Главная страница
Навигация по странице:

  • Демалу ж/е демшығару механизмі.

  • Жүйкелік реттелу

  • Гуморальды реттелу

  • Тыныс алу орталығы, оның орталық жүйке жүйесіндегі орны

  • Дем шығару, дем алу және альвеоларлық ауалардың құрамы.

  • Физио тыныс сессия. Тынысалу жйесі бойынша емтихан сРАтары жауаптарымен 20212022 жж


    Скачать 147.59 Kb.
    НазваниеТынысалу жйесі бойынша емтихан сРАтары жауаптарымен 20212022 жж
    Дата02.02.2022
    Размер147.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФизио тыныс сессия.docx
    ТипДокументы
    #349878
    страница3 из 3
    1   2   3

    Пневмотахометрия (өкпе жылдамдығын өлшеу) — қалыптасқан дем шығару мен дем жұтқандағы барынша көп көлемді жылдамдықты өкпе қабынуының жылдамдығын метрлеу көмегімен зерттеу.

    Демалу ж/е демшығару механизмі. Сыртқы тыныс алу, яғни газдың ауадан > өкпеге өтуі, өкпеден > қайта атмосфераға шығарылуы 2 кезеңнен тұрады: демалу (инспирация) ж/е демшығару (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тірі организмде өзара үйлесім тапқан, өмір бойы кезекпе-кезек алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе біресе кеңейіп, тарылып тұруы керек. Бірақ альвеола (alveola - ұяшық) қабырғасында ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп не тарылып көлемін өзi өзгерте алмайды, бұл үрдіс көкірек қуысының ұлгайып-тарылуына байланысты. өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын көкірек қуысында орналасқан. Сыртынан өкпе висцеральдьқ (агзалық) жене парие- талъдъқ (жакршупык) екі кабықпен қоршалған. Висцеральдьқ плевра өкпе тінімен бiтe байланысқан. Өкпе түбіріне жеткен жерде париетальдьқ плевраға айналады да көкірек қуысын iшкі жағынан астарлап кемкереді, ондағы тіндермен қиылысады. Плевра қабықтарының арасында плевралық қуыс деп аталатын саңылау тәрізді өте тар (5-10 мкм) кеңістік бар. Онда плевра қабықтарының iшкi 6eттерін майлап өзара үйкеліс кедергісін азайтатын аздаған шырышты сұйықтық болады. Плевралық кеңістік бiтey, оның ішінде ауа болмайды, сондықтан да плевра кабықтары дем алған сәтте бірiнен-бірi айырылып алшақтай алмайды. Осыған орай көкірек қуысы кеңейген кезде париетальдық плевра висцеральдық плевраны өзіне тартып өкпені созады. Сол кезде оның ішіндегі қысым азаяды, сондықтан қысымы жоғары сырттағы ауа өкпеге кіріп, оны одан әpi кернеп кеңейтеді. Дем шығарған сәтте көкірек қуысы тарылады да өкпе қысымы жоғарылағандықтан ауа сыртқа шығады, өкпе кішірейеді. Сонымен өкпенің кеңейіп-тарылуы көкірек аумағының өзгеруіне, яғни тынысалу еттерінің жиырылып, босауына байланысты.

    26.Өкпенің вентиляциясы, альвеолярлы вентиляция.Сыртқы тыныс алу компоненттерінің сипаттамасы: желдету, диффузия және перфузия.

    Өкпенің желдетілісі: Өкпенің желдетілісін дем алу немесе дем шығару белгілі уақыттағы ауаның көлемі мен анықталады. Өкпенің желдетілісінің мөлшерлік сипаттамасы тынысалудың минуттық көлемі ( ТМК)- өкпе арқылы 1 минутта өтетін ауа көлемі. Тыныштық күйде ТМК 6-9 л тең. Дене шынықтыру жаттығуларынан кейін оның көлемі бірден өседі және ол 25-30 л құрайды. 

    Газ алмасу қан мен ауа арасында өтетіндіктен, жалпы өкпенің желдетілісі маңызды емес, желдетіліс альвеолаларда маңызды. Альвеолярлық желдетіліс өкпе желдетілісінен өлі кеңістік көлеміне кем. Егер тыныс алу ауа көлемінен өлі кеңістік ауа көлемін алып тастаса, онда альвеолардағы ауа көлемі шығады. Ал, егер осы ауа көлемін тыныс алу жиелігіне көбейтсек альвеаларлы желдеткішті анықтаймыз. Сондықтан, альвеоларлы желдетіліс әсерлілігі тез дем алып және жай дем алғанға қарағанда, терең және аз тыныс алудан төмен.

    Суда тіршілік ететін қарапайым организмдерде (бір торшалы және  төменгі сатыдағы көп торшалы арнаулы тыныс мүшелері болмайды. Суда еріген оттегіні олар денесін қаптаған қабықша арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мұндай  түрі н диффузиялы тыныс алу деп атайды.

