Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница7 из 190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   190

Құқықтың түсінігі, мəні, қағидалары жəне функциялары


Құқыққа сан алуан түсінік беруге болады. Құқықты бірнеше мағынада қарастыруға болады.

Құқық мораль, өнеге, дін нормалары тұрғысынан адамның мінез-құлқының бостандығы түрінде көрінеді. Мұнда адам əдет-ғұрып, мораль негізінде оның ресми құқыққа сай келе ме, жоқ па, оған қарамастан іс-əрекет жасау мүмкіншілігі құқығына ие болады. Бұл жерде құқық заңмен жəне мемлекетпен байланыста болмайды, тікелей қоғам арқылы қамтамасыз етіліп, қорғалады. Бұл құқықтың жалпы əлеуметтік мағынасын ашады.

Құқық мемлекетпен қабылданатын жəне қорғалатын, жалпыға ортақ нормалардың жиынтығы болып табылады. Бұл нормалар адамның жүріс- тұрысы мен мінез-құлқы ережелерінен тұрады. Ол ережелер рұқсат ететін жəне тиым салатын нормаларды қамтиды. Құқық заң, түрлі қаулылар мен жарлықтар түрінде болады. Бұл құқықтың заңды мағынасын ашады.

Құқық мемлекет секілді қоғам дамуының нəтижесі болып табылады. Заң тұрғысынан құқық мемлекетпен ұйымдастырылған қоғамда барлық қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік реттеуші болып танылады. Құқық қоғамның мемлекеттік еркін білдіреді. Құқық бір топ не таптың ғана мүддесін емес, керісінше барлық қоғамның мүддесін қорғауға бағытталған. Құқық мемлекетпен белгіленеді жəне қорғалады.

Сонымен, құқық бүкіл қоғамның еркін білдіретін, мемлекетпен белгіленетін жəне қорғалатын, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған,

жалпыға бірдей міндетті, формальді анықталған заң нормаларының жүйесі болып табылады.

Құқықтың мынадай белгілері бар:

  1. құқықтың еріктік сипаты құқық адамдардың саналы, ерікті қызмет етуінің нəтижесі. Бірақ кез келген ерік құқық бола бермейді, тек мемлекеттен жəне қоғамның көптеген мүшелерінен туындайтын ерік қана құқық бола бастайды.

  2. құқықтың жалпыға бірдей міндеттілігі құқық барлығына, барлық азаматтарға, лауазым иелеріне, мемлекеттік органдарға жəне қоғамдық ұйымдарға бірдей міндетті болып табылады.

  3. құқықтың мемлекетпен тығыз байланыста болуы – құқық мемлекетсіз, ал мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды. Құқық мемлекетпен қабылданады жəне қорғалады. Құқықты қолданатын мемлекет жəне ол құқық арқылы жазалау шараларын қолданады.

  4. құқықтың нормативтілігі құқық заң нормаларынан тұрады жəне ол барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, ал заң нормаларында жүріс-тұрыс жəне мінез-құлық ережелері орналасқан.

  5. құқықтың жүйелілігі заң нормалары бірі-бірінсіз қызмет ете алмайтындай бір жүйеге келтірілген жəне бірі-бірімен тығыз байланыста болады.

  6. құқықтың формальді анықтылығы – заң нормалары қатаң белгіленген жəне ресми нысанда бекітілген болады. Олар заңдарда, жарлықтарда жəне өзге де құқықтық актілерде көрініс табады.

Құқықтың түпкілікті заңдылықтарын білдіретін қасиеттерін білу үшін құқықтың мəнін ашу қажет. Қай заманда болсын əрбір құқық əрқашанда реттеуші құрал болатыны жəне ол кімнің мүддесін қорғайтыны маңызды мəселе болып қала береді. Құқықтың мəніне қатысты келесідей көзқарастар бар:

  1. Құқықтың таптық мəні. Бұл көзқарас бойынша құқық экономикалық үстем таптың мемлекеттік еркін білдіретін, мемлекетпен кепілдік етілген заң нормаларының жүйесі ретінде анықталады. Мұнда құқықтың басты мақсаты үстем таптың мүддесін қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтың жалпыға бірдей міндеттілігі, формальді анықтылығы белгілері үстем таптың мүддесін қорғауға бағытталған.

  2. Құқықтың əлеуметтік мəні. Бұл көзқарас бойынша құқық адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, экономикалық еркіндігін, демократияны бекіту мен қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланылады. Құқық барлық қоғам мүшесінің мүддесін қорғайды.

