|
сим ЦЕНТР. СИМ ЦЕНТР. Тыныс алу жолдарында бгде затты болуы кезіндегі жедел кмек. Геймлих дісі
«Сүт бездерін пальпациялау»
№
| Қадам
| Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері
| 1.
| Науқаспен байланыс орнатыңыз
| Науқаспен алғашқы байланыс орнатты - амандасып, өзін таныстырды; науқастың атын сұрады; осы уақытта ол оңтайлы қашықтықты орната алды. Науқасқа тексерудің мәнін түсіндірді. Медициналық манипуляция жүргізуге ауызша келісім алды.
| 2.
| Гигиеналық әдіспен қолды өңдеу
| Қолды жуу ережесін қатаң сақтай отырып жуды, екі қолына стерильді бір реттік қолғапты киді.
| 3.
| Керекті ауру анамнезін жинау:
| Қажетті анамнезді жинады: шағымдары, соңғы етеккірдің бірінші күнін, барлық жүктілік жағдайының нәтижесін, босану туралы мәліметтер алды.
| 4.
| Бездің қалыптасу деңгейін бағалау.
| Науқастың сүт бездерін отырған қалпында, қолдары кеуде тұсында төмен қарап бос тұрады.
Сүт безінің түрін, олардың симметриялығын, көлемін, өлшемін, тері жабындыларының (ісіну, гиперемия) жағдайын, тері тыртығының бар жоғын, қатпарлануын, ісінуін, пигментациялануын, емшек ұшында бөлінділердің бар жоғын тексерді.
Терінің немесе емшектің тартылуын анықтау үшін әйелге қолын жоғары көтеруін сұрады. Осы техниканың көмегімен дәрігер кейбір пальпацияланбайтын ісіктерді анықтады. Емшекті тексеру кезінде
1) емшектің орнының өзгеруін;
2) оның радиусының біреуінің қысқаруын ареоланың деформациясын атап өтті.
| 5
| Науқастың сүт бездерін отырған қалпында пальпациялау
| Науқастың сүт бездерін отырған қалпында пальпациялады, қолдары кеуде тұсында төмен қарап бос тұрады. Пальпациялау төрт немесе үш жұмылған саусақтардың ұштарымен жүргізіледі. Үлкен саусақ пальпациялауға қатыспайды.
Алдымен емшектің бетінен сипап қарау жүргізіледі, саусақ ұштарын сүт бездеріне терең енгізбейді, бұл тері астында орналасқан үлкен емес жаңа түзілістерді анықтауға мүмкіндік береді. Содан соң терең сипап қарады, сол кезде саусақ ұштарын терең қабырғаға дейін енгізді. Пальпациялау бұғана сүйегінен бастап, қабырғаның төменгі жиегіне дейін және кеудеден бұлшық ет асты сызығына дейін, оған қоса қолтық астынан да жүргізіледі, бұл жерде лимфо түйіндерінің ұлғаюын анықтауға болады.
| 6
| Квадрат әдісімен сүт бездерін пальпациялау.
Серіппе әдісімен сүт бездерін пальпациялау.
| Квадрат әдісімен сүт бездерін пальпациялау: емшек ұшынан бастап шеткері периферияға қарай келесі кезекпен жүргізіледі:
а) сыртқы-жоғарғы квадрант
б) сыртқы -төменгі квадрант
в) ішкі-төменгі квадрант
г) ішкі-жоғарғы квадрант
Серіппе әдісімен сүт бездерін пальпациялау: сүт бездерін сипап қарағанда серіппе бойынша жан-жағынан ортаға қарай төмен қараған түрінде, қолтық астынан бастап, емшек ұшына дейін жүргізді. Саусақ ұштарымен дөңгелек қозғалыс жасай отырып, емшек ұшына қарай пальпациялады.
| 7
| Эмоционалды басымдылықты төмендету
| Науқасқа көңілі тыныш болу үшін, көңіл-күйін көтеретін қолдау сөздерін қолданды.
| 8
| Емшек ұшы мен оның айналасындағы аймақты қарау
| Емшек ұшын қараған кезде оның көлеміне және түсінің өзгеруіне, тартылып тұрғанына, сулану бар-жоғын, ирелену немесе сызаттар бар-жоғына назар аударды. Емшек ұшы мен оның айналасындағы аймақты сипап қарады, өйткені, осы аймақта ісік болуы мүмкін. Соңында емшек ұшын мұқият түрде үлкен және сұқ саусақпен басып қарау арқылы сұйықтық бар-жоғын немесе оның сипатын анықтады.
| 9
| Қолтық асты лимфа түйіндерін пальпациялау
| Қолтық асты лимфа түйіндерін пальпациялады. Бұл сүт бездерінің сыртқы квадратын сипап қараумен бір мезгілде жасалады. Содан соң бұғана үсті лимфа түйіндері (бұғана үсті шұңқырындағы) және иық бұлшықет маңында орналасқан мойын лимфа түйіндері, мойынның алдыңғы бетіндегі көрінетін қос валик тәрізді, төс асты шұңқырынан шығып, желкенің емшек ұшы тәрізді өсінді сүйектерінің әр жағынан пальпациялады.
| 10.
| Барлық қолданылған құралдарды утилизациялау контейнеріне тастау және науқасқа зерттеу қорытындысын беру.
| Қолғапты шешіп қалдықтарға арналған контейнерге салды. Қолын сабынмен жуып, сүлгіге сүртті.
