Главная страница
Навигация по странице:

  • "Тігістерді алу"

  • "Гипертониялық криз кезінде диагностика және жедел медициналық көмек көрсету"

  • Қадам Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері

  • сим ЦЕНТР. СИМ ЦЕНТР. Тыныс алу жолдарында бгде затты болуы кезіндегі жедел кмек. Геймлих дісі


    Скачать 54.07 Kb.
    НазваниеТыныс алу жолдарында бгде затты болуы кезіндегі жедел кмек. Геймлих дісі
    Анкорсим ЦЕНТР
    Дата29.12.2022
    Размер54.07 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСИМ ЦЕНТР.docx
    ТипДокументы
    #868569
    страница3 из 3
    1   2   3


    "Хирургиялық тігіс салу"





    Қадамдар

    Әрекет алгоритмі мен орындау критерийлері

    1

    Жабдықтарды дұрыс таңдау: стерильді лоток, резеңке қолғаптар, таңу материалы, пинцеттер, ине ұстағыштар, кесетін инелер, Купер қайшысы, тігіс материалы, инесі бар шприц, 1% йодонат ерітіндісі, 70% этил спирті , 0,25% новокаин ерітіндісі

    Дұрыс құралдарды таңдаңыз. Дәрі-дәрмектердің әрқайсысының пайызын, сондай-ақ сандық құрамын дұрыс көрсетіңіз. Қолданылатын тігіс материалының түрін метрикалық нөмірмен көрсетіңіз.

    2

    Резеңке қолғап киіңіз. Жараның айналасындағы теріні йодонат ерітіндісімен 2 рет өңдеңіз. Жараның айналасындағы теріні 70% этил спиртіне малынған салфеткамен өңдеңіз.

    ҚР ДСМ №111 бұйрығы бойынша қолды өңдеу. Құрғату! Жараның айналасындағы теріні йодонат ерітіндісіне малынған салфеткамен пинцетпен қысып ұстай отырып өңдеңіз. Жараның айналасындағы теріні пинцеттегі 70% этил спиртімен қайта өңдеңіз

    3

    Ине ұстағышпен инені ұстап, иненің көзіне тігіс материалын енгізіп, сабақтау.


    Инені ине ұстағышқа дұрыс орнатыңыз. Жіптің соңын медбикеге немесе ассистентке беру.

    5

    Түйіннің үстіндегі "жіпті" пинцетпен ұстап, түйінді тыртыққа қарай тартыңыз , осылайша теріде болған жіптің бір бөлігі көрінгенше тарту керек (әдеттегі ақ түсті болады).

    Жарақат процесінің жағдайын ескере отырып, хирургиялық тігісті (Донати, хирургиялық, косметикалық) қолданудың белгілі әдістерінің бірін қолданыңыз.

    6

    Инені шығару кезінде теріні хирургиялық пинцетпен ұстай отырып,инені ине ұстағышпен шығарып алыныз

    Супинация жағдайында қолдың қозғалысын қолдану

    7

    Инені тіннен шығарып және жіптен босатып, жіптің ұштарын жараның бір жағына бағыттап 3 рет түйін қылып байлаңыз

    Кем дегенде үш рет хирургиялық тігістердің бірін таңдап, жіпті байлаңыз.

    8

    Түйіннен 1 см қашықтықта қайшымен жіпті кесіңіз

    Өткір қайшыны алып , соңғы жасалған түйіннен 1 см жоғары кесіңіз.

    9

    Алдыңғы түйіннен 1 см қашықтықта қалған түйіндік тігістерді салыңыз

    Cалынған тігістер арасындағы қашықтық 1 см-ден аспауы тиіс

    10

    Тігісті йодонатқа малынған салфеткамен пинцетпен ұстай отырып өңдеңіз. Үстіне салфетканы қойып, бекітіңіз.

    Жараны өңдеңіз. Асептикалық таңғышты салыңыз.


    "Тігістерді алу"





    Қадамдар

    Әрекет алгоритмі мен орындау критерийлері

    1

    Дұрыс жабдықты таңдаңыз

    Стерильді қолғаптар, хирургиялық, анатомиялық немесе табаны бедерлі (лапчатый) пинцеттер, стерильді дәке шарлары мен салфеткалар, өткірұшты қайшылар немесе скальпель, спирт 70 % немесе 1 % йодонат ерітіндісі.

    2

    Қолды өңдеңіз. Стерильді қолғап киіңіз.

