Главная страница

ортаңғы топ желтоқсан циклограмма (2). Трбиелеу білім беру процесіні циклограммасы


Скачать 68.1 Kb.
НазваниеТрбиелеу білім беру процесіні циклограммасы
Дата18.05.2023
Размер68.1 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаортаңғы топ желтоқсан циклограмма (2).docx
ТипДокументы
#1141853
страница1 из 4
  1   2   3   4

Бекітемін_______________________________

Меңгеруші:_____________________________

( тегі, аты, әкесінің аты)


Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы



Желтоқсан айы 2022жыл 1 апта


Күн тәртібінің кезеңдері

Дүйсенбі

05.12.2022

Сейсенбі

06.12.2022

Сәрсенбі

07.12.2022

Бейсенбі

08.12.2022

Жұма

09.12.2022

Балаларды қабылдау

Балаларды жайдары көңіл-күймен қарсы алу. «Көңіл-күйіңді көрсет» ойын жаттығуын ойнату Баланың бүгінгі көңіл күйі, оны не қызықтыратыны туралы сұрау, баланы жеке пікірін білдіруге тарту. Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарға қатысуға ынталандыруды ұйымдастыру (сөйлеуді дамыту)





Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Ата-аналарға балалардың кітапқа қызығушылығын арттыру тақырыбында кеңес беру.




Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Топта балалар арасында достық қарым-қатынасты тәрбиелеу. Әлеметтік ,эмоционалды зиятткерлік қабылетін дамыту үшін балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр) аударуды үйрету.

Топта балалармен шағын ойын орталықтарында еркін ойындарды ұйымдастыру, үстел үсті ойындары. (мозайка, пазл) қуыршақтар, шағын көлік түрлерімен ойындар.

Өнер орталығында сурет салу, бояту, суретті кітапшаларды бояу, қарату.

Құрастырмалы ойыншықтарды құрастыру ойындары

Сөрелерге ойыншықтарды жинау.

Балалармен жеке жұмыс.





Таңертенгі жаттығу

Желтоқсан айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені бойынша жатығуларды орындату

(Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).




Таңғы ас

Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білуді жетілдіру.Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)

Өз орнын тауып отыру. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айтуды пысықтау





Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Шаттық шеңбер.

Ау, балалар, балалар!

Айналаға қараңдар!

Биыл тәтті қыс болды,

Бұл бір сәтті іс болды.

Ақ бұлт бүркеп аспанды,

Шекер жауа бастады.

Бұл қыс қандай тамаша!

Ә.Табылды тақпағы арқылы қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін түсіндіру. Терезеге қарап ауа райын бақылау.

«Қыс мезгілі туралы не біледі?» «Қыста не болады?» тақырыбында балалармен әңгімелесу.

Балаларға әсерлерімен бөлісу, жаңалықтарды білу, бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау мүмкіндігін беру, ережелер туралы келісу және т. б. жағдайларды жасау (сөйлеуді дамыту)





Ұйымдастырылған

іс-әрекеттер

Қазақ тілі

Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт).


Дене шынықтыру

Музыка

Дене шынықтыру

Дене шынықтыру

Таныс кітаптардағы қыс мезігілінің суреттерін балалармен бірге қарау, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, бір бірінің пікірлерін тыңдауды жетілдіру.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)

Домалақ қар түіршіктерін салуды жетілдіру

(Сурет салу)


Кітаптан «Қар ханшайымы» ертегісін оқып беру. (жартысын түстен кейін оқу) Суреттерін көрсету. Қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу. Суық жылы, қыс жаз.

(Сөйлеуді дамыту)
Ермек саз кесектерін алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы қар ханшаймының таяғын мүсіндету

(Мүсіндеу)
Ханшайымды ертегі желісі бейнеленген суретке орнын тауып жапсырту.

(Жапсыру)



Топтың ішінен бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беруін қалыптастыру

(Математика негіздері)
Әр түрлі ойын құралдарынан қамал құрастыру. Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

(Құрастыру)



Ғажайып қоржын. ішінен әр түрлі заттарды аладырту. Оларды арнайы қораптарға саладырту негізінде. заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен атауды жетілдіру.

(Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)
Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін:

цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету.

(Құрастыру)



«Қар ханшайымы» ертегісі туралы не білетіндерін естеріне түсіру, мультфилімін көрсет+


у. Кейіпкерлердің іс әрекетін сипаттауды үйрету.

(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Балалардың қалауы бойынша аққала немес қар түйіршіктерін ермексаздан жасату.

Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.

(Мүсіндеу)



Серуенге дайындық

Балалардың дербес қимыл белсенділігі үшін жағдай жасау, спорттық - ойын жабдықтары мен спорттық құрал-жабдықтарды дұрыс пайдалану туралы әңгімелесу. Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету;

Балаларды ретімен киіндіру (ауа-райы жағдайына байланысты), дұрыс киінуін бақылау (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).

Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету.





Серуен

Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, салқын), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеуді үйрету.

(Қоршаған ортамен таныстыру)

Қимылды ойын:

«Өз үйіңді жылдам тап»
Балалардың қалуы бойынша еркін ойындар

Балабақша ауласынан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, салыстыруды жасату.

(Математика негіздері)
Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, қардан аққала құрастыруды үйрету.

