құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Құқық нормасыҚұқық алуан түрлі десек, құқықтың түсінігін де əр алуан тұрғыдан қарастыруға болады. Құқықтың жалпы əлеуметтік мəнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады: Құқық бұл - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда жəне басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Құқық бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі –табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табаиғатына байланысты əлеуметтік талаптармен анықталады. Құқықтық əлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа дейін өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мəселе бойынша қалыптасқан ортақ ой-пікір əлі жоқтың қасы. Ой салыстыру, таластар əлі күнге дейін қызу жүріп жатыр. Əлеуметтанушылардың пікірінше, құқық əлеуметтануы жалпы əлеуметтанудың белгілі бір саласы болып табылады. Құқық əлеуметтануы, əлеуметтік құқықтану ұғымдары əр түрлі мағынада болып, олар əлеуметтану мен құқық ғылымдарына қолданылады. Əлеуметтік құқықтың юриспруденция ұғымы құқық ғылымдары дамуының əлеуметтік бағытымен белгілеп анықтаса, құқық əлеуметтануы (юридикалық əлеуметтану) ұғымы жалпы əлеуметтану ғылымының жеке саласындағы əлеуметтік-құқықтық зерттеулерді белгілеп анықтайды. Сонымен, бұл екі ұғымның мазмұны мен көлемі жағынан бірдей, екеуі де жалпы əлеуметтанудың қоғамдағы құқықтың саласымен айналысатын өз алдына жеке бөлімдеріне қолданылады. Біздің пікірімізше, қазіргі құқық əлеуметтануы құқықты негізінде үш мағынада қарайды. Біріншіден, құқық – бұл міндетті түрде орындалатын əлеуметтік ережелердің жиынтығы. Екіншіден, құқық белгілі бір қызметті атқаруда адамның, қоғамның мүмкіншілігі, бостандығы, егемендігі болуын қамтамасыз етеді. Мысалы, еңбек етуге, демалуға рұқсат беруді айтады. Үшіншіден, құқық куəлік ретінде де қолданылады. Мысалы, машина жүргізу құқықығы, т.б. Құқық ғылымының да жоғарыда көрсетілгендей əлеуметтану бөлімі бөлімі бар. Осыған орай жалпы құқықтық ғылым мемлекет пен құқықты қондырманың бір түрі ретінде қарап, оларды қоғамның барлық салаларымен, əсітесе, экономикалық құрылымыммен тығыз байланыстылығын, оған беленді түрде əсер етіп отырыатынын көрсетеді. Əлеуметтану ғылымы жеке қоғамдақ жəне гуманитарлық (оның ішінде құқықтық) ғылымдармен тығыз байланыс, қатынастарда болып, олардағы құбылыстарды, үдерістерді, көкейтесті мəселеллерді, ой-пікірлерді, істің мəні мен мазмұнын əлеуметтану тұрғысынан жан-жақты, терең зерделеуге, тұжырымдауға тырысады. Ал, жалпы құқық ғылымы осындай əлеуметтік теориялық негіздеуді, яғни оның теориялық заңдылықтарын, əдістемелік нұсқау, бағдарламаларын, құқықтық құбылыстар мен процестерді зерттеудің ғылыми əлеуметтік əдістерін əр уақытта қажыт етіп отырады, оларды кеңінен қолдануға тырысады. Жоғарыда көрсетілгендей, осындай жалпы əлеуметтану мен жалпы құқық ғылымының тығыз байланыстары, əсіресе, əлеуметтану құқық ғылымына кең енуіне (кіруіне) байланысты əлеуметтанудың арнаулы салалық теориясы- құқық əлеуметтануы пайда болды. Құқық əлеуметтануы құқықты біртұтас, бірыңғай жүйе, ерекше бір əлеуметтік құрылым ретінде қарайды. Ал, мұндай құрылым əр уақытта əлеуметтік шеңберде қаралуы тиіс. Осыған орай құқық əлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны мен атқаоатын қызметін (функциясын), оның шығуы мендамуын, өзгеру тетігін, құқықтық (юридикалық), ережелердің құрылымын, олардың қоғамдағы адамдарға, топтарға, жіктерге, т.б. пайдалылығын, тиімділігін, басқа да қоғам салаларамен, құбылыстармен байланыстарын, ықпалын зерттейді. Құқық əлеуметтануы əр түрлі қоғамдық қатынатар жүйесінде, яғни құқық пен құқықтық сананың əр уақытта таптық сипатта болатынын, ақыр аяғында құқықтық экономикалық қатынастармен шарттас, тікелей байланыста, дұрысы, оларға біршама тəуелді екенін көрсетеді, сонымен қатар қоғамда құқықтық реттеудің көмегімен əлеуметтк қорғауды, бақылауды қамтамасыз етуді жəне қоғамдық өмірді ұйымдастыруды зерттейді. Қоғамдық қатынастар жүйесінде құқықтық əлеуметтік ережелердің дамуы, қоғамдық тəртіпті қолдау, тілек-талаптарды реттеуші сала, ретінде талданады. Ол құқықты, құқықтық сананы жəне құықтық шығармашылықты қалыптастыру үдерісі ретіндежəне құқықтық, юридикалық ережелерді қоғамның барлық деңгейінде əлеуметтік тəртіпке айналдыру үдерісі ретінде қарастырылады. Осыларға орай жалпы құқық деген не, оны əлеуметтік тұрғыдан қалай түсіну керек, деген заңды сұрақтар туады. Жоғарыда көрсетілгендей, құқық – алуан түрлі нормалардың (ережелердің), бұйрық- жарлықтардың, талап-тілектердің жиынтығы. «Норма» деген термин латын тілінен алынған ұғым, ол ереже (яғни, мөлшер, шама деген мағынаны білдіреді. Жай тілмен айтқанда «ереже» сөзі басқарушы деген жалпылама мағынада қолданылады. Əлеуметтік ереже дегеніміз, белгілі бір адамдар ұжымының мүддесін көздей отырып жасалған жəне бекітілген əрі адамдардың бір-біріне өзара қатынасының тиісті тəртібі. Бұл тиісті, міндетті тəртіп қоғам тарапынан жасалған алуан түрлі іс-шаралармен қорғалып, сақталынып отырады. Құқықтық ереже əлеуметтік ереженің бір түрі. Құқықтық нормаға əлеументтік норманың барлық белгілері, қасиеттері кірген.Сондықтан құқықтық ереже əлеуметтік ережені қайталап отырады. Бұл екеуінің арақатынасы бүтін мен жартыға тең Сонымен ,жоғарыда көрсетілгендей ,құқық ережесі дегеніміз, мемлекет шығарған жəне бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отырылатын жалпыға бірдей мінез-құлық тəртібінің ережелер жиынтығы. Құқықтық ереженің сапалы болуы, оны жасайтын адамның өрісімен танымына,мақсатына байланысты. Оның шығатын көзі – мемлекет. Сондықтан құқықтық ережелер жалпыға бірдей міндетті, тиісті тəртіп бола отырып, қоғамдағы адамдардан, олардың алуан түрлітаптары мен топтарына, жіктерінен оны бұзбауды, сақтауды, орындауды, қорғауды,талап етеді. Жалпыға міндетті ережелерге айнала отырып, құқық ережесі əлденеше құбылыс, үдерістермен ықпалдасып, қайталанып отыратын қоғамдық қатынастармен байланыста болады. осықайталанатын қатынастар, бір жағынан құқық ережесімен реттеліп отырса, екінші жағынан қайталанатын қатынастар құқық ережелерін жалпыға міндетті ережеге айналдырады. Құқықтық ережелерді орындамаушылық, тəртіп бұзушылыққа қарсы мемлект тарпынан еріксіз, мəжбүр ету, т.б. шаралары қолданылады. Сонымен, өзінің түрі жағынан құқық – бұл ережелер жүйесі, ол мемлекеттің белгілеп орнатуы, көндіруі немесе санкциясыарқылыжүзеге асыралып отырады. Қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудың маңызды құралы əлеуметтік нормалар: құқық нормалары, мораль нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, əдет, салт – дəстүр жəне ритуал нормалары. Əлеуметтік нормалар – бұл адамдардың мінез – құлқын, жəне олардың ара қатынасындағы ұйымның қызметін реттейтін ережелер. Оның белгілері: Əлеуметтік нормалар адамдардың мінез – құлқы ережелері болып табылады. Олар белгілі бір адамдардың ұжымы, м. пікірі бойынша адамдардың мінез – құлқы қандай болатындығын көрсетеді. Бұл үлгілер оған сəйкес адамдар өз əрекеттерін қалыптастырады. Əлеуметтік нормалар – бұл жалпы сипаттағы мінез – құлық ережелері. Оның жалпы сипаты бір адамға емес, барлығына арналған. Əлеуметтік нормалар – бұл қоғамдағы міндетті мінез – құлық ережелері. Құқықтық норма ғана сонымен қатар, басқа да əлеуметтік нормалар, оларды қолданатындарға міндетті. Қажетті жағдайларда əлеуметтік нормалардың міндеттілігі мəжбүрлеумен қамтамассыз етіледі. Осы белгілерге сəйкес, əлеуметтік нормалар елеулі қоғамдық қатынастарды реттеуші болып, адамдардың мінез – құлқына белсенді əсер етеді. Əлеуметтік нормалардың əр алуандығына байланысты, олар келесіде топтастырылады: Құқықтық нормалары – бұл мемлекет. бекітетін жəне қорғайтын мінез – құлық ережелері. Мораль нормалары – бұл қоғамдағы адамдардың жақсылық пен зұлымдылық, əділеттілік пен əділетсіздік, қадір қасиет, ар – аждан туралы моральдік түсініктеріне сəйкес қалыптасқан жəне қоғамдық пікір, немесе ішкі сенім негізінде қорғалатын мінез – құлық ережелері. Қоғамдық ұйымның нормалары – бұл қоғамдық ұйымдардың өздері бекітетін жəне бұл ұйымның жарғысымен көзделген қоғамдық əсер ету шаралары көмегімен қорғалатын мінез – құлық ережелері. Əдет нормалары – бұл адамдардың бірнеше рет қайталаудың нəтижесінде адамдардың əдетіне байқалған белгілі бір қоғамда қалыптасқан мінез – құлық ережелері. Салт – дəстүр нормалары – адамның өмір сүруінің белгілі бір саласында уақытқа сəйкес прогрессивті ережелерді қолдаумен пайда болған тұрақты мінез құлық ережелері. Ритуал нормалары - əр түрлі саяттарды (отряд) жасаған кезде адамдардың мінез – құлық ережелерін анықтайтын жəне моральдік əсер ету шараларымен қорғанатын нормалар. Олар ұлттық мейрамдарды некені қиған кезде қолданады. Діни, саяси, отбасылық, іскерлік нормалар. Техникалық нормалар - бұл табиғат заттары, еңбек құралдары, əр түрлі техникалық құралдар мен адамдардың қарым – қатынасын реттейтін мінез – құлық ережелері. Техникалық нормалардың мақсаты: табиғат, техника күштерін дұрыс пайдалану. Техникалық нормаларға құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, машина мен механизмдерді пайдалану нұсқаулары шикі затты, электроэнергияны, жағар майды жұмсау нормалары жатады. Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы əрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі əрі, əр алуан жүйесі. Құқық нормасы құқықтық бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тəн анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тəн. Сонымен, құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бкіткен не санкциялаған жəне қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық ережелері. Құқықтық норма əлеуметтік нормалардың бір түрі, бірақ өзіне ғана тəн белгілері бар: Жалпыға міндетті сипатты – бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға жəне көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті. Формальді анықтылығы – ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады. Мемлекетпен байланысы – мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, жəне мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі. Ұсынушы жəне міндеттеуші – адамдардың мүмкін не міндетті мінез – құлқын мемлекеттік үстем ережелері. Микрожүйелігі – бүртүрімен байланысты гипотеза, диспозиция жəне санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді. Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді. Заңи норманың құрылымы – бұл оның функционалдық дербестігін қамтамассыз ететін қажетті элементтердің тəртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді. Құқықтық норманың құрылымы: Гипотезадан; Диспозициядан; Санкциядан тұрады. Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін қ. нормасының элементі. Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез – құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тиым салған əрекеттерді жасауды көрсетеді). Санкция – бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқықтық норманың бір бөлігі. Олар жағымсыз – жазалау шаралары жəне жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді. Құқықтық жəне нақтылы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерін айыра білу қажет, өйткені, қоғамдағы ережелер (нормалардың) ондағы индивидтердің (адамдардың), əлеуметтік топтардың, жіктердің мұң-мұқтажы, талап- тілектерінің жанама түрде байланысты болады, ал ресми қабылданған құқықтық ереже (норма) қоғамда құқық жүйесінің жалпы өмір сүруін қамтамасыз ететін бірден бір шарт болып есептеледі. Алуан түрлі мекемелердің, ұйымдардың əлеуметтік топтардың, индивидтердің, т.б. əр қайсысының өзіне тəн, ерекше талап-тілегі, мұң-мұқтажы, мүддесі болғандықтан қоғам əр қилы “Əлеуметтік кеңістіктегі” күштердің жиынтығынан тұрады десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан бұлардың əр қайсысы əлеуметтік өмірде əр түрлі орында, ортада, жағдайда болып, əлеуметтік ресурстарда (мысалы, экономикада, саясатта, өнерде, т.б.) теңсіздікте болады. Əлеуметтік ресурстардың негізгі бір түрі “құқықтық ресурс” деп аталады. Осыған байланысты əлеуметтанушы мынындай мəселеге ерекше назар аударуы мүмкін. Қандай кезеңдерде немесе жағдайларда болмасын, кейбір əлеуметтік жағдайы біршамиа жоғары жəне көптеген əлеуметтік ресурстармен қамтамасыз етілген жеке адамдар мен топтар əрекет, қызмет етіп отырған құқықтық ережелерді (нормаларды) шектеуге мүмкіншіліктері бар ма, қолданыстағы, яғни, олардың жұмысын біршама тоқтата ала ма немесе кейбір құқық ережесі (нормасы) басқа бір адамдардың, топтардың мұң-мұқтажына, талап-тілегіне қарсы тұрып, кедергі келтіре ала ма немесе қоғамда жоғары тұрған адам немесе топ бола ма, т.б. Құқықта бекітілген құқықтық актілер ережелердің (нормалардың) жиынтығы десек, онда құқық таза (яғни, юриспруденция) ғылымына жатады да əлеуметтік сипаты болмайды. Міне осыған қарап құқықты тек заңи тұрғыда емес, жан-жақты қарастыруға болатындығына көзімізді жеткізуге болады, осыған қарап құқық ұғымының соншалықты ауқымды, кең түсінік екендігін аңғаруға болады. Сонымен құқық дегеніміз - бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған, қоғамның мүддесін білдіретін, мемлекет бекіткен жəне қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жүйесі. |