пед идея. Баяндама педогоикалық идея. Тркістан облысы Бйдібек ауданы Шаян ауылы Шаян кпсалалы лицей жалпы орта мектебі коммуналды мекемесі
Скачать 28.16 Kb.
|
Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Шаян ауылы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебі коммуналдық мекемесі «Педагогикалық идеялар» фестивалі «Тиімді рефлексия – сапалы білім кепілі» Бағыты: көркем еңбек (қыздар) Көркем еңбек пәні мұғалімі Қауымбаева Балқия E-mail: 8777 2022-2023 оқу жылы «Рефлексия мұғалімнің кәсіби дамуының негізі» Педогоикалық идеяның мақсаты: Әр мұғалім күнделікті сабағына, әрбір тапсырмаға рефлексия жүргізу арқылы педогогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал ету. Міндеттері: Рефлексия іс-әрекеттерінің педогогика саласында өзіндік талдауы және оның нәтижесі туралы ой бөлісуі; Ой елегінен өткізу , өзін – өзі тану, өзіне – өзі есеп беру нәтижесін зерделеу. Педогогикалық идеяның өзектілігі: Пед идеямда рефлексия жүргізу әдісін ұсыну арқылы, ұлтымыздың өткеніне , салт- дәстүріне , сәндік қолданбалы өнер түрлеріне жаңаша түрлендіріп жасаудың тиімді жолдарын ұсыну арқылы еліміздің білім сапасын арттыруына үлес қосуға бағыттадым. Бүгінгі таңда әрбір мұғалімге біліктілікті арттыру бағытында мұғалім жаңашылдықты қабылдай отырып, өзінің тәжірибесіне қорытынды жасап оқыту шеберлігін нығайтады. Заманауи оқыту әдістерін, білім технологияларын түсіндіру арқылы мұғалімдердің шыңдалуына, тәжірибе алмасуына, серіктестікте кәсібилікті дамыту білім беру жүйесін жаңартудың негізі. Қазіргі таңда көркем еңбек пәні бойынша қолөнердің өзіндік "Неліктен осындай жағдай орын алды? немесе алмады?", "Кемшіліктерімді қалай жетістікке айналдырамын?", «Келешекте қолөнерге деген іс – тәжірибемді жақсартамын?» деген сұрақтарды үнемі қоя отырып, кәсіби рефлексия жүргізе білуіміз керек. Рефлексия сөзінің мәнін ашатын болсақ- (латын сөзінен "reflexio- өткенге жүгіну") - субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Осы кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырылып, өзіндік түсінік пайда болады. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, біз заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Мұғалімнің өзіндік дамуында кері байланыс, кәсіби рефлексия- манызды екендігі сөзсіз. Оқу әрекетіндегі рефлексия – оқу әрекетін жүзеге асырып субъекттің ойлау, қабылдау қабілетін жандандырады. Себебі оқу әрекетіндегі рефлексия арқылы оқушы өзінің даралығына, өз ойының дұрыстығына, өзі орындаған тапсырмаларды талдау, бағалау арқылы көз жеткізсе, оқу әрекеті өз пікірін таразылап түсінуге, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік алады. Сондықтан да рефлексия - өзін-өзі танудың, түсінудің, тексерудің, бақылаудың, бағалаудың негізгі тәсілі және ойлаудың қажетті құралы. Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашылықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудын барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педогогикадағы алатын орнының мәні артып отыр. Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл – өзіндік сана, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін -өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады. Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте естен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушының рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан , ол сабақтын да негізгі компаненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де , оқуышлар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қара сөздерімен үндестікті көре аламыз. «Егер де есті кісілердін қатарында болғын келсе, күнінде бір мәрте , болмаса жұмасында бір , ең болмаса айында бір , өзіннен өзін есеп ал!» деген, біз өзімізге есеп бере отырып , іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшліктін кету себебін бірге іздейміз. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Осы рефлексия арқылы оқушының да қажеттілігін білеміз, оларды да жинақылыққа баулимыз. Оқушының да бірден – бір өзіндік пікірін білудің жолы – рефлексия. Рефлексия адамның негізгі үш қасиетін өз бетімен білім алу, шешім қабылдай білу, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады, бұл 21 ғасыр талабы. Біздін мамандығымыз жаңа ойларды, тәсілдерді үнемі қажет етіп отырады. Сондықтан рефлексия жаңа заманға сай талапкерді қалыптастырып , қабілеттерін дамытатын жолдың бірі. Бала ойлауға , сөйлеуге, қол өнерге талпынуға, өзін -өзі дамытуға еркін қол жеткізе алады. Рефлексиялық – бағалаушылық процесіндегі өзіндік ой-пікір, әрекеттерді , тәжірибе нәтижелерін талдау және оқу процесіндегі келесі кезендердің бағдарламасын анықтау үшін жағдай жасалады. Педогогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің – әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педогогикалық , қарым-қатынасқа өзге жандардын да өз-өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін-өзі