Главная страница
Навигация по странице:

  • Патриархалдық

  • Органикалық

  • Психологиялық

  • Тарихи-құқық

  • Құқықтың реалистік мектебі.

  • Тарихи-материалистік

  • Лебертарлық заңдық концепция.

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница18 из 190
    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   190

    Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы теориялар


    Мемлекет пен құқықтың қалыптасуы мен дамуы əр елдердің тəжірибесінде, əр құрлықтарда, əр түрлі негіздерде, əр түрлі кезеңдерде жүрген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезеңде мемлекет пен құқықтың қалыптасуы мен дамуын түсіндіретін концепцияларда бірнеше негіздерге сүйенеді. Сонымен қатар, мемлекет пен құқықтың шығуын теориялық тұрғыда негіздейтін авторлардың да тарихи, əр түрлі кезеңдерде өмір сүргендігін есептейтін болсақ, субъективті тұрғыда да, мемлекет пен құқықтың шығуы туралы теориялардың сан алуан болатындығын көре аламыз. Мемлекет пен құқық континентальдік ерекшеліктерге байланысты, климаттық ерекшеліктерге байланысты əр түрлі тұрғыда қалыптасып, дамып отырды. Мемлекет пен құқықтың шығуы өте күрделі заңдылықтарға бағынғандықтан, бір бағытта мемлекет пен құқықтың қалыптасуы мен дамуын түсіндіре алу мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезеңде мемлекет пен құқықтың шығуына қатысты теорияларды қарастырғанда плюралистік еркіндіккке ден қоя отыра, бағалаған абзал болады.

    Діни теория. Бұл мемлекет пен құқықтың шығуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі болып табылады. Бұл теорияның басты негізі мемлекет пен құқық та құдайдың еркімен жаратылған болып саналады. Дііііни теория адамзат баласының қалыптасуымен келе жатқан ең көне теориялардың бірі. Ежелгі Египет, Ежелгі Месопотамия, Ежелгі Үндістанда тағы басқа мəдениет ошақтарында мемлекет пен құқықтың шығуы туралы алғашқы кезеңде осы теологиялық ой-тұжырымдар үстемдік құрды. Ежелгі халықтардың аңыздарына сүйенетін болсақ, мысалы, египеттіктерде алғаш адамзат қоғамын құдайлардың билегендігі туралы айтылады. Əрине, ондай аңыздарды көп халықтардың тарихынан кездестіреміз. Діни теорияның негізделуі мен дамуына Ф.Аквинский




    4 Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Мемлекет жəне құқық теориясы: Оқулық. Алматы: Жеті жарғы, 2006.- 3-4 бб.

    ерекше еңбек сіңірді. Ғылымда Ф.Аквинскийді осы теорияның негізін салушылардың қатарына жатқызады. Діни теория ортағасырларда батыс елдері мен шығыста кеңінен етек жайды. Діни теорияға сəйкес мемлекет құдайдың қалауымен жаралған болып саналады. Сондықтан да, дін өкілдері зайырлы мемлекеттің бастауын əрқашанда діннен шығарады. Қазіргі кезеңде Ватикандағы арнайы мемлекеттік ұстанымның бірі, мемлекет пен құқықтың шығуының осы доктринасы болып табылады. ХХ ғасырда бұл теорияны Ж.Маритэн дамыта түсті. Қазіргі кезеңдегі теологиялық табиғи ілім қолдайтын А.Ауэр, Э.Вольф, Ф.Харст жəне т.б. мемлекет пен құқықтың негізгі бастауын құдаймен байланыстырады. Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы діни теория христиан əлемінде де жəне мұсылман əлемінде де кеңінен тараған ұстанымдардың бірі болып табылады. Діни теорияға сəйкес мемлекетті басқарушы тұлға құдайдың жердегі өкілі болып саналады. Сондықтан да, мемлекетті басқарушы тұлғаның талаптарын бұлжытпай орындау қажет.

