құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Құқық бұзушылық жəне заң алдындағы жауаптылықАзаматтар құқыққа сай əрекеттермен қоса құқыққа қарсы əрекеттерді де жиі жасайды. Құқыққа сай əрекетке қарағанда құқық бұзушылық қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян əкеледі немесе осындай зиянды тигізуге қауіп тудырады. Осыған байланысты қоғам да, мемлекет те əрдайым құқық бұзушылықтың санын азайтуға ұмтылады. Құқық бұзушылық дегеніміз – тұлғаның қоғам, мемлекет жəне жеке тұлғалардың мүддесіне зиян тигізетін немесе сондай зиян тигізуге қауіп төндіретін кінəлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті əрекеті болып табылады. Əлеуметтік қауіптілігіне қарай барлық құқық бұзушылықтар: қылмыстар мен терісқылықтарболып бөлінеді. Қылмыстар – қоғамға жоғары дəрежелі аса қауіпі бар, қол сұғушылықтардан қылмыстық заңмен қорғалатын əлеуметтік маңызды мүдделерге қол сұғу əрекеті болып табылады. Теріс қылықтар – қоғамға аса қауіпті емес, қоғам өмірінің барлық салаларында жасалатын, қол сұғушылықтың түрлі объектілері мен заңи салдары бар əрекеттер болып танылады. Теріс қылықтың мынадай түрлері бар: азаматтық, əкімшілік, тəртіптік, процессуалдық жəне т.б. Құқық бұзушылықтың заңды құрамы бар, олар: құқық бұзушылықтың субъектісі – əрекетті жасаған құқық жəне əрекет қабілеті бар тұлға болып табылады. құқық бұзушылықтың объектісі – құқық бұзушылық неге бағытталған, соны көрсетеді. Объект қоғамдық қатынастар, түрлі объект болса адамның өмірі, денсаулығы, абыройы, мүлкі жəне т.б. құқық бұзушылықтың субъективтік жағы – тұлғаның өз əркеті мен оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілерден тұрады. Субъективтік жақтың басты категориясы – кінə болып табылады. Кінə құқыққа қарсы жасалған əрекетке тұлғаның психикалық қатынасы болып түсініледі. Кінəнің екі нысаны бар: қасақаналық жəне абайсыздық. Қасақана: тікелей жəне жанама болады, ал абайсыздық: менмеңдік жəне жеңілойлылық болып екіге бөлінеді. құқық бұзушылықтың объективтік жағы – құқық бұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы болып табылады. Ол белгілер: əрекет, құқыққа қайшылық, зиянды салдар, əрекет пен зиянды салдардың арасындағы себепті байланыс жəне т.б. Кез келген құқық бұзушылықтың нəтижесі заң алдындағы жауаптылыққа апарып соғады. Мемлекет құқық нормасын қабылдай отырып, субъектілердің еркінен тыс мемлекеттік мəжбүрлеу сипаты бар заңды жауаптылықты анықтайды. Заңды жауаптылық дегеніміз – мемлекет пен құқық бұзушының арасындағы құқық бұзушылықтан туындаған құқықтық қатынас болып табылады. Заңды жауаптылықтың мынадай белгілері бар: ол – мемлекеттік мəжбүрлеуге жүгінеді, ол – құқықтық нормада көрсетілген санкцияны іске асырудың нақты нысаны; құқық бұзушылық болғанда ғана басталады. Құқық бұзушылық заңды жауаптылыққа негіз болады. Құқық бұзушылықтың құрамы заңды жауаптылық үшін іс жүзіндегі негіз, ал құқық нормасы заңды жауаптылық үшін заң жүзіндегі негіз болады. Заң алдындағы жауаптылықтың басшылыққа алатын қағидалары бар, олар: заңдылық қағидасы; негіздеу қағидасы; əділеттілік қағидасы; мақсатқа сай болу қағидасы; жазадан қашып құтыла аламау қағидасы жəне т.б. Құқық бұзушылықтың түрлеріне қарай заңды жауаптылық былай топтастырылады: қылмыстық жауаптылық – қылмыс орын алғанда басталады жəне заңды жауаптылықтың ең қатаң түрі болып танылады. Қылмыстың құрамы – қылмыстық жауаптылықтың пайда болуына негіз болып табылады. Ол жазаның тиісті мөлшерін белгілейтін арнайы құқық қолдану актісі, атап айтқанда сотың үкімі шыққаннан кейін ғана жүктеледі. Қылмыстық жауаптылық тұлғаға тікелей əсер етеді. Қылмыстық сот өндірісі іс бойынша шындыққа жету үшін жəне кінəліні жазалау үшін қатаң процессуалдық нысанда жүзеге асырылады. азаматтық – құқықтық жауаптылық – шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін не шартсыз мүліктік зиян келтіргенде басталады. Мұнда құқық бұзушы мүліктік зиянды өтейді жəне бұзылған құқықты қалпына келтіреді. Заң айып не қосымша жүктеме төлеу мүмкіншіліктерін қарастырған. Азаматтық – құқықтық жауаптылық соттық, арбитраждық, əкімшілік тəртіпте жүзеге асырылады. əкімшілік жауаптылық - əкімшілік құқық бұзушылық орын алғанда басталады. Əкімшілік жауаптылық институты арқылы сан алуан құқық салаларының (əкімшілік, еңбек, қаржы жəне т.б.) нормалары жүзеге асады, сол себептен осыған қатысты актілердің саны өте көп. Соның ішінде ең басты құжаттардың бірі əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің маңызы зор. Онда əкімшілік жауаптылықтардың мынадай түрлері көзделген: ескерту, айып, белгілі бір заттарды ақылы алу не тəркілеу, арнайы құқықтан уақытша айыру, түзеу жұмыстары, əкімшілік қамауға алу жəне т.б. тəртіптік жауаптылық – тəртіптік теріс қылықтар орын алғанда басталады. Тəртіптік жазаға жататындар: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жалақысы төмен жұмысқа ауыстыру не лауазымы төмен жұмыстарға ауйыстыру, жұмыстан шығару жəне т.б. Тəртіптік жауаптылық тəртіптік билігі бар лауазымды тұлғалар арқылы жүзеге асырылады. материалдық жауаптылық – жұмысшылар мен қызметшілердің өзінің еңбектік міндеттерін атқару барысында кəсіпорынға, мекемеге, ұйыма келтірген зияны болғанда басталады. Заңды жауаптылықтан мына жағдайларда босатылуы мүмкін: тұлғаның есі дұрыс емес болуы; қажетті қорғаныс, аса қажеттілік жəне т.б. Заңды жауаптылықтың негізгі функциясы – құқықтық тəртіпті сақтау жəне адамдарды тəрбиелеу болып танылады. Бұл екі функцияның мақсаты құқық бұзушылықтарды болдырмау болып табылады. |