    Желдетпелі өкпе құрлықты мекендейтін омыртқалыларда болады.

    Қалыпты жағдайда қызмет атқаратын өкпе ұяшықтарына қан жақсы келеді де, қызмет атқармайтын әлвеолаларға оның келуі шектеледі (Эйлер рефлексі). Вентиляция мен өкпе перфузиясының сәйкессіздігі кейде ауа алмасатын әлвеолаларда перфузия болмауы,

    перфузиясы бар әлвеолаларда вентиляция болмау мүмкіншіліктеріне әкеледі. Осыларға байланысты сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі дамиды. Өкпеде қанайналымның (перфузияның) бұзылыстары мына жағдайларда дамуы мүмкін:

    1.                  жүрек қызметінің жеткіліксіздігі кездерінде;

    2.                  туа біткен немесе жүре пайда болған жүрек кемістіктерінде (атриовентрикулалық қақпақшалардың тарылуы, жүрекшелердің арасындағы сопақша тесіктің бітпей қалуы, Ботал өзекшесінің т.с.с.);

    27.Тыныс алудың нервтік, рефлекстік және гуморальдық реттелуінің физиологиялық маңызы.

    Жүйкелік реттелу 
    Тыныс алу орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан. Оның бір бөлігі тыныс алуды, бір бөлігі тыныс шығаруды реттеп отырады. Сопақша мида пайда болған қозу қозғалтқыш нейрондар арқылы қабырғааралық бұлшық еттер мен көкетке жеткізіледі, олар кезекпен жиырылып және босаңсиды. Тынас алу орталығына үлкен ми сыңарлары да әсер етеді: адам аз уақытта тынысын ұстап қала алады. 

    Гуморальды реттелу 
    Мысалы, миға ағып келген қанның құрамында көмірқышқыл газы көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Қанның құрамында көмірқышқыл газының мөлшері азайғанда, адам тыныс алады. Одан соң ол тыныс шығарылады. Тыныс алудың жиілігі мен тереңдігі ағзаның белсенділігіне, күйіне байланысты рефлекс арқылы өзгеріп отырады. Тыныс алу рефлекстерінің жолы тыныс алу орталығы арқылы өтеді. 
    Түшкіру және жөтелу секілді рефлекстері тыныс алу орталығы арқылы жүзеге асады. Кеңсірекке түскен шаң-тозаң немесе ащы иісті зат оның кілегейлі қабықшасында орналасқан қабылдағыштарды тітіркендіреді. Осы кезде қорғаныш рефлексі пайда болады, адам түшкіреді, яғни танау арқылы күшті әрі тез рефлекс арқылы тыныс шығарады. Түшкірген кезде тітіркендіруші заттар кеңсіріктен шығып кетеді. Кеңсірікке жиналып қалған кілегейлі зат та тұмау кезінде осындай реакция туғызады. Жөтелу дегеніміз - көмей тітіркенгенде кенет рефлекс арқылы ауыздан тыныс шығару. Кеңірдек қабылдағыштарының тітркенуінен, яғни аммиак буынан, хлордан және т.б. химиялық заттардан тыныс алу рефлекторлық тоқталуымен шектеледі. Суға кеткен адам, электр тоғы немесе найзаға соққанда, уланғанда және т.б. жағдайларда тыныс алудың тоқталуы байқалады. Бұндай жағдайда өкпеге жасанды әдіс бойынша "ауызға - ауыз" немесе "ауыз - мұрын" желдетуін жасау қажет.
    28.Тыныс алудың реттелісі. Көмірқышқыл газының тыныс алуды реттеудегі маңызы.

    Тыныс алғанда және тыныс шығарғанда екі құбылыс үнемі кезек-тесіп отырады. Тыныс бұлшық еттерінің қызметі сопақша мидағы ты¬ныс орталығымен реттеледі.Өкпенін тіршілік сыйымдылығын анықтау Өкпенің, тыныс жолдарының, тыныс бұлшық еттерінің механорецепторларынан және хеморецепторларынан (СО2 концентрациясы жоғарылағанда) қозу парасимпатикалық жүйке жүйесінен сопакша мидағы тыныс орталығына түседі. Тыныс — өздігінен реттеле алатын құбылыс.

    Мұрын куысындағы рецепторларға шырыш, шаң-тозаң, химиялык тітіркендіргіштер, әр түрлі ұнтақтар әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — түшкіру пайда болады. Кемей, кеңірдек және ауа-тамырлардағы рецепторларға тітіркендіргіштер әсер еткенде, қорғаныш рефлексі — жөтел пайда болады. Түшкіру және жөтелу терең тыныс алудан басталады. О.Ж.Ж тыныс алу және тыныс шығару кызметтері гуморальды реттеледі. Мысалы, миға ағып келген қанның құ рамында СО2 көбейгенде, тыныс алу орталықтарында қозу пайда болады. Тыныс жиілейді, СО2 тыныс сыртқа шығарылады.

