Главная страница
Навигация по странице:

  • Азаматтық

  • Шарт

  • 5.1 Азаматтық құқық қазақстан құқығының саласы ретінде: пəні жəне

  • құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


    Скачать 1.68 Mb.
    НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
    Дата21.06.2022
    Размер1.68 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
    ТипДокументы
    #608877
    страница26 из 190
    1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   190

    Бақылау сұрақтары:





          1. Конституциялыққұқық-ұлттыққұқықтыңжетекшісаласыретіндемəнінашыңыз

          2. Конституциялыққұқықтыңқұқықтықнормаларыныңерекшеліктерінатаңыз

          3. Конституция жəне Қазақстан Республикасының конституциялыққұрылысыныңнегіздері

          4. ҚазақстанРеспубликасындаазаматтардыңқұқықтықжағдайы

          5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесінің жалпысипаттамасы

          6. ҚазақстанРеспубликасыныңмемлекеттікоргандарыныңжүйесі

          7. ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіңқұқықтықжағдайы

          8. ҚазақстанРеспубликасыныңПарламентіңқұқықтықжағдайы

          9. ҚазақстанРеспубликасыныңКонституциялықКеңесініңқұқықтықжағдайы
    1. ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ


      1. Азаматтық құқық қазақстан құқығының саласы ретінде: пəні жəне əдістері
      2. Азаматтық құқықтың қағидалары


      3. Азаматтық құқықтың қайнар көздері
      4. Азаматтық заңның уақыттағы, кеңістіктегі жəне адамдар арасында қолданылуы


      5. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың субъектілері
        1. Заңды тұлғалар жəне олардың ұйымдастырушылық-құқықтық формалары


        2. Азаматтық құқықтың объектілері
      6. Азаматтық құқықтағы мəміле


      7. Меншік құқығы: алынуы мен тоқтатылуы
      8. Азаматтық құқықтағы міндеттемелер: түсінігі жəне түрлері, əрекет ету мерзімі


      9. Шарт: түсінігі, түрлері, жасасу тəртібі жəне қолданылуы
      10. Азаматтық құқықтық жауапкершілік



    5.1 Азаматтық құқық қазақстан құқығының саласы ретінде: пəні жəне əдістері

    Азаматтық құқық – қоғам өмірінде айрықша орын алатын қазақстандық құқықтың бір саласы. Тұрмысымыздағы кез келген ең қарапайым деген жағдайларды еске салсақ, бұлардың қатарында азаматтық-құқықтық тəртіптің орын алатынын байқау тіптен қиын емес. Сізді академияға апаратын автобусқа кіріп, сіз жолақысын төлейсіз, сол арқылы тасымалдау шарты бойынша қатынасқа түсесіз. Академияға келіп гардеробқа пальтоңызды өткізесіз, сол арқылы мүлікті сақтау шартын жасайсыз. Үзіліс кезінде студенттік асханаға барып түскі ас ішесіз, бұл жерде де азаматтық-құқықтық қатынасқа түсесіз – алып-сату шартымен байланысты қатынастар. Сізге киіміңізді химиялық тазалауға беру керек, ол үшін мердігерлік шартын жасасуыңыз тиіс. Сіз оқырман билеті арқылы кітапханадан кітап алдыңыз, ал бұл саяп келгенде несие шарты қатынастарына əкелді.

    Əрине бүгінгі күндері барлығы да бірқалыпты еш кемшілік те байқала қоймайды, десек те адамдар өздері түсетін қатынастардың заңи табиғатын түсіне бермейді. Ал егер оқиғаның бірізділігі бұзылатын болса, бұл жайттардың құқықтық мінезі өзінен бірден хабар береді: бұндай қатынастардың қатысушылары жағдайды жақсы бағамдай отырып, өз құқықтарын қорғау мақсатында бір-бірлеріне наразылық білдіріп, міндеттердің орындалуын талап етеді, құзіретті мемлекеттік органдардан көмек сұрайды. Келтірілген мысалдан

    байқағандарыңыздай, азаматтық құқық қоғамдық қатынастарда кең ауқымды қызмет атқарады. Оның қызметі азаматтарға да, мекемелерге де, кей жағдайларда мемлекетке де таралады.

