Главная страница
Навигация по странице:

  • Мемлекет

  • Тəуелсіз

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница15 из 190
    1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   190

    Бақылау сұрақтары:





    1. Құқықмағынасынашыпберіңіз?

    2. Құқықұғымытуралызаңгерғалымдардыңойпікірлерінатаңыз?

    3. Құқықтүсінігінұғынудағыбірнешебағыттарынайтыпөтіңіз?

    4. Құқықтыңнегізгіфункцияларықандай?

    5. Құқықнормаларыныңмағынасынтүсіндіріңіз?

    6. Құқықтыңқайнаркөзідегендіқалайтүсінесіз?

    3-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ЖƏНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТАРИХЫ





      1. Мемлекет жəне құқық теориясының қалыптасуының бастаулары
      2. Кеңестік жəне Кеңестік Қазақстандағы мемлекет жəне құқық теориясының негізгі бағыттары


      3. Тəуелсіз Қазақстандағы мемлекет жəне құқық теориясының дамуы
      4. Мемлекет пен құқықтың шығуы туралы теориялар




      1. Мемлекет жəне құқық теориясының қалыптасуының бастаулары

    Мемлекет жəне құқық теориясы туралы түсініктердің бастаулары ежелгі дəуірлердегі мифтік жəне діни ұғым-түсініктерге барып тіреледі. Қай өркениеттің тарихына көз салмасақ та, мемлекеттік-құқықтық түсініктердің барлығы сол өркениеттерде орныққан мифтік негіздерден бастау алып жатады. Ежелгі Египеттік, Ежелгі Қытайлық, Ежелгі Үнділік жəне Антикалық өркениеттердің барлығында мемлекеттік-құқықтық құрылымдарды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды құдайдан берілді деген ой-əуен басым екендігін көре аламыз. Оған Ежелгі египеттіктердегі «ма-ат» ұғымын ежелгі үнділіктердегі «рта», ежелгі гректердегі «дике» түсініктерін айтуға болады. Кейіннен барып, Антикалық дəуірде мемлекеттік-құқықтық ұғым-түсініктер рационалдық сипатқа ие болып, ғылыми тұрғыда негізделе бастағандай болды.

    Мемлекет жəне құқық теориясының бастаулары да осы діни мифтік түсініктердегі рационалды кейіпке ие болып, дамып өрбіді. Ежелгі Грецияда мемлекеттік-құқықтық түсініктердің əділетті полистік жүйені жетілдірумен байланысты дамыды. Жалпы заң ғылымы арнайы ғылым саласы ретінде Ежелгі Римде өмірге келген болатын. Ежелгі Рим заңгерлері мемлекет жəне құқық теориясының негізгі ұғым-түсініктерінің қағидалары мен концепцияларының қалыптасуына ерекше үлес қосты. Кезінде атақты Рим заңгерлері Павел, Ульпиан, Папиниан, Гай, Модестиннің айтқан сөздері мен берген түсініктермелері заң ретінде қолданылған болатын. Ежелгі рим заңгерлері қалыптастырған заңтану ғылымы жалпы заң ғылымының болашақта дамуының бастауы жəне негізі болып табылды.

    Х-ХІ ғасырларда Боллонияда, Павиниде заң мектептері қалыптасып, рим заңгерлерінің заң саласындағы мұраларына қарқынды көңіл бөлуге жол ашылады. Ал кейінгі кезеңдегі қайта өрлеу дəуірінде мемлекет пен құқықтың негізгі ұғым-түсініктерінің дамуына Н.Макиавелли, Ж.Боден, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Л.Монтескье, И.Кант жəне т.б. ерекше үлес қосты. Соның ішінде, мемлекет жəне құқық теориясының қарқынды дамуына Ш.Л.Монтескьенің қосқан үлесі ерекше. Оның бірнеше жылдар жазған «Заң рухы» туралы еңбегі позитивтік заңнаманы зерттеудің теориялық негізін

    қалыптастырған сүбелі еңбек болып табылды. Бұл еңбегінде ойшыл заңның қалыптасуында географиялық ортаның ықпалының қаншалықты болатындығын нақтылап, айқындап көрсеткен болатын.

