құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Мемлекеттің типтері мен нысандарыМемлекеттің табиғатын тану үшін ең маңызды ғылыми типология болып табылады. Ғылыми еңбектерде мемлекеттердің бірнеше типологиясы ұсынылған. Мемлекетті типке бөлудің екі түрлі тəсілі бар: формациялық жəне өркениеттік. Мемлекеттерді типке бөлудің негізгі критерии болып қоғамдық-экономикалықформациятанылады. Мемлекеттің формациялық типологиясы қоғамдық қатынастардың тарихи қалыптасқан нысаны болып табылады. Қоғамдық-экономикалық формация ұғымы марксистік танымның іргетасын құрайды. Формация – бұл өндірістің белгілі бір амалына негізделген қоғамның тарихи типі. Мемлекеттің формациялық типологиясын ұстанған өкілдердің (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин) пікірінше қоғам дамуының шешуші факторы экономикалық базис яғни осы қоғамның өндіру тəсілі болып табылады. Мемлекет экономикалық салада, өндірістік қатынастар аясында болып жатқан өзгерістерге қарай өзінің типін өзгертеді. Формациялық типология көбіне мемлекеттің таптық мəнін ашқан. Тарихқа белгілі бес формация бар: алғашқы- қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік жəне социалистік. Аталғандардың ішінде мемлекеттің типологиясының марксистік ілімінің негізінде қалыптасқан формациялық критерии бойынша мына типтегі мемлекеттер қанаушы болып есептелді: құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық, ал социалистік тип болса, қоғамдық өзін-өзі басқару типіне айналуы керек болған. Экономикалық базистің типіне қарай мемлекеттің мынадай типтері бар: құл иеленушілік мемлекет - құл иеленуші құлға билік жүргізудің құралы болды. Тарихтағы қоғамның алғашқы мемлекеттік таптық ұйымы. Құл еркіндігі бар азаматтардың жеке меншігі ретінде танылды. Бұл мемлекеттердің негізгі мақсаты құл иеленушінің меншігін қорғау болды. феодалдық мемлекет – экономикалық тəуелді шаруалардың еңбегін қанаған ірі жер иеленуші болған феодалдардың диктатура жүргізу құралы болды. Мұнда мемлекет қанаушы таптың жерге, шаруаға жəне олардың еңбегіне құқықты қамтамасыз еткен. буржуазиялық мемлекет – жұмысшы таптың үстінен буржуазияның жүргізген билігін қолдау құралы болды. Жұмысшы таптың жеке бостандығы бола тұра ол өз еңбегін капиталистке сатуға мəжбүр болды. социалистік мемлекет – қоғамдық меншікке, өндіріс құралдарына негізделді жəне өз саясатында қалың халықтың мүддесін білдірді. Социалистік мемлекет еңбек етуші таптың саяси билігінің құралы болды. Сонымен, мемлекеттің формациялық типологиясы мемлекеттің экономикалық негізі мен əлеуметтік мəнін сиапттайды, яғни қандай əлеуметтік тап қоғамды басқарып отырғанын көрсетеді. Қазіргі ғылымда формациялық типология тарихтағы бұрыңғы мемлекеттерді сипаттау үшін ғана қолданылады. Мемлекеттерді типке бөлудің екінші критерии болып өркениеттіктипология танылады. Өркениеттік типология ХХ ғасырда дүниеге келген. Оның негізін қалағандардың бірі ағылшын тарихшысы А.Тойнби болды. Басқа өкілдерінің қатарында М. Вебер, П. Сорокин, О. Шпенглер, У. Ростоу жəне т.б. болды. Мемлекеттерді типтерге бөлудің өркениеттік типологиясы көбінесе қоғамның мəдени сипатына (дінге, психологияға, моральге т.б.) көңіл бөлді. А. Тойнби өркениеттің он үш түрін ұсынған болатын, атап айтқанда, ежелгі грекиялық, римдік, сириялық, крито-микендік, православтық, батыс, араб, қиыр шығыстық, мексикалық, ирандық, қытайлық, үнділік жəне т.б. Оның ойынша өркениет – мəдени, экономикалық, географиялық, діни, психологиялық жəне өзге де факторлармен ерекшеленетін қоғамның қалыпты жай-күйі болып табылды. А. Тойнбидің көзқарасы бойынша əрбір өркениет типіне мемлекет типі сəйкес келуі керек. Мемлекеттің өркениеттік типологиясы мəдени факторларға негізделген, ол мемлекетке тікелей ықпал етеді. Өркениеттік типология адам қызметінің барлық нысандары арқылы өткенді тануға мүмкіншілік береді. Өркениеттік типология тек таптар мен əлеуметік топтардың қарсылығын айырып білуді ғана көздемей, ол сонымен бірге жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде олардың өзара əрекеттесуі аясын да білуге жəрдемдеседі. Мемлекеттің типологиясы мемлекеттің нысаны ұғымымен тығыз байланысты болып келеді. Мемлекеттің нысаны мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызмет ету амалы болып табылады. Мемлекет нысанын оқып, зерттеу қоғамды мемлекеттік басқару қалай ұйымдастырылғанын, оны биліктің қандай органдары іске асырып жатқананын, олар қандай тəртіпте жəне оны кім қалыптастыратынын, қоғамдағы қатынастарды реттеу үрдісінде қандай əдістер қолданылатынын түсініп, білуге мүмкіншілік береді. Мемлекет нысаны күрделі. Құрылымы бойынша жүйелі құбылыс болып табылады. Ол өзара байланысты үш элементтен тұрады: мемлекеттік басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны жəне мемлекеттік саяси режим нысаны. Мемлекеттік басқару нысаны – мемлекеттік биліктің жоғары органдарының ұйымдастырылуы мен құызмет етуі ерекшеліктерін, құрылымын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі болып табылады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдарына мемлекет басшысын (монархты не президентті), заң шығарушы органды (парламентті) жəне атқарушы биліктің жоғары органын (үкіметті) жатқызады. Басқару нысанының екі түрі бар: монархияжəне республика. Монархия дегеніміз – биліктің мұра жолымен атадан балаға берілуіне негізделген басқару нысаны. Билік монархтың қолына шоғырланған. Монархиялық басқару нысанына мына белгілер тəн болып келеді: мемлекет басшысының билігі мұраға беріледі, шексіз болады, оның қарамағындағылардың еркіне тəуелсіз болады. Монархияның мынадай түрлері бар: абсолютті,дуалистікжəнепарламенттік. Дуалистік жəне парламенттік монархияны шектелген – конституциялықмонархиядеп те атайды. Аболютті монархия – мемлекет басшысының билігін шектейтін мемлекет механизміндегі органдар мен мекемелердің жоқ болуымен сипатталады, яғни монархтың билігі шексіз болады жəне оның билігін ешбір орган шектей алмайды. Тарихта абсолютті монархия ең бірінші монархиялық басқару нысаны болды. Осы кездері Бруней, Сауд Аравиясы, Катар, Кувейт елдері абсолютті монархияны ұстанатын елдер болғанымен, олардың конституциясы мен заңдарынан монархияның бұл түрін таппайсың. Дуалистік монархия ХVIII-XIX ғасырларда Еуропада кең тарала бастаған. Заң қабылдауға ерекше құқықты иеленген Парламенттің құрылуы бұл монархияның ерекшелігі болып табылады. Мемлекетті монарх басқарады. Ол үкіметті құрады жəне оның жұмысын бақылайды, вето құқығын иеленеді жəне парламентті таратуға құқылы. Басқарудың бұл нысаны Германияда, Ливияда, Түркияда, Тайландта, жəне т.б. мемлекеттерде болған. Қазіргі кезде заң жүзінде монархияның бұл түрі жоқ, бірақ іс жүзінде көптеген мемлекеттерде дуалистік монархияның қалдықтары əлі де сақталған, мысалы, Марокко, Иордания жəне т.