Главная страница

ортаңғы топ желтоқсан циклограмма (2). Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы


Скачать 68.1 Kb.
НазваниеТрбиелеу білім беру процесіні циклограммасы
Дата18.05.2023
Размер68.1 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаортаңғы топ желтоқсан циклограмма (2).docx
ТипДокументы
#1141853
страница3 из 4
1   2   3   4

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы



Желтоқсан айы 2022жыл 3 апта



Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

19.12.2022

Сейсенбі

20.12.2022

Сәрсенбі

21.12.2022

Бейсенбі

22.12.2022

Жұма

23.12.2022

Балаларды қабылдау

Балалардың көтеріңкі көңіл-күймен келуіне жағдай жасау. Арнай әр балаға сәлемдесу әдісін таңдау. Тәрбиешінің толық аты - жөнін атап сәлемдесуді қалыптастыру. Балабақшаға келер жолда не көргенін, далада ауа райы қандай болып тұрғанын сұрау. (сөйлеуді дамыту).


Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балаларды қабылдау кезінде ата-аналармен баланың жас ерекшелігіне қарай сөздік қорының қалыптасуы туралы әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары.

Дидактикалық ойын: «Не жетпейді?» (суреттер бойынша), Ғажайып қоржын (ішіндегі затты алып, атын атау), «Ғажайып сандық», « Үйшігін тап»

Өнер орталығында сурет салғызу, суретті кітапшаларды бояту,

Құрастыру материалдарымен ойындар, кітаптарды қарату,

Табиғат бұрышындағы еңбекке араласуға тарту. Балармен жеке жұмыс.


Таңертенгі жаттығу

Желтоқсан айына арналған таңертеңгі жаттығуларын жасату (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті)

Денсаулықтың құндылығы туралы түсінікті дамыту; ауырмауға, денсаулықты сақтауға ынталандыру, «салауатты өмір салты» және оны ұстану туралы алғашқы түсініктер беру.


Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабыны дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыру. Өз сүлгісін тауып, сүртіну. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Өз орнын тауып отыру. Ас болсын сөзін айтуды қалыптастыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру.

Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Таңғы жиын. Бір біріне жақсы тілектер айту. Сөздік қорды толықтыру. (көркем әдебиет)

«Қысқы ойындар» тақырыбында әңгімелесу. Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылату, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдату, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Қазақ тілі

Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).


Дене шынықтыру

Музыка

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Терезеге қарап қай мезгіл екенін қандай белгілері арқылы тануға болатынын атату. Қар мұз туралы не білетіндерін сұрау. Суреттермен даладағы табиғатты салыстыру. Кітаптардан қыста ойнап жүрген балалардың суретін көрсету.

Қар түйіршіктерін нысанға лақтыруға болатынын айтып, доптарды себетке лақтырып ойнау. қағаздарды умаждап қар түйіршіктерін жасату. Оны да себетке дәлдеп лақтыру.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, құрастыру)

Қыста қандай ойындар ойнауға болады? Балалардың ойын тыңдау, суреттер арқылы ойын түрлерімен таныстыру.

(сөйлеуді дамыту)

Балалардың қалауы бойынша орталықтарға бөлініп ойын құралдарының суретін салдырту, мүсінін жасату және қағазға жапсырту.

(сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)


Балалардың қалауы бойынша топтағы қалаған ойыншығын алуына жағдай жасап ойнату

Таңдаған ойыншығының (суретін салу және жапсыру, мүсіндеу) жұмыстарын орындату

Үй жануарлары мен жабайы жануарлар ойыншықтарын тамашалау. Қандай ойындар ойнауға болатынын сұрау. Дауыстарынан тану. Еркін ойындар ұйымдастыру.

(сөйлеуді дамыту)



Дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту

ла-ла-ла Арман жақсы бала,

қа-қа-қаБақылдайды бақа. Тіл ұстарту жаттығуын жасату

(сөйлеуді дамыту)
Қуыршақтармен ойын. Әлдилеу, тамақтандыру, ұйықтату.

Өзінің сүйікті қуыршағының киімін бояу немесе ермексаздан сөмке, әшекей заттар жасауды меңгерту. (сурет салу, мүсіндеу).



«Ғажайып қоржын» ішінен бір ойыншықты ұстап сезу, бірақ көрмей атын атау.Қоржындағы ойыншықтарды сипаттауын ұйымдастыру. Қоржыннан алған ойыншықтың сыңарын тапқызу. Сол ойыншыққа байланысты өздеріне ән немесе ертегі құрастыруына ықпал ету.

(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін ойын құрал-жабдықтады дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Табиғи материалдар туралы не білетіндерін сұрау.

