|
сим ЦЕНТР. СИМ ЦЕНТР. Тыныс алу жолдарында бгде затты болуы кезіндегі жедел кмек. Геймлих дісі
"Тыныс алу жолдарында бөгде заттың болуы кезіндегі жедел көмек. Геймлих әдісі"
№
| Қадамдар
| Әрекет алгоритмі мен орындау критерийлері
| 1
| Тұншығудың белгілерін анықтаңыз
Жедел жәрдем шақырыңыз
| Тұншығудың белгілерін анықтаңыз (дауыс пен сөйлеудің болмауы, дүрбелеңге түседі, қашып кетуге тырысады, мойынды айналдыра ұстап алады) және жедел жәрдем шақырыңыз.
| 2
| Науқастың хал-жағдайын нақтылау
| Зардап шеккен адамға сұрақ қойыңыз: "сіз тұншықтыңыз ба?» деп.
| 3
| Науқастың келісімін алыңыз
| Стандартты сөйлемді айтыңыз: "Мен шұғыл көмек көрсете аламын. Мен сізге көмек көрсетсем бола ма?»
| 4
| Өзін-өзі қалыпқа келтіру мүмкіндігін анықтаңыз
| Сұрақ қою арқылы өзін-өзі қалыпқа келтіру мүмкіндігін анықтаңыз: "Сіз сөйлей аласыз ба, дем ала аласыз ба немесе жөтеле аласыз ба?»
| 5
| Зардап шегушіні белден алға қарай еңкейтіңіз
| Мүмкіндігінше жәбірленушіні белден алға қарай шамамен 90 градусқа еңкейтіңіз.
| 6
| Арқасынан 4 рет қағыңыз
| Алақаныңызбен жауырын аралықтан арқасынан 4 рет қағыңыз
| Көмек болмаған жағдайда!!!
| 7
| Зардап шегушінің артына тұрыңыз
| Зардап шегушінің артқы жағында тұрыңыз
| 8
| Зардап шегушіні қолмен ұстап алу
| Зардап шегушіні қолдарыңызбен ұстаңыз, оң қолдың жұдырығын бас бармағымен семсертәрізді өсінді мен кіндік арасындағы нүктеге орналастырыңыз.
| 9
| Екінші қолды дұрыс орналастыру
| Екінші қолыңызды кіші саусақ жағынан жұдырыққа қойыңыз.
| 10
| Жұдырықты екінші қолдың білегімен ұстап, ішке және жоғарыға қарай бағыттап қатты баса отырып итеріңіз
| Қабырғаларды бүйірден қыспау үшін шынтағыңызды сыртқа қарай бұрыңыз. Зардап шегуші блоктау объектісінен құтылғанша немесе есін жоғалтқанша ішке және жоғарыға қарай өткір басуды жалғастырыңыз. Егер жәбірленуші есінен танып қалса, ЖӨР-на кірісіңіз.
|
«Коникотомия»
№
| Қадамдар
|
Әрекет алгоритмі мен орындау критерийлері
|
| Науқастың жағдайына мониторинг жүргізу, жағдайды бағалау (клиникалық диагнозды анықтау)
| Науқасты тексеріп, асфиксия кезінде оның жағдайын бағалаңыз.
Клиникалық түрде алдын-ала диагноз қойыңыз.
Коникотомия жасау туралы шешім қабылдаңыз.
|
| Өзіңізді және науқасты коникотомия жасауға дайындаңыз
| Қатты горизонтальды беткейге жатқызып, иықтың астына валик салыңыз.
Қолғап киіңіз, қолыңызды өңдеңіз.
|
| Коникалық байламның орналасуын көрсетіңіз
| Коникалық байламның орналасуын дұрыс анықтаңыз, операциялық алаңды өңдеңіз. Қалқанша және сақина тәрізді шеміршек арасындағы коникотомияның орнын анықтаңыз.
|
| Құралдар жиынтығын айтып шығу
| Құралдарды таңдаңыз және тізімдеңіз: коникотомияға арналған скальпель, конустық түтік, кеңейткіш, АМБУ қапшығы.
|
| Коникотомия жасаңыз және әрекеттерге түсініктеме беріңіз.
| Теріні қалқанша безіне сол қолдың 2 саусағымен (бас бармақ + сұқ саусақ) бекітіп ұстаңыз. Скальпельді оң (жетекші ) қолыңызда 90° жасап ұстаңыз. Бір реттік қимылмен теріні, тері астындағы қабатты және коникалық байламды кесіңіз. Трахея саңылауына коникалық түтікті орнату.
|
| АМБУ қапшығын қолданудың маңыздылығын айтып түсіндіріңіз.
| АМБУ қапшығының көмегімен коникалық түтіктің орналасқан жерін анықтаңыз.
|
| Коникотомия жүргізілгеннен кейін пациенттің жағдайын бақылауды жүргізу
| Манипуляцияның тиімділігін анықтаңыз.