    Барлық құқық саласы екі жағдаймен сипатталады: біріншіден, білгілі бір реттеуші пəнімен, яғни өзі арқылы реттеліп, бікітіліп жəне қорғалатын қоғамдық қатынастармен, екіншіден, белгілі бір реттеуші əдісімен, яғни құқықтық қатынастарға қатысушы ретінде адамдардың жөнді тəртібін қамтамасыз ету үшін аталған жиынтықталған заңи нормалар негізінде мемлекет осы ерекше ерекше тəсілдерді қолданады.

    Азаматттық құқықтың пəні ретінде ең алдымен мүліктік қатынастар танылады. Мүліктік қатынастардың өзге қоғамдық қатынастардан ерекшелігі сол, олар белгілі бір экономикалық құндылықтарға иелік етеді. Ал сол экономикалық құндылықтарға иелік ету үшін, олар табиғаттың өзінен берілсе де, өндіріс қажеттіліктерімен, мысалға, жер немесе материалдық өндіріс процесі кезінде пайда болмаса да, адам еңбегінің азықтарымен, мысалға, рухани шығармашылық нəтижелерімен (ғылым, əдебиет, өнер туындылары) байланыста болуы керек. Мүліктік қатынастардың басым көпшілігі өндіріс қажеттіліктері ретінде көрініс табатын адамдардың өндіріс қызметі процесінің немесе тұтыну пəнімен орнығатындығы да сондықтан. Осыған сəйкес мүліктік қатынастарды - өндіріс қажеттіліктерімен, тұтыну пəнімен немесе өзге де адам еңбегінің жемісімен байланыста болатын, белгілі бір экономикалық құндылықтарға иелік ететін қоғамдық қатынас ретінде анықтауға болады.

    Мүліктік қатынастар түрлі формада көрініс табады, ал ол өз кезегінде оның тек азаматтық құқықпен ғана емес, өзге де құқық салаларымен реттеліп, қорғалатындығын білдіреді. Азаматтық құқық нормалары мүліктік қатынастарды белгілі бір формада ғана реттеп отырады. Ал бұл қарастырылған форма азаматтық құқықтың пəнін орнықтыратындай етіп анықталуы тиіс.

    Мүліктік қатынастарды қорғау саласындағы азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан шектеулілігі құнды белгісі арқылы танылады. Егер біреу ұрлыққа оқталса ол азаматтық емес, қылмыстық жауапкершіліке тартылады, себебі қоғамдық қатынастарға қол сұғу арқылы ол меншік иесіне ешқандай мүліктік залал келтірмейді жəне белгіленген құны бар мүлкіне тиіспейді. Егер де қылмыстық əрекет мүлікке зиян келтіретін болса, қылмыскер бір мезетте қылмыстық та, азаматтық та жауапкершілікке тартылады. Осы ретте қылмыстық жаза қылмыскердің тұлғасына қарсы бағытталады, ал келтірілген зардаптың заттай немесе ақшалай өтеуі азаматтық құқықтық норма негізінде тағайындалады. Олай болса тек реттелуі емес, мүліктік қатынастардың қорғалуы да, ол қатынастар құнды формада болатындықтан азаматтық- құқықтық нормалармен жүзеге асады.

    Мүліктіктен басқа, азаматтық құқықтың реттеу пəні болып жеке мүліктік емес қатынастар да танылады.