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуді бақылау. Киім шкафтарын таза ұстау және жинауды қалыптастыру (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Қысқа ауа райын бақылау. Қар түйіршіктерін жасау. Себетке дәлдеп лақтыру.

(қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар
Қ/О «Поезд»


Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде енбек әрекетіне ынталандыру. Аула тазалаушы мен бақташыға көмектесу.

(қоршаған ортамен таныстыру)
Қардан доп құрастыру, нысанға дәлдеп лақтыруын үйрету. (құрастыру)
Еркін ойындар, жеке іс әрекеттер
Қимылды ойын

«Тышқандар мен мысық»

Кеңістікті бағдарлауға арналған «жүгір», «ұста», «тұр» белгілеріне сәйкес әрекет етуге үйрету


Әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбие негізінде балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр) аудару. Екі аюдың таласып қалғанын көрсету. Олардың орнында болғанда не істер едік, сұрау.

(қоршаған ортамен таныстыру)

Еркін ойындар.
Құрастыру материалдарымен достық үйшігін жасату.

(құрастыру)
Қ/О «Поезд»

Қарға түскен іздерді салыстыру. Ересек адамның ізі үлкен, балалардікі кішкентай, жануарлардікі қандай болады. Лупамен қарап, із кезуші ойынын ойнау. (қоршаған ортамен таныстыру, математика негіздері)

Еркін ойындар
Қимылды ойын

«Тышқандар мен мысық»

Серуенге алып шыққан ойыншықтарды салыстыру, бөлшектерін атау. Солдан оңға қарай орналастыру әркеттерін жасату

(қоршаған ортамен таныстыру, математика негіздері)

Қардан доп жасау, оны домалатып, ұшырып көру. Доп пен қардан жасалған допты салыстыруды ұйымдастыру.

(құрастыру)

Еркін ойындар
Қ/О «Поезд»


Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде жылдам қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін қалыптастыру. санамақтар және әндер т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).


Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау : қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану, мысалы «Сылдырлайды мөлдір су, мөлдір суға қолыңды жу»

Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , сөйлеспеу, алғыс айту) Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)


Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдату. Ойыншықтар туралы ертегілер оқып беру (көркем әрекет)


Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру. Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.

(дене жаттығулар мен белсенділігі)

Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).


Бесін ас

Кезекшілердің жұмысын менгеру ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)

Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Бүгінгі ойнаған ойындары ұнады ма сұрау. Ермексазбен қар түйіршіктерін жасау. Карандаштармен суретін салу.

(сурет салу, мүсіндеу)

«Не дәмді?» ертегісін айтып беру, қайталап айту дағдыларын дамыту. Көңілді музыкаға би билеуді үйрету. (көркем әдебиет, музыка)
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлауына : күндіз-түнде, таңертең-кешке жағдай жасау

(Математика негіздері)
Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Ермексаздан жасалған қар түіршіктерін біріктіріп қамал жасату.

(Мүсіндеу)



Балабақша ауласында мекендейтін жануарлар туралы айту, көрсету. (сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)
«Артығын тап» дидактикалық ойын негізінде геометриялық пішіндерді тану және атауды пысықтау

(Математика негіздері)


Қуыршақ бейнесі бар қағаздың бетіне дайын киімдерді жапсыруды үйрету. (жапсыру)
Әндер мен тақпақтар және билерді қайталату. Жаңа жылдық ертеңгілікке дайындық(көркем әдебиет, музыка)

Құрастыру материалдарынан қуыршаққа үйшік құрастыруды жетілдіру. (құрастыру)

Еркін іс әрекеттер

Балалардың апта бойы жасаған жұмыстары бойынша еркін әрекеттерді ұйымдастыру. Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.

Фланелеграфта сүйікті ойын құралдарын жапсырту. Ойыншықтарының суретін бояту(сурет салу, мүсіндеу, жапсыру)
Еркін іс әрекеттер

Балалармен жеке жұмыс














Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесу.

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).


Серуен

Қ/о «Торғайлар мен автомобиль»

Бүгінгі күннің ерекше сәттері жайында әңгімелесу

Қ/О «Поезд»

Кешкі табиғаттың ерекшеліктерін атауды үйрету.

Бігінгі ауа райына байланысты көңіл күйлері жайлы әңгімелесу

Қ/О «Допты дәлдеп лақтыр»



Қ/о «Торғайлар мен автомобиль»

Бүгінгі күннің ерекше сәттері жайында әңгімелесу

Білетін тақпақтарын, әндерін қайталап айтуын пысықтау

(көркем әдебиет)
Қ/О Құстардың ұшып келуі»

Еркін ойындар.


Балалардың үйге қайтуы

Баласының қысқы ойындар туралы не білетінін сұрау.

Қыс мезгілі бейнеленген кітаптар қарауды ұсыну





1   2   3   4


написать администратору сайта