Главная страница

ортаңғы топ желтоқсан циклограмма (2). Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы


Скачать 68.1 Kb.
НазваниеТрбиелеу білім беру процесіні циклограммасы
Дата18.05.2023
Размер68.1 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаортаңғы топ желтоқсан циклограмма (2).docx
ТипДокументы
#1141853
страница2 из 4
1   2   3   4


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы



Желтоқсан айы 2022жыл 2 апта






Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

12.12.2022

Сейсенбі

13.12.2022

Сәрсенбі

14.12.2022

Бейсенбі

15.12.2022

Жұма

16.12.2022

Балаларды қабылдау

Балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алу. Балалар үшін жайлы жағдай жасау. Баладан қандай көңіл күймен келгенін сұрап, сәлемдесуді пысықтау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту (сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың көңіл күйі, тазалығы дәне денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті пазлдармен ойын, Дидактикалық ойын «Танып ал да, атын ата»,«Суреттерді орналастыру», «Дауысынан таны», «Бұл кімнің дауысы?»

Өнер орталығында сурет салу, суретті кітапшаларды бояту,

Қарапайым құрылыстар құрастыру, кітаптарды қарау,

Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.Балармен жеке жұмыс.

Балалардың жалпы қабылданған ережелер мен нормаларды меңгеруіне ықпал ету.Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын қалыптастыру.


Таңертенгі жаттығу

Желтоқсан айына арналған таңертеңгі жаттығуларды орындату (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).

Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту; сақ болуға, денсаулықты сақтауға ынталандыру, «салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктерді беру.



Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету) Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру.

(сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын.

«Бала бала балақан» видео

Балалардың қандай ойындар ойнағысы келетінін айтып бөлісуіне жағдай жасау.

«Қазақстан туралы не білесіңдер?»тақырыбында әңгімелесу негізінде балалардың қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдату жасату, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)


Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Қазақ тілі

Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас») айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.


Дене шынықтыру

Музыка

Дене шынықтыру




Видео материал көру Қазақстан дегеніміз не? Сұрағына балалардың жауап беруін жетілдіру. Ересектердің сөзін тыңдау және түсінуін жетілдіру

(сөйлеуді дамыту)
Қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдануды үйрету. Ішінен көк түсті тану. Туда бейнеленген күнді салуды үйрету.

Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

(Сурет салу)
Құрылыс заттарынан күн бейнесін құрастыру

(Құрастыру)


Қазақстанды мекендейтін ерекше жануарлар туралы мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге үйрету

(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)
Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

«Менің қалам, балабақшам» тақырыбында әңгімелесу. Кітаптардан суреттер қарау. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)
Фланелеграф тақтасына үйдің және балабақшаның заттарын тауып жапсырту.

(Жапсыру)


Кітаптан балалардың сұраныстары бойынша ертегілер оқып беру. Көрген ертегілерінен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге үйрету

(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Топтағы ойыншықтарды салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері арқылы салыстыруды үйрету

(математика негіздері)




Серуенге дайындық

Балалардың ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу.

топта (терезенің алдына шықпау, розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау) қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуін бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғатта маусымдық құбылыстарын бақылату күнтізбесінде жылдың күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілету.

(Қоршаған ортамен таныстыру)
Отан

Отан деген-атамекен, Отан деген-туған жер. Отан-ана

Отан-үлкен.

Қазақстан – туған ел.

Е.Өтетілеуұлы

(көркем әдебиет)
Балалардың дербес әрекетін дамытатын «Өзара айырмашылығын тап» атты қимылды ойынын ойнату

Құстарды ауызша санату. Үлкен кіші екенін салыстыру. Алыста жақында сөздерінің мағынасын түсіндіру. Құс ұяларын салыстыру ды ұйымдастыру.

(математика негіздері)

Қимылды ойын: «Үйдің есігін жабайық»

Қарда аяқ киімнің іздеррімен жол салу, ағаштардың қарын түсіру.

Күн тәртібімен таныстыру арқылы тәулік бөліктерін тану және атату - таңертең, күндіз, кеш, түн. (математика негіздері)
Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Қыстағы ағаштардың бейнесі туралы ақпарат беріп бақылау.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Спорттық жаттығулар:

Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.


Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре отырып, өзінің туған жеріне, отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Балалардың дербес әрекеті.

Қимылды ойын: «Поезд»

Қардан қарапайым құрылыстар құрастырту.

(құрастыру)






Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. Жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) Ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу. Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру. (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)


Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Қазақ халық ертегілерін және т.б ертегілерді оқып беру (көркем әдебиет)



Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату.

(дене жаттығулар мен белсенділігі)

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге баулу.Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)


Бесін ас

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).

Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Туды көрсету оның көлемі түсі пішіні туралы айту. «Артығын тап» дидкатикалық ойынын ойнату.

(математика негіздері)
Күннің мүсінін жасату.

(Мүсіндеу)
Көк параққа күнді жапсыру.

(Жапсыру)


Балалардың қалауы бойынша орталықтарға бөлу.

Қалауы бойынша геометриялық пішіндер арқылы жануарлардың суреттерін бояту, тұзды қамырды пайдаланып жануар мүсінін жасату.

Фланелеграф тақтасына әр түрлі пішіндерден жануарларды жапсырту.

(Сурет салу)

(Мүсіндеу)

(Жапсыру)



Әр түрлі құрылыс заттарын пайдаланып, балалардың қалауы бойынша әр түрлі құрылымдар жасауды үйрету

(Құрастыру)

Ермексаздан ағаштың мүсінін жасату. Ағаштардың суретін бояту.

(Сурет салу)

(Мүсіндеу)


Балаларды таңдауы бойынша орталықтарға бөлу

Ермексаздан жануарлар жасап орманға орналастыру. Менің Қазақстаным тақырыбында композицияны фланелеграфта жапсырту

(Мүсіндеу)

(Жапсыру)




Балалармен жеке жұмыс















Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Балаларға қалауы бойынша аулаға ойыншықтарды алып, шығуына мумкіндік беру. Еркін ойындар

Қ/о:Қоян мен қасқыр


Құрастыру ойыншықтарынан қарапайым құрылыстар құрстырғызу.

(құрастыру)

Қ/о: Тырналар-тырналар


Ауладағы тазалықты сақтау ережелерімен таныстыруды жалғастыру.

Қ/о: Тышқандар мен мысық


Көңілді музыкамен би қимылдарын жасауды жетілдіру.

(музыка)

Доппен ойындар.

Қ/о: «Күміс алу»





Балалардың үйге қайтуы

Балалармен тазалық туралы әңгімелесу.

Үйде баламен артығын тап ойынын ойнауды ұсыну.

Апта бойы жасалған жұмыстар бойынша ақпарат беру.
1   2   3   4


написать администратору сайта