Дағдыға түсініктеме берді және ақпараттандырды.
|
«Жаңа туған баланы бірден туылғаннан кейін бағалау және оған күтім жасау принциптері»
№
| Қадамдар
| Әрекет алгоритмі мен орындалу критерийлері
| 1.
| Қолды өңдеу
| Қолды жуып, бір реттік сүлгмен сүртіп. Антисептикпен қолды өңдеу. Бір реттік қолғапты киді.
| 2.
| Жаңа туылған нірестені бағалау
| Жаңа туған нәрестені туылғаннан кейін бірден бес Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз: бұл жүрек соғу жиілігі, тыныс алу, бұлшықет тонусы, рефлекстер және терінің түсі.
| 3.
| Тыныс алу жолын бағалау (қажет болған жағыдайда)
| Грушаның көмегімен ауа жолдарын тазалаңыз (алдымен ауыз, содан кейін мұрын
| 4.
| Жаңа туылған нірестені құрғату
| Жаңа туылған нірестені құрғату: жаңа туған нәрестені туғаннан кейін дереу таза жұмсақ, алдын ала қыздырылған жаялыққа салып, мұқият құрғатыңыз, содан кейін дымқыл жөргекті алыңыз. Қажет болса, тағы бір рет құрғатыңыз.
| 5
| Жаңа туылған нірестені киіндіру
| Баланың басын шапка немесе жаялықпен жабыңыз, аяқтарына шұлық киіңіз.
| 6
| Жаңа туылған нірестені анасының омырауына қалдыру
| Ана мен баланы жылы көрпемен жауып, "теріге тері" байланыста қалдырыңыз.
| 7
| Босанған әйелмен байланыс орнатыңыз.
| Анасына баласының жағыдайын айтыңыз. алдын алу рәсімдері туралы түсіндіру әңгімесін жүргізу.
| 8
| Анасының келісімі алғаннан кейін алдын алу шараларын жүргізу
| 1. Жаңа туған нәрестенің геморрагиялық ауруының алдын алу үшін К/м 1 мг витаминін бір рет енгізу (нұсқаулыққа сәйкес препаратты пероральді қолдану мүмкін).
2. Конъюнктивиттің алдын алу үшін 1% тетрациклин жақпасын немесе 0,5% эритромицин жақпасын қолдану тиімділігін (ана мен баланың көзімен байланысқаннан кейінгі бірінші сағат ішінде).
3. Бірінші күні В гепатитіне қарсы вакцинация жасалады.
4. БЦЖ егу барлық жаңа туған нәрестелерге перзентханадан шыққанға дейін (0-ден 4 күнге дейін) жүргізіледі; жалғыз қарсы көрсетілім АИТВ-инфекциясын симптоматикалық жұқтыру болып табылады
| 9
| 120 минуттан кейін толық медициналық тексеруден және антропометриядан өтіңіз
| 120 минуттан кейін толық медициналық тексеруден өтіп, өлшеп, бойын, бас шеңберін, кеуде шеңберін өлшеңіз.
| 10.
| Кіндікке күтім жасау туралы түсіндіру әңгімесін өткізіңіз.
| Кіндікке күтім:
кіндік тұқылын құрғақ және таза ұстау,
ештеңені жаппаңыз және ештеңе салмаңыз;
кіндікті антисептикалық құралдармен күнделікті өңдеудің
қажеті жоқ;
киімдердің тазалығын қамтамасыз ету және кіндік тұсына
несеп, нәжіс және басқа да ластағыштардың түсуінен қорғау.
|
«Кіндік тамырының катетеризациясы»
№
| Қадамдар
| Әрекет алгоритмі мен орындалу критерийлері
| 1.
| Катетерді енгізу тереңдігін анықтау.
| Салмақ*1,5+5,6 формуласымен катетерді енгізу тереңдігін анықтады.
| 2
| Бір рет қолданылатын маска мен қалпақты киу
| Бір рет қолданылатын маска мен қалпақты киді.
| 3
| Гигиеналық әдіспен қолды өңдеу
| Қолды гигиеналық өңдеуден өткізіп қолын бір реттік сүлгіге сүртті. Қолдарын антисептикпен өңдеді. Бір реттік стирилді халлатты киді. Екі қолына бір реттік стерильді қолғап киді.
| 4
| Кіндікті өідеу
| Кіндік қалдығын және кіндік айналасындағы теріні антисептикпен немесе 70% спиртпен сүртті.
| 5
| Нәрестені стерильді жөргекпен жауып және барлық қажетті құралдарды қою.