(Құрастыру)
Қимылды, еркін ойындар



Ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Ұшып өткен самолетті, құстарды бақылату.

(Қоршаған ортамен таныстыру)
Аяқ киімдерінің іздерін бақылау. Өз іздерінен жол салу.

(Сурет салу)
Қимылды ойын:

«Күміс алу»
Спорттық жаттығулар:

Шанамен сырғанау. Шанамен бір-бірін сырғанату; биік емес төбеден сырғанау.


Серуенде (жолға шықпау) ойын алаңында сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.

(қоршаған ортамен таныстыру)

Қ/о «Тырналар»
 


Құстарды бақылату. Ауа райы туралы өз бетінше айту дағыдысын қалыптастыру

(Қоршаған ортамен таныстыру)
Қарға жатып, аяқ қолдарын қимылдатып, өздерінің қарға түскен пішіндерін тамашалату.

(Сурет салу)

Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру. Асықпай бір-бірін итермей жүруді үйрету. Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге баулу.

Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. ( дербес ойын әрекеті).





Түскі ас

Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Сабынмен қолдарын сабындап, киімдерін суламай жуыну. Өзінің жеке сүлгісін тани білуді үйрету. Сүлгіні дұрыс қолдануды дамыту, орнына іліп қоуын қалыптастыру. Үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын қалыптастыру: ас қасық пен шәй қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдану; нанды үгітпеу, тамақты ауызды жауып, шайнау, ауызды толтырып сөйлемеу.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)





Күндізгі ұйқы

Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағытуды қалыптастыру. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдату. Ертегілердің мазмұнын түсінуге дағдыландыру. Электронды құрылғылардан ертегі тыңдату.

(көркем әдебиет)





Біртіндеп ұйқыдан ояту,

сауықтыру шаралары

Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.

(дене жаттығулар мен белсенділігі)

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге баулу. Тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту)

Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).




Бесін ас

Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.

(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)





Балалардың дербес әрекеті

(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтауды қолдарын үстелдің үстіне және астына жасыру бойынша ойнату.

(Математика негіздері)
Балаларды орталықтарға бөліп, шығармашылық жұмыстарын жасату.

Қар түіршігінің мүсінін ермексаздан жасату

(Мүсіндеу)
Фланелеграфқа қыс мезгілінің көрінісін бейнелейтін белгілерін жапсырту.

(Жапсыру)

«Қар ханшайымы» ертегісінің жалғасын оқып беру, балалардың кітаптағы суреттерге қарап қайталап айтуын үйрету.

(Көркем әдебиет)

Дөңгелек пішінді қарды бейнелеу.

Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды үйрету.

(Сурет салу)

«Қаладағы қыс»

Қыстың аппақ қаламы Ағартыпты қаланы.

Аялап жүр аяз кеп, Ауладағы баланы.

Соғып үлкен ақ қала,

Соған мәз боп, шаттана, Асыр сап жүр алаңда

Қар атысып топ бала

Өлеңді тыңдай білуге тәрбиелеу. Не туралы айтылғанын сұрау. Терезеден аққаланы көрсету. Аққала туралы не білетінін айтқызу.

(Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)
Бірінші топ балаларына аққаланың мүсінін ермексаздан жасату екінші топтың балалары дайын пішіндерді үйлестіріп аққала жапсырады

(мүсіндеу, жапсыру)


Ұжымдық жұмыс. Қыс мезгілі. Ақ қағазға бірнеше баладан бөлініп, дайын пішіндерді жапсырып, қардың суретін салу. (сурет салу, жапсыру)
Топтан әр түрлі заттарды тауып заттарды жұбымен өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыруды үйрету

(Математика негіздері)


Қар ханшайымы ертегісіндегі Кай менГерданы фланелеграфқа орындарын тауып жапсыру.

(Жапсыру)
Кай мен Гердаға әдемі үй құрастыру.

(Құрастыру)


Балалармен жеке жұмыс













Серуенге дайындық

Киімдерін реттілік сақтап дұрыс киінуге үйрету. Достарына көмектесуді тәрбиелеу. өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын дамыту.
Қатармен жұптасып жүруді, қатарды бұзбауды үйрету. Таза ауада қандай ойындар ойнайтынын балалармен жоспарлау. (сөйлеуді дамыту, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).





Серуен

Қармен әр түрлі құрылымдар құрастырту.

(Құрастыру)
Қ/о «Кім жылдам?»



Ауа райын бақылау, күннің кешке қарай суытатынын түсіндіру.

(Қоршаған ортамен таныстыру)
Қ/о «Тырналар»


Қ/о «Поезд»

Далада қардың асытына, ағаштың түбіне әр түрлі заттар жасыру. «Жасырылған затты тап сипатта» тапсырмаларын орындату.


Қ/о «Кім жылдам?»

Көңілді музыкаға, еркін би қимылдарын жасату арқылы көңіл күйлерін көтеру

(музыка)



Далаға шығып сәлден соң қараңғы болатынын айту.

Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлауды дамыту: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

(Математика негіздері)
Қ/о «Тырналар»


Балалардың үйге қайтуы

Ата-аналар баламен қыс мезгілі туралы әңгімелесуін ұсыну. Жаттаған тақпақтарын үйде сұрауын тапсыру.

Ата-аналарға баланың денсаулығын сақтау жөнінде кеңес беру



  1   2   3   4


написать администратору сайта