Главная страница

Тыныс және жүрек жұмысының. Тыныс жне жрек жмысыны тотауындаы кмек Халыаралы дегейде мойындалан реанимацияны (жандандыру) арапайым реанимацияны ліппесі


Скачать 0.6 Mb.
НазваниеТыныс жне жрек жмысыны тотауындаы кмек Халыаралы дегейде мойындалан реанимацияны (жандандыру) арапайым реанимацияны ліппесі
Дата27.03.2023
Размер0.6 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТыныс және жүрек жұмысының.docx
ТипДокументы
#1019460

Тыныс және жүрек жұмысының

тоқтауындағы көмек

Халықаралық деңгейде мойындалған реанимацияның (жандандыру) «Қарапайым реанимацияның әліппесі» деп аталатын жобасында 4 бөліктен тұрады деп көрсетілген.

-«А» -сіз үшін немесе бала үшін қатердің бар жоғын анықтау. Әртүрлі жағдайда әртүрлі қауіп қатер болады. Сіз оларды бір мезетте бағалап, олардан қалай құтылуға болатындығына, не білетіндігіңізге көз жеткізуіңіз қажет.

-«В» -ауа өткізетін жолдарды тексеру (олар боспа екен?)

-«С» -тыныс алуды тексеру (бала демалып жатырма екен

  • кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз;

  • тыныс алу дыбыстарын тыңдаңыз;

  • өз бетіңізден баланың демалысын сезіңіз.

-«Д» -қан айналымын тексеру (жүрек соғып тұрма?)

  • пульсті тауып алыңыз. Бір жасқа дейінгі балаларда пульстің ең жақсы

анықталатын жері-иық артериясы. Қолдың ішкі бетінен шынтақ пен иықтың ортасынан іздеу қажет. Сүйекке қарай екі саусақпен сәл басып тұрып, бір мезгілде үлкен саусақпен қолдың сыртқы бетін ұстап тұру қажет.

Бір жастан асқан балалардан тамыр соғысын ұйқы артериясынан іздеу керек. Адам алмасын (көмей ортасының томпаюы) екі саусақпен тауып алыңыз. Саусақты адам алмасынан оның тереңдеген және мойын бұлшықеттерінің арасына орналастырыңыз. Пульсті сезіну үшін мойынды басыңыз.

Назар аударыңыз:

  • егер сіз тыныс қимылдарын көрмесеңіз- «жүрекке жанама массажын» жүргізу керек.

  • «Ауыздан ауызға» әдісімен жасанды тыныс алдыруды жүргізу.

Бір жасқа дейінгі және үлкендеу балаларға жасанды дем алдыруды «ауыздан ауызға» әдісімен жүргізудің айырмашылығы бар.

Нәрестені жасанды демалдыру кезінде 3 шартты орындау керек:

  1. ауаны бір мезгілде ауызға және мұрынға үріңіз.

  2. емшек жасындағы баланың мойының қысқа, жуандау және нәзіктеу екендігін есте сақтаңыз-басын шалқайтқан кезде абай болыңыз.

  3. нәрестенің тыныс алу жолдарына өзіңіздің толық ауа көлемін үрмеңіз, себебі альвеолалар жыртылып кетуі мүмкін.

Бір жасқа дейінгі балаларға жасанды тыныс алдыруды жүргізу

Сатылары

Негіздеу

1.Баланы тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызу.

2.Иықтың астына валик орналастыру.

3.Баланың басын абайлап шалқайтып, иекті көтеру.

4.Жоғарғы тыныс жолдарын кілегейден және бөгде денеден босату.

5.Баланың аузына және мұрнына салфетка орналастыру.

6.Тыныс алу қимылын жасап өз аузыңызды тығыз байланыс жасайтындай етіп баланың мұрнына және аузына орналастыру.

7.Кеуде клеткасы жәймендеп көтерілуіне қажет мөлшерде баланың тыныс жолдарына ауа үру.

Ескерту: бала неғұрлым кішкентай болса,солғұрлым өкпесіне үрілетін қажетті ауа мөлшері аз болады.

8.Үзіліс жасап, баланың кеуде клеткасы орнына келгенге дейін күту.

9.6-8 пунктті өздігінен тыныс алу пайда болғанға дейін немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін немесе мәйіт дақтары пайда болғанға дейін қайталау.

-тыныс алу жолдарының өткізгіштігі жақсарады

-тыныс алу жолдары түзеледі

-нәрестенің мойны қысқа, нәзік-тілдің түсіп кетуінің алдын алу.

-тыныс алу өткізгіштігін қамтамасыз ету.

-инфекциялық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі

-өткізілген шаралардың тығыздығы және нәтижелілігі қамтамасыз етіледі.

-баланың өкпесі ауаға толады-альвеолалар жыртылуының алдын алу.

-пассивті тыныс шығаруды қамтамасыз етеді.

-өкпеге оттегінің пассивті түрде түсуі қамтамасыз етіледі.

Әртүрлі жастағы балаларға жүректің тікелей емес массажының жүргізілуі

Сатылары

Негіздеу

1.Баланы тегіс қатты жерге шалқасынан жатқызу. Баланың оң жағына орналасу.

2.Қолдың сәйкес бөлігін (немесе екі қолдың) төстің төменгі 1/3 бөлігіне орналастырады (бірақ семсер тәрізді өсіндінің үстіне емес)

А)жаңа туған нәрестеге үлкен саусақтың бірнеше фалангасының алақандық беті (немесе екі қолдың үлкен саусақтарымен қалған саусақтарды) баланың жауырының астына орналастыру

Б)1 айдан 12 айға дейінгі балаларға сұқ және ортаңғы саусақпен

В)1-7 жастағы балаларға қол басының проксимальды бөлігімен

Г)жастан асқан балаларға екі қолды айқастырып «көбелек» түрінде орналастыру

3.Кеуде клеткасына оны мына тереңдікке енетіндей етіп басу.

А)1-1,5 см ЖТН-жаңа туған нәресте

Б)1-2,5 емшек жасындағы балаларда

В)3-3,5 см ересек балаларда.

4.Кеуде клеткасын бастапқы қалыпқа келу үшін қысымды азайту.

5.Жүректің тікелей емес массажын жасанды тыныс алдырумен бірге өткізген кезде тыныс беру мен кеуде клеткасына қысу 1:5 қатынасымен егер көмекті 2 адам көрсетіп жатса немесе 2:10; 3:15-егер жалғыз адам болса.

6.Реанимациялық шараларды 1 минут өткізгеннен кейін өмірлік функциялардың қалпына келуін тексеру(қарапайым реанимацияның әліппесін өткізу)

7.Реанимациялық шараларды өмірлік функциялар пайда болғанға дейін немесе «жедел жәрдем» келгенге дейін, немесе мәйіт дақтары пайда болғанға дейін қайталау.

Реанимациялық шаралардың максимальды нәтижесін қамтамасыз ететін негізгі жағдай

-қажетті қысым алаңын камтамасыз ету.

-семсер тәрізді өсінді жеңіл жарақаттанады.

-кеуде клеткасына әлсіз басу қанның толық қанайналым шеңберлерінен жасанды систола фазасына өтуін қамтамасыз етпейді, қатты басу қабырғалардың, төстің сынуына алып келуі мүмкін.

-жасанды диастола қамтамасыз етеді.

-ТАЖ(тыныс алу жүйесі) мен жүректің соғу жиілігінің ең тиімді қатынасын қамтамасыз етеді.

-шаралардың нәтижелілігін бағалау.

-мәйіт дақтары биологиялық өлімді дәлелдейді.



 

Қызба – патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде пайда болатын және дене қызуының көтерілуіне әкелетін, организмнің табиғи реактивтілігін күшейтетін терморегуляция үрдісінің өзгеруімен сипатталатын, организмнің қорғаныс-бейімделу реакциясы.