| Жаңа туған нәрестені стерильді жөргектермен жауып, стернильді жөргекке кіндік қалдығын ашық қалдыру барлық қажетті құралдарды қойды.( шприц 5мл, лигатура, қайшы немесе скальпель, пинцет, стерилды марлы дікелер, 70% спиртке матырылған стерилді малы шариктер)
| 6
| Кіндік катетеріне тексеру
| Кіндік қалдығын антисептикпен немесе 70% спиртпен 3 рет сүртіп, қысты.
| 7
| Уіндік қалдығын және қысқышты антисептиктік өңдеуден өткізгенін тексеру
| Кіндік қалдығын антисептикпен немесе 70% спиртпен 3 рет сүртіп, қысты.
| 8
| Кіндік қалдығын кесу
| Кіндіктің негізгі бөлігін стерильді лигатурамен байлаңыз, бірақ қатайтпаңыз және артық кіндікті скальпельмен немесе қайшымен кесіп тастамаңыз, ұзындығы 1,0 -2,0 см кесек қалдырыңыз. Оны құрғақ стерильді дәке салфеткасымен құрғатыңыз
| 9
| Кіндік тамырын анықту.
| Кіндік тамырын : бір, жұқа, сопақ артериядан 2 есе кең, теру сағаттарында 11-12 сандарының орналасуына сәйкес келеді, артериялар-тығыз, "қарасора" шығыңқы, дөңгелек, теру сағаттарында 4-7 сандарының орналасуына сәйкес келеді). Кіндік катетерін қажетті тереңдікке енгізіңіз. Жібек лигатурасының ілмегін кіндік қалдығына екі рет қатайтыңыз және оны құрғақ стерильді дәке салфеткасымен катетерді кептіріңіз
| 10
| Катетердің орналасуы дұрыс екеніне көз жеткізу қажеттілігі туралы хабарлаңыз
| Шолу рентгенографиясын жасаңыз және катетердің жағдайын бағалаңыз
|
«Іш пальпациясы»
№
| Қадамдар
| Әрекет алгоритмі мен орындау критерийлері
| 1.
| Науқаспен байланыс орнатыңыз.
| Амандасып, өзіңізді таныстырыңыз. Науқастан өзін таныстыруды сұраңыз. Манипуляцияның барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
| 2.
| Пациентке төсекте дұрыс қалып беріңіз.
| Іштің алдыңғы қабырғасын барынша босаңсыту үшін пациенттің аяғы бүгілген және қолдары дененің бойымен төмен орналасқан болу керек
| 3.
| Іштің алдыңғы қабырғасының кернеуін тексеріңіз.
| Оң қолды алақанмен ішке қойып, содан кейін саусақтардың ұшымен іштің алдыңғы қабырғасын аздап басыңыз
| 4.
| Беткей пальпацияны бастау
| Беткей пальпация сол жақ мықын аймағынан сағат тіліне қарсы бағытта басталады, яғни сол жақ мықын аймағынан кейін сол жақ қапталды төменнен жоғарыға қарай сол жақ қабырға астына дейін, оң жақ қабырға астынан және оң жақ қапталға жоғарыдан төменге қарай оң жақ мықын аймағына дейін пальпациялады.
| 5
| Ортаңғы сызық бойымен беткей бағдар пальпация жасаңыз.
| Пальпация семсертәрізді өсіндіден қасағүсті аймағына дейін жоғарыдан төменге қарай жүзеге асырылады.
| 6
| Әрі қарай, іштің симметриялы орналасқан жерлерін беткей пальпациясын жасаңыз.
| Сол жақ мықын аймағын пальпациялағаннан кейін, пальпациялап жатқан қолды оң мықын аймағының симметриялы бөлігіне ауыстырылды. Содан кейін ол қайтадан сол жағына қайтарып, әр кезде алдыңғы пальпация орнынан 4-5 см жоғары көтеріледі.
| 7
| Пальпация іштің сол және оң жартысын төменнен жоғары қарай кезекпен жүзеге асырылады.
|
| 8
| Ортаңғы сызық бойымен салыстырмалы пальпациямен аяқтаңыз.
| Пальпациялап жатқан қолды семсертәрізді өсіндінің астына қойыңыз, содан кейін пальпациялық қолды қасаға үстіне ауыстырып, кейін қайта (алдыңғы пальпацияған орнынан - семсертәрізді 2-3 см төмен) жоғары көтерілеміз.
| 9
| Пальпация нәтижесін айту
| Пальпация кезінде назар аударды:
- тығыз түзілімдердің, түйіндердің болуы.
- іштің ұлғаюы және оның жалпақ формада болуы асциттің белгілері болуы мүмкін
- іштің және кіндік аймағының жоғарғы және төменгі бөліктеріндегі ісік түзілімдері болуы мүмкін
| 10.
| Науқастың хал-жағдайын тексеріңіз. Алдын ала диагноз қойды. Пациентпен қоштасты.
|
| |
|
|