    № 111 бұйрығына сәйкес қолыңызды жуыңыз, содан кейін қолыңызды антисептикпен өңдеңіз. Тиісті техниканы қолдана отырып, стерильді қолғап киіңіз.

    3

    Таңғышты алып, қарап- тексеріңіз. Тігістерді алу үшін көрсеткіштерді анықтаңыз

    Тексеру жүргізіп, тігістің өміршеңдігін тексеріңіз. Тігістерді алу үшін көрсеткіштер-жараның орны құрғақ, таза болуы. Сондай-ақ мерзімі. Іш қабырғасы үшін-10-12 күн. Бастың және беттің түкті бөлігі 5-7 күн. Дененің, аяқтың, арқаның қозғалмалы бөліктері-14-21 күн.

    4

    Жараны өңдеңіз

    Көмекші пинцетпен 70% этил спиртінің ерітіндісіне малынған стерильді шарикті алыңыз,оны кейін негізгі жұмыс пинцетіне беріледі. Жұмыс пинцетін қолдана отырып, алдымен тігістер сызығы өңделеді, содан кейін ортасынан шеткері қарай принципі бойынша кең ауқымды өңдеу керек болады.

    5

    Пинцетпен жіптің ұшын түйіннен жоғары ұстап, түйінді бекітілген жерінен қарама-қарсы жаққа қарай тартыңыз.

    Сол пинцетпен лигатураның ұшы бекітіліп, түйіннің байланған жерінен тері астындағы жіптің ақшыл бөлігі пайда болғанша қарама-қарсы бағытта тартылады. Тері лигатураны тарту орнында қайшылардың браншаларымен ұсталады.

    6

    Қайшымен немесе скальпельмен сол жердің тігісінің жібін кесіп өтіңіз.

    Лигатура теріден тартылған (стерильді) ақшыл түсті учаскеде кесіледі.

    7

    Содан кейін жіпті түйіннің бастапқы бекіту орнына қарай тартыңыз. Каналдан жіпті алыңыз.

    Теріні қайшымен ұстап тұрып, лигатураны пинцетпен алып, дайындалған салфеткаға салады (алынған тігістердің санын бақылау үшін).

    8

    Сол сияқты, қалған түйіндік тігістерді алып тастаңыз.

    Қалған тігістер ұқсас жолмен алынып тасталады.

    9

    Жарақатты өңдеңіз

    Барлық тігістерді алып тастағаннан кейін жара 70 % этил спирті ерітіндісімен немесе 1 % йодонат ерітіндісімен өңделеді.

    10

    Асептикалық таңғышты салыңыз.

    Жараға 1% йодонат ерітіндісімен немесе 70% этил спирті ерітіндісімен таңу қолданылады. Асептикалық таңғыш үстіне қойылып фиксацияланады.



    "Гипертониялық криз кезінде диагностика және жедел медициналық көмек көрсету"




    Қадам

    Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері

    1

    Науқаспен байланыс орнатыңыз (вербальды және вербальды емес компонент)

    Пациентпен амандасып-танысу,

    науқастың атын сұраңыз және көзбен байланыс орнатыңыз.

    2

    Шағымдарды нақтылау

    Симптомдардың үштігін анықтаңыз: бас ауруы, бас айналу, жүрек айну;

    Қосымша белгілерді анықтаңыз. Ашық сұрақтардан жабық және балама сұрақтарға өте отырып,техниканы қолдана отырып ақпарат жинаңыз.

    3

    Ауру анамнезін нақтылау

    Жағдайдың нашарлауын немен байланыстырасыз? Р Қан қысымының көтерілуі бұрын болды ма ?

    Қан қысымының әдеттегі және максималды көрсеткіштері қандай?

    Қан қысымының жоғарылауы субъективті түрде қалай көрінеді?

    Науқас тұрақты антигипертензивті терапияны алады ма? Қандай препараттар қолданады? Күнделікті ұмытпай қабылдайды ма ? Симптомдар қашан пайда болды және криз қанша уақытқа созылады (минут, сағат)?

    Бұрын криз кезінде қандай препарат қолданады?

    Кризді өз бетінше тоқтату әрекеттері болды ма және қалай?