Гипертермиялық синдромды қызбаның патологиялық түрі деп санауға болады, ол кезде дене қызуының жылдам және оқыс көтерілуі байқалады да, микроциркуляциялық, метаболикалық бұзылыстармен және өмірлік маңызды мүшелер мен жүйелер қызметінің үдемелі бұзылуымен өтеді.

Баланың дене қызуы көтерілу деңгейіне қарай:

  1. Субфебрильді -37,2-38,0 градус

  2. Фебрильді – 38,1-39,0 градус

  3. Гиперергиялық -39,0 градус және одан жоғары температураны ажыратады.

Балалардағы қызба диагностикасы барысында қызыл және ақ гипертермияға ажыратылған. Балаларда, көбінесе, болжамы қолайлырақ болып келетін қызыл гипертермия кездеседі.(жылудың өндірілуі жылудың шығарылуына сәйкес келеді).Баланың терісі шамалы гиперемияланған, ыстық, ылғалды, аяқ қолы жылы, пульс пен тыныс жиілеуі дене қызуының көтерілуіне сәйкес келеді. (37 градустан жоғары әрбір градусқа ентігу минутына 4 рет тыныс алуға, ал тахикардия минутына 20 рет соғуға артады).

Ақ гипертермия келесі белгілермен сипатталады:

  • Терісі бозарған, «мәрмәр тәрізді», тырнақтары мен еріндері көгерген, «ақ дақ» симптомы оң.

  • Аяқ-қолдары суық.

  • Шамадан тыс тахикардия, ентігу

  • Баланың жүріс-тұрысының бұзылуы:немқұрайлық, сылбырлық, қозуы, сандырақтау, тырысулардың болуы мүмкін.

Ақ гипертермия кезінде қызуды басатын дәрілердің көмегі жеткіліксіз болады.

Гипертермиядағы шұғыл көмек

Сатылары

Негіздеу

Мөлшері

1.Баланы төсекке

жатқызу

- температура жоғарлауы интоксикация белгісі




2. Денені қысып тұрған киімдерден босату

- өкпенің экскурсиясын жеңілдетеді.




3.таза ауаның келуін қамтамасыз ету.

- гипертермия кезінде гипоксия дамиды.




4. Гипертермияның түрін анықтау (ақшыл немесе қызғылт).Егер ақшыл болса қызғылт түріне ауыстыру (баланы жылытып, спазмолитик болып табылатын но-шпа немесе никотин қышқылын немесе папаверин енгізу)

- ақшыл гипертермия шеткі тамырлардың таралуымен байланысты. Осы жағдайда жылу шығаруды нашарлатады.




5. Температураның көрсеткіштеріне қарай шаралар жүргізу:

А) 37,0-37,5С кезінде салқындатудың физикалық әдістерін жүргізу;

В) 38,0-38,5С кезінде энтеральды қызу түсіретін дәрілер енгізу (панадол, парацетамол, нурофен, қызу түсіретін балауыздар (цефекон) және т.б)

Ескерту: Балаларға парацетамол, цефекон балауыздарын қолданған жөн



папаверин немесе ношпа 1 мг/кг мөлшерде ішуге.1 жасқа дейінгі балаларға 2% папаверин ерітііндісін 0,1-0,2 мл, 1 жастан асқан балаларға 0,1-0,2 мл/өмірнің әр жылына.

6.Оттегі терапиясын жүргізу

- гипертермия кезінде тіндердің оттегі қажеттілігі жоғары




7. Шараларды бастамастан 20-30 минут бұрын балада зәр шығаруды шақырту

- ағзадан токсиндердің шығуын қамтамасыз ету.




8. 20-30 минуттан кейін термометрияны қайталау

- орындалған шаралардың нәтижелілігін бағалау




9. Қайталама термометрияның нәтижесін ескере отырып орындалған шараларды түзеу

- 20-30 минуттан кейін дене қызуы 0,2-0,3 С азаюы керек.





