Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.4.3. КАРТА МЕН ПЛАНДАРДЫ РАЗГРАФТАУ ЖӘНЕ НОМЕНКЛАТУРАСЫ. 1:1000000 МАСШТАБТАҒЫ КАРТА БЕТТЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАЗГРАФТАУ ЖӘНЕ НОМЕНКЛАТУРАСЫ.

  • 1:500000 масштабтағы карта беті

  • 1:300000 масштабтағы карта беті

  • 1: 200000 масштабтағы карта беті

  • 1: 100000 масштабтағы карта беті

  • 1 : 50000 масштабтағы карта беті

  • 1 : 25000 масштабтағы карта беті

  • 1 : 10000 масштабтағы карта беті

  • 1: 5000 масштабтағы карта беті

  • 1:2000 масштабтағы картаның

  • №12сабак номенкл Разграфтау және номенкл З.М.Б. Топографиялы карталар мен пландарды масштабты мемлекеттік атары


    Скачать 326.08 Kb.
    НазваниеТопографиялы карталар мен пландарды масштабты мемлекеттік атары
    Дата02.11.2022
    Размер326.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№12сабак номенкл Разграфтау және номенкл З.М.Б.docx
    ТипДокументы
    #767093


    ТОПОГРАФИЯЛЫҚ КАРТАЛАР МЕН ПЛАНДАРДЫҢ МАСШТАБТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАТАРЫ.
    1:1000000 және одан да ірі масштабты жалпы географиялық карта-топографиялық карта деп есептеледі. Біздің елде топографиялық карта және план мынандай масштабта жасалады: кіші масштаб – 1: 1000000; 1:500000; 1:200000; орта масштаб – 1:100000; 1:50000; 1:25000 ірі масштаб – 1:10000; 1:5000; Топографиялық пландар – 1:2000; 1:1000; 1:500; 1:200; 1:100.

    Масштабтық қатар мынадай есеппен жасалған: біріншіден халық шаруашылығы мен мемлекеттің қорғанысын қалауын қанағаттандырады; екіншіден масштаб саны аз болуы керек; үшіншіден бір масштабтан өзге масштабқа ауысу мүмкіндігі оңай болуы керек.

    Топографиялық карта мен планның міндеті. Еліміздің халық шаруашылығын оның территориясын толық білмей – оқымай жүргізу мүмкін емес. Топографиялық карта және план жер туралы үлкен ақпарат береді. Ұсақ масштабтағы топографиялық карта халық шаруашылығын құрған кезде жалпы аймақты бейнелеуге арналған, жер бетіндегі ресурстарды және су кеңістігі алдын-ала ірі инженерлік құрылыс және қорғаныс проекциясын жасағанда өте қажет.

    Орта масштабтағы топографиялық карта кіші масштабты картадан айырмашылығы картада объектілердің толық мазмұны және дәл белгілері көрсетіледі. Бұл карталар ауыл шаруашылығында, мұнай және газ орындарын қарастыратын геологиялық ізденісте, гидротехникалық құрылыста, темір және автомобиль жолдарын жобалауда, электр желісін және орман шаруашылығында қолданылады.

    Үлкен масштабтағы топографиялық карта және план қаланы пландауда инженерлік жобалау және коммуникация, пайдалы қазбаларды табу үшін, құрылысы бар және жоқ жерлерді проектіге түсіру үшін қажет.

    1:1000 және 1:500 жер асты коммуникациясының негізгі есебі жүргізуге арналады.

    Кез-келген халық шаруашылығы топографиялық картасыз немесе плансыз құрылмайды.

    Заманның ағымына қарай ЭВМ-нің пайда болуына байланысты топографиялық карталар және пландар цифровой модель түрінде беріледі.

    Математикалық заң бойынша жер бетінің бедерлері кеңістікте цифровой модель арқылы көп нүктемен бейнеленіп, дискіде жазылады. Жер беті туралы цифровой модель ЭВМ арқылы құрылады.

    2.4.3. КАРТА МЕН ПЛАНДАРДЫ РАЗГРАФТАУ ЖӘНЕ НОМЕНКЛАТУРАСЫ.

    1:1000000 МАСШТАБТАҒЫ КАРТА БЕТТЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РАЗГРАФТАУ ЖӘНЕ НОМЕНКЛАТУРАСЫ.

    Топографиялық карталар үлкен территорияларға жасалады, олар көптеген беттен тұрады. Пландар мен карталарды пайдалану қолайлы болу үшін олар белгілі бір жүйемен белгіленеді. Әрбір планды, картаны белгілеп (нөмірлеу) жүйесін – номенклатура дейміз.

    Топографиялық картаның әрбір беті трапеция болып саналады, оған номенклатура беріледі. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Номенклатураның жанында, одан басқа осы жерде, ең ірі болып саналатын елді мекеннің аты жазылады. Әрбір бетте тағы да қатар жатқан беттердің номенклатурасы көрсетіледі, мұнын өзі карталарды жалғастырып жапсырған кезде оларды іріктеуді жеңілдетеді. Осы жазулар беттің рамкасының сыртындағы қабырғасының ортасында орналасады.

    Разграфка деп - бір масштабтағы карта бетін үлкен масштабтағы карта бетіне бөлу.

    Қарталардың номенклатурасы негізін 1 : 1 000 000 масштабтағы карта құрады.

