3-Қабыну.-Түсінігі.-Фазалары.-Түрлері.-Альтерация.-Экссудация. Учебнометодический комплекс Пн Жалпы патология Предмет Маманды 0301000 Емдеу ісі Специаность
Скачать 33.62 Kb.
|
«Семей» медициналық колледжі мекемесі Учреждение Медицинский колледж «Семей» Оқу-әдістемеліккешені Учебно-методический комплекс Пән: Жалпы патология Предмет: Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі» Специаность: Біліктілік: 0301013 «Фельдшер». Квалификация: Тақырып: Қабыну. Түсінігі. Фазалары. Түрлері. Альтерация. Экссудация. Пролиферация. Тема: Оқытушы: Преподаватель: ӘБК мәжілісінде қаралды Хаттама №________________ «____»____________ 20__ ж. ӘБК төрайымы __________ Теориялық сабақтың барысы Ход теоретического занятия 1.Ұйымдастыру кезеңі.Организационная часть. Амандасу.Студенттерді түгендеу, журалға жоқ оқушыларды белгілеу, 2.Оқытушының кіріспе сөзі. (сабақтың тақырыбы мен мақсатына шолу). Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия) 3.Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу).Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме : Үй тапсырмасын тексеру: Студенттермен танысу, олармен сенімді қарым-қатынас орнату, пәннің маңыздылығын тусіндіру, пікір алмасу. 4.Жаңа тақырыпты түсіндіру.Изложение нового материала. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Жоспар: -Қабыну туралы түсінік -Қабыну этиологиясы - Қабынудың негізгі белгілері -Қабынудың патогенезі -Қабыну сатылары Кабыну дегеніміз негізінде зақымдаушы фактор (флогогендік) әсер жатқан түрлік процесс. Қабыну кезінде зақымдалған ұлпада немесе ағзада клеткалар құрылымының бұзылуы, қан айналым өзгерістері, қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарылауы, ұлпалар пролиферациясымен бірге байқалады. Қабынудың пайда болуы мен дамуы ұлпаның жергілікті зақымдалуымен және организм реактивтілігі секілді екі фактормен сипатталады. Бұл организмнің зақымдаушы факторға қарсы қорғаныстық бейімделі реакциясы. Қабыну туралы түсінік өте ерте кезден белгілі (2000 жылдан астам). Қабынудың әр түрлі формалары жануарлар әлемінде де кездеседі. Барлық патологиялық процестер сияқты жануарлар эволюциясына байланысты, кабынуда эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. Қан тамырлары жоқ жәндіктерде қабыну кезінде зақымдалған орында дәнекер ұлпа клеткаларының жиналуы байқалады. Жоғары сатыдағы омыртқасыз жануарларда зақымдалған жерде қан клеткалары - лимфогемотоциттердің жиналып қалуы анықталады. Омыртқалы жануарлар мен адамдарда қан айналым жүйесінің дамуы және оның нервтік жолмен ретгелуінің дамуынан қабыну реакциясы да күрделі өзгерістерге ұшырайды. Себебі, қан айналым жүйесі мен нерв жүйесі қабынудын дамуында маңызды орын алады. ҚАБЫНУ ЭТИОЛОГИЯСЫ Қабыну әр түрлі закымдаушы агенттер әсерінен пайда болуы мүмкін. Жергілікті зақымдаушы және қабыну дамуына себепкер болушы факторлар флогогендік факторлар деп аталады. Флогогендік факторлар экзогендік және эндогендік болып екі топқа бөлінеді. Экзогендік факторларға механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық әсерлер және сезімталдығы жоғары организмге аллергеннің әсерінен туындайтын иммунологиялық конфликт жатады. Эндогендік флогогендерге жатады: буындарда тұз жиналуы, тромбоз, эмболия. Мысалы, микроциркуляцияның бұзылуына байланысты пайда болған инфаркт орнында қабыну процесі дамиды. Минерал алмасуының бұзылуы, ұлпалар гидрофильдігін, ортаның рН өзгертіп, қабыну ісігінің пайда болуына соқтырады. Қабыну дамуына әсер етуші себептердің түрлеріне байланысты олар жұқпалы немесе жұқпалы емес деп бөлінеді. ҚАБЫНУДЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ Қабынудың дамуы кезінде, оның морфологиялық, физика-химиялық және клиникалық белгілерін бөліп көрсетуге болады. Қабынудың бес клиникалық белгілері болады: 1. кызару (rubor) 2. домбығу (tumor) 3. қызу (саlог) 4. ауырсыну (dоlог) Цельс осы төрт белгіні сипаттап, жазды. Ал, Гален қабынудың бесінші белгісі - ағза кызметінің бұзылуын (Functio laesa) қосты. Ішкі ағзалар қабынуы кезінде жоғарыда аталған белгілердің барлығы бірдей көрініс бермеуі мүмкін. Қабынудың физика-химиялық бес белгісін Шаде сипаттап, көрсетті. 