б. Парламенттік монархия буржуазияның саяси ықпалының нығайту нəтижесінде жəне еуропалық мемлекеттерде жұмысшы таптың санының өсуі нəтижесінде кең етек жая бастады. Парламенттік басқару нысанында монарх ұлт бірлігінің, ел тəуелсіздігінің символы болып табылады. Мемлекетті басқару бойынша негізгі құзырет үкіметке тиесілі болады. Монарх парламенттің ұсынысымен үкіметтің мүшелерін тағайындайды, монарх парламент қабылдаған құжаттарға қатысты вето қоюға құқығы жоқ. Көптеген парламенттік монархия мемлекеттерінде контрсигнатура институты бар. Республика – мемлекеттің басқару нысанының екінші түрі. Мемлекет басшысы (президент) сайланбалы жəне ауыспалы болып табылады, ал оның билігі халықтың немесе өкілді орган билігінен туынды болып қарастырылады. Республиканың келесідей белгілері бар: сайланбалық, өкілеттілік мерзімінің болуы, ауыспалы болуы жəне т.б. Республиканың үш түрі бар: президенттік,парламенттікжəне аралас. Президенттік республикада – президент бір мезгілде мемлекеттің басшысы жəне атқарушы биліктің басшысы болады. Мысалы, Аргентина, АҚШ жəне т.б. Президент жеке дара өзі үкіметті құрады, оны басқарады, министрлерді қызметтен босатады. Президент парламенттің алдында саяси жауапты емес. Президент заң шығарушы органды таратуға құқығы жоқ, бірақ оған вето құқығын пайдаланып ықпал ете алады. Парламенттік республикада – үкімет саяси партиялар арқылы құрылады жəне парламент алдында саяси жауапты болады. Мысалы, Түркия, Израиль, Германия жəне т.б. Қажет болған жағдайда парламент үкіметке сенімсіздік білдіре алады. Əдетте парламенттегі партиялар өкілдерінің саны кезекті сайлаудың нəтижесі бойынша өзгеріп жатса, үкіметтің құрамы да толығымен өзгереді. Парламенттік республикада Президент парламентпен тағайындалады. Заң жүзінде оның құзыреті кең болғанымен, іс жүзінде ол тек мемлекеттің символы ғана болып табылады. Аралас республика – жартылай президенттік жəне жартылай парламенттік мемлекет болып есептеледі. Аралас республикада үкіметтің жауаптылығы екі есеге артады, президент пен парламент бірлесіп отырып үкіметті құрады жəне қызмет етуіне бақылау жасайды. Мысалы, Австрия, Польша, Финляндия, Болгария жəне т.б. Мемлекеттік құрылым нысаны – билік пен басқарудың аумақтық ұйымдастырылуының ерекшеліктерін сипаттайтын мемлекет нысанының элементі болып табылады. Мемлекеттің құрылым нысаны: унитарлықжəне федеративтікболып бөлінеді. Унитарлық мемлекет – аумағы əкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінген біріңғай, біртұтас мемлекет. Мысалы, Франция, Италия, Испания, Венгрия жəне т.б. Унитарлық мемлекеттің екі түрі болады: жəйжəне күрделіунитарлық мемлекет. Жəй унитарлық мемлекет дегеніміз – аумағы тек əкімшілік-аумақтық бірліктерден тұрады (облыс, округ, провинция, аудан жəне т.б.) жəне орталықтандырылған билік қағидасы негізінде құрылады. Күрделі унитарлық мемлекет дегеніміз - өзін-өзі басқаратын құрылымдар – автономиялардан тұрады, автономиялар өзіне қатысты мəселелерді жеке-дара шешу құқығын иеленген. Мысалы, Өзбекстандағы Қарақалпақстан автономиялық республикасы, Украинадағы Крым автономиялық республикасы, Канадағы Квебек, Франциядағы Корсика автономиялық республикалар жəне т.б. Əлемдегі көптеген мемлекеттер унитарлық болып келеді. Федеративтік мемлекет – бірнеше мемлекеттер мен мемлекеттік бірлестіктерден тұратын, мемлекеттік биліктің тұтастығы жəне оның федерация мен оның автономиялық субъектілері арасында көлденең бөлінуі қағидасына негізделген одақтық мемлекеттік аумақтық ұйым. Федерация бірнеше субъектілерден тұрады: провинциялар, штаттар, султанаттар жəне т.