Ерте жастағы балаларда гипертермия болған кезде стационарға тасымалдау!


Құрысу дегеніміз дененің пішіні мен аяқ қолдарының сіресуін шақыртатын бұлшықеттің еріксіз жиырылуы.

Фебрильді құрысулар жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балаларда жоғары температура фонында дамиды. Афебрильді құрысулар жаңа туған нәрестелерде туу жарақаты немесе миының зақымдалуы нәтижесінде дамиды. Аяқ-қолдардың ырғақты құрысулары эпилепсияға тән белгілер болып табылады.

Құрысулар жергілікті (белгілі бір бұлшықеттер тобына таралады) және жайылмалы (құрысу ұстамасы) болып бөлінеді.


Құрысу-тырысу кезінде көмек көрсету

Мейірбике әзірлейді: диазепам, туберкулин (1 мл) шприцтер, дәкелік сүлгілер, шпатель.

  1. Анасын жайландыру.

  2. Баланы қатты, тегіс жерге жатқыныз.

  3. Қысып тұрған киімдерден босатыныз.

  4. Таза ауамен қамтамасыз етініз.

  5. Тілін шайнап тастамас үшін мақтамен немесе бинтпен оралған шпатель немесе дәкелік сүлгілерін ауызына салыныз.

  6. Құрысу-тырысуға қарсы туберкулин шприцке диазепам дайынданыз.

  7. Ампуладан туберкулин шприцке баланың жасына қарай диазепамді сорып алыныз, содан соң инені алып тастаныз.

  8. Шприцті тік ішекке 4-5 см теренділікке салып, диазепам ерітіндісін енгізініз.

  9. Баланың бөксесін бір неше минутқа қысыныз.

Ескерту: дәрігерге хабарланыз.




Диазепам тік ішекке

10 мг/2мл ерітіндісі

Паральдегид тік ішекке


Жасы/ салмағы

Мөлшері 0,1 мл/кг

Мөлшері 0,1 мл/кг

2 апта-2 ай (4 кг)

0,3 мл (1,5 мг)

1,0 мл

2-4 ай (4 - 6 кг)

0,5 мл (2,5 мг)

1,6 мл

4- 12 ай (6-10 кг)

1,0 мл (5 мг)

2,4 мл

1-3жас (10-14 кг)

1,25 мл (6,25 мг)

4 мл

3-5 жас (14-19 кг)

1,5 мл (7,5 мг)

5 мл


Ескерту: ерте жастағы балаларды құрысуда, алғашқы көмектен кейін ауруханаға тасымалдау!


Анафилактикалық шок

Анафилактикалық шок - аллерген әсерінен бірнеше минуттан кейін тез дамитын, жедел түрдегі аллергиялық реакция.

- тамыр мембраналарының өткізгіштігін жоғарлатады,соның нәтижесінде шоктың жедел клиникалық көрінісі дамиды;

- АҚҚ төмендейді, соның салдарынан есінен танады,тахикардия, тері жамылғысының бозаруы, жіп тәрізді пульс пайда болады;

- бронхоспазм,ауыр тыныс алу анықталады. Тыныс алу жетсіпеушілігі белгілерінің үдемелі өсуі: ентігу, көгеру, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы.

Анафилактикалық шокта көрсетілетін шұғыл көмек

Сатылары

Негіздеу

Мөлшері

1.Аллергеннін түсуін тоқтату

- анафилактикалық шок. Аллергиялық реакция




2.Науқасты жатқызу керек:

А) тегіс қатты жерге шалқасынан

Б) Аяқтарын жоғары көтеріңкіреп қою

В) басын жанына қарай бұрып

- реанимациялық шараларды талап ететін тыныс, жүрек тоқтауы болуы мүмкін.

- шок кезінде АҚҚ төмендейді, бронхоспазм пайда болады,нәтижесінде гипоксия дамиды. Оттегінің жетіспеушілігіне ең сезімтал тіндері, сондықтан міндетті түрде ми максималды қанмен қамтамасыз етілуі керек.