1. Гиперкалиемия. 2. Н-гипериония (ацидоз, сутегі иондары мөлшерінің артуы). З.Гиперосмия. 4.Гиперонкия. 5.Кабыну медиаторларының мөлшерінің артуы. Қабынудың морфологиялық белгілері. І.Альтерация (зақымдалу). 2.Экссудация (қанның сұйық бөлігінің сыртқа шығуы және лейкоциттер эмиграциясы). 3.ГІролиферация. ҚАБЫНУДЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ Бұл қабынудың сатылары альтерация, экссудация және лейкоциттер эмиграциясы, сондай-ақ пролиферацияның негізі болып табылады. Қабынудың бірінші сатысы - альтерация кезінде ұлпалардың некрозы (өлуі), яғни олардың құрылысы мен функциясының, оның көректенуі, зат алмасуының бұзылуы байқалады. Альтерация бірінші және екінші реттік болуы мүмкін. Бірінші реттегі альтерация зақымдаушы агенттің тікелей әсер етуінен пайда болып, клетка мембраналарының және оның органеллаларының (митохондриялар, лизосомалар) өткізгіштігінің артуымен сипатталады. Әлтерация (лат. аltегаге - бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың, жүйке аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, некроздық бүліністерімен сипатталады. Экссудация (лат. ехsudаге - терлеу) - деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан нәруыздары мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады. Пролиферация (лат. ргоlез — ұрпақ, fего — әкелу) қабынуға қатысатын әсіресе макрофагтар мен лимфоциттердің, жергілікті тін жасушаларының өсіп-өнуі. Қабыну кезінде клиникалық белгілерінің дамуы. Қызару (rubor) - артериялық гиперемия, жоғары мөлшерде оттегі бар қанның көп ағуына және қызмет атқаратын капиллярлардың санының көбеюіне байланысты. Домбығу (tumor) - артериялық, веноздық гиперемия, экссудация және лейкоциттердің эмиграциясының нәтижесінде дамиды. Қызу (саlог) - қабынудың ерте кезеңдеріндегі зат алмасу ұлғаюынан және жоғары температурадағы қанның келуінен пайда болады. Ауырсыну (dolог) - қабыну ошағында рецепторлардың қабыну медиаторларымен, рН, осмостық кысымның өзгерістерімен тітіркендірілгенінде жүзеге асырылады. Қабыну кезінде клеткалардың зақымдалуы, зат алмасудың бұзылуы, электролиттік баланстың өзгеруі, осмостық және онкотикалық қысымдарының өзгерістері анықталады. Осындай жағдайда ағзалардың қызметінің іске асуы мүмкін емес. Қабынудың биологиялық маңызы. Қабыну реакция эволюция кезінде дамыған, сондықтан қорғаныс бейімделгіш болып табылады. Биологиялық қоздырғыштар қабыну ошағында жинақталады. Экссудаттың бактериоцидты әсерінен микроорганизмдер өлімге ұшырайды. Пролиферация нәтижесінде функционалды элемент қалпына келуі мүмкін. Сонымен қатар, альтерация қабыну ошағында мамандандырылған клеткаларды бұзады, олар калпына келуі мүмкін арнайы емес, нәтижесінде ағзалар мен ұлпалардың кызметі істен шығады. Қабыну түріне байланысты арнайы және арнайы емес терапия қолданылады. Арнайы - флогогендік әсерге тікелей бағытталады, арнайыемес - организмдегі өзгерістерге қарай әсер етеді. 5.Жаңа тақырыпты бекіту: Закрепление новой темы: Эндогендік флогогендерге жатады А) механикалық Б) физиклық В) эмболия Г) биологиялық Экзогендік флогогендерге жатады А) тромбоз Б) тұз жиналу В) эмболия Г) биологиялық Қабынудың бес клиникалық белгілерінің артығын ата А) қызару Б) домбығу В) көгеру Г) ауырсыну Ұлпалардың некрозы мен олардың құрылысыны мен қызметінің өзгеруі байқалатын қабыну сатысы А) альтерация Б) экссудация В) пролиферация Г)фагоцитоз Қабынудың қанның сұйық бөлігінің тамыр қабырғаларынан ұлпаға өту сатысы аталады А) альтерация Б) экссудация В) пролиферация Г)фагоцитоз Қабынудың үшінші кезеңі қалай аталады А) альтерация Б) экссудация В) пролиферация Г)фагоцитоз 6.Баға қою Выставление оценок 7.Үй тапсырмасы. Домашнее задание. Тақырыбы. Жалпы физиологияға кіріспе. Тема:. Пайдаланатын оқулықтар.Литература: . «Физиология» - 5-28 беттерді оқу, мазмұндау. |