    Тыныс алуды реттеуде көмірқышқыл газына үлкен назар аударған жөн. рСО2- нің өсуі тыныс алу орталығының қозуына, төмендеуі- тежелуіне алып келеді. Көмірқышқыл газына сезімтал хеморецепторлар ЖЖО- да, дәлірек айтқанда тыныс алу орталығы аймағында орналасқан. Хеморецепторлы аймақтардың локальді негізі тыныс алудың сәйкес өзгерістеріне себеп болады оның зақымдалуы тыныс алудың тоқталуына алып келеді. Сонымен қатар хеморецепторлар аортаның доғасында және каротинді денешіктерде орналасқан.

    Көмірқышықл газының әсері Н+ ионының әсерімен шартталғаны көрсетілген. Алайда, гемато-энцефалогиядан көмірқышқыл газының сутегі ионына қарағанда өтуі оңай және жүйке жасушаларының мембраналары арқылы да оңай өтеді. Сонымен қатар көміртек қышқылы кейбір биохимиялық үрдістерге де әсер етеді. Тыныс алудың негізі көмірқышқыл газының оттегімен араласқан 6% ерітіндісінде қолдануы.

    Нәрестенің алғашқы дем алуы туылу кезінде рО2 төмендеуімен және рСО2 жоғарылауымен шартталған. Кіндікті ақырын басқан кезде тыныс алу орталығы тітіркенбейді және дем алу болмайды, осы кезде эмбрионды тыныстың дер кезде тоқтатылуы маңызды. 
    29.  Тыныс алуды реттеудегі кезеген жүйкенің ролі. Атмосфералық,дем шығарылатын және альвеолярлық ауа құрамы.
    Тыныс алу орталығы, оның орталық жүйке жүйесіндегі орны. Тірі организмнін, тіршілік етуіне қажет аса маңызды функцияларды белгілі бір орталықтар реттеп отырады. Тыныс алу — осы функциялардың бірі. Сондықтан тыныс алу процесін реттейтін орталықтың орталық жүйке жүйесіндегі орнын анықтау үшін көптеген тәжірибелер жасалды. Тәжірибеде, мәселен мидьщ әр жерінен көлденең кесу әдісі қолданылады. Ми бағаны варолий кепіршесінің жоғары жағынан келденен, кесілсе, тыныс алу процесі бұзылмайды, ал варолий көпіршесінен төмен, сопақша мимен түйіскен жерінен кесілсе дем алу фазасы ұзарады да (апнейзис) тыныс алу сирейді.

    Миды сопақша мидан төменірек оның жұлынмен түйіскен же-рінен кессе, тыныс алу тоқтап қалады, тыныс алу еттері әдетте-гідей белгілі бір ырғақпен жиырылу қабілетінен айырылады. Де-мек, тьшыс алу процесін реттейтін нейрондар тобы (тыныс алу орталығы) сопақша мида орналасқан. Тыныс алу орталығынын сопақша мидағы орнын табу үшін оның әр жерін инелеп бүру, бұзу, тітіркендіру әдістері қолданылады.

    Өкпе ұлпасынан тыныс орталығына рефлекстік әсер болатынын 1868 жылы Э. Геринг пен И. Брейер дәлелдеді. Кезеген нерв өкпеде екі түрлі  механорецепторлар түзеді. Олардың бір түрі өкпе ұлпасы керілгенде, екінші түрі  - солғанда тітіркенеді. Олар орталыққа қай кезде дем алу немесе дем шығару процесін тоқтатып, оларды қарама-қарсы әрекетпен алмастыру қажеттігін хабарлап отырады. Дем алу кезеңінде өкледегі механорецепторлар қозу толқынын орталықтың экспирациялық бөліміне бағыітайды, сондықтан инспираторлар әрекеті токтап, дем шығару кезеңі басталады. Ал дем шығарылған кезде механорецепторлардың екінші түрі  тітіркеніп, қозу орталықтың инспирациялық бөліміне бағытталады да, экспирация тоқтап, инспирация басталады. Сонымен, дем алу рефлекстік жолмен дем шығаруды, ал дем шығару - дем алуды тудырады. Тынысты рефлекспен реттеуде плевра, көкірек және құрсақ  еттерінің механорецепторлары да қатысады.

    Дем шығару, дем алу және альвеоларлық ауалардың құрамы. 

    Адамның дем алатын атмосфералық ауа құрамы әр қашанда бір құрамды болып келеді. Дем шығару ауасында оттегінің көлемі көмір қышқыл газы көлемінен әлдеқайда аз, альвеоларлық ауада оттегі одан да аз, ал көмір қышқыл газы одан да көп. 