- құсу және құсық массасымен аспирация бақалуы мүмкін.




3.Аллергенді енгізген жерге салқын басу, егер қолайлы жағдай болса, аллерген енгізген жерден жоғары бұрау салу. Иньекция алған жеріне натрий хлордың изотониялық ертіндісіне қосылған адреналинді бұлшық етке «крест» тәрізді енгізіміз.




5 мл натрий хлорға 0,1%-0,1мл/жасына адреналин

4.Денені қысып тұрған киімдерден босату







5.Таза ауаның келуін қамтамасыз ету







6.Көк тамырға немесе бұлшық етке(көктамырға түсе алмаған жағдайда)мына препараттарды енгізу:

Преднизолон

Адреналин

Супрастин, тавегил

-преднизолон - «күйзеліс препараты»-күшті аллергияға қарсы әсері бар.

- адреналин тамырларды тарылтып, АҚҚ жоғарылатады

- супрастин, тавегил антигистаминді препараттар

3-5 мг/кг

(1мл=30мг)

0,1%-0,1мл/жасына

2% - 0,1мл/жасына


Ескерту: жұғыл түрде баланы ауруханаға тасымылдау!


Құсу

Себептері:

  • Улану.

  • Ас қорыту жүйесінің аурулары.

  • ОЖЖ аурулары.

Жедел көмек алгоритмі:

  • Баланың басын жоғары салып,мойнын жанына салып жатқызу.

  • Қысатын киімдерден босату.

  • Таза ауамен қамтамасыз ету.

  • Асқазанын жуу.

  • Келесі препараттарды енгізу: (әр препарат алдыңғы препарат тиімсіз болғанда енгізіледі) 0,25% новокаин ерітіндісін қасықпен ішкізу, реглан (церукал) /1мг/кг(1мл-5мг).

  • Құсықтан соң – ауызды қайнаған сумен шайқау.

  • 2-4 сағатқатағайындау.

  • Құсықты зертханаға жіберу.

  • Құсудын себебін анықтап, жою.



Құсу кезінде көмек көрсету.

Мейіре әзірлейді: сүлгіні, қасық, қайнатылған су.

  1. Анасын жайландыру.

  2. Баланың басын жанына немесе төмен бұрыныз аспирация болдырмау үшін.

  3. Баланың ауызына қарай сүлгіні немесе салфетканы жақындатыныз.

  4. Баланың мандайына қолынызды салып оның басын ұстаныз.

  5. Құсқаннан кейін баланың бетің жуыныз, ерінді және ауыз бұрыштарын сұртыныз, ауызын таза қайнаған су мен шайыныз.

  6. Ерте жастағы балаларға бір неше қасық қайнатылған суды ішкізініз.

  • Құсықты зертханаға жіберу.

  1. Құсудын себебін анықтап, жою.

Ескерту: құсу болған кезінде баланың жағдайы ауыр деп саналад


Астмоидтық тыныс – дем шығарғанда катты музыкалық патологиялық тыныс.

Астмоидтық тыныста көрсетілетін көмек

Мақсаты: Тез әсер ететін бронхолитикті қолдану, баланың дем алуын жақсарту және қақырықты түсіруге көмектеседі

Қажет: Сальбутамол, пластикалық бөтелке, медициналық лейкопластырь, өлшем кружкасы

  • 1л пластикалық бөтелкеге өлшемді кружкамен 750мл су құйып, сыртынан белгілейміз де суды төгіп тастап, белгіленген жерден қиямыз, лейкопластырь ораймыз – жарақат алмас үшін баланы анасы немесе көмекші алдына алып отырады (спейсер жасадық)

  • Аэрозол, сальбутамонды қолымызға алып, кесілген пластинаны бөтелкенің (спейсер) кең жағын баланың аузына тығыз орналастырамыз

  • Баллондағы сальбутамолды араластырамыз

  • Бөтелкенің мойны арқылы сальбутамолды 3 рет шашамыз

  • 40 секунд қолымызбен бөтелкенің мойнын басып тұрамыз

  • Бұл іс шараны 4 сағат ішінде арасына 20 мин салып, 3 рет қайталауға болады

  • Баланың тыныс жиілігін санаңыз


Жіті ларингит кезінде көрсетілетін көмек.

