Главная страница
Навигация по странице:

  • Құқық

  • Мемлекет

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница2 из 190
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190

    1.1Мемлекет жəне құқықтың пайда болуы 1.2Мемлекеттің түсінігі жəне мəні 1.3Мемлекеттің типтері мен нысандары


    1.4Мемлекеттің механизмі жəне мемлекеттің функциясы 1.5Құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам 1.6Құқықтың түсінігі, мəні, қағидалары жəне функциялары
      1. Құқықтың қайнар-көздері (нысаны), құқықтың нормасы, құқықтық қатынастар


      2. Құқық шығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру
      3. Құқық бұзушылық жəне заң алдындағы жауаптылық




      1. Мемлекет жəне құқықтың пайда болуы

    Алғашқы қауымдық биліктің орнына мемлекеттік билік шамамен 5-6 мың жыл бұрын келді. Жердегі алғашқы мемлекеттер Солтүстік-Шығыс Африкада, Оңтүстік-Батыс жəне Оңтүстік-Шығыс Азияда, атап айтқанда Мысырда, Бабылда, Үндіде жəне Қытайда пайда болды.

    Мемлекеттің пайда болуы туралы осы заманғы ғылыми көзқарастардың негізі тарихи материализмді ұстанған классиктердің еңбектерінде көрініс тапқан. Соның бірі Ф.Энгельс. Оның «Отбасының, жеке меншіктің жəне мемлекеттің пайда болуы» атты еңбегі аса маңызды болып есептеледі.

    Ф.Энгельстің пайымдауынша алғашқы қауымның ыдырауы жəне мемлекеттің пайда болуы қоғамның өндірістік экономикаға бет бұруы, өндірістік күштің дамуы, қоғамдағы өндірістік қатынастардың өзгеруі нəтижесі заңды болып табылды. Бұл үдеріс алғашқы мемлекеттердің құрылуына дейін пайда болған жəне ол баяу дамып келді.

    Ф. Энгельс мемлекеттің пайда болуының негізгі себептерін көрсеткен:

    Біріншіден, еңбектіңбөлінуі мал шаруашылығының егін шаруашылығынан бөлінуі, қол өнер өндірісінің бөлінуі жəне сауда-саттықтың орын алуы. Еңбектің бөлінуі халық санының өсуі жəне олардың қажеттіліктерінің артуы, өндіріс құралдарының дамуы себебінен пайда болған үрдіс. Аталғандардың барлығы шаруашылық жүргізу үшін жаңа мүмкіншіліктер ашты. Жекелеген тайпаларға өзін өзі керекті игіліктермен қатамасыз ету қажетті болмай қалды. Оларға нақты өнімді өндіру, ал өндірістің қалдығын өзге тайпаның өндіргеніне ауыстырып алған пайдалырақ бола бастады. Нəтижесінде мал шаруашылығы, егін ісі, қол өнерішілер жəне саудагерлер пайда болды.

    Екіншіден, жекеменшіктіңпайдаболуы еңбектің өсуі қауымдық шаруашылықтың жеке топтардың не жеке адамдардың шаруашылығына

    бөлінуіне əкеп соқтырды. Қауымдық меншік алғашқысында топтық меншік болып, кейінректе жеке меншікке айналды.

    Үшіншіден, таптардың пайда болуы – таптар еңбек ету үрдісінде өзінің материалдық жағдайымен ерекшеленетін адамдардың тобы болып табылды. Əлеуметтік қызмет пен мүліктік жағынан бөліну адамдардың жеке жəне шаруашылық дербестігіне, олардың өзара тəуелсіздігіне əкеп соқтырды. Қоғам бірнеше топтарға бөлінді жəне олардың мүдделері бірі-біріне қарама – қайшы бола бастады. Таптық күресті тоқтататын күш қажет болды. Ол мемлекет болды.

    Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, мемлекет қоғамның өзіндік дамуының өнімі ретінде, онда пайда болған қарама-қайшылықтардың нəтижесі ретінде пайда болды. Ф.Энгельс мемлекетті құрал, инструмент ретінде қарастырды. Дəлірек айтсақ оның ойынша, мемлекет - экономикалық қанаушы таптың қаналушы таптың қарсылығын басуға жəне қанауға арналған құрал болып табылды.

    Мемлекеттің пайда болуы туралы мəселені зерттеуге көптеген ғалымдар ұмтылған. Осы ретте мемекет жəне құқықтың пайда болуы туралы бірнеше ілімдер қалыптасып үлгерді, олардың əр қайсысы мемлекеттік ұйымдардың пайда болу қайнарын өзіндік тұрғыдан түсіндіреді.

