және тілдің кілегейлі қабығы ақшыл-қызыл түсті. Тілдің астыңғы жағының және ауыздың түбінің тамырлары варизды кеңейген. Тілдің сипап тексергенде ауру сезім жоқ.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. + глоссалгия

    2. десквамативті глоссит

    3. тіл нервісінің невриті

    4. тіл нервісінің невралгиясы

    5. В1 витамин жетіспеушілігі

    89. 45 жастағы ер адам дәрігерге-стоматологқа протездеу мақсатынмен келді. Күнніне екі қорап темекі шегеді. Ащы тағам және ыстық шай үнатады.

    Қарағанда: ұрттың ақшыл-қызыл түсті шырышты қабығының фонында, тістердің түйісу сызығымен және ауыздың бұрыштарында – ұшбұрышты ауырмайтын күнгірт ошақтары байқалады, қырғанда эрозиялар пайда болмайды.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. Жұмсақ лейкоплакия

    2. Лейкоплакия, жазық түрі

    3. +Шылым шегушілер Таппейнер лейкоплакиясы

    4. Веррукозды лейкоплакия, сүйелі түрі

    5. Веррукозды лейкоплакия, тоғалы түрі.



    90. 55 жастағы әйел адам дәрігер-стоматологқа ауызында ауру, кұрғау және күю сезімге шағымданып келді. Бір жыл бойы қант диабетпен ауырады. Эндокринолог ұсынған препараттарды тұрақты қабылдамайды.

    Қарағанда: ауыздың шырышты қабығы гиперемияланған, құрғаұ, тілдің жіп тәрізді бүртіктері атрофияланған. Ауыздың бұрыштарында – нәзік сүр түсті қабақтармен жабылған аздап суланған эрозиялар бар.


    Төменде көрсетілген дәрі-дәрмектердің қайсысын жалпы ем үшін ең тиімді тағайындау?

    1. Окситетрациклин

    2. Интерферон

    3. Трихопол

    4. +Микосист

    5. Ацикловир.

    91. 18 жастағы жігіт ауыз қуысында ауру сезімге, қызыл иектің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоғалуына шағымданады.

    Үш күн бұрын жалпы жағдайының нашарлауның және дене қызыуының 37,8°С дейін көтерілуінің негізінде жедел ауырды. Қарағанда: ұрттың, қатты таңдайдың және еріннің шырышты қабығында қатты ауыратын, көптеген ұсақ овальды пішіні эрозиялар анықталады. Қызыл иек шырышты қабығы - ісінген, гиперемияланған.


    Төменде көрсетілген дәрі-дәрмектердің қайсысын жалпы ем үшін ең тиімді тағайындау?

    1. Доксициклин

    2. Бисептол

    3. Метронидазол

    4. Орунгал

    5. +Ацикловир.

    92. 52 жастағы әйел адам тамақ қабылдағанда және жұтынғанда ауру сезімге шағымданады. 10 жыл бойын гипертониялық аурумен ауырады. Соңғы гипертониялық криз бір күн бұрын болған. Қарап тексергенде: жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабықта шеттерінде эпителий үзіктері сақталған сопақ пішінді эрозия анықталады. Никольский симптомы теріс. Цитологиялық зерттеу нәтижесінің қайсысы ең дұрыс болады?

    1. Акантолитикалық жасушалар

    2. Пирогов-Лангханс жасушалар

    3. +Қанның құрамындағы элементтер

    4. Көпядролы гигантті жасушалар.

    93. Қыз бала 18 жаста төменгі ерінде тамақ қабылдағанда күшеетін ауру сезімге шағыданады. Қарап тексергенде: төменгі еріннің шырышты қабығының оң жағында – сопақ пішінді, мөлшері 4 х 4 мм, фибринозды қақпен жабылған, қызарған белдемемен қоршалған жұқа жара анықталады.Пальпаация кезінде ауырады.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. +Созылмалы рецидивидті афтозды стоматит

    2. Созылмалы рецидивидті герпестік стоматит

    3. Лейкоплакия, эрозивті-жаралана түрі

    4. Шырышты қабығының механикалық жарақат

    5. Екіншілік мерез .

    94. 18 жастағы жасөспірім ауыз қуысында ауру сезімге, қызыл иектің қанағыштығына, жалпы әлсіздікке, тәбеттің жоғалуына шағымданады. 3 күн бұрын жедел ауырды, сол кезде жалпы дімкәстік пен дене қызуының 37,8 С. көтерілді. Қарап тексергенде: ұрттың, қатты таңдайдың және еріннің гиперемияланған және ісінген шырышты қабығында - көптеген сопақ пішінді, пальпация кезінде қатты ауыратын ұсақ эрозиялар анықталады. Қызыл иектің шырышты қабығы гиперемияланған, ісінген. Қызыл иек бүртіктері зондпен тигенде қанайды.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. Аллергиялық стоматит, көпіршік-эрозивті түрі

    2. + Жедел герпестік гингивостоматит

    3. Көптүрлі жалқықты эритема

    4. Белдеме теміреткі

    5. Ящур.

    95. 22 жастағы жас жігіт, дәрігер-стоматологқа ауыз қуысының санация мақсатымен келді. Қарап тексергенде: төменгі еріннің шырышты қабығында, Клейн сызығының аймаңында кеңейген сілекей бездерінің түтікшілері көрінеді, олардан сілекей тамшы түрінде бөлінеді.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. экзематозды хейлит

    2. атопиялық хейлит

    3. эксфолиативті хейлит

    4. + гландулярлы хейлит

    5. контакті аллергиялық хейлит.

    96. Ер адам, 29 жаста, ауыз қуысында қатты ауру сезімге, ауыздың қиын ашылуына, бұлшық ет пен буындардың ауруына, бас ауыруына, дене қызуының 38ºС. көтерілуіне шағымданады. Созылмалы тамақ аурумен (ангина) ауырады. Қарап тексергенде: еріннің, тілдің, ұрттың гиперемияланған шырышты қабығында ауыратын, фиброзды қақпен жабылған көптеген эрозиялар анықталады. Білекте дөңгелек қызғылт дақтар анықталады, орта болiгi томен орналаскан, қара-қоңыр түсті, геморрагиялық қабықпен жабылған.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. Жедел герпестік стоматит

    2. Вульгарлі күлюреуік

    3. Белдеме теміреткі

    4. Венсана стоматиті

    5. + Көптүрлі жалқықты эритема.

    97. 20 жастағы бойжеткен ауыз қуысында ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шагымданады. Қарап тексергенде: ауыз қуысының түбінде ауырмайтын, шеттері көтерінкі орнасқан ет-қызыл түсті жара анықталады. Бимануальды пальпация жараның негізінде тығыз инфильтрат анықтады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырмайды, тығыз-эластикалық консистенциялы. Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. Декубитальды жара

    2. +Екіншілік мерез

    3. Обыр жара

    4. Созылмалы жарақат жара

    5. Туберкулез жара.

    98. Жаралы-некротикалық стоматит кезінде жергілікті емдеуге арналған қойрпақтардың қайсысы жақсы әсер береді:

    1. Гидрокортизон қойыртпағы

    2. Преднизолон қойыртпағы

    3. +Метрогил-дента қойыртпағы

    4. Синтамицин қойыртпағы

    5. Нистатин қойыртпағы.

    99. Ер адам 26 жаста, ауыз қуысында ауру сезімге, ауызын ашуға және тамақ ішуге мүмкін еместігіне, дененің жоғары температурасына шағымданады. Екі апта бұрын жедел респираторлық инфекциясымен ауырды, дәрігерге қаралмаған, жүргізуші жұмысын жалғастырды. Қарап тексергенде: беті сұр түсті, тершен, ауыз ашылуы шектелген, ауыздан өткір жағымсыз иіс. Ретромолярлы кеңістіктің шырышты қабаты қатты қызарған, ісінген, қызыл иек шеттері некроздалған. Сондай-ақ некроздалған ошақтары ретромолярлы кеңістікте бар.


    Төменде көрсетілген алдын ала диагноздың қайсысы ең ықтимал?

    1. Жаралы гингивит

    2. + Венсанның жаралы -некротикалық стоматиті

    3. Пародонт қабынуы, ауыр дәрежесі

    4. Созылмалы рецидивты герпес

    5. Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жарала түрі.

    100. 30 жастағы ер адам ауыз қуысында ауру сезімге, ауызын ашуға және тамақ ішуге мүмкін еместігіне, дене қызыунің көтерілуіне шағымданады. Екі апта бұрын жедел респираторлық инфекциясымен ауырған, дәрігерге қаралмаған, жүргізуші жұмысын жалғастырды. Қарап тексергенде: беті сұр түсті, әлсіз, тершен, ауыз ашылуы шектелген, ауыздан өткір жағымсыз иіс. Ретромолярлы кеңістіктің шырышты қабаты қатты қызарған, ісінген, қызыл иек шеттері некроздалған. Сондай-ақ некроздалған ошақтары ретромолярлы кеңістікте бар. Төменде көрсетілген дәрілік препараттардың қайсысын жалпы емге тағандауға ең тиімді?

    1. Метронидазол

    2. Линкомицин

    3. Бисептол

    4. Миконаз

    5. +Ципролет.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта