Главная страница

Тыныс алу жүйесін графикалық және функционалды зерттеу әдістері. Курсовая. Тыныс алу процесін амтамасыз ететін еттерді йлесімлі ызметі арнаулы тыныс орталыымен реттеледі


Скачать 51.11 Kb.
НазваниеТыныс алу процесін амтамасыз ететін еттерді йлесімлі ызметі арнаулы тыныс орталыымен реттеледі
АнкорТыныс алу жүйесін графикалық және функционалды зерттеу әдістер
Дата27.05.2021
Размер51.11 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКурсовая.docx
ТипДокументы
#210640

Кіріспе

Тыныс алу процесін қамтамасыз ететін еттердің үйлесімлі қызметі арнаулы тыныс орталығымен реттеледі. Мида тыныс орталығының болатыны жайлы алғашқы болжамды 1812 жылы Флауранс сопақша миға ине қадау арқылы тәжірибе үстінде тынысты тоқтатып, малды өлтіруге деген атқа ие болған. 1885 жылы орыс физиологы Н.А.Миславский тыныс орталығының сопақша мидың торлы құрылымының төртінші қарыншасының түбінде орналасатынын анықтаған. Тыныс орталағы дем алу және дем шығару бөлімдерінен тұратын симметриялы құрылым.

Тыныс алудың мәні организм торшаларынан оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып, көмірқышқыл газын денеден бөлу. Тыныс алу процесінің нөтижесінде организмге түскен оттегі торшаларға жеткізіліп, онда ол ірі молекулалы заттардан бүлінген көміртегі мен сутегіге қосылады да, ақырғы ыдырау өнімдері – көмір қышқыл газы, су жіне басқа қосылыстардың құрамына енеді.

Тыныс алу механизмі алма-кезек ауысып отыратын дем алу мен және дем шығару кезеңдерінен тұрады. Тыныс алудың мұндай түрі тыныс жүйесінде жоғары ылғалдық сақтау мұқтаждығынан туған, себебі ауаның

Құрғақтығы газ алмасу процесін шектейтін фактордың бірі. Жануарлар қанына оттегі тек қана альвеола эпителийінің ішкі бетін дымқылдап тұратын ылғалмен қапталғаннан кейін өтеді. Осыған байланысты жоғары сатыда дамыған жануарларда газ алмасу беткейі сыртқы ортамен жанаспай, дененің ішінде орналасады.

Тыныс орталығынаң негізгі гуморальдық реттеушісі – көмір қышқыл газы. Қан құрамында көмірқышқыл газы көбейсе, орталықтың қыщметі кушейіп, тыныс тереңдеп, жиілейді. Керісінше көмірқышқыл газы азайса, тыныс сирейді, кей жағдайда аз уақытқа тоқтап қалады.

Тыныс алу жүйесін зерттеуді жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап өкпені тыңдаумен аяқтайды. Қажет болса қосымша зерттеулер жасайды (плегафония, рентгенография, торакоцентез).

Бұл курстық жұмысымның мақсаты – тыныс алу жүйесі туралы толық мүлімет жинай отырып, тыныс алу жолдарын, оларда пайда болатын ауруларға жалпы сипаттама жазу арқылы тақырымды ашу.

Әдебиетке шолу
М.В.Сергеевский пікірлеріне сәйкес, ми қыртысының торшалары көмір қышқыл газына өте сезімтал. Тыныстың жиіліг мен тереңдіне шарттырефлекстер қалыптастыруға болады. Тыныс ырғағы түрлі эмоциялардың әсеірмен де өзгереді. Бұл мысалдар тынысқа үлкен ми жарты шарларының әсері болуының айғағы.

1885 жылы орыс филиологы Н.А.Миславский тыныс орталығының сопқаша мидың торлы құрылымынң төртінші қарыншасының түбінде орналасатынын анықтаған. Тыныс орталығы дем алу және дем шығару бөлімдерінен тұратын симметриялы құрылым. Кейінгі кездегі зерттеулер дем алу мен дем шығару орталықтарының қызметінің ми көпірінде орналсқан жоғары деңгейдегі арнаулы орталықпен реттелетінін дәлелдеді.

Өкпе ұлпасының тыныс орталығының рефлекстік әсер болатынын 1868 жылы Э.Геринг пен И.Брейен дәлелдеді. Кез-келген жүйке өкпеде 2түрлі механорецепторалр түзеді. Олардың бірі – өкпе ұлпасы керілегде, екінші – ол солғанда тітркенеді. Дем алу кезіндегі өкпедегі механорецепторлар қозу толқынын кезеген жүйке талшықтары арқылы тыныс орталығындағы экспирациялық нейрондарға бағыттайды да, инспираторлардың әрекеті тоқтап, шығару кезеңі басталады.

Тынысты реттеуде қанның газдық құрамының маңызын Л.Фредерик айқас қан айналым жасаған тәжірибесімен дәлелдеді. Бұл тәжірибеде арнаулы операция арұылы екі итттің куре тамырлары мен ойыс веналарын айқастырып жалғастырылады. Оның нәтижесінде бірінші денесінен қан екінгі иттің басына, ал екінші иттің денесінен – бірінші иттің басына баратын болады.

1882 жылы И.М.Сеченовтың деректеріне сүйенсек, тыныс орталағына автоматизм қасиеті де тән. Сопақша миды оқшауланғанның өзінде орталықта қощу толқындары туындай бастайды. Орталық автоматизмі жүйке торшаларында зат алмасу процесінің қарқынды жүруімен байланысты. Зат алмасу кезінде түзілген СО2 сол торшалардың өзіне әсер етіп, қозу толқынын тудырады. Организмнің тынысм алуы сыртқы орта жағдайларына бейімделе өзгеріп отырады.

Гейманс деректеріне қарағанда, тынысты рефлекстік жолмен реттеуде күре тамыр мен қолұаның рефлекстік аймақтарындағы хеморецепторлардың да маңызы зор. Бұл аймақтардың хеморецепторлардың көмір қыщқыл газының артық мөлшерінің әсерінен немесе оттегінің үлес қысымының төмендеп кетуінің салдарынан қозса тыныс жиілейді. Тынысты рефлекстік жолмен реттеуге қабырға аралық еттер мен көкеттің механорецепторлар да қатысады. Тыныс ырғағы ауырсыну түйсігінің, салқындықтың, жылылықтың әсерінен де өзгеріп отырады. Тыныс орталығының тонусын сақтауда мұрын қуысының үштармақ жүйке арқылы келетін қозу толқындарының да маңызы зор болып табылады.

Б.П.Бабкиннің деректерінде, тыныс ағзалары мен қан айналым жүйесінің арасында тығыз анатомиялық байланыс та бар. Жүрек көкірек қуысында оң және сол өкпелердің арнаулы ойысында орналасады. Өкпенің тоқтаусыз желдетілуі салдарынан оның температурасы жүрек еттерінің жылуын сіңіріп, оны шектен тыс қызып кетуден сақтайды. Сонымен қатар, өкпеқап қуысындағы теріс қысым қанда вена тамырларынан оң жақ жүрекшеге қайтаратын маңызды фактор.

Р.Гейденгайн болжамдарында, тыныс органдары организмді оттегімен қамтамасыз ете отырып, көмір қышқыл газын бөлу арқылы гомеостазды қалыптастыруға қатысады. Артерия қанындағы оттегі мен көмірқышқыл газы мөлшерінің, сутектік көрсеткішінің тұрақталығын сақтауда тыныс алу және қан айналым жүйелерінің арасындағы үйлестіктің маңызы зор. Мысалы, дене жұмысының бастапқы кезінде байқалатын артерия қанынң оттегімен қанығу дәрежесінің төмендеуі осы аталған екі жүйенің қызметтеріндегі үйлесімсіздіктен туындайтын құбылыс.

С.В.Егоровтың мәліметтерінде, тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып, көмірқышқыл газын денеден бөлуде. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі торшаларға жеткізіліп, онда ол ірі молекулалы заттардан бөлінген көміртегі мен сутегіге қосылады да, ақырғы ыдырау өнімдер – көмірқышқыл газы, су және басқа қосылыстардың құрамына енеді.

В.М.Данилевский деректерінде, тыныс орталығының негізгі қызметі , гуморальдық реттеушісі – көмірқышқыл газы. Қан құрамындағы көмірқышқыл газы көбейсе, орталықтың қызметі күшейіп, тыныс тереңдеп жиілейді, ал керісінше, азайса – тыныс сирейді, кей жағдайда аз уақытқа тоқтап қалады. Тыныс алу жүйесін зерттеуді жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап өкпені тыңдаумен аяқтайды. Қажет болса қосымша зерттеулер жүргізеді (плегафония, рентгенография, торакоцентез).

Т.Сайдуллин келтірілген мәліметтерінде, мұрын қуысынң бөлінген сұйықтың мөлшері көп емес (созылмалы ринит, бронхит, пневмания) немесе өте көп (жіті ринит, диффузды бронхит, өкпенің ісінуі фарингит, көмейдің параличі) болады. Мұрының сұйығы үнемі (қосалқы қуыстарының қабынуында) немес анда-санда бөлінетін болады. Эксудат, ісінуі сұйықтар, қан өкпеден неме көмейден шықса, көбінесе мұрыннан жөтел кезінде бөлінеді.

И.А.Бакуловтың деректерінде, тыныс алу коөғалыстарые зерттеген олардың түріне, ырғақтығына, күшіне, симметриялығына және 1 минуттағы назар аудару қажет. Диспноз (демігу, демікпе) пайда болса оның түрін анықтау (инспирациялық, экспирациялық) көзделеді. Құрсақты түрі (вбдоминалды) демалу қозғалыстары плевритте, өкпенің созылмалы альвеолярлы эмфиземада, қабырғалардың сыруында кездеседі. Бұл тыныс алу түрі сонымен бірге шошқа обасы, геморрагиялық септицемия және энзоотикалық бронхопневмонияда табылады.

Р.Гейденгайн болжамдарында, өкпе алаңы – үшбұрышты, үш шекармен шектелген орын (алдыңғы, жоғарғы, артқы). Алдыңғы өкпе шекарасы артқы жауырын бұрышынан басталып төмен анхонгус сызығы бойынша көкірек қуысына қарай келеді. Жоғарғы өкпе шекарасы артқы жауырын бұрышынан басталып артқа қарай келеді. Жоғарғы өкпе шекарасы артқы жауырын бұрышынан басталып артқа қарай, омыртқалардың алақан көлдеңінен төмен өтеді. Артқы шекарасының маңызы өте зор.

II. Негізгі бөлім

2.1. Тыныс алу жүйесіне сипаттама

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөлуі. Организмнің тіршіліг үшін қажет энеригия сыртқы ортаадан қабылдаған қоректік заттардың тотығуы нітижесінде алынды. Бұл күрделі процесті қамтамасыз ету үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу аз ғана уақытқа толыстағанның өзінде организммде күрделі өзгерістер туындап, тіршілік тоқтайды.

Тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып көмірқышқыл газын денеден бөлуде. Тыныс алу процесінің нәтижесінде организмге түскен оттегі торшаларға жеткізіліп, онда ол ірі молекулалы заттардан бөлінген көміртегі мен сутегіге қосылады да, ақырғы ыдырау өнімдері – көмір қышқыл газы, су және басқа қосылыстардың құрамына енеді.

Организм үшін тек ауаның құрамының ғана емес, оның физикалық күйінің де маңызы зор. Мысалы, ауада оттегі иондары болмаған жағдайда мал тез өліп өалады. Демек, организмдегі тотығу процесіне оттегінің табиғи молекуласы емес, теріс зарядталған иондары ғана қатысады. Тыныс жолдарының шарышы оттегі молекулаларын теріс зарядтап, олардың өкпедегі газ алмасуға өатысуына жол ашады.

Оттегі иондары көп сақталмайды, 10минут ішінде бұзылады, сондықтан организмде оттегі қоры жиналмайды. Тыныс жолдарында жұтылған ауаның 30 пайызы қалады да, ол газ алмасу процесіне өатыспайды. Дем шығанған кезде организмнен алдымен осы ауа шығады. Сол себепті мұрын қуысынан өкпе көпіршіктеріне дейінгі жолды пайдасыз кеңістік деп атайды.

Тыныс алу процесі бірнеше кезеңге бөлінеді; 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауаа алмасу немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолары мен қан арасындағы газ алмасу, өкпедегі газ алмасу; 3) қанның газдарды тасымалдауы; 4) қан мен ұлпалар арасындағы газ алмасу; 5) торшалардың оттегіні пайдаланып, көмір қышқыл газын бөлуі.

Тыныс алу механизмі алма-кезек ауысып отыратын дем алу мен және дем шығару кезеңдерінен тұрадыТыныс алудың мұндай түрі тыныс жүйесінде жоғары ылғалдық сақтау мұқтаждығынан туған, себебі ауаныңқұрғақтығы газ алмасу процесін шектейтін фактордың бірі. Жануарлар қанына оттегі тек қана альвеола эпителийінің ішкі бетін дымқылдап тұратын ылғалмен қапталғаннан кейін өтеді. Осыған байланысты жоғары сатыда дамыған жануарларда газ алмасу беткейі сыртқы ортамен жанаспай, дененің ішінде орналасады.

Тыныс алуды қамтамасыз ететін еттердің табиғатына байланысты тыныс үш типке бөлінеді:

  1. Көкіректік тип, тыныс алу механизмінде құрсақ еттерінің басымырақ қатысуымен сипатталады.

  2. Құрсақтық тип, тыныс алу механизмінде құрсақ еттерінің басымырақ қатысуымен ерекшеленеді.

  3. Аралас тип, мұнда тыныс алғанда аталған еттердің екі тобы да қатысады.

Мал тынысы үшінші аралас типке жатады. Бірақ малдың физиологиялық жағдайына байланысты тыныс типі өзгеруі мүмкін. Түрлі малға белгілі мөлшерде тыныс жиілігі тән. Мысалы, түйе минутына 5-12, жылқы 8-16, ірі қара 10-30, қой 10-20, ешкі 10-18, шошқа 8-18, ит 10-30, құстар 22-26 рет тыныс алады.

Тыныс жиілігі түлік түріне, малдың физиологияқ күйіне, жасына, өнімділігіне, қимыл-әрекетәне, ортаның температурасына қарай өзгеріп отырады. Жануарлар неғұрлым майда келсе, соғұрлым оның тынысы жиі болады. Тынысқа зат пен энергия алмасудың қарқыны әсер етеді.

Тыныс қимылдары дұрыс атқарылуы үшін күптеген еттердің үйлесімді әрекеті керек. Мысалы, дем алғанда бір мезгілде көк ет, көкірек қуысының, таңаудың, жұтқыншақтың еттері жиырылады. Олардың жиырылу күшіне қарай тыныстың тереңдігі өзгереді. Жоғарыда аталған еттердің босаңсуының нәтижесінде дем шығады. Ал енді осы еттердің Жиырылу күші мен ырғағы, өкпенің желдету дәрежесі организмнің мұқтаждығын қамтамасыз ететіндей деңгейде жүру керек. Бұл күрделі реттеуді талап ететін процесс.

Тыныс алу процесін қамтамасыз ететін еттердің үйлесімді қызметі арнаулы тыныс орталығымен реттеледі. Мида тыныс орталығының болатыны жайлы алғашқы болжамды 1812 жылы Флауранс сопақша миға ине қадау арқылы тәжірибе үстінде тынысты тоқтатып, малды өлтіруге деген атқа ие болған. 1885 жылы орыс физиолгы Н.А.Миславский тыныс орталығының сопақша мидың торлы құрылымының төртінші қарыншасының түбінде орналасатынын анықтаған. Тыныс орталығы дем алу және дем шығару бөлімдерінен тұратын симметриялы құрылым.

Кейінгі кездегі зерттеулер дем алу және дем шығару орталықтарының қызметінің ми көпірінде орналасқан жоғары деңгейдегі арнаулы орталықпен реттелетінін дәлелдеді. Оны Лумсденнің пневмотаксистік орталағы деп атайды. Ол дем алған кезде дем шығару орталығын, ал дем шығарған кезде дем алу орталығын қоздырып, дем алу және дем шығару процестерінің ырғақты түрде алмасып отыруына мүмкіндік береді.

Тыныс алу процесі кезінде организм атмосфералық ауаны қабылдайды. Оның құрамында 20,82 пайыз оттегі, 0,03 пайыз көмірқышқыл газы және 79,03 пайыз азот болады. Деммен шыққан ауа құрамында 16,3 пайыз оттегі, 4,4 пайыз көмірқышқыл газын бөледі. Азот алмасу процесіне қатыспайды.

Альвеола ауасының құрамында деммен шыққан ауамен салыстырғанда көмір қышқыл газы көбірек, ал оттегі азырақ болады. Тыныс ауасы мен альвеола ауасының арасындағы айырмашылық денедегі газ алмасу процесіне қатыспайтын пайдасыз кеңістік ауасының құрамына байланысты

қалыптасады. Дем шығару кезде организмнен алдымен құрамы жағынан атмосфералық ауаға ұқсас тыныс жолдарының пайдасыз кеңңісиіктің, соңынан альвеоланың ауасы шығады. Олар араласа келе жоғарыда баяндалған көрсеткіштері береді.

Сонымен, организм сыртқы ортамен қабылдаған ауа қоспасынан тек оттегіні сіңіріп, көмір қышқыл газын бөледі. Оған себеп, организмде газ алмасу процесі газдардың үлес қысымының айырмасына сәйкес жүреді.

Тыныс органдары организмді оттегімен қамтамасыз ете отырып, көмір қышқыл газын бөлу арқылы гомеостазды қалыптастыруға қатысады. Артерия қанындағы оттегі мен көмір қышқыл газы мөлшерінің, сутектік көрсеткіштің тұрақтылығын сақтауда тыныс алу және қан айналым жүйелерінің арасындағы маңызы зор. Мысалы, дене жұмысының бастапқы кезінде байқалатын артерия қанының оттегімен қанығу үйлесімсіздіктен туындайтын құбылыс. Жұмыс барысында орталық жүйке жүйесінің әсерімен жүрек пен тыныс органдарының қызметінде үйлесімділік қалыптасып, өкпенің желдету қарқыны мен қан айналым арасында сәйкестік пайда болады.

Тыныс ағзалары мен қан айналым жүйесінің арасында тығыз анатомиялық ықпалдастық та бар. Жүрек көкірек қуысында оң және сол өкпелердің арнаулы ойысында орналасады. Өкпенің тоқтаусыз желдетілуі салдарынан оның температурасы жүрек еттерінің жылуын сіңіріп, оны шектен тыс қызып кетуден сақтайды Сонымен қатар, өкпеқап қуысындағы теріс қысым қанды вена тамырларынан оң жақ жүрекшеге қайтаратын мағызды фактор.

Тыныс органдары денен жылуын реттеу процестеріне де қатысады. Өкпе тыныстық ауаны жылыту үшін біршама жылу энергиясын шығындайды. Өкпе арқылы бу түрінде бүкіл денеден шығарылатын жылудың 10 пайызға жуығы бөлінеді. Тыныс жолдарының салқын ауамен тітіркенуінен рефлекс түрінде дене қызуыкөтеріледі.

Ас қортыу ағзалары мен тыныс жүйесінің арасында да тығыз байланыс байқалады. Тыныс қимылдары мен көкеттің жиырылуы бауыр, қарын сияқты ағзаларға физиологиялық массаж ретінде әсер етіп, олардың қан айналымын жақсартады, лимфа мен өттің ағуын жеңілдетеді. Қарын шектен тыс тола керілсе, көкетті қысып, тынысты тарылтады. Өкпе арқылы ас қорыту жолында түзілген газдар бөлінеді.

Тынысты рефлекстік жэолмен реттеуде күре тамыр мен қолқаның рефлекстік аймақтарындағы хеморецепторлардың да маңызы зор. Тынысты рефлекстік жолмен реттеуге қабырға аралық еттер мен көкеттің механорецепторлары да қатысады. Бұл еттердің сезімтал жүйкелерін тітіркендіргенде тыныс алу орталығының қызметі тежеліп, салқындықтың, жылылықтың әсерінен де өзгеріп отырады.

Тыныс орталығының негізгі гуморальдық реттеушісі – көмірқышқыл газы. Қан құрамында көмірөышқыл газы көбейсе, орталықтың қызметі күшейіп, тыныс тереңдеп, жиілейді. Керісінше көмірқышқыл газы азайса тыныс сирейді, кей жағдайда аз уақытқа тоқтап қалады.

Тыныс алу жүйесін зерттеуді жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап өкпені тыңдаумен аяқтайды. Қажет болса қосымша зерттеулер жасайды (плегафония, рентгенография, торакоцентез).

Шығарылған ауаны зерттеу. Шығарылған ауаны зерттеген кезде, ауа ағысының күшін, температурасын, иісін, бөгде шуларын және даусысынң өзгеруін анықтайды. Анықтаған кезде екі алақанды жайып малдың мұрыннан шыққан деміне тосып жүргізеді. Зерттеуді мына үлгі арқылы сипаттайды: шығарылған ауаның симметриялығын (екі жағынан бірдей немес бір кеңсіріктен), қалыптылығын (бір қалыпты немес ауық-ауық), шығарылған ауаның температурасын (жылы, ыстық, суық), шығарылған ауаның иісін (тән, тән емес, шірік иіс, ихорозды, ацетон иісі, қышқыл иіс, аммиак иісі), шығырылған ауаның шуылдарын « қалыпты жағдайда естілмейді немес бөтен зат кірген кезде фыр-р деген және пырылдау дыбыстар байқалады) анықтайды.

Атмосфералық қысымның өсуі терең шахталарда, сүңгуір жұмыс жағдайдайрында байқалады. Әрбір 10,4 метр тереңдікте қысым бір атмосфераға жоғарлайды. Жалпы алғада тереңдікте болу онша қауіпті емес. Бірақ қысымы жоғары жерде ұзақ уақыт болғанда қанда еріген газдардың, әсіресе азоттың мөлшері көбейеді. Үлкен тереңдіктенн тез көтерілген жағдайда, қан мен ұлпалардағы еріген азот газ көпіршіктеріне айнала бастайды да, өкпе арқылы бөлініп үлгермейді. Сондықтан ұлпалар мен қанды газ көпіршіктері жиналып, олар ми, жүрек, т.б. тіршіліктің маңызы зор ағзалардың тамырын бітеп, қан айналымын бұзады да өлім қаупін тудырады.

Атмосфералық қысым жоғарлаған жағдайда тыныс жиілігі 2-4 есе төмендейді. Дем алу жеңілдеп, оның уақыты қысқарады да, дем шығару қиындап, оның уақыты ұзарады.

Тыныс ағзалары мен қан айналым жүйесінің арасында тығыз анатомиялық ықпалдастық та бар. Тыныс органдары дене жылуын реттеу процестеріне де қатысады

Организмнің тыныс алуы сыртқы орта жағдайларына бейімделе өзгеріп отырады. Бұл үдкен ми жарты шарларының бағыттауымен жүретін құбылыс. Тыныс орталығына автоматизм қасиеті де тән.

Патологиялық шуылдарға пырылдау, пысылдау және стридор дыбыстары жатады (стридор – кеңсірік, өңеш, кеңірдек, бронхылар тарылғанда пайда болатын ысқырық, ысыл тәрізді, стенозды дыбыстар).


3.2. Мұрын қуысының кілегейлі қабығын зерттеу

Ең бірінші таңауды зерттеп, оның ұлғаюына немесе тарылғанына назар аударады. Мұрын қуысынан бөлінген сораны (сұйықтық) қарау, иіскеу және өажет болса микроскопия арөылы зерттейді. Сау малдарда мұрын қуысынан сұйық бөлінбейді нмесе өте аз серозды және серозды-кілегейлі сұйық ақса, малдың өзі жалап алады немесе пысқырып кетіреді.

Мұрын қуысынан бөлінген сұйықты зерттеу кезінде сораның бар-жоғын, мөлшерін, симметриялығын жиілігін және қасиеттерін тексереді (түсі, консистенциясы, иісі, бөгде құрамы).

Мұрын қуысынан бөлінген сұйықтың мөлшері көп емес (созымалы ринит, бронхит, пневмония) немесе өте көп (жіті ринит, диффузды бронхит, өкпенің ісінуі, фарингит, көмейдің параличі) болады. Мұрыннан сұйығы үнемі (мұрын қуысының қабынуында) немесе анда-санда бөлінетін болады (қосалқы қуыстарының қабынуында).

Эксудат ісінуі, сұйықтар, қан өкпеден немес көмейден шықса, көбінесе мұрыннан жөтел кезінде бөлінеді. Ал қосалқы қуыстарының эксудаты мал басын төмен түсіргенде пайда болады. Қабыну процесіне байланысты мұрынның сұйықтарын ұйыма (серозды), уйыма-кілегейлі, кілегейлі, кілегейлі-іріңді, іріңді, қанды және шірікті (ихорозды) деп ажырытады. Консистенцияға байланысты мұрынның ағыны сұйық, сулы, қою, созылмалы, жабысқақ, кілегейлі болады.

Мұрын қуысы сұйықтарының қоспаларың ішінде ауа көбікшелері (өкпенің ісінуінде), сілекей (фарингите, өңештің бітіліп қалуында), азықтың бөлшектрі (фарингитте), фибрин қабыршақтары (фиброзды ларингит пен трахеитте), жиі болып тұрады.

Мұрын қуысының кілегейлі қабығын зерттеу. Мұрын қуысының жағдайын зерттеген кезде мына көрсеткіштерге назар аударады: пішіні (малдың өзіне тән, тән емес), кеңсірік (қалыпты жағдайда, кең ашылған), мұрын қанаты (қалыпты жылжымалы, ширауы жоғары, түсіп кеткен), мұрын қуысының жолдары (еркін ауа өтеді, тарылған, ауа өтпейді), мұрын қуысының кілегейлі қабығы: түсі (боз қызғылтым, кызғылтым, қызарған, көгерген, сарғайған), ылғалдыш (ылғалды, өте ылғалды, құрғақ), бүтінділігі (бүтін, жаралы, ойық жара, сыдырылған, бөріткен, түйіндак үлбіреу), көлемі (ұлғайған, ұлғаймаған), сезімталдығы (ауырсынады, ауырсынбайды).

Сау жылкыда мұрын қуысының кілегейлі кабығы ылғалды бозғылтым, тегіс емес, мұрын қалқасы - қызғылт көкшіл реңді, ірі қара малда - бозғылтым түсті, жиі пигментация кездеседі.

Ауру кезінде кілегейлі қабықтың түсі қызару түрде (гиперемия, геморрагия), көгеру түрде (цианоз), бозарған (анемиялы), сарғайған түрде (иктериялы) өзгереді. Жіті ринит кезінде кілегейлі қабықтың ісінуі байқалады, сол кезде сырты тегіс, жылтыраған болады. Дене қызуы көтерілгенде (лихорадка) кілегейлі кабықтар құрғақ, ал жіті катар қабынуында өте ылғалды болып өзгереді.

Қосалқы куыстарды зерттеу. Жоғарғы жақ және маңдай қуыстарды, пальпация, перкуссия арқылы зерттейді. Қосалқы қуыстарды зерттеудің үлгісі: пішіні, сезімталдығы, сүйегінің жұмсақ-қаттылығы, жергілікті температурасы, симметриялык бөліктерінің перкуссиялық дыбыстарының сипаттамасы.

Ауру кезінде қосалқы қуыстарының маңайында ісінуі, көлемінің ұлғаюы, сүйектердің деформациясы пайда болады (эмпиема, тері қабынуында, мешелде, остеомаляция, кілегейлі кабықтардың қабынуында). Жергілікті температурасының жоғарылауы мен ауырсыздануы қосалқы қуыстарының кабынуы процесінде байқалады. Сонымен катар сүйектердің майысуы, жұмсактығы да кездеседі.

Қосалқы куыстардың перкуссиясын перкуссиялық балғашыктың желкесімен немесе сұқ саусақпен сүйек үстінен соққылап, жасайды. Сау малда өзіне тән бәсен тимпаникалык дыбыс шығады. Егер экссудат жиналып тұрса, немесе қатерлі ісік, сүйектің қалыңдауы пайда болса бәсең дыбыс естіледі.

3.3. Ауа қапшықтарды зерттеу
Жылкы және басқа тақ тұяктыларда ауа қапшықтарды карау, пальпация, перкуссия, эндоскопия, рентген және сынау тесу арқылы зерттейді. Ауа қапшықтардың аймағы құлақ қалқанынан төмен, атлант омыртқаның канаты мен төмен жақтың арткы шетінің аралығында орналасады. Зерттеу кезінде мынадай қасиеттеріне назар аударады: басы мен мойынның ұсталуы, ұлпалардың пішіні, консистенциясы, жергілікті температурасы, сезімталдығы, перкуссиялық дыбыстарының сипаттамасы. Метеоризм немесе катар қабынуында ауа қапшықтардың тұсында томпаю байқалады. Экссудаттын жиналуы пайда болса, массаж жасаған кезде немесе мал басын төмен түсіргенде мұрын қуысынан сұйық ағып, ауа қапшықтардың көлемі азаяды.

Перкуссияны балғашық пен плессиметрді тақай басып жасаған кезде сау малдарда ашық (тимпаникалык) дыбыс естіледі. Егер экссудат жиналса бәсең дыбыс, ал метеоризм кезінде (ауа, газ жиналса) - атимпаникалық дыбыс шығады.

Көмекей мен кеңірдекті зерттеу. Бұл мүшелерді зерттеген кезде сырткы және ішкі тәсілдерді пайдаланады. Сырткы зерттеуді жүргізгенде қарау, пальпация және аускультация колданылады. Ішкі зерттеуді тек қана қыска тұмсыкты иттерге, мысықтарға және кұстарға жасауға болады. Ол үшін ауыз қуысын ашып (кергіш арқылы), тілді бір жаққа тартып, көмекейді көтеріп қарайды. Көмекей мен кеңірдекті зерттеу кезде мынадай үлгі аркылы тексеруде: бас пен мойынның ұсталуы, ұлпалардың пішіні, көмекей мен кеңірдек шеміршектерінің бүтінділігі, температурасы, сезімталдығы, сезілетін шулары, аускультация жасаған кездегі шуылдарына назар аударылады.

Жөтел мен дауысты зерттеу. Жөтелді зерттеген кезде: оның бар-жоғын, күшін, ылғалдығын, жиілігін, ұзақтылығын, пайда болатын уақытын аныктайды. Егер зерттеген кезде жөтел жоқ болса, жасанды жөтел жасап анықтайды. Жылкыда жасанды жетелді алдыңғы кеңірдек сақиналарын саусақпен басып шығарады. Ірі қара малда жөтелді мұрынды сүлгімен жауып, иттерде кеуде қуысын басып, немесе қатты соккылап шығарады.

Ларингит, трахеит, макробронхит ауруларында жөтел өте күшті, қатты болады. Плевра, өкпе ауруларда (пневмония, созылмалы эмфизема) жөтел әлсіз, әлсін-әлсін жөтелу түрінде кездеседі.

Жөтелдің жиілігі тыныс алу жолдарының жағдайына және ауру процесіне байланысты болып өзгереді. Кілегейлі кабықтарынын тітіркенуіне сәйкес жөтел жиі немесе сирек болып, кейбір жағдайда жөтел ұстау (приступ) түрде кездеседі.

Жоғары және сыңғырлаған жөтел бронхит пен трахеитте кездеседі, төмен және катаң - пневмонияда, плевритте, ылғалды жөтел - сұйық экссудат тыныс алу жолдарында жиналса, құрғақ жөтел - экссудат жоқ, немесе жабысқак түрде, қырылдаған жөтел - көмекей кілегейлі кабықтын және дауыс желбезегінің ісінуінде пайда болады.

Жөтелдің ауырсынуын малдың жүріс-тұрысына байқап біледі. Егер мал жөтелген кезде мойнын тартып, басын шайқап, алдыңғы аяқтарын тыпырлатып ыңқылдаса ауыртатын жөтел. Бұндай жөтел плевритте, көмекейдің ісінуінде, жіті ларингитте, трахеит, бронхитте жиі кездеседі. Созылмалы бронхит, ларингит ауруларында жөтелдің ауырсынуы кездеспейді немесе аз болады.

Қалқанша безді зерттеу. Қалқан-бұғақ бездерді қарау арқылы зерттегенде базедизм және микседема ауруларының белгілеріне көңіл аудару қажет (бадырақ көздің, тіл көлемінің ұлғаюы, бас, мойын, шап маңайындағы ұлпалардың домбығуы). Пальпация арқылы анықтаған кезде көлеміне, консистенциясына, үстіңгі бетіне, жылжымалылығына және ауырсынуына назар аударады.

3.4. Көкірек қуысын зерттеу.
Қарау арқылы көкірек қуысының пішініне, көлеміне, ширактығына, тыныс алу қозғалысының түріне, жиілігіне, тереңдігіне, күшіне, симметриялығына және ырғақтығына назар аударады.

Пальпациялау (сипалау) аркылы көкірек кабырғалардын сезімталдығын, сезілетін шуылдарды және ісіктердің бар-жоғын аныктайды. Зерттеген кезде малдын алдынан, сол жағынан, және оң жағынан, ал ұсак малдарда жоғарғы жағынан да қарап тексереді.

Кең және терең көкірек куысы өкпенің жаксы сыйымдылығын көрсетеді. Қысаң, басылған көкірек куысы өкпе ауруларына бейімделген. Кейбір ауруларда (мешел, остеодистрофия, өкпенің эмфиземасы) көкірек қуысының пішіні өзгереді. Альвеолярлық эмфиземада көкірек қуысының пішіні бөшке тәрізді болып калады. Көкіректің бір жағының ұлғаюы бір жақты плевритте, кішіреюі - ателектазде, туберкулезде, мешелде кездеседі.

Көкірек қуысының сезімталдығын үлкен саусақпен қабырға аралығына басып тексереді. Плевриттің бастапқы кезінде, немесе кабырғалардьщ сынуында аурсынуы байкалады.

Жергілікті температурасының жоғарлауы ісік және ағзалардың қабынуында пайда болады. Мешел ауруында қабырғалардын үстіңгі жағы жуандайды (четки). Сезілетін шуылдар құрғақ плеврит пен бронхитте аныкталады (алақанмен көкірек қуысын ұстаған кезде вибрация шуылдары сезіледі).

Тыныс алу қозғалыстарын зерттеу. Тынысалу козғалыстарын зерттеген кезде олардың түріне, ырғактығына, күшіне, симметриялығына және 1 минөттегі жиілігіне назар аудару қажет. Диспноэ (демігу, демікпе) пайда болса оның түрін аныктау (инспирациялық, экспирациялык) көзделеді.

Құрсакты түрі (абдоминалды) демалу қозғалыстары плевритте, өкпенің созылмалы альвеолярлы эмфиземада, қабырғалардың сынуында кездеседі. Бұл тыныс алу түрі сонымен бірге шошқа обасы, геморрагиялык септицемия және энзоотикалык бронхопневмонияда табылады. Сау малдардың тыныс алу қозғалыстарының жиілігі (1 мин) төмендегі кестеде көрсетілген (3-кесте).

Тыныс алудың жиілігіне малдың жынысы, жасы, тұқымы және қоңдылығы әсер етеді. Сонымен катар, сырткы температура мен ауаның ылғалдығы, малдың жүктілігі, жұмыс істеуі, т.б. Патология кезінде тыныс алу қозғалыстары бәсендейді немесе жиіленеді (көбейеді).

Жануарларда тыныс алу жиілігінің ауытқуы.


Жануар түрлері

Тыныс алу жиілігі, мин

Жануар түрлері

Тыныс алу

жиілігі, мин

Ірі қара мал

12-20

Теңіз шошкасы

100-150

Қой, ешкі

16-30

Түлкі

14-30

Солтүстік бұғысы

8-16

Ақ түлкі (песец)

18-48

Түйе

5-12

Маймыл (резус)

60-70

Жылқы

8-16

Тауық

12-30

Шошка

15-20

Құндыз

40-70

Ит

14-24

Үйрек

16-30

Мысық

20-30

Көгершін

16-40

Қоян

50-60

Қаз

10-20


Қозғалыстарының жиіленуі - полипноэ, бәсеңдеуі - олигопноэ деп аталады. Полипноэ өкпе (пневмония, бронхит, ісуі, қатерлі ісіктер), плевра (плеврит) ауруларында және кұрсақ қуысының ішкі кысымы көбейген кезде болады. Олигопноэ ірі бронх, кеңірдектің тарылуында, бас сүйегінің ішкі қысымы жоғарлаған кезде, гастрит, ацетонемия, т.б. ауруларында пайда болады.

Дем алудың тереңдігін калыпты жағдайда дем шығару мен дем кіргізу көлеміне сүйеніп анықтайды. Үстіртін демалу полипноэ мен қатарда кездеседі. Бұл кезде демді ішке тарту мен шығару қысқа болады. Терең демалуда патологиялык бәсеңдеу демалысы байқалады.


3.5. Өкпенің перкуссиясы
Өкпенің перкуссиясын өкпе шекараларын және перкуторлы дыбыстардың қасиетін анықтау үшін жасайды.

Ірі малдарда инструменталды перкуссияны (плессиметр, балғашық арқылы), ұсак малдарда дигиталды (саусақ арқылы) перкуссияны қолданады. Топографиялық перкуссиянын мақсаты - өкпенің шекараларын анықтау. Бүл перкуссияны легато тәсілмен, әлсіз сокқылап жасайды. Салыстырмалы перкуссияньщ мақсаты - өкпенін және плевраның физикалык өзгерістерін айыру, Бұл перкуссияны қысқаша стокатто әдісімен іске асырады. Перкуссияны жасаған кезде кабырға аралығымен үстінен төмен қарай өткізеді. Сау малда өкпенің перкуторлық дыбысы - анык, ұзаққа созылған, төмен, атимпаникалық. Бұл дыбысты айқын өкпе дыбысы деп атайды.

Өкпе алаңы - үшбұрышты, үш шекарамен шектелген орын (алдыңғы, жоғарғы, артқы). Алдыңғы өкпе шекарасы арткы жауырын бұрышынан басталып төмен анконеус сызығы бойынша көкірек қуысына карай келеді. Жоғарғы өкпе шекара - артқы жауырын бұрышынан басталып артка қарай, омыртқалардан алакан көлдеңінен төмен өтеді. Артқы шекарасынын клиникалық манызы өте зор. Бұл шекараны үш көлденең сызык бойынша анықтайды:

1. Сербек (мыкын) сызығы,

2. Шонданай сызығы,

3. Иық буын сызығы.

Ірі қара мен ұсақ малдарда 2 сызық бойынша:

1. Сербек сызығы,

2. Иык буын сызығы (шонданай мен сербек сызықтар бір деңгейінде орналасады).

Бұл сызықтармен перкуссияны алдынан артқа қарай қабырға аралығымен (к.а.) малдың екі жағынан жүргізеді, яғни өкпе дыбысы басқа, қатар жаткан ағзалардың дыбыстарына айналғанға дейін.

Зерттеудегі нәтижелерді қалыпты жағдайдағы өкпе шекарасымен салыстырып өкпе көлемі туралы қорытынды жасайды (әдеттегідей, үлкейген, кішіреген).

Ірі қара мал, қой, ешкілерде өкпенің, мыкын сызығы бойымен алғандағы шекарасы сол жақта 12-ші қабырғаға, оң жакта 11-ші қабырғаға дейінгі, иык буынымен оң және сол жағынан 9-шы кабырғаға дейінгі аралықта.,

Жылқыларда мықын сызығымен - 17 кабырға, шонданай темпешегімен - 15-ші және иық буыны сызығымен 11-кабырғаға (ауыр жүк таситын және семіздерінде 16-14-10 кабырға) келеді.

Түйелерде - 12-10-8 қабырғалар, солтүстік бүғысында - 14-13-7 қабырғалар. Шошқаларда - 12-10-8, иттерде 12-11-9 қабырғалар.

Өкпенің артқы шекарасынын үлкеюі, артқа қарай жылжуы эмфиземада, өкпе кабынуында, ала өкпеде, эхинококкозда болады, ал кішіреюі, алға қарай жылжыуы іш кепкенде, ішек кепкекде, бауыр циррозында кездеседі.

Өкпе шекараларын тексеріп болғаннан кейін малдың өкпе алаңында салыстырмалы перкуссияны іске асырады.

Дені сау малдардың көкірегіне перкуссия жасаған кезде айкын екпе дыбысын естиміз. Сырқат малдарда нүку (перкуссия) дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады:

• шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда);

• сызданған сыбырлы (экссудатты плевритте, өкпенің фибринозды қабынуында, жылқының жұкпалы плевропневмонияда, ала өкпеде);

• даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюінде);

• шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда, ішкі қабаты тегіс, қатты болганда);

• түбі тесік кұмыра (қауак) тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронх арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысканда шығады).

3.6. Тыныс алу жүйесін зерттеу үлгісі
Алдыңғы бөлімі. Мұрын ағындылары: байқалмайды, бар, бір не екі жақты.

Мөлшері - көп, аздаған, ұдайы, кезеңді.

Түсі - түссіз, сұрғылт, сүрғылтсары, сарғышжасыл, қызғылтьш, қызыл, шиедей қызғылт, қоңыркара болады.

Жылтырлығы - жылтыр, жылтыр емес.

Конституциясы - сулы, әлсіз кілегейлі, кілігейлі, қаймақ тәрізді.

Сипаты - серозды, серозды-кілегейлі, кілегейлі, кілегейлі-іріңді, іріңді, ихорозды, қан аралас.

Қоспалар - ауа (ұсақ кепіршікті, ірі көпіршікті), қан, сілекей, азык бөлшектері, қүсықтар, паразиттер.

Шығаратын ауа - температурасы - орташа жылы, ыстық.

Иісі - иіссіз, шіріген иісті, уремиялық, ацетон иісті.

Жанама (қосалқы) куыстар - үстіңгі жақ, маңдай, ауа қапшықтары (жүп түяқтыларда).

Конфигурациясы - шығынкы, сүйектер енуі, симметриялы, симметриялы емес.

Температурасы - жоғарылаған, жоғарыламаған, темендеген.

Ауырсынуы - ауырсынбайтын , ауырсынатын.

Сүйек негізі - мықты, қалыңдаған, жүмсарған, жүкарған, борпылдау сезіледі.

Перкуссиялық дыбыс - бәсең, бәсеңдеу, тимпаниялык, қораптық. Ауа капшықтарын зерттеу кезінде тығыздығы мен консистенциясын да анықтайды.

Ауа қапшығын тесу нәтижелері (көрсеткіштері болған кездері) -жалкаяк (кандай), транссудат, қан.

Көмекей. Қарау арқылы бас ұстамы өзгерісін (төмен түсірілген, алға созыңкы), ісіктердің болуын анықтайды. Пальпация арқылы - көмекей домбығуы, ісінуі, шеміршектер пішінінің өзгерулері (ожау тәрізді шеміршек түсуі) анықталады.

Ауырсынуы - ауырсынатын, ауырсынбайтын.

Жергілікті температура - жоғарылаған, жоғарыламаған.

Көмекейді ішкі жағынан қарау. Ірі малдарда жарық көзі орнатылған шпатель, ларингоскоптар қолданылады. Кілегейлі қабат түсі, ісіну бар-жоқтығы, шеміршек конфигурациялары анықталады. Аускультациялау арқылы стенотикалық шуылдар, ларингиалды тыныс алулар, кырылдар анықталынады.

Трахея (кеңірдек). Ісіктер бар-жоғы, сақиналар жағдайы - пішіндері өзгерген, сыныктар, өзгеріссіз. Ауырсынады не ауырсынбайды, жергілікті температурасы жоғарылаған, жоғарыламаған.

Аускультация - трахеалдық тыныс алуы - күшейген, орташа, әлсізденген, стенотикалық шуыл, қырылдар - күрғак, ылғалды.

Жөтелу рефлексі. Жөтел болмаған жағдайда жасанды түрде тудырады - сақталған, жоғарылаған, төмендеген, мүлдем жоқ. Жиілігі - жиі, сирек. Ұзақтығы - ұзақ, ұстамалары бар, кысқа. Күші-күшті (катты), орташа, әлсіз (үнсіз). Сипаты - ашық, бәсең, күрғақ, ылғалды, тырысып өтеді, ауырсынатын, ауырсынбайтын. Тұрғанда, не жүргенде байқалады.

Калканша без. Көлемі - үлғайған, ұлғаймаған. Беткейі - жылтыр, бұдырлы. Жылжымалығы - жылжымалы, жылжымайтын.

Консистенциясы - тығыз, қатты, жұмсақ. Ауырсынуы - ауырсынатын, ауырсынбайтьш.

Кеуде қуысы.

Кеуде қуысынын пішіні - жіңішке (жалпақ), орта деңгейде, бөшке тәрізді, дөңгеленген, үзын, қысқа.

Симметриялығы - симметриялы, симметриялы емес (шығыңқы, сол не он жағы жалпайған, жергілікті шығыңқылар не керісінше енулер).

Тыныс алу түрі - кеудедік (косталды), құрсактык (абдоминалды), кеуде күрсакты (аралас}.

Тыныс алу қозғалыстары.

Тыныс алу жиілігі. Жиі, сирек, калыпты (мөлшері келтіріледі).

Қүші - терең (күшейген), орта деңгейде, беткейлік (әлсіріген).

Демігуі (демікпе) - инспираторлы, экспираторлы, аралас. Түрақты, күш түскенде не тұрған күйінде. Демігу науашасы болуы.

Симметриялығы - симметриялы, симметриялы емес (шығыңкы, жалпайған, оң не сол жақ кеуде түсының шығып немесе еніп тұруы).

Ырғактылық - ырғақты, ырғақтысыз - сатылар ара қашықшғы созылыңкы, саккадирленген (ауық-ауық), Биотовтік, Чейн-Стокстік, Куссмаульдің үлкен тыныс алуы, Грокктың диссоцирленген тыныс алуы.

Қарау арқылы қабырғалар мен кабырға аралық бүлшық еттер біртүтастығының бүзылуы анықталынады. Пальпация арқылы бұлшық етгермен қабырғалардьщ жасырын бұзылулары мен ауырсынулары аныкталынады. Өкпенің артқы перкуторлык шекараларын анықтайды - өзгермеген, ауытқыған (алға, артқа, қай қабырғаға дейін).

Перкуторлық дыбыс сипаты - ашық өкпелік, тимпаниялық, қорашық, қаталдау, катқыл, жарылған күмыра дыбысы, металл дыбысы.