    Бұндай бағыттағы қатынастар ешқандай экономикалық құндылыққа ие емес, себебі біздің жағдайда ар-намыс, абырой, есім, авторлық секілді жеке қатынастарды туындататын жайларды ақшаға сатып ала алмайсыз. Олар азаматтың тұлғасынан ажырамайды жəне бөлінбейді, тек соған тəнін жəне жеке тұлғалық қасиеттерін білдіреді. Экономикалық құндылықтарға иелік етпесе де, жеке мүліктік емес қатынастар өз қатысушылары үшін өзге, барынша маңызды мағына үстейді, маңыздылығы сол қоғаммен бағаланатын жеке тұлғаның шынайы артықшылығы мен кемшіліктері көрінеді. Мысалға автор өз шығармасындағы бұрмалаушылықты жоюды талап етсе, ол ешқандай мүліктік мақсаттарды көздемейді, тек оның қабілетін өзі жасаған еңбегі арқылы қоғамның бағалауына мүмкіндік беруді талап етеді. Аты, ар-намысы, абыройы жəне өзге де жеке қасиеттердің заңи қорғалуы да осындай мағынағы ие. Аталған жағдайларды есепке ала отырып, жеке мүліктік емес қатынастардың анықтамасын азаматтың жеке тұлғасы көрініс тауып жəне оның қоғам тарапынан бағалануы арқылы көрініс табатын қоғамдық қатынастар деп анықтауға болады.

    Жеке мүліктік емес қатынастар қызмет етуші азаматтық заңнамамен кең көлемде реттелмеуде. Өзіндік мінезі бар жеке игіліктер де кездесіп жатады жəне сол себептен де оның иесі құқық нормаларымен реттелетін қандай да бір қоғамдық қатынастарда тұратындығына қарамастан құқықтық қорғауды қажет етеді. Осындай игіліктердің қатарына ар-намыс пен қадір-қасиетті жатқызуымызға болады. Сонымен қатар мүліктік қатынастардың қатысушыларымен тығыз байланыста болатын жеке қатынастар да кездеседі жəне біртұтас кешенде осы қатынастармен тұрақтанады. Мысалға ғылым, əдебиет жəне өнер туындыларын жасауға байланысты автор шығармашылығының бірыңғай актісі өзара тығыз байланысты жеке жəне мүліктік қатынастардың бір уақытта туындауына əкеледі. Аталған екі қатынастың бір-бірінен айырмашылығы азаматтық құқықтың реттеу пəнін анықтаған кезде назарға алынуы тиіс. Қолданыстағы азаматтық заң кез келген жеке мүліктік емес қатынастарды қамтымайды, тек өзі арқылы реттелетін мүліктік қатынастармен байланысы барларын ғана қамтиды.

    Осылайша, азаматтық құқықтың өзге құқық салаларымен шекарасы былайша анықталады: мүліктік қатынастар үшін – бағалау құнының формасы бойынша, ал мүліктік емес қатынастар үшін бағаланатын мүліктік қатынастардың байланысы бойынша. Алайда жеке мүліктік емес қатынастардың екі түрі бар: мүліктікпен байланысты ( мысалға, авторлық қатынастар) жəне олармен бацланысты емес (мысалға, азаматтың ар-намыс мен қадір-қасиеті). Алғашқысы азаматтық құқықтың жалпы ережелері бойынша реттеледі, екіншісі азаматтық-құқықтық аясынан алынып тасталған заңнамалық актілер арқылы реттеледі немесе жеке мүліктік емес құқықтар мүлде осылайша реттелуге жатпайды. Құқық саласын сипаттау үшін тек пəнін

    анықтау аздық етеді жəне де азаматтық-құқықтық реттеу əдісін анықтау керек. Реттеу əдісі ретінде мемлекет қатысушыларға қажет тəртіп ережелеріне қол жеткізетін əдістер мен тəсілдер жүйесі жатқызылады. Тиым салу мен міндеттеу əдістеріне қарағанда, азаматтық-құқықтық реттеу əдісінің жалпы сипаттамасы жалпыға бірдей қолжетімділігімен ерекшеленеді, яғни мемлекет заңмен тиым салған немесе өзге біреулердің заңды мүддесіне қол сұғатын əрекеттерден басқа, өздері қалаған, мүдделеріне сəйкес келетін кез келген əрекеттерді жүзеге асыра алады.

    Азаматтық құқық бірегей құқық саласы ретінде мүліктік қатынастарды бағалау құны шеңберінде реттеуші нормалардың жиынтығы. Азаматтық құқық сонымен бірге мүліктікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастарды да жəне де заңнамалық актілермен қарастырылған немесе осы қатынастардан туындайтындардан басқа өзге де жеке мүліктік емес қатынастарды реттейді.

      1. 1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   190


    написать администратору сайта