Стенозды ларингит (жалған круп)- көмей тұсындағы тыныс жолдарының өткізгіштігінің бұзылуымен және тыныс алу жетіспеушіліктің дамуымен сипатталатын жедел ауру.

Даму механизмі:

1. Дыбыс саңылауы маңының тарылуы.

2. Дыбыс байламасы асты кеңістігінің ісінуі

3  Көмей қуысында қақырықтың жиналуы.

Клиникалық белгілері:

-  Дауыстың қарлығуы.

-  «ит үрген» тәріздес жөтел.

-  Тыныс тапшылық белгілері.

-   Бала мазасыз, төсекте тыныш жата алмайды, цианоз, инспираторлы ентігу, тыныс алуға көмекші бұлшық еттер қатысады (мұрын қанаттары, қабырға аралық, диафрагма т.б.).

Жедел көмек алгоритмі:

1. Баланы тегіс жерге басын жоғары көтеріп жатқызу немесе отырғызу немесе қолға алу.

2. Қысатын киімдерден босату.

3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету.

4. Тыныштық жағдай жасау.

5.  Алдандатушы шараларын өткізу (Қыша қағазын балтырға жапсыру, ыстық аяқ ваннасын жасау (экссудаттың төмен кетуіне байланысты ісінуі қайтады)

6. Ингаляция жүргізіңіз (эуфиллин, ас содасы, қақырық түсіретін дәрілер) дауыс қуысының ісінуін төмендетеді.

  • Жылу мен эуфиллин дауыс саңылауы аймағының ісінуін басады.

  • Сода – қақырықты сұйылтады

7. Бұлшық етке немесе көк тамырға лазикс – 1–2мг/кг (1мл-10мг)

- зәр айдайтын қасиетіне байланысты байлама асты кеңістігінің ісінуін азайтады

(Бұл шаралар тиімді болмағанда –көк тамырға 2,4 % эуфиллин 1мл/жасына 100-250 мл физиологиялық ерітіндіде енгізу.)

8. Ауыр жағдайда преднизалон бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіңіз 3-5 мг/кг тәулігіне (1мл -30мг) - қабынуға, аллергияға қарсы әсері бар

9. Десенсибилизациялық ем - тавегил, диазолин т.б.

10.Оттегі беріңіз.


Мұрыннан қан кету

Себептері: қан аурулары (гемофилия, Верльгоф ауруы, гипо-апластикалық анемия, лейкоз), мұрын жарақаты, ісік аурулары, бас ми ішілік қысымы көтерілу.

Мұрыннан қан кеткендегі көмек

Сатылары

Негіздеу

1.Баланың басын еңкейтіп отырғызу.

- қанды және қанды құсықты жұтудың, аспирацияның алдын алу.

2.Денені қысып тұрған киімдерден босату

-өкпенің экскурсиясы жеңілдейді

3.Таза ауаның келуін қамтамасыз ету

- тыныс алу жақсарады.

4.балаға тыныштық жағдай туғызу

- бала қозған,үрейленген болып келеді.

5.Қан кеткен жақтан мұрын қанаттарын мұрын пердесіне қарсы жағынан қысу

- механикалық түрде қан кетуді тоқтату

6.Кеңсірікке салқын басу,аяққа жылытқыш қою.

-мұрын қуысына қан келуді азайту

7.Сәйкес мұрын қуысына мақта тампонымен (3%-сутек асқынған тотығымен,адреналин ертіндісіне, викасол, гипертониялық ерітінді, ана сүтінде ылғалдауға болады) тампонада жасау.

- адреналиннің тамыр тарылтатын әсері бар.