  3. Құқықтың діни, ұлттық мəні. Заң актілерінде не құқықтық əдет ғұрып нормаларында бір діннің не бір ұлттың мүддесінің басым болуы көрініс табады.

Құқықтың қағидалары құқықтың мəнін анықтайтын жəне білідіретін негізгі бастауы, идеясы, ережелері болып табылады.

Құқықтың қағидалары жалпы құқықтық, салааралық жəне салалық болып үш үлкен топқа бөлінеді.

Жалпы құқықтық қағидалар құқықтың барлық салаларын қамтиды, ол құқықтың қазмет етуі мен дамуының объективтік заңдылықтарын көрсетеді.

Жалпы құқықтық қағидаларға мыналар жатады:

  1. əділеттілік қағидасы – құқық іс - əрекет пен оның нəтижесі арасындағы, қылмыс пен жаза арасындағы өлшемді белгілейді. Əділеттілік құқықтың мазмұнында болады.

  2. ізгілік қағидасы адам, оның құқықтыары мен бостандықтары ең жоғарғы құндылық болып табылады, құқық тұлғаның жан жақты дамуы үшін жағдай жасайтын құрал болып танылады, адамның ар-намысы мен абыройына нұқсан келетіндей іс-əрекет жасауға тиым салынады.

  3. заңдылық қағидасы – заң жалпыға бірдей ортақ міндетті, республика аумағында заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді барлық азаматтар, лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар қатаң сақтауы тиіс.

  4. демократизм қағидасы құқық арқылы тікелей жəне өкілді халық билігінің институттарын бекітуді білдіреді, азаматтар мемлекет ісіне араласа алады.

  5. азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидасы құқық жынысына, нəсіліне, тіліне жəне өзге де жағдайына қарамастан адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының тең болуына кепілдік береді.

  6. құқықтар мен міндеттердің бірлігі қағидасы – құқықтар мен міндеттердің өзара байланыста болуын білдіреді, құқық болмаса міндет те жоқ, жəне керісінше міндет болмаса құқықта жоқ болады.

  7. құқықтағы сендіру мен мəжбүрлеудің үйлесімдігі қағидасы құқықтық нормаларда сендіру мен мəжбүрлеу шараларының арақатынасын белгілеуді талап етеді, бірінші болып сендіру əдістері, содан кейін мəжбүрлеу тəсілдері қолданылады.

Салааралық қағидаларға мысалы жазадан қашып құтылмауышылық қағидасы (қылмыстық құқық пен əкімшілік құқықтағы) жатқызуға болады.

Салалық қағидаларға мысалы, қылмыстық құқықтағы кінəсіздік презумпциясын жатқызуға болады.

Құқықтың функциясы қоғамдық қатынастарды бір тəртіпке келтіруде құқықтың рөлін анықтайтын құқықтық ықпал етудің негізгі бағыттары болып табылады.

Құқықтың функциялары арқылы қоғамдағы құқықтың рөлін, орнын танып, білуге болады. Құқықтың негізгі міндеті адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жəне қорғау, тəртіпті қамтамасыз ету болып табылады. Құқықтың функцияларын кең жəне тар мағынада қарастыруға болады.

Құқық функцияларын кең мағынада қарастыратын болсақ, оған жатқызуға болады:

  1. əлеуметтік бақылау функциясы – құқық заң арқылы адамдардың жүріс тұрысы мен мінез-құлқын бақылау жүйесін белгілейді;

  2. экономикалық функция - құқық заң арқылы экономикаға реттеушілік тұрғыдан əсер етеді;

  3. саяси функция – құқық өз нормаларында саясаттың негізгі ережелерін анықтайды, елдің саяси құраласын бекітеді.

  4. тəрбиелеу функциясы – белгілі бір идеологияның көрсете отырып құқық адамдардың сана сезіміне əсер етеді, олардың құқықтық санасын қалыптастырады.

  5. мəдени-тарихи функция - құқық нормаларында негізгі рухани құндылықтар бекітіліп, дамытылады.

Құқықтың функцияларын тар мағынада екі тұрғыдан қарастыруға болады:

  1. реттеуші - құқық қоғамдық қатынастарды реттейді. Реттеуші функциялардың негізінде рұқсат беретін жəне міндеттейтін заң нормалары бар.

  2. қорғаушы мемлекет тарапынан мəжбүрлеу шараларын қолданумен, тыйым салумен байланысты ерекшеленеді.



    1. 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   190


написать администратору сайта