құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
ЖОҒАРЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР КОЛЛЕДЖІ ВЫСШИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ КОЛЛЕДЖ МЕЖДУНАРОДНЫХ ОТНОШЕНИЙ «БЕКІТЕМІН» Жоғары инновациялық халықаралық қатынастар колледжі басшысы ___________________ Сарекенова С.К. «___»______________ 2022 жыл «Құқық негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен І-ші курс студенттеріне ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРАтырау 2021 ж. Автор-құрастырушы: Баймағамбетов Ерлан Русланұлы Құқық негіздері : Барлық мамандықтар бойынша оқу- әдістемелік кешен Құқық негіздері пәніне арналған оқу –әдістемелік кешенінде түсіндірме жазба, нормативтік құжаттардан,сабақ жоспарлары мен дәрістерден, материалдардан,тесттік тапсырмалар жинағы т.б.жинақталған. Оқу-әдістемелік кешен барлық мамандықтардың студенттеріне арналған. «Әлеуметтік –экономикалық пәндер бірлестігі» отырысында қаралып , мақұлданды. 2021 ж. «__ » хаттама Колледжде қолдануға ұсынылған. Түсіндірме жазба Өткен 2012 жылы Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаетың «Назарбаев Университетіндегі Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дəрісін барлық жастар, студенттер, ұстаздар қауымы зор ықыласпен тыңдады. Бұл дəріс- тыңдаушылардың барлығына да үлкен серпін беріп, келешекке деген зор сенімді ұялатты, жастардың болашағына жол ашты. Дүниенің кілті, жетістіктің негізі білім, ғылым екендігін айғақтай отырып, Ел Президенті жастарға, алдағы уақытта олардың атқаратын міндеттерін де саралап берді. Қазақстанның өсіп-өркендеуінің кілті жастарда. Ел дамуының жаңа кезеңі мен тəуелсіздігіміздің үшінші он жылдығында білімді, тəрбиелі, өнегелі жастарды қалыптастыру тəуелсіз мемлекетіміздің өркен жаюының негізі екендігін де Елбасы баса айтты. Президент дəрісінде елімізде құқықтық білімді, құқықтық білімді, құқықтық сана мен тəрбиені, одан əрі өмір талабына сай жетілдіру қажеттілігі баса айтылды. Конституцияға сəйкес Қазақстан Республикасы демократиялық зайырлы, əлеуметтік, құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің негізі атқаратын қызметі қоғамдық өмірдің барлық салаларын заң, əділетті құқық нормасымен ретке келтіру, басқару, қызмет көрсету салаларында заң талаптарын басты басшылыққа ала отырып, адам, қоғам, мемлекет мүддесіне адал қызмет атқару болып табылады. Өйткені, құқықтық норма-əділет жолы, адам, қоғам, мемлекет мүддесінің үйлестірушісі, заңдылық пен демократияның даму негізі. Осыған орай, Президент дəрісінде Қазақстанның өркендеуі, гүлденуі, дүние жүзінде алдыңғы қатарлы мемлекет санатында көрініу үшін құқықтық сауаттылықты, тəрбиені, сананы жетілдіру қажеттілігіне басты назар аударылғаны баршаға аян. Еліміздің əрбір азаматы өз құқығын, бостандықтарын, міндеттерін білуі тиіс, əрбір азамат құқық нормаларын, заңдылық талаптарын берік ұстануы керек. Сонда ғана мемлекетіміз саяси, экономикалық, əлеуметтік тұрғыдан дамып, тəртіп нығаяды. Құқықтық сана, құқықтық мəдениет жəне құқықтық тəрбие əрбір азаматтың қалыптасуының, өсіп-жетілуінің басты қағидасына айналуы тиіс. Құқықтық сана дегеніміз-тұлғаның қолданыстағы немесе қабылданатын құқық нормаларына деген көзқарастары мен сезімдерінен, оларға тиісінше баға беру мүмкіндіктерінің жиынтығы болып табылады. Бұдан құқықтық сананың негізінен құқықтық психология жəне идея жиынтығынан құралатынын көреміз. Құқықтық психология қолданыстағы құқық нормаларын жетілдіруге, жаңа құқықтық нормаларды қабылдау қажеттілігінің денгейін, сезімін білдірсе, құқықтық идея құқықтық сананың өз дəрежесіне көтерілуінің нəтижесінде адам, қоғам, мемлекет мүддесі үшін қажетті құқық нормаларының қабылдану қажеттілігін білдіреді. 1-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ |