Лекция 1. Лекционный материал 220 гр. Тіс лпасыны рылысы,ызметі жне жіктеісі,клиникасы
Скачать 30.83 Kb.
|
Тіс Ұлпасының құрылысы,қызметі және жіктеісі,клиникасы. Тіс ұлпасы тіс қуысында орналасқан болбыр дәнеер ұлпа. Сауыттық және түірлік болып бөлінеді. Сауыттық ұлпа – тіс сауытында, түбірлік ұлпа – тіс түбірінде болады.Құрамы. коллаген, агрофильді талшықтары мен қантамырлар,нервтерден тұрады. Бірінші қабаты одонтобласттар эмаль мен дентин алмасуына қатысады.,аралық қабаты – проеодонтобласттар және жұлдызшалы клеткалардан құралса, сыртқы қабаты – фибробласттар,гистиоциттер және адветициальды клеткалардан тұраы. Ұлпаның негізгі заттарын – мукопроетин,глюкопротеин және мукополисахаридтер құрайды. Ұлпаның қызметі: 1.Трофикалық – қан мен лифа тмырларының өрімделі (канмен қоректеледі) 2.Қорғаныштық – гистиоциттер, плазмалық кеткалар және фибробласттар клеткаларырының қызметін ретейді. 3.Клеткалық – тіс дамы кезінде бірінілік дентин, тіс дамығаннан кейін екіншілік дентиннің (орын басушы) түзілуіне қатысады. Тіс ұлпасының қабынуы – пульпит деп аталады. Этиологиясы: 1.Инфекциялық – тіс жегісінің микроорта, бактерия және вирустардың әсерінен өршуі. 2.Жарақаттық – тіс сауытының сынуы,тіс қуысын абайсызда сындырып алу. 3.Химиялық – цементтерден бөлінген қышқыл, пластмасса, спирт және азот қышқылының әсерінен күйіп қалуы. 4.Физикалыық – сауыт астына тісті егеп, электрлі процедураларды енгізгеннен кейін ұлпаның күйіп, өлекселенуі (некроздалуы). Жіктелісі: 1.Жедел пльпит А) ошақты: в) диффузды. 2.Созылмалы пульпит А)фиброзды: в) гипертрофиялық: с)гангренозды 3.Созылмалы пульпиттің өршуі Жедел ошақты пульпитке тән клиникалық белгілері: тіс ұлпасының қабынуының бастапқы кезеңі. Ошақ ұлпада орналасп,жегі қуысына жақын орналасады.Шағымы: барлық тітіркендіргіштерден үдемелі өздігінен,түнде ауырады. Ауырсыну ұзақтығы 20-30 мин. Науқас себепші тісін дәл көрсетеді. 1-2 кун ауырады тіс. Қарағанда: терең жегі қуыс бар,жұмсарған дентинге ,тамақ қалдығына толы. Зондтағанда бір нүктеде ауырады. Тіс ұлпасы ашылмаған. Рентгенде периодонтта һзгеріс жоқ.Термометрия- ұлпаның салқынға ұзақ ауырсынуын көрсетеді. ЭОМ (электроодонтометрия) 12-18 мкА. Диф.диагностика терең тіс жегісі,жедел диффузд пульпит және созылмалы фиброзды пульпитпен жүргізеді. Жедел дифузды пульпитке тән клиникалық белгілері: тіс 2 кун ауырады,ауырсыну түбірлік және сауыттық ұлпаға тарайды. Шағымы: барлық тітіркендіргіштерге ұзақ,үдемелі түрде ауырсынады. Ауырсыну ұзақтығы 3-5 сағ, ауырмайтын уақыты 30-40 мин.Ауырсыну үшкіл нервтің бойымен иррадиация беріп, төменгі жақ,құлақ,самай және жақаст аймағына ауырсыну тарайды. Сол себепті науқас себепші тісті нақты көрсете алмайды. Қарағанда: тісте пигменттелген,жұмсарған дентинге толы жегі қуысы бар. Зондтағанда ауырады.Температуралық тітіркендіргіштерге сезімталдық айқын емес. ЭОМ 60-80 мкА. Рентгенде периодонт саңылауы аздап кеңейген.Диф.диагнозн – жедел ошақты пульпит, жедел периодонтитпен жүргізеді. Созылмалы фиброзды пульпитке тән клиникалық белгілері: – хим., мех. және мех. тітіркендіргіштерге ұзақ ауырсынып, жайлап басылады.