Патологиялық дыбыс шығу орны белгіленді - кеуде маңының қай бөлігінде (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), қабырға аралығы, бөлік аумағы, патологиялық ошақ шекараларының сипаты (көлбеу, түзу емес, майысқан).

Плегафония - қатаң дыбыстар, тимпаниялык дыбыс, күрт үзілмелі дыбыстар, дыбыстар күрт әлсізденген, естілмейді.

Аускультация. Кезекті тәртіпте өткізіледі: ортаңғы-алғы бөлік және ортаңғы-артқы бөлік, жоғарғы-алғы және жоғарғы-артқы, кеуде маңының теменгі бөлігі мен жауырын алды маңы.

Негізгі тыныс алу шуылдары - везикулярлы және бронхиалды тыныс алулар. Везикулярлы тыныс алу - күшейген (қатал), орташа, әлсіреген, тыныс алу байқалмайды (аңғарылу орны).

Қосымша шуылдар (патологиялық) - бронхиалды тыныс алу (сау малда болмауы керек орындарда), амфоралык, аралас (айқын емес); қырылдар: кұрғақ, ылғалды; ірі, орта, ұсак түйіршікті, кіршілдейтін (крепитация) ; кіршілдеу, жерге түскен тамшы шуылы; плевралды: үйкеліс, шалпылдау, өкпе фистүласы шуылдары. Аңғарылу орны белгіленеді.

Тыныс алу жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерін анықтау (көрсеткіштері болғанда) - (3-5 минут, бойы жүгірту үлгісі, «апноэ» үлгісі - 1-2минут).

Жеңіл дәрежелі кемістіктер - тұрған күйінде тыныс алуы қалышы, күш түскенде күшеюі және жиілеуі. Айкын және ауыр дәрежелі кемістіктер -тұрған күйінде күшейген және жиілеген тыныс алу, функционалдық сынамаларды қолданған кездері күрт күшеюі мен жиілеуі.

Плевроцентез (көрсеткіштері бойынша) - экссудат (жалқаақ), транссудат, қан. Түсі бойынша - қызыл, сары, сарғышжасыл, консистенциясы бойынша - сулы, кілегейлі, иісі бойынша - иіссіз, шіріген иісті, ихорозды, деп сипаттайды.

Қорытынды

Клинкалық диагностика ауруларды айырып тану туралы ғылым, клиникалық дигностика клиникалық ветеринарияның ең маңызды бөлімі болып қазіргі әдіс тәсілдермен және жүйелі түрде мал ауруларын анықтап аурулардың мәнін дұрыс дигноз қоюды зерттейтін ғылым болып табылады.

Клиникалық тексерудің ең маңызды мақсаты – симптомдарды табу және оларды ұқыпты түрде зерттеу. Симптомдарды бағалау кезінде кейбір функционалды өөзгерістер сау малда да болып оның жасына немес физиологиялық жағдайына байланысты болатынын еске алу қажет.

Тыныс алу жүйесін зерттеуді жоғарғы тыныс алу жолдарынан бастап өкпені тыңдаумен аяқтайды. Қажет болса қосымша зерттеулер жасайды (плегафония, рентгенография, торакоцентез).

Тыныс алу козғалыстарын зерттеген кезде олардың түріне, ырғактығына, күшіне, симметриялығына және 1 минуттағы жиілігіне назар аудару қажет. Диспноэ(демігу, демікпе) пайда болса оның түрін аныктау (инспирациялық, экспирациялык) көзделеді.

Құрсакты түрі (абдоминалды) демалу қозғалыстары плевритте, өкпенің созылмалы альвеолярлы эмфиземада, қабырғалардың сынуында кездеседі. Бұл тыныс алу түрі сонымен бірге шошқа обасы, геморрагиялык септицемия және энзоотикалык бронхопневмонияда табылады.

Тыныс алудың жиілігіне малдың жынысы, жасы, тұқымы және қоңдылығы әсер етеді. Сонымен қатар, сыртқы температура мен ауаның ылғалдығы, малдың жүктілігі, жұмыс істеуі және т.б. Патология кезінде тыныс алу қозғалыстары бәсеңдейді немесе жиілейді.

Шығарылған ауаны зерттеген кезде, ауа ағысының күшін, температурасын, иісін, бөгде шуларын және дауысынын өзгеруін аныктайды. Анықтаған кезде екі алақанды жайып малдың мұрыннан шыккан деміне тосып жүргізеді. Зерттеуді мына үлгі арқылы сипаттайды: шығарылған ауаның симметриялығын (екі жағынан бірдей немесе бір кеңсіріктен), қалыптылығын (бір қалыпты немесе ауық-ауық), шығарылған ауаның температурасын (жылы, ыстық, суық), шығарылған ауаның иісін (тән, тән емес, шірік иіс, ихорозды, ацетон иісі, қышқыл иіс, аммиак иісі): шығарылған ауаның шуылдарын (қалыпты жағдайда естілмейді, немесе бөтен зат кірген кезде фыр-р деген және пырылдау дыбыстар байқалады) анықтайды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


  1. Борисенкова А.Н. «Профилактика органов дыханий» - М., 1979-87с.

  2. Буткин Е.И. «Болезни органов дыханий» - М., 1972-184с.

  3. Данилевский В.М. «Внутренние незаразные болезни сельско-хозяйственных животных» - Л., 1991-с.129-132.

  4. Ежов А.И «Сравнительная эффективность антибиотиков при болезнях» // Ветеринария, - 1963 –с 56-53

  5. Несіпбаев Т. «Жануарлар физиологиясы» - Алматы, 2005-125бет

  6. Сергеевский М.В «Респираторные болезни» - Л., 1972 –с. 70-74

  7. Капиашвили З. « устойчивость птиц к холере» // птицеводства – 200 – с. 36-60

  8. Бакулов И.А. «Дыхательные органы и их связи с другими органами» / Киев, 1974 –с. 4-6

  9. Кожевников Е.М «Локализация органов» // Ветеринария- 1971 –с.106-107

  10. Коровин Р.Н. «Заразные болезни животных и разработка мер профилактики»// ВЫетеринария – 1991 – с.3-5

  11. Никифирова Н.М. «опыты по изучению иммуните при болезнях дыхательных органов» // -Болезни животных –М., 1962- с.306

  12. Сердюк Н.Г // Ветеринария – 1970 – с220

  13. Сизов П.В «руководства по болезням животных» - М., 1930-220с

  14. Султанов А.А. «Эпизотолигическая ситуация и научное обеспечение ветеринарных проблем животноводства Казахстана» -Алматы, 2003-9-17с

  15. Цимох П.Ф. «Антигенным свойствам животных» // Ветеринария-1970-с.41-44

  16. Яковлев С.С «Эпизотологическая ситуация в животных России»// Ветеринария- 2000-с.3-4

  17. Покровский В.И «Поствакцинальные реакции» //Микробиология, - М., - 1999 –с.6-8


написать администратору сайта