    Дем алу ауа құрамында оттегі - 20,93% және көмірқышқыл газы - 0,03%. Дем шығару – ауа құрамында оттегі - 16%, көмірқышқыл газы - 4,5% және альвеолярлық ауада - оттегі 14% және көмірқышқыл газы-5,5%. Дем шығару ауа құрамында көмірқышқыл газы альвеоларлық ауа құрамындағы көмірқышқыл газы әлдеқайда аз болады. Дем шығару ауасының құрамында альвеоларлық ауа құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшері аз болу себебі, онда альвеоларлық ауа мен өлі кеңістік құрамындағы көмірқышқыл газының аз мөлшері араласып, көмірқышқыл газының консентрациясы төмендейді. 
    30. . Өкпенің эластикалық күші. Плевра қуысындағы қысым, оның шығу тегі, тыныс алу кезіндегі өзгерістер.
    Өкпенің созылу кезіндегі эластикалық күші париеталдық плевра арқылы көкірек қуысында жатқан барлық органдарға беріліп,оларда да теріс қысым тудырады.Бұл қысым жүрек жұмысына,артерия мен аортадағы қысымға әсер ете алмайды. Себебі,олардағы қан қысымы өте үлкен болады. Бірақ,көкірек қуысында туған теріс қысымның жүрекке құятын қуыс веналардың жұмысы үшін үлкен маңызы бар. Себебі,бұл теріс қысым үлкен веналардың қабырғаларының созылуына,сөйтіп оларда болатын қысымның көбеюіне себепкер болады. Мұндай қуыс веналардағы теріс қысымның көбеюі оң жүрекке қанның түсуін жақсартады. Себебі,кіші веналар мен қуыс веналардың арасындағы қысым айырмашылығы жоғарылап,қуыс веналардың қанды өзіне сору мүмкіндігі жоғарылайды.
    Плевра қуысына  сұйықтық   жиналу синдромы немесе гидроторакс – бұл плевра қуысына  қабынулық (экссудат) әлде қабынулық емес (транссудат)  сұйықтықтың   жиналуы.

    Жүрек жеткіліксіздігі мен плевра қуысында сұйықтық жиналу негізінде  және кіші және үлкен қанайналым шеңберінде гидростатикалық қысымының артып келетуі гидротораксттың негізгі даму механизмі.Гидротораксттың бүйрек аурулары кезінде дамуы қан плазмасындағы онкотикалық қысымның  төмендеуіне алып келеді.Ал асцит жіне перитонеалді диалез кезінде дамыса сұйықтық құрсақ қуысынан плевра қуысына ауысады да,құрсақ ішілік қысым жоғарлайды.Бауыр циррозы кезінде гидроторакс гипоальбуминем түрінде туындайды.Асцитикалық сұйықтық құрсақ қуысынан плевра қуысына ауысады.Ісік кезінде гидроторакс қан мен лимфа айналымы бұзылады.

    Плевра құысында сұйықтық жиналу себептері:

    1.Экссудат – қабынулық сұйықтықтың жиналуы:

    • плевраның инфекциялық қабынуы-пневмония (бейтарап) асқынуы; 

    • өкпе абсцесының плевра қуысына өтуі;

    • туберкулездық  (спецификалық);

    2.Транссудат- қабынулық емес сұйықтықтың  жиналуы:

    • жүрек жетіспеушілігінде;

    • аллергиялық  (полисерозит);

    • бронх рагы; 

    • кеуде  жарақаты;

    3.Плевра қуысында сұйықтықтың даму жолдары қабынулық  немесе қабынулық емес сұйықтықтың жиналуы плевра қуысындағы қысымның  терістігіне  байланысты:

    • плевра  қан  тамырлары ішінде қысым   жоғарлайды;

    • қабырғасының  өткізгіштігі   артады; 

    • веналық іркіліс - сұйықтық   сонда   өтеді;

    • лимфа  тамырлары  басылады,  кері сіңірілу қиындайды – сұйықтық көлемі артады  - қысым  жоғарлайды  - оң  болады – компрессиялық  ателектаз дамиды.   

    4.Клиникалық қөрінісі  - тексеру  әдістері  арқылы анықталады:

    • ентігу –  ателектазға байланысты - өкпенің  қысылуына   байланысты  тыныстық  көлемі  азаяды;

    • жөтел –әлсіз  немесе болмауы мүмкін - плевра тітіркенуі  ;

    • дене  қызуының  жоғарлауы;

    • қоздырғыштардың белсенділігінің  артуы;

    • суықтану;

    • қуатының  төмендеуі;

    • жүрек  жетіспеушілігі;

    • ревматизм;
    1   2   3


    написать администратору сайта