Анамнезінде тіс бұрын ауырған. Қарағанда тісте терең жегі қуыс бар,зондтағанда тіс түбірі ауырады. Перкуссия аздап сезімтал,термометрия салқынға ұзақ ауырады. ЭОМ 20-40 мкА. Рентгенде периодонт саңылауы аздап кеңейген. Диф.диагнозын терең тіс жегісі, созылмалы гангренозды пульпитпен жүргізеді. Созылмалы гипертрофиялық пульпитке тән клиникалық белгілері: – мех.тітіркендіргіштерге (тіс тазалағанда) еттің өсіп кеткен тәрізді симптомның білінуі. Тіс аздап қанайды. Анамнезінді тіс бұрын ауырған. Қарағанда тісте терең жегі қуыс бар (жұмсарған дентинге толы). Тіс қуысы ашық. Температуралық тітіркендіргіштерге аздап сезімтал. ЭОМ 30-40 мкА. Рентгенде аздап өзгеріс бар. Диф.диагнозын периодонтиттің өршуімен жүргізеді. Созылмалы гангренозды пульпитке тән клиникалық белгілері: – әртүрлі тітіркендіргіштерге (ыстықтан салқынға) аздап ауырады. Шағым балендей болмайды. Ауыздан жағымсыз иіс шығуы мүмкін.себебі аздап ірің бар. Анамнезінде тіс бұрын ауырған. Қарағанда : тісте пигменттелген,жұмсарған дентинге толы терең жегі бар.Тіс қуысы ашық. ЭОМ 40-90 мкА. Рентгенде периапикальды өсінді кеңейген. Диф.диагнозын: созылмалы фиброзды пульпитпен,созылмалы периодонтитпен жүргізеді. Пульпитті емдеу әдістері: 1.Консервативті (ұлпа тіршілігін сақтау) -биологиялық әдіс – ұлпа тіршілігін сақтау. 2.Хирургиялық әдіс (ұлпаны толығымен алып тастау) -витальды ампутация – ұлпаны жартылай сақтау -витальды экстирпация – жансыздандыру арқылы ұлпаны толық алу; -девитальды ампутация – сауыттық ұлпаны алып,түбірлік ұлпаны сақтау; -девитальды экстирпация –девитализацияланғаннан соң ұлпаны толық алу; Консервативті емдеу әдісі (биологиялық) – ұлпадағы қабыну процесін жойып,тістің анатомиялық және физиологиялық қызметін қалыптастыру. Бұл әдіс – жедел ошақты пульпит,терең тіс жегісінде, байқаусызда ұлпаны ашып алғанда және созылмалы фиброзды пульпитте жүргізіледі. Қарсы көрсеткіштері:жедел іріңді пульпит,созылмалы гипертрофиялық пульпит,созылмалы гангренозды пульпит және созылмалы пульпиттің асқынуында жасалмайды. Жасалу жолы (консервативті ем): І келуі: -жансыздандыру -жегі қуысын фиссуралы бормен ашу -жегі қуысты кеңейту -некроэктомия – жұмсарған дентинді эксковатормен тазарту -қуысты 0,03% сутегі асқын тотығы немесе 0,05%хлоргексидин ерітіндісімен мед.өңдеу -қуысты кептіру -емдік сықпа салу -уақытша пломбамен жабу; ІІ келуі: -уақытша пломба мен емдік сықпаны алып тастау -қуысты мед.өңдеу -кептіру -түбіне емдік төсеніш салу -шектеуіш (айырғыш) төсеніш салу (тіс ұлпасына токсикалық әсер бермес үшін) -тұрақты пломба салу -пломба бетін тегістеу,жылтырату; Хирургиялық емдеу жолы: -жансыздандыру -пульпитті емдеудің витальды (витальды ампутация,экстирпация) түрінде жансыздандыру жасап, қабынған ұлпаны жартылай немесе толық алып тастау. Қалған емдеу жолдары жоғарыда көрсетілген емдеу жолдарымен бірдей. -пульпитті емдеудің девитальды (девитальды ампутация,экстирпация ) түрінде ұлпаны толық алу үшін жансыздандырумен қатар, мышьяк (күшәлә) сықпасын салып (24-48 сағ) қабынған ұлпаны толығымен алып тастайды. . Қалған емдеу жолдары жоғарыда көрсетілген емдеу жолдарымен бірдей. . Периодонт тіндерінің құрылысы. Периодонтит Периодонт - тіс түбірін қоршаған дәнекер ұлпа болып табылады.