|
| Асептика ережелерін ескере отырып, жараны өңдеу дағдысын көрсетіңіз.
| Қолғап киіңіз. Қолды өңдеңіз. Операциялық жараны антисептикпен өңдеңіз. Коникалық түтіктің айналасына асептикалық таңғышты салыңыз және лейкопластырмен жапсырыңыз.
|
| Пациентті қайталап қарап-тексеруді жүргізу (жай-күйін бақылау)
| Науқастың жағдайын бағалаңыз. Қан қысымы, жүрек соғуы, кеуде экскурсиясын.
|
| Коникалық түтік арқылы тыныс алудың тиімділігін анықтаңыз.
| Тыныс алудың тиімсіздігі немесе болмауы кезінде жедел медициналық көмек келгенге дейін АМБУ қапшығымен ӨЖЖ-ні (өкпені жасанды желдету) жалғастыру.
|
«Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд-Левицкий бойынша)»
№
| Қадам
| Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері
| 1.
| Науқаспен байланыс орнатыңыз
| Науқаспен алғашқы байланыс орнатты - амандасып, өзін таныстырды; науқастың атын сұрады; осы уақытта ол оңтайлы қашықтықты орната алды. Науқасқа тексерудің мәнін түсіндірді. Медициналық манипуляция жүргізуге ауызша келісім алды.
| 2.
| Гигиеналық әдіспен қолды өңдеу
| Қолын жуды, бір рет қолданылатын сүлгімен сүртті. Бір рет қолданылатын қолғап киді.
| 3.
| Жүкті әйелді кушеткаға жатқызу
| Жүкті әйелді кушеткаға арқасымен жатқызып, іш бұлшықеттерін босаңсыту үшін жамбас және тізе буындарын сәл бүгіп жатқызды. Науқастың оң жағына бетіне қарап тұрды.
Науқасқа жағдайын түсіндіріп айтты және түсінген-түсінбегенін сұрап кері байланыс орнатты.
| 4.
| Эмоционалды басымдылықты төмендету
| Науқасқа көңілі тыныш болу үшін, көңіл-күйін көтеретін қолдау сөздерін қолданды.
| 5
| Іш айналасының өлшемін алу (ІА)
| Іш айналасының өлшемін (ІАӨ) сантиметрлік таспамен өлшеді: таспаны - артқы жағына бел аймағының ортасынан, алдыңғы жағына - кіндік деңгейімен орналастырды.
| 6
| Жатыр түбінің биіктігін өлшеу (ЖТБ)
| Жатыр түбінің биіктігін өлшеді (ЖТБ): сантиметрлік таспаның бір ұшын симфиздің жоғарғы жиегіне орнатып, оң қолымен қысып, сол қолымен таспаны іштің алдыңғы бетіне, жатырдың түбіне созды.
| 7
| Леопольд-Левицкийдің І әдісін көрсету
| Леопольд-Левицкийдің І әдісін көрсетті - жатыр түбінің және жатырдың түбінде орналасқан ұрықтың үлкен бөлігінің тұру деңгейін анықтады. Қолдарын жатырдың түбіне қойып терең батырды, жатыр түбінің тұру деңгейін, сондай-ақ жатырдың түбінде орналасқан ұрықтың бір бөлігін анықтады.
| 8
| Леопольд-Левицкийдің ІІ әдісін көрсеу
| Леопольд-Левицкийдің ІІ әдісін көрсетті. Ұрықтың арқасы мен майда бөліктерін, позициясын, түрін анықтады.
| 9
| Леопольд-Левицкийдің ІІІ әдісін көрсеу
| Леопольд-Левицкийдің ІІІ әдісін көрсетті. Ұрықтың жатқан бөлігін анықтады
| 10.
| Леопольд-Левицкийдің ІV әдісін көрсеу
| Леопольд-Левицкийдің ІV әдісін көрсетті. Ұрықтың жатқан бөлігінің кіші жамбас астауына қатынасын анықтады.
Эмоциялық шиеленісті жою және ақпараттандыру дағдысын көрсетті.
|
«Арнайы гинекологиялық зерттеу»
№
| Қадам
| Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері
| 1.
| Науқаспен байланыс орнатыңыз
| Науқаспен алғашқы байланыс орнатты - амандасып, өзін таныстырды; науқастың атын сұрады; осы уақытта ол оңтайлы қашықтықты орната алды. Науқасқа тексерудің мәнін түсіндірді. Медициналық манипуляция жүргізуге ауызша келісім алды.
| 2.
| Гигиеналық әдіспен қолды өңдеу
| Қолды гигиеналық өңдеуден өткізіп, екі қолына стерильді қолғап киді.
| 3.
| Эмоционалды басымдылықты төмендету
| Науқасты бір реттік жөргек төселген гинекологиялық креслоға шығарып жатқызды.
