Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница187 из 190
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   190

Тау-кен құқығының қaғидaлaры


Құқық жүйесінің дербес саласы ретіндегі тау-кен құқығының сипаттамасы үшін негізгі қағидаттар айтарлықтай маңызды болып келеді, осыған сəйкес тау- кен қатынастары регламенттеледі. Қағидат дегенде тау-кен қатынастарын реттеуде басшылыққа алынатын бастапқы идеялар мен ережелер түсіндіріледі. Тау-кен құқығының қағидаттары жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың мəнін де қамтиды, жер қойнауын пайдалану жəне қорғау қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу мазмұнының жалпы бағыттарын анықтайды.

Жер қойнауын жəне жер қойнауын пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеу мынадай принциптерге негізделеді:

  1. жер қойнауын ұтымды, кешенді жəне қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

  2. жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

  3. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы;

  4. жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы жəне т.б.

Жер қойнауын ұтымды, кешенді жəне қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету қағидасы. Кен орындарын игерудің жоғары технологиялары мен оң практикасын пайдалану кезінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық жағынан тиімді игеру, сондай-ақ адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

Жер қойнауын ұтымды жəне кешенді пайдалану - кен орындарын игерудің озық технологияларын пайдалану мен оң іс-тəжірибесі негізінде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерін экономикалық тұрғыдан тиімді игеру жəне т.б.

Жер қойнауын жəне қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету қағидасы. Жер қойнауының ластануын болғызбауды жəне жер қойнауын

пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды əсерін төмендетуді қамтамасыз ету жер қойнауын пайдалану құқығын жүзеге асырудың міндетті шарты болып табылады.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы қағидасы. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге жəне келісім-шарт талаптарына қатысты ақпарат беру заңға сəйкес жүргізіледі.

    1. Тау-кен құқығының қaйнaр көздерiнiң түciнiгi жəне оның ерекшелiктерi


Тау-кен құқығының қайнар көздері жер қойнауы байлықтарына иелік ету, пайдалану жəне билік ету, оларды қорғау, тиісті мемлекеттік органдардың нормативтік актілерінде көрсетілген тəртіп бойынша қабылданатын, жалпы жəне міндетті тəртіп нормаларын орнататын нормалар болып табылады.

ҚР Тау-кен құқығының қайнар көздері өзінің заңдық күші бойынша заңдық жəне заңға тəуелді актілері болып бөлінеді. Келесідей органдар актілер шығарады:

    • Мемлекет билігінің жоғарғы органдары жəне басқармалар (Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі).

    • Мемлекеттік басқарманың орталық органдары (министрліктер,

ведомстволар).

Биліктің жергілікті өкілетті жəне атқару органдары.

Тау-кен құқығының негізгі қайнар көзі - 30 тамыз 1995ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Сонымен қатар, тау-кен құқығының қайнар көздері болып табылатын заңдар арасындағы маңызды орынды жер асты байлықтарын қолдану жəне қорғау бойынша қарым- қатынастарды арнайы Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы реттейді. Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері:

  1. жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

  2. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезіндегі қатынастарды реттеу;

  3. республикалық жəне өңірлік мүдделер үйлесімін қамтамасыз ету;

  4. минералдық-шикізаттық базаны молықтыруды қамтамасыз ету;

  5. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде құқықтық негізді қамтамасыз ету;

  6. жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Жер қойнауын қорғау жəне минералдық шикізатты ұқсатуды мемлекеттік бақылау туралы ереже жергілікті маңызы бар пайдалы қазбалар кендерінің тізімін, жер қойнауын пайдаланудың тəртібі туралы ереже, минералдық ресурстарды ұтымды жəне кешенді пайдаланудың, жер қойнауын қорғаудың мемлекеттік бағдарламасын дайындап, қабылдау қарастырылған. Бұл заң актілері жер қойнауы мен минералдық шикізатты ұқсату саласындағы қатынастарды реттеуге өз үлестерін қосады.

Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заң осы саладағы қатынастарды реттейтін тəуелсіз Қазақстан Республикасының үлкен мемлекеттік заңы болып саналады. Онда мынадай мəселелер қаралған: жер қойнауын пайдалану, жер қойнауын пайдалану жəне оны қорғау, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік өкімет пен басқару органдары, жер қойнауын қорғау, жер қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін ақы, жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды өндіретін кəсіпорындарды, сондай-ақ өзге де мақсаттарға арналған жерасты құрылыстарын жобалау, салу жəне пайдалануға беру, жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды өндіруге жəне оны өзге мақсаттарға пайдалану, жер қойнауының жай-күйін мемлекеттік есепке алу, жер қойнауын пайдалануға байланысты жұмыстардың техникалық кауіпсіздігі, жер қойнауын қорғау мен пайдалануды мемлекеттік бақылау, қоғамдық минералдық шикізатты ұтымды жəне кешенді пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуы, жер қойнауын пайдалану жəне минералдық шикізатты ұқсату мəселелері жөніндегі дауларды шешу, жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Заңға тəуелді актілердің ішінде жетекші орынды Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары алады. Жарлықтар келесідей болып бөлінеді:

    1. Нормативтік сипаттағы Жарлықтар.

    2. Жеке міндеттік нормативті сипаттағы Жарлықтар.

    3. Нормативтік сипаттағы Парламент өкілеттігі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті шығаратын Жарлықтар.

2007 ж. 9 қаңтарда қабылданған ҚР Экологиялық кодексі - қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық жəне əлеуметтік негіздерін анықтаушы негізгі заң шығарушы құжат, ол қарым-қатынастардың қоғам мен табиғаттың өзара əрекеті саласында пайда болатын, табиғат ресурстарын ұтымды қолдану жəне қалпына келтірудегі бүкіл кешенін қамтиды. Сонымен қоса, жер асты байлықтарын пайдалану бойынша өткізілетін операциялар келісім-шартымен келісу кезінде мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу міндетін орнатады жəне оның негізгі міндеттерін, шарттарын жəне өткізу мерзімдерін анықтайды.

Жер асты байлықтарын пайдалану жəне қорғау бойынша қатынастарды реттейтін басқа да нормативтік актілер де бар:

  1. бұл жалпы экономикалық мазмұндағы актілер – ҚР Азаматтық кодексі; 30.06.2010ж. «ҚР Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Заңы; 19.01.2011ж. «ҚР Салық жəне басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Заңы; 6 мамыр 2004ж. ҚР «Лицензиялау туралы» заңы; 6 қаңтар 2011ж. «ҚР кедендік іс туралы» кодексі жəне т.б.

  2. тау-кен қарым-қатынастары инвестициялық заңнаманың бөлек ережелерімен де реттеледі: 16.07.1997ж. ҚР «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңы жəне 2 тамыз 1999ж. ҚР «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңы.

Тау-кен құқығының қайнар көздері жүйесіне мынадай нормативті келісім шарттар кіреді, яғни жер асты байлықтарын пайдалану мəселелеріне қандай да бір дəрежеде қатысы бар республиканың нормативті сипаттағы халықаралық келісім шарттары (конвенциялар, екі жақты жəне көп жақты келісімдер). Оларға жататындар:

  • Мұнаймен ластану салдарынан туындайтын зиянға азаматтық жауапкершілік туралы Брюссель Халықаралық Конвенциясы;

  • Кемелерден туындайтын ластануды болдырмау туралы Халықаралық Конвенция;

  • Киото хаттамасы;

  • Базель Конвенциясы жəне т.б.



    1. 1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   190


написать администратору сайта