Ол тіс түбірінде цементтермен , альвеолярды өсіндінің сүйек тысы мен шектелген кеңістікпен тығыз байланыста болады.Периодонттың диаметрі 0,8-0,11 мм, жоғарғы бөлігінде кеңейеді – 0,23-0,28 мм, ортағы ені-0,20-0,25 мм болады. Ол тегіс және бұдырлы дәнекер ұлпадан тұрады. Оның екі талшығы болады; Маргинальды – қызылиектің талшықты тіс түбірі ретінде цементтен шығып , қызыл иек кілегейіне жабысады. Тіс альвеолярлы тіс түбірінінен альвеолярлы өсіндіге жабысады. Транссептальды – түбір цементінен ұрт аймағына горизонтальды түрде тісті дөңгелетіп, байланыстырып , көрші тістердің талшықтарына жабысады.Талшықтар арасында клеткасы , қантамыры болады. Клеткалық құрамы: фтбробласттар, гистиоцеттер, және қорғаныштық қасиет беретін плазмалық клеткалар. Сонымен бір дәнекер тканьде - цементобласттар,альвеоланың кортикальды пластинкасы аймағында орналасып , сүйек тканьдерін өндіретін остеобласттар , сүйек тіканінің еруіне қатысатын остеокласт клеткалары орналасады. Периодонттың қан айналысы :апикальды өсіндіден периодонтты қоректендіретін, тіс бүртіктерін беретін қантамыр – жүйке түйіндері шығады. Сонымен қатар периодонт қоректі альвеола қабатына көптеген тесіктері арқылы еніп , альвеола аралық артеиялық түйіндердің көмегімен алады. Альвеолааралық түйіндер тіс бүртіктері арқылы өрім құрайды . Вена тамырларының жолы жақасты , иекасты және бт веналарынан құйылады.Лимфа тамырлары - қызыл иек , ұлпа , сүйек альвеоласының лим фа тамырларымен өрім құрайды. Лимфа жолы – иекасты және жвқвсты лимфа түйімдерінен құйылады. Нервтенуі – үшкіл нерв бойымен жоғарғы жақ тістері үшкіл нервтің үшінші тармағымен нервтенеді. Периодонттың қызметі: Қатаятын – коллаген талшықтарының қызметінің реттелеуін қамтамасыз ету. Амортизациялық – төменгі және жоғарғы жактың коллаген талшықтарының қызметін реттейді. Рефлекторлы – нерв талшықтарының қызметін реттейді. Пластикалық – фибробласт , цементобласт,остеобласт клеткаларының қызметін реттейді. Трофикалық – қантамырлар мен лимфа тамырларының қызметін реттейді. Қорғаныштық – периодонттың толығымен сақталуын қамтамасыз етеді. Периодонттың қабынуы периодонтит деп аталады. Этиологиясы : Инфекциялық - 90 %жағдайда микробтар ( стрептококк, стафилококк, лактобактериялар және ашытқы саңырауқұлақтар) жатады. Жарақаттық – жедел жарақат ұрып соғу, көбінесе алдыңғы тістер немесе эндодонтиялық құралдармен жарақаттау және т.б . Дәрі –дәрмектердің әсері – күшәлә сықпасын ұзақ уақыт қолдану , қатты әсер ететін антибиотиктер , түбірге енгізетін көптеген сықпалар және т.