Күн тәртібінің кезеңдері
| Дүйсенбі
26.12.2022
| Сейсенбі
27.12.2022
| Сәрсенбі
28.12.2022
| Бейсенбі
29.12.2022
| Жұма
30.12.2022
|
Балаларды қабылдау
| Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен келуіне жағдай жасау. Далада қандай ауа райы болып тұрғанын сұрау. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сәлемдесуді пысықтау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).
|
Ата-аналармен әңгімелесу,
кеңес беру
| Жаңа жылдық ертеңгіліктегі қауіпсіздік шаралары мен ережелерді таныстыру.
|
Балалардың дербес әрекеті
(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
| Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары.
Дидактикалық ойын:«Ойыншықты тап», «Үй жануарларын тап», «Шыршаны сәнде»
Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояу, кітаптарды қарау,
Құрастыру материалдарымен ойындары.
Табиғат бұрышындағы жануарларға, гүлдерге қызығушылықтарын оятып, іс әрекетке тарту.
Балармен жеке жұмыс.
|
Таңертенгі жаттығу
| Желтоқсан айына арналған таңертеңгі жаттығуларды орындату (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).
|
Таңғы ас
| Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. Санитарлық бөлмеге қатармен кіріп, шығу ережелерін пысықтау. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)
Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру.
|
Ұйымдастырылған іс-әрекетке
дайындық
| Таңғы жиын. Жаңа жыл ертеңгілігіне жаттаған тақпақтар мен әндерді қайталау.
Жақсы көңіл күйде жүру үшін бір бірімізге жақсы тілектер айтайық. Бүгінгі күнге әр түрлі іс әрекеттер жоспарлайық деп балалармен бірге жоспарларды, мәселелерді талқылату, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)
Қазір жылдың қай мезгілі? Қандай мереке келе жатыр? Жаңа жылға дайындықты адамдар қалай жасайды сұрау. Пікірлерін тыңдау.
|
Ұйымдастырылған
іс-әрекеттер
| Қазақ тілі
Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасауды:
сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға баулу
| Дене шынықтыру
| Музыка
| Дене шынықтыру
| Дене шынықтыру
|
Шыршаны көрсету. Ол қай мерекенің белгісі екені айту. шыршадағы ойыншықтарды сипаттау, үйлерінде, тағы да басқа қай жерде шырша көргендерін сұрау. Шыршаның қасында тұрып, тақпақ, әндерін айтқызу.
(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)
| «Шырша» әнін айтқызу. Шыршаға қағаздан ойыншық жасату, оны ілу. Табиғи жаңғақтардан шыршаға ойыншық жасатып, ілу, сипаттау. Жапсыруда табиғи материалдарды және қағазды түрлендіру әдістерін (жырту, умаждау, бүктеу, қатпарлау) қолдануды үйрету.
(сөйлеуді дамыту, музыка, құрастыру, жапсыру)
| Жаңа жылдық сыйлық қорапшасын көрсету. Қай кезде қандай сыйлық алды, қандай сыйлық алғысы келеді? Сыйлық қорапшасының ішінде не зат бар екенін табу, сипаттау. Зат есімдерді, етістіктерді келер және өткен шақта қолдануды жетілдіру
(сөйлеуді дамыту) Қазақша оюларды бояп терезе жақтауларын сәндеу.
(сурет салу) Құрастыру материалдарынан карточкаларға қарап шырша құрастыруға көмектесу (құрастыру)
| «Қай ертегіден» дидкатикалық ойыны арқылы суреттерді көрсетіп, қай ертегі кейіпкері екенін тауып, әңгімелеуді қалыптастыру. Жаңа жылға жаттаған тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуын жетілдіру.
(көркем әдебиет) Геометриялық пішін үшбұрышпен таныстыруды пысықтау, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураны зерттеуге мүмкіндік беру. Карточкалардан үш бұрышты табу ойынын ойнату.
(математика негіздері)
| Жаңа жыл мерекесіне арналған ас мәзірі. Балалардың сүйікті тағамдары туралы сұрау. Ол тағамды кім жасайды, не үшін ұнататынын сұрау. Суреттердің бір бөлігін көріп, қай тағам екенін анықтауды жасату.
(көркем әдебиет) Ермексаздан дөңгелектер жасату. Қызғылт мандарин, сары банан, қызыл сары алма жасату. Оларды салыстыру, санату, (математика негіздері және мүсіндеу) Мерекелік дастарханға арнап үстел құрастыру. Жасаған заттарын бетіне қоюн ұйымдастыру (құрастыру)
|
Серуенге дайындық
| Балалармен ойын құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.
Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
|
Серуен
| Балабақша ауласынада ауа райын бақылату. Қардың түйіршігін қағазбен ұстап, лупа арқылы пішінін көруіне жағдай жасау. (қоршаған ортамен таныстыру) Еркін ойындар
Қимылды ойын
«Тышқандар мен мысық.» Ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту.
| Шыршаның түбіндегі сыйлық қораптарының айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Шырша ойыншықтырының сапалары мен қасиеттерін: сипап сезу, көру, есту арқылы тануды қалыптастыру.
(қоршаған ортамен танысу) Қимылды ойын
«Өз түсіңді тап» Қарда шеңбер болып жүріп іздерімен шеңберлер салу.
(сурет салу) Дидактикалық ойын «Кім екенін тап»
| Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Ұшып бара жатқан ұшақ пен құстың ұқсастығы туралы әңгімелеу.
(қоршаған ортамен танысу)
Балалардың дербес әрекеттері Қимылды ойын
«Допты дәлдеп лақтыр»
| Таза ауада құрастыру ойындары, қардан әр түрлі заттар құрастыру. Шырша ойыншығын жасату.
(құрастыру) Аула сыпырушыға балабақша ауласын қардан тазартуда көмек беруін ұйымдастыру Кішкентай шелектерге қарды салып тасыту. Балалардың дербес әрекеттері Қимылды ойын
«Торғайлар мен автомобиль»
| Желді бақылау, желге қарсы және желдің бағытында жүру. Айырмашылығын сезіну, айта білуін дамыту.
(қоршаған ортамен таныстыру) Еркін ойындар Қимылды ойын
«Қуыр-қуыр қуырмаш»
|
Серуеннен оралу
| Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
|
Түскі ас
| Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру. (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
|
Күндізгі ұйқы
| Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы баяу музыка тыңдау. Қыс мезгілі туралы ертегілер оқып беру (көркем әрекет)
|
Біртіндеп ұйқыдан ояту,
сауықтыру шаралары
| Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.
(дене жаттығулар мен белсенділігі) Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту; ауырмауға, денсаулықты сақтауға ынталандыру, «салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру.
Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)
Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).
|
Бесін ас
| Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)
Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
|
Балалардың дербес әрекеті
(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
| Ұжымдық сурет салдырту.
Әр түрлі пішіндегі қар түіршіктерін салу
(сурет салу) Балалардың таңдауы бойынша қарды ермексаздан жасату.Фланелеграфқа мақтадан жасалған қар ұлпаларын жапсырту. (мүсіндеу, жапсыру) Құрастыру ойыншықтарымен еркін ойын, әр түрлі құрылымдар құрастырту.
(құрастыру)
| Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтауды: (үстінде-астында) меңгерту
(Математика негіздері)
Кітаптар қарау, балалардың сұранысы бойынша ертегілер оқып беру.
| Шыршаға ойыншықтар жапсыруды ұйымдастырып. Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүрту үшін майлықты қолдануды үйрету.
(Жапсыру)
Шырша ойыншықтарын сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру мен салыстырту дағдысын дамыту(үлкен, кіші)
(Математика негіздері) «Шырша» әнін тыңдату, балалардың таңдауы бойынша шырша ойыншығын мүсіндеу.
(Мүсіндеу)
| «Шалқан» және «Жеті лақ» ертегілерін айтып беру дағдыларын пысықтау. (сөйлеуді дамыту) Балалардың таңдауы бойынша ертегі желісі негізінде шығармашылық жұмыстарды жасату. (сурет салу, мүсіндеу жапсыру)
| Кітаптардан ертегілерді қарау. Суреттер арқылы ертегі айтып беру дағдысын қалыптастыру.
(сөйлеуді дамыту)
Балалардың таңдауы бойынша тағамдардың суретін салып, дайын тағам пішіндерін жапсыру жұмыстарын орындату (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)
|
Балалармен жеке жұмыс
|
|
|
|
|
|
Серуенге дайындық
| Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
|
Серуен
| Таңертең қандай іс әрекет жасағандарын күн тәртібі кестесі бойынша көрсету. Жыл мезгілдерін санау, табиғат бұрышынан өзгерістерді анықтату. (математика негіздері)
Қ/О «Қуыр-қуыр қуырмаш»
Еркін ойындар
Жеке әңгімелесулер
| Қ/о «Сақина жасыру».
Кешкі табиғаттың ерекшеліктерін атау.
Балалардың дербес әрекеттері
| Кітаптан ертегі қарату.
(көркем әдебиет)
Қ/О «Ақ доп, қызыл доп». Балалардың дербес әрекеттері
Еркін ойындар
| Қ/о «Қуыр-қуыр қуырмаш»
Бүгінгі күннің ерекше сәттері жайында әңгімелесу
Балалардың дербес әрекеттері
| Қ/О «Сақина жасыру» Балалардың дербес әрекеттері Еркін ойындар
|
Балалардың үйге қайтуы
| Баланың үйдегі күн тәртібінде ойынның маңыздылығы тақырыбында әңгімелесу.
Апта бой атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат беру.
|