    Патриархалдық теория. Бұл теория да ежелгі дəуірлерден бері өмірге келген теорияның бірі. Патриархалдық теорияның негізін салушы грек ойшылы Аристотель болып табылады. Патриархалдық теорияға сəйкес мемлекет өсіп- өніп күрделенген отбасынан шығады. Сондықтан да, отбасындағы билік əкеге тиеселі болғандықтан, бұл теория бойынша да мемлекетті басқарушының билігі əке билігімен теңестіріледі. Қоғам мүшелерінің барлығы сол əкенің баласы ретінде танылып, əке билігіне мүлтіксіз бағынуға тиісті деп саналады. Кейінгі кезеңдерде бұл теорияны Р.Филмер, Н.К.Михайловский өрбітіп, дамытты. Р.Филмердің ойы бойынша, абсолюттік монархия мемлекеттің патриархалдық теориясына негіз болатын бірден-бір жүйе болып саналып, адам алғашқы монарх болып табылды. Ал монархияның басқа нысандарының барлығы, оның туындысы ретінде саналды. Абсолюттік монархтың билігіне қарсы шығу, əке билігіне қарсы келуімен теңестіріліп, үлкен күнəнің қатарына жатады деп есептелінген. Кейінгі кезеңдерде бұл теорияны Г.Гроций, Г.В.Ф.Гегель сынаған болатын. Қазіргі кезеңдегі ғылым патриархалдық теорияны теріске шығарады. Себебі, осы уақытқа дейін мұндай жолмен пайда болған мемлекетті адамзат тарихынан кездестіру мүмкін болған жоқ. Керісінше, қазіргі ғалымдардың пайымдауынша патриархалды отбасы мемлекетпен бірге өмірге келген деп саналады.

    Күштеу теориясы. Батыс елдерінде кеңінен етек жая тараған теорияның бірі, күштеу теориясы болып табылады. Күштеу теориясының өмірге келу уақыт аралығына тоқталатын болсақ, бұл теория негізінен ХІХ ғасырдың жемісіне жатады. Бұл теорияның негізін салушылар немістің философ экономисті Е.Дюринг австриялық мемлкеттанушы Л.Гумплович болып табылады. Сонымен қатар, бұл теорияның тағы бір өкілі К.Каутский. Күштеу теориясы мемлекетті ішкі жəне сыртқы күштеудің нəтижесінде, зорлықтың нəтижесінде өмірге келді деп пайымдайды. Мемлекет

    пен құқықтың пайда болуы əскери саяси факторлармен түсіндіреді. Яғни, бір тайпаның басып алу нəтижесінде мемлекет пайда болады. Көп жағдайда, бұл теорияның өкілдері, əлсіз тайпаларды күшті тайпалардың басып алуын өз ұстанымдарын дəлелдеу үшін ұсынады. Бұл теорияға терең мəн беріп қарайтын болсақ, оның бастауларының өзі ежелгі дəуірлерге барып тірелетіндігін байқаймыз. Күштеу теориясының рухани қолдаушылары ежелгі дəуірдегі софистер болып табылды. Софистердің негізгі идеясы да, күштіні əлсіздің мүддесі үшін тұсаулау керек деген идеямен негізделеді. Күштеу теориясы көп жағдайда өткен кезеңдердегі Герман, Венгр мемлекеттерінің қалыптасу тарихын нақты тарихи көрініс ретінде ұсынады. Мемлекет күшті тайпаларға қарағанда əлсіз тайпаларға өте қажет болып табылады. Сол арқылы ол тайпалар күшейіп мемлекеттілік құру сатысына өтеді. Мемлекет күштеудің нəтижесінде өмірге келсе де, болашақта жалпы үйлестірушінің қызметін атқарады. Күшті мен де əлсізді қорғаудың бірден-бір ұйымы болып қызмет жасайды деп айқындайды. Күштеу теориясы бізге тарихтан белгілі фашистік Германияның ресми идеологиясына айналған болатын.