-викасол қан тоқтататын әсерге ие

- ана сүтінің құрамында «қан тоқтататын» витамин К бар.

8.Бұлшықетк викасол салу,кальций глюканатын енгізу.

- қан тоқтататын әсері бар

- қан тоқтататын және тамыр қабырғасын қатайтатын әсері бар.

9.Мұрыннан қан кетудің себебін анықтау және оны жоюға тырысу.

- мұрыннан қан кету диагноз емес, белгі.



Мұрынан

қан кету кезіндегі

көмек
Баланы қан сынамасын тексеруге жіберу (тромбоциттер саны, ұю уақытына).


Гипогликемиялық кома кезіндегі көмек

- Қандағы қан мөлшерінің тез төмендеуі.

Себептері:

  • Диета кемшіліктері (инсулиннен кейін тамақ ішпеу)

  • Баланың бір себептермен тамақтанудан бас тартуы

  • Инсулинді артық мөлшерден енгізу

  • Физикалық күш түсіру

Белгілері:

  • Кома жылдам дамиды

  • Науқас қозғыш, тез қозып кетеді

  • Есін жоғалтады;

  • Пульсі жиі немесе сирек;

  • Терісі ылғалды (терлеу), құрысады.

Көмек:

  • Егер есі жоғалмаса тәтті шай, ақ нан, компот, карамель кәмпиті немесе қант беру;

  • Егер есін жоғалтса көк тамырға 20-50 мл 20-40% глюкоза ерітіндісін тез енгізу;

  • 10-15 минут бойы науқастың есі болмаса көк тамырға 5-10% глюкоза ерітіндісін тамшылатып енгізу науқас есін жиғанша.


Гипергликемиялық комада көрсететін жедел жәрдем.

Себептері:

  • Диагноздың кешігіп қойылуы

  • Егуді уақытылы істемеу

  • Инсулин дозасын дұрыс есептемеу

  • Стресс

  • Басқа аурумен ауырып қалу

  • Диетаны бұзу

Белгілері:

  • Жалпы шаршау

  • Лоқсу, құсу

  • Полиурия, одан кейін олигурия, кейде анурияға дейін

  • Ішінің ауруы

  • Бұлшық еттерінің төс артының ауырғандығы

Осы белгілер біртіндеп өседі:

  • Науқас тежелгіш (заторможен), әрі есін жоғалтуы мүмкін

  • Тамыр соғысы жиі, қан қысымы төмен

  • Аузынан ацетон иісі шығады

  • Тері жамылғысы құрғақ

  • Көз алмасы жұмсақ

Көмек:

  • Тез ауруханаға жеткізу.

  • Асқазанын 5% натрий гидрокарбонат ерітіндісімен (сода) немесе натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісімен жуу (ерітіндінің шамалы бөлігін асқазанға қалдырады)

  • 4% натрий гидкрокарбонат ерітіндісімен тазарту клизмасын жасау.

  • Оттегі терапиясы.

  • Көктамырға натрий хлор изотоникалық ерітіндісін тамшылатып енгізу – 20 мл/кг, (жүйеге ККБ, аскорбин қышқылын, гепарин қосады).

  • Инсулин 0,1 ЕД кг/час 150 – 300 мл натрий хлор ерітіндісімен алғашқы 6 сағатта бар сұйықтықтың 50% құяды.

  • Рингер, ас тұзының физиологиялық ерітіндісін, 5% глюкоза ерітінділерін көк тамырға тамшылатып 2-3 литрге дейін құйыңыз (токсиндерді шығару мақсатында). Бұл ерітінділермен бірге кокарбоксилаза, вит С құйылады. Тамшылатып сұйықтықтар құйып жатқан кезде баланы грелкамен жылытып, минералды суларды, жемістер компоттарын 10 минут сайын 1-2 шай қасықтан беріп отыру керек.

  • 3-4 сағаттан кейін бала жеңіл қорытылатын тамақтармен тамақтандырылады: айран, жеміс-жидек шырындары, пюрелер.