б. Периодонттиттің жіктелісі: Жедел периодонтит А) серозды в) іріңді 2. Созылмалы периодонтит А) фиброзды в) гранулематозды г) грануляциялы Жедел периодонтиттің – өте ағымды жүретін , қабынған патологиялық прцесс. Бірдей таралып , қатты ауырсынады . Бұл ауырсыну қанталау , ісіну ,эксудаттың көлеміне қарай таралады. Жедел периодонтитте ауырсыну зақымданған тістің айналасында болады . Үшкіл жүйкенің бойымен иррадиация беріп , іріңді қабынуға әкеледі. Жедел сатысы 2-3 күннен 2 аптаға созылады . Оның екі фазасы болады : Жедел серозды периодонтит( интоксикация сатысы) –қабынудың басталуымен жүреді. Шағымы себепші тісті тістегенде қатты ауырсынады. Қарағанда тістің түсі өзгерген, өозғалмалы, пингменттелген жегі қуысына толы. Зондтағанда түбір каналдары аздап ауырсынады , перкуссияны вертикальды жасағанда қатты ауырсынады . Өтпелі қатпардың кілегей қабығы қанталанған, пальпация ауырсынады.Термометриясы онша байқалмайды.ЭОМ 100мкА дан жоғары. Рентгенде өзгеріс байқалмайды. Жедел іріңді периодонтит (эксудация сатысы) – серозды эксудаттың іріңді түрі.Шағымы себепші тіске ерінді жақындатқанда тістесудің қиындауына,пульс тәрізді ауырсынуына шағымданады. Тіс өсіп кеткен тәрізді сезім болады. Қарағанда пигменттелген дентинге толы жегі қуысы бар,тіс қозғалмалы,түсі өзгерген көкшіл қоңыр түсті.Зондтағанда ауырады,перкуссия катты ауырады. Пальпацияда кілегей қабықтың өтпелі қатпары ісінген, тіс түбі ауырады,аздап ісінген. Тіс ұлпасы толығмен өлекселенген,сондықтан ешқанда тітіркендіргіштерге реакция жоқ. Периодонтиттің мұндай түрі 2-3 куннен 2 аптаға созылады, сондықтан бұл тісті уақытында емдемесе периоститке айналады. Рентгенде сүйек миының инфильтраты бар. Созылмалы периодонтит жедел периодонтиттің өршуінен дамиды. Ересек адамда жиі кездеседі. Дер кезінде емдемесе тісті жоғалтады. Созылмалы фиброзды- грануляциялы және гранулематозды периодонтиттердің нәтижесінен тіс көп жұлынады. Шағымы:тіс түсінің өзгерісіне, ауыздан жағымсыз иістің шығуына болады. Қарағанда себепші тісте терең жегі қуысы немесе тіс пломбыланған,тіс қозғалмалы. Зондтағанда түбір каналдары ауырады, перкуссия әлсіз ауырады. Температуралық тітіркендіргіштерге сезімталдық жоқ. ЭОМ 100 мкА жоғары. Рентгенде периодонтальды кеңістікте альвеоланың сүйектік тіндері мен тіс түбірі цементінің сорылуы (резорбция) көрінеді. Созылмалы грануляциялы периодонтит – жедел түрінен дамып,жиі кездеседі. Шағымы: жағымсыз ауырсыну,тістегенде қатты ауырады,анамнезінде жыланкөз бар,тіс түсі өзгерген,жегі қуысына толы, пломбамен жабылған. Зондтағанда түбір каналы ауырсынбайды, перкуссия ауырады. Өтпелі қатпардың кілегей қабығы қанталап,ісінген, іріңді жыланкөз (свищ) бар.Пальпацияда қызылиек ауырады.Жақасты және иекасты лимфа түйіндері аздап ісінген.Температуралық тітіркендіргіштерге реакция жоқ. ЭОМ 100 мкА жоғары. Рентгенде сүйектің мыжырылып,шектелмеген ошағы бар. Созылмалы гранулематозды периодонтит – симптомсыз отетін қабыну. Тіс қозғалмалы,бұрын пломбыланған. Қарағанда: тіс түсі өзгерген көкшіл қоңыр түсті. Жегі қуысы тіс қуысымен байланысқан.Зондтағанда тіс қуысы ауырады,себепші тістің кілегей қабығы қанталанып, ісінген,температуралық тітіркендіргіштерге ешқанда реакция жоқ. ЭОМ 100 мкА жоғары. Рентгенде дөңгелек (овальды) диметрі 0,5 мм шектелген ошақ бар. Егер дер кезінде ем жасалмаса кистогранулемаға айналады. Созылмалы периодонтиттің асқынуы – инфекцияның көп бөлінуі мен сапасыз емделу себепші болады. Қарағанда тіс түсі өзгерген, асқыну біраз бөлікті қамтиды. Перкуссия қатты ауырады. Себепші тістің айналасы ісінген,пальпацияда ауырады. Рентгенде созылмалы фиброзды,грануляциялы және гранулематозды периодонтиттегі белгілер көрінеді. Периодонтиттерді емдеу жолдары: І келуі: Жансыздандыру жасап,жегі қуысын толығымен егеп,кеңейтеді, қуысты ашып,түбір каналдарына пульпоэкстрактор,түбір инесі және кеңейткіш инструменттің көмегімен енеді. Ұлпа қалдықтарын науқас бірінші келгенде тазартып алып тастайды. Тазартқан соң каналды 2% хлорамин жане 1:500 қатынасындағы фурациллин ерітіндісімен механикалық түрде өңдейді. Содан соң натрий тұзы және этилендиаментетрауксусты қышқылдың көмегімен тазартады. 10,20% нейтралды және әлсіз сілтілі ЭДТА ерітінідісін қолданады. Периодонт пен оның кілегей қабығына қарсы әсер ететін антисептикалық қосылыстард каналда бір күн қалдырады. Содан соң ЭДТА көмегімен каналды кеңейту мына әдіспен жасалады:ұлпа қалдықтарынан тазартқан соң каналды сутегі асқын тотығы ерітіндісі мен 20%эфирге дәкелі турундамен каналдың ұзын бөлігін өңдейді. Эндодонтиялық инструменттердің көмегімен түбір каналдарының қабырғасынан өзгерген дентин қалдықтарын алып тастайды. Түбір каналына 0,1% лизоцим және антисептик ерітінділерімен турунда салып,герметикалық повязкамен уакытша жабады. ІІ келуі: 1-2 куннен соң пульпоэкстрактормен уакытша байламды алып,тастайды, каналды эксудаттан тазартып,эфир және спиртпен жақсылап өңдейді, содан соң түбір инесімен апикальды өсіндісін кеңейтеді. Егер инструментті каналға терең енгізген жағдайда науқас ауырсынуды сезбесе, эндодонтиялық инструментпен ауырсыну пайда болғанша апикальды өсіндіні периодонтқа жол ашғанша кеңейтеміз. Бұл саты созылмалы периодонтитке дәрілік заттарды түбірұшылық өсіндіге дейін өткізетін канал арқылы енгізу өте пайдалы екенін көрсетеді. Иненің каналға енгенін білу үшін сол күйінде рентгенге түсіреді. Егер канал толығымен кеңейсе, пломбылайды,канал толық ашылмаса үшінші рет келуіне шақырады. Бұл кезде дәрілік турунданы каналға салып,тіс қуысын уақытша пломбамен жабады. ІІІ келуі: 1-2 куннен сон уакытша пломбаны алып,егер турунда таза болса, каналды спиртпен сүртіп, сықпамен пломбылайды. Егер пломбалық материал каналды түбірдің апикальды өсіндісін толығымен жауып,бактерия мен токсиндерді периодонтқа түспеуін қадағалайды. Бұл жағдай созылмалы периодонтиттің фиброзды,грануляциялық және гранулематозды түрлерін емдеуге толық мүмкіндік береді. Периодонттағы репаративті процессті азайту мақсатында активті сықпалар глюкокортикоидтар, кальций гидроксиді мен лизоцимдәруменді сықпаны каналға қоданады. Содан соң емдік және айырғыш төсеніштерді салып, тұрақты пломбамен тісті жабады,пломба бетін тегістеп ,жылтыратады. Бір түбірлі тістерде электрофарез 10% калий йодид ерітіндісімен, көп түбірлі тістерге электрофарез 5% йод ерітіндісімен жасалады. Пародонт аурулары. Қазіргі кезде пародонт аурулары стомтаология саласында кеңінен таралып отыр. Жіктелісі: І.