    Келісім-шарт теориясы. Келісім-шарт теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын түсіндіретін философиялық-құқықтық теорияның бірі. Келісім-шарт теориясының бастаулары, оның кейбір элементтері мен идеялары, Ежелгі Шығыс жəне Ежелгі Антика дəуірлеріне барып тіреледі. Ал теориялық концепция ретінде ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда қалыптасып, дамыды. Келісім-шарт теориясының негізін Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Б.Спиноза, Ж.Ж.Руссо, А.Н.Радищев жəне т.б. қалаған болатын. Келісім-шарт теориясына сəйкес мемлекет пайда болғанға дейін адамдар табиғи қалыпта өмір сүрді. Табиғи қалып «алтын ғасыр» барлығына қарсы соғысы шектеусіз, еркіндік т.б. тұрғыда түсіндіріледі. Келісім-шарт теориясы табиғи құқық концепциясымен астасады. Табиғи жағдайда өмір сүріп жатқан адамдар ортадағы қарама-қайшылықтардың нəтижесінде құқықтарының белгілі бір бөлігін «мемлекет» деген ұйымға беріп, соның талаптарына сəйкес өмір сүру туралы өзара қоғамдық келісімге келеді. Əрине, бұл теория бойынша мемлекет адамдардың құқығына қол сұғатын болса, келісімге сəйкес мемлекеттен бас тартуына шартты бұзуларына қоғам мүшелірінің еркі сақталады. Келісім-шарт теориясы өзінің прогрессивтік сипатымен ерекшеленген теориялардың қатарына жатады. Келісім-шарт теориясы құқықтық мемлекеттің концептуалдық негізі болып табылған теориялардың бірі. Бұл теорияның негізгі талаптары 1789 жылғы «Адам мен азамат құқықтарының» Декларациясына енгізілген болатын. Қанша алдыңғы қатарлы теория болып табылса да, кезінде феодалдық сословиелік билікке қарсы қойылған, еуропаның көп елдерін демократиялық жолға түсуге итермелеген концептуалды бағыттағы ой-тұжырымдарға сүйенсе де, осы уақытқа дейін бұл теорияның шынайылығын дəлелдейтін ғылыми мəліметтер

    жоқ деп айтуға болады. Бұл теория көп жағдайда мемлекет пен құқықтың пайда болуының экономикалық басқа да алғышарттарын негізге алмайды.

    Органикалық теория. ХІХ ғасырлардағы жаратылыстану ғылымының үлкен жетістіктері қоғамдық ғылым өкілдері тарапынан қоғамдық құбылыстарды да сол жеткен жетістіктер аясында қайта саралауға қанаттандырған болатын. Осы аралықта əлеуметтанушы, мемлекеттанушы ғалымдар тарапынан органикалық теория негізделіп, өмірге келді. Органикалық теорияның басты идеясы мемлекетті тірі организммен байланыстырып, тірі организмінің жұмыс істеуімен салыстырып, негіздеу болып табылған еді. Қоғамды тірі организммен салыстыру тарихқа көз жүгіртетін болсақ, Ежелгі Үнді қоғамына барып тіреледі. Кейіннен грек ойшылы Платонда мемлекетті, заңды тірі организммен салыстыра талдап, олардың ортасындағы ортақтықтарды іздеуге тырысқан болатын. Сонда да болса, органикалық теорияның негізін салушылардың қатарына, ХІХ ғасырдың өкілдері Швейцар заңгері И.К.Блюнчли, ағылшын ғалымы Г.Спенсер, француз əлеуметтанушысы Р.Вормс жатады. Органикалық теорияға сəйкес адамзат тірі организмнің төменгі сатысының жоғарғы сатыға өту нəтижесінде өмірге келді деп саналады. Осының негізінде табиғи сұрыптаудың нəтижесінде адамдар біртұтас организм мемлекетке бірігеді. Органикалық теория өкілдері көршілес қауымдардың бір- бірімен күресінің нəтижесінде тұтастай бір организм қалыптаса деп санады. Бұл күресте табиғи сұрыптаудың нəтижесін көрсетеді. Қоғамның жоғарғы мүшелері мемлекеттің сыртқы қызметін атқарған болса, ал қоғамның төменгі мүшелері мемлекеттің ішкі қызметін атқаруға міндетті болды.

    Психологиялық теория. Мемлекет пен құқықтың пайда болуын түсіндіруге негізделген психологиялық теория ХХ ғасыр белестерінде өмірге келген болатын. психологиялық теория қазіргі кезеңдегі құқықтанудың кеңінен дамып келе жатқан бағыты ретінде əлеуметтанумен жəне басқа да қоғамдық ғылымдармен қатар өмрбіп отырды. Психологиялық теорияның өкілдері ретінде: Г.Тард, (Франция), Л.Кнапп, М.Рейснер, Э.Ленинг (Германия), А.Росс, Р.Вест, П.А.Сорокин жəне т.б. танылады. Психологиялық теорияның негізгі өкілі социолог-құқықтанушы Л.Петражицкийдің пайымдауы бойынша, құқықтың негізін қоғамдық өмірдің əлеуметтік-экономикалық шарттары анықтамайды, адамның психикалық жағдайы айқындайды. Адамның психикалық жағдайы, этикалық құқықты қалыптастырады. Психологиялық теорияға сəйкес мемлекет жеке тұлғаның қауымда өмір сүруге ұмтылысымен белгілі бір адамның бір адамға бағыныштылық жағдайда болуға деген ішкі психикалық қажеттілігінен пайда болып қалыптасады. Адамдар табиғатынан екі түрге бөлінеді. Бір адамдар бағындыруға ұмтылады, ал екінші адамдар бағынышты болып өмір сүруге бейім болып тұрады. Осы адам санасындағы негізгі шарттар теорияның концептуалдық бастауы болып табылады. Бұл теорияны жақтаушылар негізінен тарихтағы мысалдарды алға тартады.

    Мысалы, тарихта өзінің беделімен елді бағындырған патшалар, корольдер, монархтар қаншама кездеседі. Солардың саяси белсенді қызметін дəріптей отыра, өздерінің концептуалдық көзқарастарын айқындауға тырысып бағады.

    ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, американдық əлеуметтік заңтану психологиялық теорияның кейбір талаптарын қабылдағандай болды. Яғни, соттың өз еркімен іс қарауы құқықтық эмоцияны жүзеге асырудың көрінісі ретінде қабылданды. Қазіргі кезеңдегі психологиялық теория өкілдері, жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігінен гөрі, əр түрлі əлеуметтік топтардың, кəсіби ұжымдардың, отбасылардың ерекшеліктерін ескеру тұрғысынан, өздерінің концепцияларын дамытуда.

    Нормативтік теория. Қазіргі жаңа кезеңдегі құқық табиғатын түсіндіруге бағытталған теориялардың бірі болып табылады. Бұл теорияға сəйкес құқық əлеуметтік-психологиялық, тарихи мəндермен байланыса жоқ, тек объективті логикалық сипатқа ие болған құбылыс деп танылады. Бұл теорияның басты негіздеушісі австриялық құқықтанушы Г.Кельзен болып табылады. Нормативтік құқық түсінуге байланысты субъективтік құқық екінші тұрғыда қарастырылатын түсінік болып табылады да, құқықтың номартивтік қыры негізгі айқындаушы фактор болып саналады. Нормативтік құқықтаным тұрғысынан қарайтын болсақ, «құқық» дегеніміз нормативтік тұрғыда бекітілген ережелермен тікелей сəйкес келеді. Г.Кельзен өзінің концепциясы бойынша, таза құқықтың табиғатын айқындайтын ілімді қалыптастыруға ұмтылған болатын. Нормативтік бағыттың негізгі идеяларын мынандай жағдайлармен түсіндіруге болады:

    1. Кельзеннің концепциясы бойынша, құқықты нормалардың жүйесі (пирамидасы) ретінде ойлау, яғни ең жоғарысында негізгі (тəуелсіз) заң шығарушымен қабылданған норма болады, одан əрбір кіші нормалар өзінің заңдылығын алады, себебі ол норманың өте маңызды заңды күші болуға тиісті;

    2. Кельзен бойынша, құқықтың болмысы барып тұрған міндеттілік аясына жатады;

    3. Нормалар пирамидасының негізінде жеке актілер бар-соттың шешімі, келісім шарттар, əкімшілік нұсқаулар, олар да өз жағынан құқық түсінігіне қосылып негізгі (ең алдымен констиуциялық) нормаға сай болуға міндетті 5.