    1: 1000000 масштабтағы карта халықаралық разграфка болып есептеледі. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифрлардан тұрады. Оның трапециялық мөлшері бойлықта 6° ендікте 4°. Демек Гринвический меридианнан бастап жер шарын 60-тың бойлық бойынша меридиандармен бөлсек, зоналар шығады, ал 40 сайын параллельмен бөлсек белдеу немесе ряд шығады. Егер зоналарды нөмірлеу Гринвический меридианынан бастамай, бойлығы 1800-тың меридианнан бастап, сағат тілінің бағытына қарсы нөмірлесе, онда калонна деп атаймыз. Сонда әрбір зона нөмірінің оған сәйкес колонна нөмірінің айырмашылығы 30-ға тең болмақ. Яғни, 37 колонна-7 зона, ал 43 колонна-13 зона болып кете бермек. 60 зона бар.

    Пk = П3+30 П3= Пk-30

    Пk – колоннаның номері П3 - зонаның номері

    40 сайын жүргізілген переллельдер экватордан бастап латын алфавитінің бас әріптерімен солтүстік және оңтүстік польюстерге қарай бөлінеді. Мысалы, Астана N - 43 трапециясында, Алматы К-43 трапециясында орналасқан.



    19-сурет

    Мысалы, қағаз бетіндегі карта масштабы 1:000000 номенклатурасы N-37

    Cолтүстік ендік (φ - солт) N -14 поес = 14*40=560

    Оңтүстік ендік (φ - оңт) = 560-40=520

    Шығыс бойлық (λ – шығыс) = (370-300)*60=420

    Батыс бойлық (λ - батыс) = 420-60=360



    2 0-сурет

    1:500000 масштабтағы карта беті

    1:1000000 масштабтағы картаны 4 бөлікке бөлгеннен шығады. (2*2) АБВГ – алфавитінің бас әріптерімен белгіленеді. Өлшемдері: 1:500000

    21-суретте

    1:300000 масштабтағы карта беті

    1:1000000 масштабты 9 бөлікке бөлгеннен аламыз. (3*3). Рим цифрларымен белгілейміз (І-ІХ). Өлшемдері Δ φ =1020/ (4;3); Δλ 20 (6;3);

    22-суретте
    1: 200000 масштабтағы карта беті

    1: 200000 масштабтағы 36 бөліктен бөлгеннен шығады (6*6) карта беті. Рим цифрларымен белгілейміз (І-ХХХVI).

    23-сурет





    1: 100000 масштабтағы карта беті



    1: 100000 масштабтағы 144 бөлікке бөлгеннен кейін шығады. (12*12). Араб сандарымен белгілейміз. 24-сурет

    1 : 50000 масштабтағы карта беті

    1:100000 карта бетін 4 бөлікке бөлеміз (2*2). Орыс алфавитінің үлкен әріптерімен АБВГ белгіленеді.

    25-сурет
    1 : 25000 масштабтағы карта беті

    1:50000 масштабтағы карта бетін 4 бөлікке бөлеміз (2*2). Орыс алфавитінің кіші әріптерімен абвг белгіленеді.

    26-сурет

    1 : 10000 масштабтағы карта беті

    1:25000 масштабтағы карта бетін 4 бөлікке бөлеміз (2*2). Араб сандарымен белгілейміз.

    27-сурет


    1: 5000 масштабтағы карта беті

    1 :5000 масштабтағы карта номенклатурасының негізгі 1:10000 масштабтағы картаның беті болып саналады, ал ол 1:5000 масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді (16*16).

    28-сурет

    1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000 масштабтағы картаның беті 9 бөлікке бөлінеді, олар орыс алфавитінің кіші әріптерімен белгіленеді.

    1:5000, 1: 2000, 1 : 1000 және 1 : 500 масштабтағы топографиялық пландарды жасаудың негізгі ережелеріне сәйкес ауданы 20 км2-тан аз учаскелердің планын жасау үшін тікбұрышты жол-жол сызық қолданылады. Оның рамкасының өлшемі 1 : 5000 масштаб үшін 40 Х 40 см, ал 1 : 2000, 1:1000

    және 1 :500 масштабтар үшін 50 X 50 см болады.

    29-сурет

    Оған 1 : 2000 масштабтағы картаның 4 беті сәйкес болады. Олардың әрқайсысы 1:5000 масштабтағы беттік нөміріне орыс алфавитінің бас әріптерінің (А, Б, В, Г) бірін қосып жазу арқылы белгіленеді. Мысалы: 14-Б.

    1 :2000 масштабты картаның бетіне рим цифрларымен (І, II, ІІІ, IV) белгілекген 1:1000 масштабтағы төрт бет және араб цифрымен (1, 2, 3...,16) белгіленген 1 :500 масштабтағы 16 бет сәйкес келеді.

    Осыларға сәйкес, 1 : 1000 масштабтағы карта бетінің, номенклатурасы 14-B-IV , ал масштабы 1 : 5000 үшін 14-Б-16 болады.
    Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке парақтардың өлшемдері туралы мәліметтер мен номенклатура үлгілері кестеде берілген

    Карталардың номенклатурасы

    1-кесте

    Масштабтары

    Парақ өлшемдері

    Номенклатурасы


    Ендік

    Бойлық

    1:1000000

    40

    60

    К-43

    1:100000

    20/

    30/

    К-43-64

    1:50000

    10/

    15/

    К-43-64-Б

    1:25000

    5/

    7/ 30//

    К-43-64-Б-а

    1:10000

    20 30/

    3/ 45//

    К-43-64-Б-а-4

    1:5000

    10 15/

    1/ 25//5

    К-43-64 (256)

    1:2000

    25//

    37// 5

    К-43-64 (256-И)

    Мысалға мынандай есептерді шығаруға мүмкіндік береді көршілес номенклатураларын табуға болады 30 – суретте N -37- 133 көршілес номенклатуралары табылған





    написать администратору сайта