Гингивит – қызыл иектің жалпы және жергілікті факторлардың әсерінен қабынуы. Түрлеріне қарай: катаральды, гипертрофиялық және жаралы. Ағымына қарай: жедел, созылмалы және созылмалы асқынған. Таралуына қарай: ошақты және жайылған. Ауырлық дәрежесіне қарай: жеңіл, орташа ауырлық және ауыр. ІІ Пародонтит – пародонт тіндерінің қабынуы. Ағымына қарай: жедел, созылмалы және асқынған. Ауырлық дәрежесіне қарай: жеңіл, орташа және ауыр. Таралуына қарай: ошақты және жайылған. ІІІ Пародонтоз – пародонттың дистрофиялық (зат алмасу) бұзылысы. Ағымына қарай: созылмалы, ремиссия. Ауырлық дәрежесіне қарай: жеңіл, орташа және ауыр. ІV Идиопатиялық аурулар – пародонттың ісік тәрізді аурулары. Катаральды гингивит – ауыз қ гигиенасын сақтамау,тіс тастарының болуынан дамиды. Шағымы: қызылиектен қан ағу, жағымсыз иістің болуы. Қарағанда: қызылиек қызарып, ісінген,зондтағанда қанайды, ауырады. Гипертрофиялық гингивит – дәрумен жетіспегеннен, протез дұрыс салнбауынан және ауыз қ гигиенасын сақтамаудан болады. Шағымы: қызылиектен қан ағу,жағымсыз иіс, косметикалық ақау (тіс түсінің бұзылуы). Қарағанда қызылиек емізікшелері ұлғайған,көкшіл түсті. Зондтағанда қанайды. Бұл гингивиттің үт сатысы бар: жеңіл сатысы – тіс сауытының 1/3 бөлігін жабады. Орташа сатысы – тіс сауытын жартысын жабады. Ауыр сатысы – тіс сауытын толығымен жабады. Қызылиек қалтасы болады. Жаралы гингивит – 18-30 жас аралығында көп кездеседі. Шағымы тамақ жегенде ауыру,жағымсыз иіс, кейде дене темп 39 дейн көтерілуі мүмкін. Қарағанда қызылиек қанаған,ауырады. Лимфа түйіндері аздап ұлғайған,қан анализіндеде өзгеріс бар. Сарғыш қоңыр түсті налет бар. Тіс аралық емізікшелер арасы ашылған. Пародонтит – пародонт тіннің қабынуы. Қарағанда тіс қозғалған, пародонт қалтасы бар. Пародонт қалтасының үш сатысы бар. Жеңіл сатысы-қызылиек тереңдігі қалтасының 3,5 мм, тіс қозғалмаған, аздап қанайды.Рентгенде остеопароз бар. Орташа сатысында - қызылиек тереңдігі қалтасының тереңдігі 5 мм ұлғайған,тістердің І-ІІ сатысындағы патологиялық қозғалғыштығы бар, ауыр сатысында - қызылиек тереңдігі қалтасының тереңдігі 5мм ден жоғары, тістердің толығымен орнынан жылжып, қозғалған ІІ-ІІІ сатысындағы патологиялық қозғалғыштық бар.Тіс қатарында толық ақау бар.Рентгенде тіс түбірі толығымен сорылған. Егер орташа және ауыр сатысын уакытында емдемесе абцесске айналады. Пародонтоз – паротдонттағы зат алмасу процесінің бұзылуы. Тістің қатты тіндері (эмаль,дентин цемент) деструктивті өзгеріске ұшырайды. Тісте сезімталдық жоғарылап, шағымында қызылиек қышиды. Қарағанда қызылиекте қан жоқ, ағарып кеткен. Рентгенде остеосклероз және остеопароз ошақтары бар. Емдеу әдістері: жергілікті түрде – антисептиктер, қабынуға қарсы препараттар, ферменттер және эфирлі майларды қолданады. Сонымен бірге С және В тобындағы дәрумендер беру. Физиотерапиялық ем жасау. Ультрадыбысты өңдеу арқылы тісті тастардан, қақтардан тазарту. |