    Тарихи-құқық мектебі. ХІХ ғасырда Германияда пайда болған құқық ғылымының бағыты болып табылады. тарихи-құқық мектебінің негізін қалаушылар Г.Гуго, К.Савиньи, Г.Ф.Пухта болып табылады. Олар негізінен табиғи-құқық теориясына өздерінің идеяларын қарсы қойды. Тарихи-құқық мектебі өкілдерінің ойы бойынша, құқықтың негізгі қайнар көзі əдет-ғұрыптар болып табылады деп саналды. Құқықты кодификациялау басқа да тұрғыдан жасау, мүлдем терістелді. Құқық халық рухымен байланысты өрбіп, дамитын құбылыс деп есептеліп, оны тілдің дамуымен салыстырып қарады.




    5 Ағдарбеков Т. Құқық жəне мемлекет теориясы. Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2012. 132 б.

    К.Савиньидің ойы бойынша, ақыл-ой емес, заң шығару емес, құқықты жасайтын құқық өзіндік ішкі даму заңдылығына сəйкес қалыптасып, дамитын тарихи-құбылыс ретінде қабылданды. Құқық түзушілік ұзақ тарихи үрдісті қажет етеді деп есептелді. Құқықты халық санасының дамуымен тікелей байланыста қарастырды. Соған сəйкес құқықты тарихи тұрғыда оқып үйренуді ұсынды. Оның ішінде С.Савиньи рим құқығын оқып үйренуді алға тартты. Құқықтың тарихи мектебін одан əрі дамыту Г.Ф.Пухтаға бұйырылды. Оның ойы бойынша, құқық көзге көрінбейтін тұрғыда қалыптасады, бірақ та ол дамымайды. Құқықтың алғашқы нысаны əдет-ғұрып болып табылады, мемлекет оны кейіннен заң ретінде бекітеді, содан кейін барып оны заңгерлер оны оқып үйренеді жəне талқылайды. Құқықтық сананың басты сатыларының бірі, заңгерлер тарапынан барқұқықты оқып үйрену болып табылады. Бұл теория өзінің табиғаты бойынша консервативтік сипаттағы ілімдердің қатарына жатады.

    Құқықтың реалистік мектебі. Құқықтың табиғатын тануға қатысты бұл бағыт Д.Франк мен К.Леввелин теориялық тұрғыда негізделген құқықтық мектептің көрініс болып табылады. Бұл бағыт өкілдері құқықты түсіну үшін шынайы өмірлік жағдайды тану қажет деп пайымдады. Д. Франктің ойы бойынша, құқықты соттың арнайы белгілі істегі шешімі тұрғысында ғана, тануға болады деп санады. Шынайы құқықты егер нақты жағдайда нақты шешім шықпайынша тану мүмкін емес, сондықтан да, қабылданған шешім болашақтағы жағдайларға қатысты жүріс-тұрыс ережесін тудырмайды. Оның ойы бойынша құқық жүріс-тұрыс ережесі емес, тек қана шешім болып табылады. құқықтың нормативтік сипатын терістей отыра, заңдар мен нормативтік - құқықтық актілер құқықты тудыруы мүмкін емес деп санады. Құқықтық норманы елес, сағым деп деп бағалай отыра, ол құқықты шынайы өмірге бейімдеуге тосқауыл болады деп қарастырды. Сот шешімді номарның негізінде емес, өзіндік ішкі сенімнің негізінде қабылдайтын болғандықтан, нақты өмірлік жағдай құқықты айқындайды. Бұл теорияның өкілдері көбінесе, нақты жағдайлар құқықты өмірге əкеледі деп бағалай отыра, құқықтың нормативтік сипатын, оның заңдық күшін, заңдылық қағидасын мойындамады. Құқықты түсіндірудің бұл бағыты англосаксондық құқықтық жүйеге негізделген американдық құқықтық жүйенің жұмыс істеу табиғатынан туындаған теорияның бірі.