  • Баланың сөткелік зәрін және биохимиялық анализге көк тамырдан қанын қантқа тексеріңіз.

Метеоризм – іштің кебуі.

Метеоризм- ішекке жиналған газдардың себебінен іштің кебуі.

Жедел көмек алгоритмі:

1.      Баланы шалқасынан жатқызып денесінің төменгі бөлігін киімнен босату.

2.      Таза ауамен қамтамасыз ету.

3.      Жайлап сағат тілінің бағыты бойынша ішке массаж жасау.

4.      Тікішекке газ шығаратын түтік қою.

5.      Шара тиімсіз болғанда келесі препараттарды енгізу: (әркелесі препарат алдыңғы препарат тиімсіз болғанда енгізіледі) Карболен /активтендірілген көмір/ 1мг/кг немесе смекта 1мг/кг/1мл-5мг/, прозерин 0,1 мл/жасына тағайындау.

6.      Тамаққа газ түзуші тағамдарды қолданбауын ескерту: сүт, газдысусындар, бақша өнімдері, қара нан.

Ерте жастағы балаларға жел шығарғыш түтікше қою



Мақсаты: ішектегі газды сыртқа шығару.

Көрсеткіші: метеоризм, тоқ ішекке ауаның жиналуы.

Кері көрсеткіш: жоқ.

Керекті құралдар: Вазелин майы.Резеңке қолғап, алжапқыш.  Клеенка, жөргек, дез.ерітінді.Сүлгі.Жел шығарғыш түтікше.Суы бар ыдыс.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.      Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2.      Керекті құралдарды дайындау.

3.      Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап кию.

4.      Қатты, тегіс жерге клеенка және жөргекті төсеу.

5.      Жел шығарғыш түтікшенің ұшын вазелин майымен майлау.

6.      Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

7.      Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау.

8.      Жел шығарғыш түтікшенің ұшын қысып ұстап анальды тесікке кіндіктің бағытында1-2 см. енгізу, өткен соң омыртқа жотасына қарай жылжыту.

9.      Жел шығарғыш түтікшенің екінші ұшын суы бар ыдысқа салу.

10.  Баланың іші сағат тілінің бағытында сипалау.

11.  Суы бар ыдыста ауа көпіршіктерінің шығуы тоқтаған соң, түтікшені салфеткамен ұстап шығару.

12.  Клеенка, жөргекті дез.ерітіндіге салу

13.  Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелері жуу. Сүлгімен құрғатып сүртіп, табиғи қыртыстарын майлап баланы киіндіру.

14.  Алжапқышты шешіп дез.ерітіндіге салу.

15.  Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: Жел шығарғыш түтікшені енгізу тереңдігі жаңа туған нәрестеге - 6-8 см.

Нәтижесін бағалау: баланың іші басылып, бос демалады.

Естен тануда көмек

Естен тану- мидың ишемиясынан, қысқа уақытқа есінің жоғалуымен жүретін қантамырлық жетіспеушілігінің көрінісі.

Көмек сатылары:

  1. Баланың аяғын жоғары көтеріңкіреп тегіс жерге жатқызу немесе отырғызып басын еңкейту – миға қанның келуін қамтамасыз етеді

  2. Денені қысып тұрған киімдерден босату – өкпе экскурсиясын жеңілдетеді

  3. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету – естен танған оттегінің жетіспеушілігі дамиды

  4. Баланың бетіне, денесіне салқын су шашу немесе мүсәтір спиртін иіскету (сірке қышқылы) – рецепторларды тітіркендіру ОЖЖ-ның тыныс және тамыр қозғалтқыш орталықтарына қоздырғыштық әсер етеді

  5. Кордиамин 6 айға дейінгі балаға -0,1мл/жасына, 6-12 ай-0,1-0,2 мл/жасына , 1 жастан жоғары-0,3-0,5 мл/жасына тері астына енгізу - ОЖЖ –не қоздырғыш әсер етеді


написать администратору сайта