    4

    Өмір анамнезін нақтылау

    Анамнезінде инсульт болған ба және бүйрек пен жүректің созылмалы аурулары бар ма? Тұқымқуалаушылық аурулары, жарақаттар мен операциялар, жаман әдеттер, аллергоанамнез жайында сұрау

    5

    Қарап тексеруге келісімін алу

    Пациенттен қарап тексеруге бола ма деп сұрау

    6

    Қолды өңдеңіз, бір реттік қолғапты киіңіз

    Қолыңызды гигиеналық тәсілмен өңдеңіз, бір рет қолданылатын қолғапты киіңіз

    7

    Жалпы жағдайын және өмірге маңызды ағзалар функциясын бағалау

    Жалпы жағдайды және өмірге маңызды ағзалар функциясын бағалау: - есі (қозу, естен тану, ес-түссіз), - тыныс алу (тахипноэның болуы);

    Визуалды түрде бағалау: - науқастың төсектегі қалпы (жатыр, отыр, ортопноэ); - терінің түсі (бозғылт, гиперемия, цианоз және ылғалдылық) - мойын тамырлары (тамырлардың ісінуі, көрінетін патологиялық пульсация); - перифериялық ісінудің болуы

    8

    Артериальды пульсты анықтау

    Артериялық пульсті екі қолдан да өлшеу ережелері мен техникасына сәйкес өлшеңіз, пульстің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.

    9

    АҚ өлшеуді ережелер мен техниканы сақтай отырып көрсету

    Қан қысымын Коротков әдісі бойынша , қан қысымын өлшеу ережелері мен әдістерін сақтай отырып, екі қолдан да өлшеңіз.

    10

    Біріншілік терапевтикалық көмек көрсету

    Пациенттің басын көтеріңкі қалпында жатқызу

    Таза ауа келуін қамтамасыз ету (кислородпен қамтамасыз ету)

    11

    Прекардиальді аймаққа зерттеу жүргізу: жүрек пальпациясы

    Прекардиальды аймақты зерттеу:

    - пальпация (жүрек ұшы түрткісін табу, бағалау, оның локализациясы анықтау)

    12

    Жүрек аускультациясын тыңдау реттілігі мен ережелеріне сай жүргізу

    Жүрек аускультациясын тыңдау реттілігі мен ережелеріне сай жүргізу

    13

    Жүрек перкуссиясын реттілік мен ережелеріне сай жүргізу

    Сол жақ салыстырмалы жүрек шекарасының ұлғаюы бар ма анықтау мақсатында перкуссия жасап көрсету (манекенге)

    14

    Өкпе аускультациясын жүргізу

    Салыстырмалы өкпе аускультациясын тыңдау реттілігі мен ережелеріне сай жүргізу

    15

    Қажетті аспаптық зерттеулерді тағайындаңыз

    ЭКГ түсіруді тағайындау, ЭКГ результатына интерпретация жасау (Сол жақ қарынша гипертрофиясы белгілері)

    16

    Алдын ала болжама диагноз қойыңыз

    ҚР ДСМ хаттамасына сәйкес алдын ала диагноз қою.

    Алынған ақпаратты жинақтап, пациентке түсіндіру.

    17

    Объянить пациенту о состоянии и диагнозе

    Қажет болған жағдайда жедел жәрдем бригадасын шақыру

    Объяснил пациенту диагноз и дальнейшую тактику лечения

    18

    Медикаментозды көмек көлемін анықтау

    Жағдайға байланысты АҚ-ның төмендеу қарқынын және препараттарды енгізу жолын анықтау қажет.

    АҚ төмендеуі біртіндеп жүзеге асырылады – алғашқы сағатта 15-25% - ға дейін,келесі 2-6 сағатта ≤160\110 мм рт.ст. төмендету керек . 12-24 сағат ішінде қалыпты жағдайға келтіру маңызды. Алдымен пероральді гипотензивті дәрілік заттар қолданылады (бір препараттан басталады): қарсы көрсетілімдер мен индивидуальды төзімсіздік болмаған жағдайда нифедипин 10 мг немесе каптоприл 25 мг. Тахикардия болса / бисопролол 5 мг / метопролол 25 мг тағайындауға болады (қарсы көрсетілім болмаса)

    19

    Өмірге маңызды ағзалар функцияларына мониторинг жасау

    Әрбір 15-25 мин сайын АҚ, ЖЖЖ,пульсоксиметрмен сатурациясын бақылау

    20

    Пациентті ары қарай жүргізу тактикасын анықтау

    Стандартты пациенттің жай-күйі жайында, режим мен диетасы, емі және криздік жағдай қайталанған жағдайдағы іс-әрекеті жайында түсіндіру
    1   2   3


    написать администратору сайта