тану , өзінің әлсіз жақтары мен потенциялдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет. Әр адамның артына қарайлау, өткенің ой елегінен өткізу , тарихын ұмытпай ұрпақтан -ұрпаққа жеткізу басты міндеті болып есептеледі. Көркем еңбек пәні мұғалімдеріне қойылар үлкен міндет ұмытылып бара жатқан қол өнер тұрлерін, әдіс -тәсіл түрлерін қолдана отырып сақтап қалу. Рефлексия іс-әрекетімен әр бір оқушының бойындағы өнерін, өнерге деген қызығушылығын байқап ашу. Мен көркем еңбек пәніне қосымша қолөнер үйірмесіне жетекшілік етемін. Үйірмеге тартылған 12 қыз баласы бар . Сабақ барысында мен үнемі оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін, өткенді еске түсіріп, апа-әжелеріміздің жасаған туындыларын және қолданған заттарын көрсетіп, әрбір сәндік қолданбалы өнерге ұлттық ою-өрнектер салып өз ұлтымыздың нақыштарын дәріптеу мақсатында қол өнер түрлері бізге сол қалпында жеткендігін айтып отырамын. Ол кезде интернет жүйелері болмаған. Сонда да өнердің нешеме түрлері дамып отырған. Қазіргі таңда оқушыларды өнерге үйрету барысында қызығушылығын арттыру, жалықтырмау мақсатында әдіс- тәсілдерді сабақ барысында қолдану тиімді. Сондықтанда жасаған қол өнер бұйымдарға кері байланыс рефлексия іс – әрекеттерін қолданып өзіне -өзі баға беріп , шеберлігін шыңдауға ұмтылады деген ойдамын Көркем еңбек сабағында сурет салу арқылы, АКТ технологияларды қолдана отыра жоба дайындау, сауланмаларға жауап беру, шағын зерттеу жұмысын қорғау сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады. Осындай жұмыс түрлерімен айналысып үйренген оқушы алған біліміне, орындаған тапсырмасына қорытынды жасап, өз ойын ортаға сала отыра, оны дәлелдеуге, аргументтер мен фактілерді негізге ала отыра ойланып сөйлеуге әбден машықтанады. Яғни, іс-әрекетпен қатар дәлелді сөйлеу қатар жүреді. Мұғалімнің мақсаты — оқушыға сабақ барысында жағдай жасау, бағыттап отыру. Сабақтың қызықты немесе қызықсыз, сапалы не сапасыз өтуіне оқушылар өз эмоцияларын білдіріп отырады. Ары қарай, мұғалім өткен сабағына қорытынды жасайды, баға береді. Рефлексия балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей ұйымдастырылуы қажет, оны асығыстықпен қолдануға болмайды. Рефлексияны сабақтың әр кезеңдерінде жүргізуге болады, сабақтың арасында, соңында. Біртіндеп оқушының ішкі рефлексиясына жалғасу қажет. Рефлексия – қызықты, көп қырлы, кіріккен әрекет. Оқушы үшін рефлексияның тиімділігі: өз-өзіне есеп беруге үйренеді; оқушының қажеттілігі білінеді; өзіндік, сыни көзқарасы қалыптасады; білім сапасы артады; өз-өзін бағалайды; білім алуға қызығушылық жоғарылайды; бәсекелестікке ұмтылады. Рефлексияның бірнеше түрі бар, оны жеке, жұптық, топтық түрде өткізуге болады. Оқу материалы мазмұнының рефлексиясы; Көңіл-күй, эмоция рефлексиясы; Іс-әрекет рефлексиясы. Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу — бүгінгі заман талабы. Осындай адам өзінің тұлғалық және кәсіби таптаурынын (стереотиптерін) шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл дегеніміз — сана, өзін-өзі ұйымдастыра білу, өз-өзіне талдау жасау, өзін-өзі іске қосу, бағалау сияқты сапалармен сипатталады. Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексиялық қабілеті бар мұғалім алдында отырған шәкірттерінің бойына осы дағдыны кіріктіріп, дамытады, өмірлік қажеттілік екенін есінен шығармайды. Мұғалімнің басты міндеті — білім алушыны рефлексия жасауға үйрету. Технология сабағында мұғалім де, оқушы да өз жұмысына талдау жасау керек. Әсіресе, мұндай мүмкіндік сәндік қолданбалы өнер сабағында тиімді. Ұлттық салт дәстүр — өмір туралы сабақ. Ал қазіргі қарастырып отырған мәсле, рефлексия арқылы баланы болашақ өмірге дайындау әр ұстаздың міндеті деп ойлаймын. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Оқушы көркем өнерді өз бетінше үйреніп, мазмұнын игереді. Бұйымдарының жасалу жолдарын талдайды, зерттеу жүргізеді. Өзін хас шеберлердің орнына қойып, пікірін білдіре алады. Шебердің жан-дүниесіне үңіле отыра оған баға береді. Тақырып бойынша, әр түрлі технологияларды, интерактивті әдістерді, АКТ-ны қолдана отырып, оқушыларға ой қорыту, тұжырымдама жасату, өз ойын еркін жеткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қорытынды Жұмыс барысында балалардың бойында шығармашылық қиялы еібекқорлық, шыдамдылық қалыптасады, шеберлік шыңдалады. Балалар өз қолынан шыққан заттарды бағалай біледі. Жұмыс нәтижесін көргенде балалардың бойында өз-өзіне сенімділігі артады. Көркем еңбек сабағында білім алушылар және қол өнермен айналысатындар жасаған бұйымдарына талдау жасап, шығармашылықпен қабілеттері дамып, пәнге қызығушылығы артады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Білімді болуға білім керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» демекші оқушыларға салалы білім беріп шығармашылық қабілетін дамыту әр ұстаздың міндеті. Өтінім
|