құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений
Скачать 1.68 Mb.
|
Кеңестік жəне Кеңестік Қазақстандағы мемлекет жəне құқық теориясының негізгі бағыттарыКеңестік кезеңдегі мемлекет жəне құқық теориясының дамуы негізінен марксистік ілімнің ықпалымен қылыптасқан болатын. Кеңестік кезеңдегі қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтыған негізгі идеология коммунистік қоғамды орнатуға бағытталған таптық танымға арқа сүйеді. Мемлекет жəне құқық теориясының негізгі категориялары мен түсініктері де осы қысаң идеологияның аясында өрбіп, жалған ғылыми таныммен көркемделе түсті. Кеңестік кезеңде негізінен құқықтық идеологияның орнына пролетарлық идеологияны орнықтыру басты бағыт болып табылды. Мемлекет жəне құқық теориясында идеялық теориялық негіз марксистік- ленинистік мемлекет жəне құқық туралы ілімге сүйенген базистік қатынастардан туындайтын қондырма ілімі болып табылды. Қазан төңкерсінен кейін марксистік бағыттағы авторлардың барлығы большевиктердің қарарларын көбінесе пролетарлық құқық ретінде тани бастады. Осының негізінде пролетарлық құқық концепциясы орнығып, қалыптасты. Бұл концепцияның жақтаушыларынң бірі. Д.И.Курский пролетариат диктатурасы кезеңінде «құқық» – дегеніміз пролетараттың мүддесін білдіру деп қабылданды. Кеңестік кезеңдегі маркстік құқық түсінігінің одан əрі теориялық тұрғыда дамуына П.И.Стучка ерекше үлес қосты. П.И.Стучканың пайымдауынша құқықтың таптық сипаты мойындалды. Төңкерістік диалетика сүйенген əдіс-тəсілдер басшылыққа алынды. Базистік 2 Қазақстанның құқықтық жəне саяси ой тарихының хрестоматиясы. Оқу құралы. 2 томдық. – Аламты: Жеті жарғы, 2010. – 33-34 бб. қондырма ілімі құқықты айқындаудың методологиялық негізі болып табылады. Кеңес Үкіметінің алғашқы кезеңдерінде əділет халық комиссириаты қабылдаған актілерде құқықтың таптық түсінігі орын алып отырған болатын. Кеңестік кезеңдегі құқықтық танымның қалыптасуында тағы бір ерекше атап өтетін тұлға Е.Б. Пашуканис, оның жалпы құқық теориясы жəне марксизм атты еңбегінде негізінен марксизм ілімін негіздеушілердің жұмысына арқа сүйей отыра, құқықтың таптық табиғатына ерекше мəн берген болатын. осы тұрғыдан алып қарғанда буржуазиялық құқық өте дамыған құқықтың соңғы типтерінің бірі болып табылады деп саналды. Бұл жоғарыда айтқан пролетариат құқығының мүмкіндігін шектеді. Ал 1930 жылдардың ортасына таман осы автор мен социалистік құқық деген негізгі концепция өмірге əкелінді. Тапсызданған кеңестік қоғам орнағандықтан, кеңестік мемлекет жəне оның құқығы туралы зерттеулердің де қажеттілігі туындағанына баса көңіл бөлді. Кейіннен социалистік құқық туралы идея М. Доценконың жұмыстарында одан əрі дамыған болатын. Кеңестік кезеңдегі заң ғылымы А.Я.Вышинскийдің ерекше ықпалымен одан сайын өрби түсті. 1938 жылы ұйымдастырылған кеңестік мемлекет пен құқық ғылымының мəселелері туралы бірінші бас қосуда А.Я.Вышинскийдің құқықты түсіну туралы негізгі концепциясы қалыптасты. Құқық бұл концепцияға сəйкес үстем тап өкілдерінің мүддесін білдіретін заң тұрғысында бекітілген мемлекетпен мақұлданған жүріс-тұрыс ережесінің көрінісі болып табылды. А.Я.Вышинскийдің ұсынған құқықты түсінудің бұл концепциясы легистік құқық танымға жатады. Себебі, бұл арада заң мен құқықтың ортасындағы айырмашылық негізге алынбаған, яғни «заң» дегеніміз «құқық» деп қабылданды. Кеңестік кезеңде 1950 жылдардың ортасынан бастап қысаң бағыттағы құқық түсінігі белгілі дəрежеде сынға ұшырады. Құқық деген тек қана нормативтік таным ғана емес, сонымен қатар құқық нормасынан да кең құқықтық қатынастарда құқықты түсінудің негізі болып табылды. Бұл концепцияны С.Ф.Кечекьян жəне А.А.