Науқастың жағдайын түсіндіріп айтты және түсінген-түсінбегенін сұрап кері байланыс орнатты.
| 4.
| Науқасты кушеткаға жатқызу
| Науқасқа көңілі тыныш болу үшін, көңіл-күйін көтеретін қолдау сөздерін қолданды.
| 5.
| Сыртқы жыныс мүшелерін тексеру
| Сыртқы жыныс мүшелерін тексеруден бастады. Жыныс мүшесінің түктілігіне, үлкен және кіші жыныс еріндеріне, клиторға, қынаптан шығатын сұйықтықтың жолдарына назар аударды.
| 6.
| Айнамен қарау
| Айнамен қарады: жыныс еріндерін сол қолдың сұқ саусақтарымен ашты, содан кейін ол оң қолымен айнаны, бүйірімен енгізу ережесін сақтай отырып, Куско айнасын жабық күйде енгізді. Айнаны толық енгізген соң, 90 градусқа айналдырап дұрыс орнатты. Жатыр мойнын ашуға арналған құралмен ашты.
| 7.
| Қынаптың және жатыр мойнын тексеру
| Қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабығының түсіне, жатыр мойнына патологиялық өзгерістердің болуына немесе болмауына, секреция сипатына назар аударды.
| 8.
| Бимануалды зерттеу жүргізу
| Қарап тексеруден кейін айнаны жауып, ереже бойынша қынаптан абайлап шығарып, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдысқа салды.
| 9.
| Зерттеу қорытындысын түсіндіру
| Бимануальды зерттеу жүргізді: сол қолдың саусақтарымен I және II еріндерін ашты. Оң қолдың III саусағын қынапқа енгізіп, қынаптың артқы қабырғасын басты, II саусақты енгізді, бас бармақты жоғары көтерді, IV және V саусақтарын – алақанға басып тұрды.
| 10.
| Барлық қолданылған құралдарды утилизациялау контейнеріне тастау және науқасқа зерттеу қорытындысын беру.
| Пайдаланылған құралдарды утилизациялады. Қолғапты шешіп, утилизациялау контейнеріне тастады. Қолын жуып және бір реттік сүлгімен сүртті.
|
«Онкоцитологияға жағынды алу»
№
| Қадам
| Әрекет алгоритмі және орындау критерийлері
| 1.
| Науқаспен байланыс орнатыңыз
| Науқаспен алғашқы байланыс орнатты - амандасып, өзін таныстырды; науқастың атын сұрады; осы уақытта ол оңтайлы қашықтықты орната алды. Науқасқа тексерудің мәнін түсіндірді. Медициналық манипуляция жүргізуге ауызша келісім алды.
| 2.
| Гигиеналық әдіспен қолды өңдеу
| Қолды жуу ережесін қатаң сақтай отырып жуды, екі қолына стерильді бір реттік қолғапты киді.
| 3.
| Жүкті әйелді кушеткаға жатқызу
| Әйелден алдын-ала бір реттік қолданылатын төсеніш төселген гинекологиялық креслоға жатуын өтінді. Науқастың жағдайын түсіндіріп айтты және түсінген-түсінбегенін сұрап кері байланыс орнатты.
| 4.
| Эмоционалды басымдылықты төмендету
| Науқасқа көңілі тыныш болу үшін, көңіл-күйін көтеретін қолдау сөздерін қолданды.
| 5.
| Жатырды айнамен қарау
| Жатырды айнамен қарады: жыныс еріндерін сол қолдың сұқ саусақтарымен ашты, содан кейін ол оң қолымен бүйірімен енгізу ережесін сақтай отырып, Куско айнасын жабық күйде енгізді. Айнаны толық енгізген соң, 90 градусқа айналдырап дұрыс орнатты. Жатыр мойнын ашуға арналған құралмен ашты.
| 6.
| Жатыр мойнын бөлінділерден сұйықтықтан құрғату
| Жатырдан сұйықтық бөлінген жағдайда жатыр мойнын стерилді мақта тампондарымен сүртті.
| 7.
| Жатыр мойнынан жағынды алу
| Патологиялық өзгеріске ұшыраған бөліктен Эйр шпателімен жатыр мойнынан жағынды алып, затты әйнекшеге жұқа қабат түрінде жақты.
| 8.
| Цервикалды каналдан жағынды алу
| Бұдан кейін цервикалді өзекке шпателдің үшкір жағын енгізіп, 360 градусқа бұрып айналдырды. Осы кезде жағындыны цилиндрлік және жазық эпителий шекарасынан алып, екінші зерттелетін әйнекшеге жақты.
| 9.
| Айнаны алу және дезерітіндіге салу.
| Куско айнасының қақпақшаларын жауып, абайлап қынаптан шығарды, залалсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салды.
| 10.
| Барлық қолданылған құралдарды утилизациялау контейнеріне тастау және науқасқа зерттеу қорытындысын беру.
| Қолғапты шешіп қалдықтарға арналған контейнерге салды. Қолын сабынмен жуып, сүлгімен сүртті.
|
|
|
|