    Табиғи-құқық теориясы. Табиғи-құқық теориясы ежелгі дəуірлерден келе жатқан құқықты түсінудің көне түрлерінің бірі болып табылады. Табиғи-құқық теориясы бойынша құқық адамзат табиғатынан ажырағысыз құбылыстың қатарына жатады. Табиғи-құқық теориясы біздің дəуірімізге дейінгі Ү-ІҮ ғасырларда Ежелгі Грецияда дами бастады. Кейіннен, рим заңгерлері мен философтары да табиғи-құқық теориясының дамуына үлес қосты. Табиғи-құқық теориясы кейннен ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда қайтадан жаңа тұрғыда Г.Гроций,

    Б.Спиноза, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ж.Ж.Руссо жəне т.б. ойшылдар тарапынан дамытылды. Табиғи - құқық адам табиғатының мызғымастығымен түсіндіріледі. ХІХ ғасырдың аяғына табиғи құқық қайта өрлеуді бастан кешіреді. Оған сəйкес табиғи-құқық əлемде тарихи тұрғыда өзгеріп отыратын құбылыс ретінде қабылданып, түсіндіріледі. Кезінде батыс əлемі табиғи-құқықты алға тарта отыра, коммунистік идеалдарды теріске шығарғанын жақсы білеміз. Қазіргі кезеңде табиғи-құқық дамыған елдердің конституциялардың барлығында көрініс тапқан. Табиғи-құқық адамның бөлінбес өмір сүруін білдіретін құқықтық ұстанымдар мен бостандықтардың көрінісінен тұрады.

    Тарихи-материалистік теория. Мемлекет пен құқықтың шығуын түсіндіретін бұл теорияның негізін салушылар К.Маркс пен Ф.Энгельс жəне В.И.Ленин, Г.В.Плеханов т.б. болып тбылады. Материалистік теория өзінің бастауын, Л.Морганның идеяларынан алатындығын баршамыз жақсы білеміз. Тарихи-материалистік теорияны көп жағдайда таптық теория деп те айтып жатады. бұл теорияға сəйкес мемлекет əлеуметтік-экономикалық дамудың негізінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен, жеке меншіктің қалыптасуымен өмірге келеді деп түсіндіріледі. Мемлекет қанаушы таптың мүддесін білдіретін заңды органдарды көрсететін болса, құқық сол қанаушы топтың қаналушы топты езіп жаншуға бағытталған заңды құралының көрінісі. Мемлекет пен құқық та, бұл теорияға сəйкес экономикалық дамуға негізделе отыра, қалыптсқанмен таптық қайшылықтың жемісі болып табылады. Көбінесе, бұл теорияның осы бағыты Кеңестік заң ғылымында кеңінен дəріптелді. Тарихи-материалистік теорияның екінші сипаттамасына мəн берілмеді. Оған сəйкес тарихи-материалистік теория бойынша мемлекет пен құқық экономикалық дамудың нəтижесінде қоғамның күрделенуі барысында өмірге келеді. Сонымен қатар, жалпы қоғамдық мəселелерді шешудің құралы ретінде пайда болады. Көп жағдайда тарихи-материалистік теория мемлекет пен құқықтың пайда болуының шынайы табиғатын ашуға бірден-бір жақындаған теориялардың бірі болып табылады.

    Лебертарлық заңдық концепция. Мемлекет пен құқықты түсінудің бұл концепциясының астарында форальді тұрғыдағы теңдік идеясы жатыр. Бұл концепция ресейлік белгілі ғалымдар В.С. Нерсесянц, В.А. Четвернин тарапынан дамытылуда. Құқық негізінен еркіндіктің өлшемі ретінде айқындалып, түсіндіріледі. Былайша, айтып қарағанда құқық еркіндіктің математикалық өлшемі. Əлеуметтік қатынастардағы тұлғалардың арасындағы еркіндіктің сақталуы, яғни олардың құқықтық құралдар арқылы еркін əрекет ету мүмкіндігі, осы концепцияның негізгі бағытын айқындайды.

    Тұлғаның еркіндігі мен олардың мүмкіндігі тең дəрежеде қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі Кеңестік кеңістіктегі бірден-бір өмір сүруге қабілетті мемлекет пен құқықты түсінудің концепциясы осы болып табылады. Бұл концепцияның

    басты идеясы мемлекет пен құқықтың да негізгі өзегі жеке тұлғаның еркіндігінде жатқандығын дəріптеу.


    1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   190


    написать администратору сайта