Пионтковский ұсынған болатын. Кейіннен А.К.Стальгевич болса, құқық нормасын құқықтық қатынасты құқықты түсінудің негізі ретінде қарастыра отыра, оған құқықтық сананы да қосқан болатын. 1960-1980 жылдардың арасында құқықты түсінудің қысаң нормативтік бағытынан бас тартып, құқықты түсінудің кең көлемдегі талқыламасы орын ала бастады. Кеңестік Қазақстанда мемлекет жəне құқық теориясы қазақстандық белгілі ғалымдар С.З. Зиманов, М.Т. Баймаханов, Ғ.С. Сапарғалиев, С.Н. Сəбикенов жəне т.б. ғалымдардың қажырлы еңбегінің арқасында өрбіп, дамыды. Осылардың ішінде қазақ заң ғылымының патриархы атанған С.З. Зимановтың атқарған еңбегі ерекше болып табылады. 1974 жылы Қазақстанда құқықтағы қарама-қарсылықтар мəселесіне қатысты мақала жазып, ғылыми ортаны осы мəселелермен айналысуға шақырған болатын. Бұл сол кезеңдегі ерекше маңызға ие болған еңбектің бірі, М.Т.Баймахановтың монографиялық еңбегінің шығуымен байланысты болды. С.З.Зиманов негізінен құқықтағы қарама-қайшылықтың субъективті себептері мен идеологиялық ұстанымдардың арқасында зерттеле қоймағандығын айта келе, құқықтағы қарама-қайшылықты зерттеу тек қана теориялық тұрғыдан емес, тəжірибелік те маңызы зор мəселе екендігін алға тартқан болатын. Академик, С.З.Зимановтың 1982 жылы «Жалпы құқық теориясы жəне оның құқықтану жүйесіндегі орны» атты ғылым академиясының мемлекет жəне құқық институтымен сол кезеңдегі Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы кафедрасының бірлескен методологиялық семинарында заңгерлер мен философтардың алдында баяндаған баяндамасында құқықты түсінудің орны мен ролі кеңінен қарастырылған болатын. Бұл баяндамада тəжірибе үшін жалпы теориялық концепцияның маңызды роль атқарылатындығы айтыла келе, қазіргі кезеңдегі мемлекеттік құқықтық құрылыстағы жаңа мақсаттар мен мəселелер салалық заң ғылымының аясынан шығып жалпы құқықтану теориясының деңгейінде қарастырылуға бет бұрғандығын айқындаған болатын. Сонымен қатар, жалпы мемлекет пен құқық теориясының негізгі мəселелерін ой елегінен өткізіп, қайта қарастыру да ұсынылды. Мемлекет пен құқық теориясына қатысты 1970 жылдары белгілі заңгер ғалымдар ұсынған əр түрлі концептуалдық ойлардың жақсы жəне жаман қырлары ашылып талданған болатын. С.З.Зиманов жалпы мемлекет жəне құқық теориясын методологиялық ғылымдар қатарына жатқызуға қарсы шығып, оны методологиялық мəні бар ғылым ретінде қарастыруды ұсынды. Бұл еңбекте сонымен бірге, жалпы жеке тұлғаның құқықтық мəртебесін айқындайтын ізденулерге басымдық беру қажеттілігіде айтылды. Сонымен қатар, осындай арнайы заң ғылымының бағытында қалыптастыру ұсынған болатын. С.З.Зимановтың басшылығымен мемлекет жəне құқық теориясының көптеген мəселелері, ғылыми ортаның талқысына түсті. 1984 жылы С.З.Зимановтың басшылығымен жоғарыда аталған институт пен кафедраның бірлескен отырысы болып, үлкен талқылау өтті. Қазақстан жағдайында С.З.Зиманов құқық социологиясының қалыптасуы мен дамуына ерекше роль атқарған ғалымдарың бірі болды. 1980 жылдардың басында С.З.Зимановтың қажырлы еңбегінің арқасында сол кезеңде Кеңес Одағында болып жатқан мемлекет пен құқықтың көптеген теориялық мəселелері туралы дискуссиялық талдаулар өткізілген болатын. Сондай талқылаудың бірі, В.С.Нерсесянцтың құқықты түсінуге қатысты мақаласы туралы талқылау болған еді. Осы кезеңде құқықты қысаң нормативтік аядан кең тұрғыда түсінуге қатысты бағыт талқылауға салынды. В.С.Нерсесянц ұсынған құқық пен заңның аражігін ашу қажеттілігі туралы концепция Кеңес Өкіметінің соңғы жылдарында жəне посткеңестік жылдарда үлкен роль атқарды. Кейін қалыптасқан құқықты түсінудің либертарлық теориясының орнығуына мұрындық та болды. |