    Сол теорияларды қарастырып өтейік:

    Теологиялық теория – негізін салушы ортағасырлық философ жəне теолог Фома Аквинский (1225-1274) болды, кейінгі өкілдерінің қатарына бельгиялық философ Мерсье Дезирені (1851-1926) жəне француз философы Жак Маритенді (1882-1973) жатқызуға болады. Бұл теорияның түп негізгі идеясы мемлекетті Құдай жаратқан, ал мемлекеттік билік Құдайдың жердегі билігінің жалғасы деп түсінілді. Құдайдың билігі - азаматтардың басқарушыларға толығымен бағыну қажеттілігін білдіреді. Мемлекетке бағынбау Жаратқанға бағынбау деп есептелді.

    Патриахалдық теория – бұл теорияны дамытқан ежелгі грек философы Аристотель (б.э.д 384-322), сондай ақ орыс əлеуметтанушы, публицист Н. Михайловский (1842-1904) жəне т.б. болды. Аталған теорияның түпкі идеясы бойынша мемлекет бір отбасының дамуының нəтижесі ретінде есептелді. Басқарушының билігі отбасыдағы əкенің шексіз билігінің жалғасы ретінде қарастырылды. Мемлекеттегі басқарушы, отбасыдағы əке секілді сайланбайды жəне оның билігі өзгермейді əрі шексіз болып табылады. Билікке қарсы шығуға болмайды, тек əке өзінің отбасының қалған мүшелеріне қамқорлық жасай алады.

    Органикалықтеория бұл теорияның өкілдері ежелгі грек философы Платон (б.э.д 427-347) жəне ағылшын философы Г. Спенсер (1820-1903) жəне т.б. болған. Бұл теорияның идеясына сəйкес мемлекет жəне құқық туралы көзқарас адамның ағзасы туралы көзқарасқа сай келеді. Мемлекет - əлеуметтік

    дамудың нəтижесі болып табылады, ол биологиялық дамудың бір түрі. Мемлекет əрбір ағза секілді мидан (басқарушы) жəне оның берген тапсырмаларын орындауға арналған органдардан тұрады.

    Келісім-шарт теориясы – ХVII-XVIII ғасырларда пайда болды, өкілдері француз философы, ағартушы Жан Жак Руссо (1712-1778), ағылшын философтары Томас Гоббс (1588-1679) пен Джон Локк (1632-1704), орыс жазушысы А.Н. Радищев (1749-1802) жəне т.б. болған. Бұл теория бойынша мемлекет пен құқық соғыстар мен қақтығыстарды тоқтату мақсатында азаматтардың саналы, ерікті түрде бір келісімге келуі нəтижесі ретінде қарастырылады. Азаматтар өз еркі мен билігінің бір бөлігін мемлекетке береді. Олар заңдарды сақтауға, салық төлеуге міндеттенеді, ал есесіне билікті ұстаушыдан өз мүдделері мен қауіпсіздігін қорғауды талап етуге құқылы болып табылады. Мемлекет келісім бойынша өз азаматтарына қамқорлық жасайды. Келісім – шарт теориясы мемлекетті танып, зерттеу үшін үлкен серпіліс болды, себебі ол биліктің пайда болуы туралы діни көзқарастарды жоққа шығарды. Бұл теория демократиялық идеяны дамытты.

    Күштеу теориясы – XIX ғасырда пайда болды, оның өкілдерінің қатарына неміс философы Е.Дюрингті (1833-1921), неміс саяси қайраткері К. Каутскийді (1854-1938) жатқызуға болады. Олар мемлекет пен құқықтың пайда болуын бір тайпаның екінші бір тайпаны жаулап алуы сияқты əскери жəне саяси сипаттағы факторлармен түсіндірген. Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде көптеген соғыстар жүргізілді, аумақты күштеп басып алу, бір тайпаның екінші бір тайпаны басып алу орын алды.

    Психологиялық теория - XIX ғасырда пайда болды, оның белгілі өкілдері француз əлеуметтанушысы Г. Тард (1843-1904), австриялық психолог З. Фрейд (1856-1939), орыс философы Л. Петражицкий (1867-1931) жəне т.б. болды. Бұл теорияның өкілдері мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуын адамзаттың психикалық белгілерінің көрінуімен, адамзат санасының заңдылықтарымен түсіндірген. Барлық əлеуметтік заңдылықтар адамның мінез-құлықтары, қызмет етуі арқылы іске асырылады. Сондықтан да адамның психикалық жай-күйі осы заңдылықтардың жүзеге асырылуына əсер етеді. Мемлекетте, құқықта белсеңділер мен бəсеңділердің арасындағы психологиялық қарама- қайшылықтарды шешудің құралы ретінде қарастырылады. Қоғам екіге бөлінеді: психикасы күштілер (билік жүргізуге ұмтылатындар) жəне бағынуға психологиялық түрде бейім адамдар.

    Қазіргі кезде заң ғылымын зерттеуші көптеген ғалымдар жоғарыда аталғандардың ішінде мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуын шынайы түрде ғылыми негіздейтін ілім ретінде К.Маркс пен Ф.Энгельстің тарихи- материалистік теориясын көрсетеді.
      1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   190


    написать администратору сайта