    Мемлект жəне құқық бағытындағы жалпы теориялық жəне методологиялық мəселелерді жетілдіруге ерекше ықпал еткен еңбектердің бірі, Г.В.Ф.Гегельдің «Құқық философиясы» болатын. «Құқық философиясында» құқықтың идеялық бастаулары сөз етіледі. Құқық философиясы арқылы ғана құқықтық таным орныққан деп айтсақ артық айтқандық болмас.

    ХІХ ғасырдың басында құқық философиясының негізінде жəне құқық энциклопедиясының аясында жалпы құқық теориясы қалыптаса бастаған болатын. Осы кезеңдерде немістің ғалымы Фальк жалпы құқық философиясын құқық теориясы деп атауды ұсынды. Ғылымда құқық теориясының негізін салушы ағылшындық заңгер Д.Остин болып табылады. Оның «Құқық ғылымының» пəні атты еңбегі жалпы құқық теориясын негіздеуге алғышарт болып табылды. Д.Остиннің пайымдауы бойынша заң ғылымының жүйесінде жалпы құқықтанымдық арнайы пəн болуы қажет. Ол құқықтың жалпы түсініктерін қалыптастыруға ықпал етеді деп санады. Кейіннен Д.Остиннің тұжырымын неміс заңгері А. Меркель дамытты. Ол негізінен жалпы табиғи құқық теориясының орнына жалпы құқық теориясын ұсынған болатын. Бұл қажеттілік негізінен барлық заң ғылымының жалпы мəселелерін қамтитын жүйелі арнайы ғылымның қажеттілігінен туындаған еді.

    Мемлекет жəне құқық теориясының сан ғасырлық қалыптасуы мен дамуы жолында Қазан төңкерісіне дейінгі орыс заңгерлерінің сіңірген еңбегі ерекше болып табылады. Ресей тарихында ХІХ ғасырдың алғашқы жартысынан бастап, құқықтық мектептер қалыптасып, оқулықтар мен ғылыми жұмыстар өмірге келе бастады. Ресейдің тарихындағы жалпы құқық теориясының қалыптасуына ерекше еңбек сіңірген ғалымдардың бірі Н.М. Коркунов болып табылды. Оның 1886 жылы «Жалпы құқық теориясы бойынша лекциялары» атты еңбегі шықты. Н.М. Коркунов 1853-1904 жылдар аралығында өмір сүрген Санкт- Петербург университетінің заң факультетінің профессоры қызметін ақтарған. Н.М. Коркунов жалпы құқық теориясымен қатар, мемлекеттік құқық, халықаралық құқық мəселелерімен де айналысты. Оның шығармаларында мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға деген тереңдік жатыр. Құқықтың əлеуметтік астарын ашуға деген үлкен талпынысты да байқауға болады. Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейдің ғалымдарының ішінде жалпы құқық теориясының негізін салушыладың қатарына М.Н.Капустин де жатады. М.Н.Капустиннің

    «Құқық теориясы жалпы догматика» атты еңбегі 1868 жылы өмірге келген болатын. М.Н.Капустинді жалпы құқық теориясының негізін қалаушы алғашқы орыс ғалымының бірі деп те санауға болады. Н.М.Коркуновтың еңбегі М.Н.Капустиннің еңбегіне қарағанда мемлекет жəне құқық теориясынан жазылған алғашқы оқулықтардың санатына жатады. Оның ойы бойынша, құқық

    философиясы мен құқық энциклопедиясы жалпы құқық теориясын арнайы пəн ретінде қалыптастырудың сатылары болып табылды. Н.М.Коркунов құқық философиясының тарихын терең меңгерген ғалым болды. Сонымен қатар, Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейдің заң ғылымы тарихында Г.Ф.Шершеневичтің атқарған ролі ерекше. Оның «Жалпы құқық теориясы» атты еңбегі мемлекет жəне құқық теориясын ғылым бағыты ретінде қалыптастыруда ерекше орын алады. Г.Ф.Шершеневич Қазан университетінің түлегі, 1886 жылы өзінің магистрлік диссертациясын, ал 1892 жылы өзінің докторлық диссертациясын сəтті қорғағанннан кейін алғашқы Қазан университетінде, кейіннен Мəскеу университетінде оқытушылық қызметпен айналысты. Оның негізгі еңбектері 1908 жəне 1912 жылдар аралығында шығып отырды. Олардың қатарына, «құқық жəне мемлекет туралы» жалпы ілім, жоғарыда айтып өткен «құқықтың жалпы теориясы» атты шығармалары жатады.

    Қазан төңкерісіне дейін Ресейде ерекше еңбек еткен. Мемлекет жəне құқық теориясының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан ғалымдардың қатарына: К.А.Неволин, П.Г.Редкин, А.Д.Гродовский, Б.Н.Чичерин, П.И.Новгородцевтер жатады.

    Қазақ даласында да мемлекет жəне құқық теориясының бастаулары туралы ой білдірген ойшылдар да бар болған. Əрине, қазақ даласындағы мемлекеттік- құқықтық түсініктер рационалдық пайымдаудың аясына сыйа бермейді. Себебі, ежелгі қазақ даласындағы көшпенділер қоғам мен табиғатты тұтастай қабылдап, оны тұтастық ретінде түсінген болатын. Мемлекеттік-құқықтық ұғым-түсініктер де ежелгі сақ дəуірлеріне барып тіреледі. Ежелгі сақ данагөйі Анахарсистің заң туралы ойлары өзіндік таныммен ерекшеленеді. «Жан біткеннің əділеттісі дала тағысы, өйткені олар заңға табынбайды, табиғат талабын ғана мойындайды. Табиғатты құдай жаратқан, ал заң адам ақыл-ойының туындысы. Адам орнатқан заң тəртіптеріне табынғаннан құдай жаратқан табиғат талаптарын мойындаған əлдеқайда əділетті, патшам».

    «Эллиндер зорлық пен зомбылыққа қарсы заң шығарды да, төбелеске түсіп, зорлық-зомбылығын асырғандарға сыйлық береді. Дүкендерде дүйім жұртты алдап, өтірікті судай сапырып отырып, өзгелердің алдампаз болмауына, өтірік айтпауына қалайша тыйым салуға болады?»1, – деген ойының өзінен табиғи құқық туралы пайымдаулардың бастауын көретіндейміз.

    Орта ғасырларда Қазақстан аумағында ғылым мен білім жүйесінде үлкен дүмпулер орын алды. Осы кезеңде қазақ даласындағы ғылым мен білімнің үлкен жəдігерлері өмірге келді. Орта ғасырлық қазақ даласындағы ұлы ойшылдардың бірі, Əл-Фараби мемлекеттік-құқықтық ғылымның дамуына ерекше еңбек сіңірген болатын. Əл-Фараби өзінің еңбектерінде




    1 Қазақстанның құқықтық жəне саяси ой тарихының хрестоматиясы. Оқу құралы. 2 томдық. – Аламты: Жеті жарғы, 2010. 10 б.

    мемлекеттанудың көптеген мəселесін қараумен қатар, заңтануға да мəн берді. Юриспуденция өнері дегініміз қайсыбір халықтардың дініндегі канондық правода жеткілікті түрде анық белгіленбеген қандай да бір нəрсеге болсын адамның баға беруіне жəне оны түзетуіне мүмкіншілік туғызатын ғылым болып табылады2, деп айқындауы құқықтануға қатысты ғылыми пайымның болғандығын аңғартады. Сонымен қатар, Əл-Фараби жалпы құқықтануды мұсылман құқығының аясында қрастырады. Ортағасырлық тағы бір ойшыл Ж.Баласағұн да мемлекет жəне құқықтық түсініктердің дамуына ерекше үлес қосты. Ж.Баласағұнның «Құтты білігінде» көрініс тапқан əділетті жəне əділетсіз заң деген идеяның өзі қазіргі кезеңде де маңыздылығын жоймаған алдыңғы қатарлы концептуалды ойлардың қатарынан орын алады. Əділетті заң кейінгі кезеңде ғалымдар айтып жүрген құқықтық заң деген идеямен астасатындығын бірден аңғаруға болатындай. Құқықтық заң туралы ойды Еуропа ғалымдары ХҮІІІ ғасырдан кейін барып, айта бастады. Ал, Ж. Баласағұн одан бірнеше ғасыр бұрын осы ойды тұжырамдауының өзі қоғамдық прогрестің көрінісі болып табылмағанда, ненің көрінісі болып табылуы мүмкін.

      1. 1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   190


    написать администратору сайта