б. Бұл субъектілер көбінесе белгілі бір міндеттерді бірігіп шешу үшін ерікті түрде одақтасады. Федерацияда билік орталықтандырылған болады. Сондай ақ федералдық деңгейдеі биліктің жоғары мемлекеттік органдарымен қатар федерация субъектілерінің биліктік құрылымдары да болады. Федерациялық мемлекеттерде көп жағдайда қос азаматтық жүйесі орын алады. Мысалы, АҚШ, Германия, Біріккен Араб Əмірлігі, Пакистан, Индия, Ресей Федерациясы, Мексика, Аргентина, Австралия жəне т.б. мемлекеттер федерациялық мемлекеттер болып табылады. Федерацияны мемлекеттік одақтар, қауымдастықтар жəне мемлекеттердің халықаралық бірлестіктерден бөліп қарастыру қажет, олар бір емес. Мемлекетаралық бірлестіктердің ішінде белгілісі - конфедерация болып табылады. Конфедерация экономикалық, əлеуметтік, саяси жəне өзге де саладағы ортақ мəселелерді шешу, мақсаттарға жету үшін құрылған дербес егеменді мемлекеттердің одағы, ерекше қауымдастығы болып табылады. Мысалы, ТМД, ЕО, Британдық достастық жəне т.б. Мемлекеттік саяси режим – мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен əдістерінің жүйесін көрсететін мемлекет нысанының элементі болып табылады. Мемлекеттік саяси режимнің: демократиялықжəне антидемократиялық(демократияға қарсы) түрлері бар. Демократиялық режимде – жалпы демократиялық құқықтар мен бостандықтар жарияланады жəне қамтамасыз етіледі, халық мемлекеттік органдарға сайлау, баспасөз жəне өзге де институттар арқылы ықпал етеді, мемлекеттік аппаратты қалыптастыру негізі ретінде саяси плюрализмге жəне биліктің бөлінуіне кепілдік беріледі. Демократияның мынадай белгілері бар: заңның үстем болуы; адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы; халықта жалпы жəне тең сайлау құқығының болуы; биліктің бөлінуі; жоғары жəне жергілікті мемлекеттік органдардың сайланбалы жəне ауыспалы болуы; саяси плюрализмнің орын алуы жəне т.б. Демократияға қарсы режимде – халықтың билігі шектеледі не мүлдем жоққа шығарылады. Антидемократиялық режимге: авторитарлық жəне тоталитарлық режимдерді жатқызуға болады. Авторитарлық режимде - мемлекетте заңдылық пен демократизмнің белгілері бар болғанымен, заң нормаларында баяндалғанымен, шын мəнісінде, іс жүзінде бұл нормалар мен ережелер қолданыс таппаған. Азаматтардың қоғам істерін басқаруға ықпал ету мүмкіншіліктері шектеледі. Халық қоғам мен мемлекетті басқару ісінен аластатылады жəне олардың негізгі құқықтары мен бостандықтары шектеледі. Биліктің бөлінуі, саяси плюрализм қағидалары бұзылады. Тоталитарлық режимде – адам өмірінің барлық салаларын мемлекет толығымен бақылауға алады, қоғамды басқаруда мəжбүрлеу əдістері қолданылады. Бұл режимде бір мемлекеттік идеология жарияланады, бір партиялық жүйе орнайды. Тоталитарлық жүйеде заңдылық, биліктің бөлінуі қағидалары, сайлау жəне сайлану құқығы болмайды. Тоталитарлық режимнің көріністерін тарих беттерінен байқауға болады, мысалы, И.Сталиннің КСРО кезіндегі билік етуі, Германиядағы фашистік режимнің орнығуы жəне т.б. Мемлекеттік саяси режимге, сонымен қатар либералды режим де жатқызуға болады. Адамның құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуі идеясының болуына негізделген либералды (жартылай демократиялық) режим - қоғам мен мемлекеттің өтпелі кезеңі жағдайында пайда болады. Мұндай режимде биліктің бөлінуі қағидасы танылады, бірақ көп жағдайда либералды режимде авторитарлық режимнің белгілері кездеседі. |