Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница25 из 190
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   190

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі


Конституциялық бақылау (конституциялық қадағалау) – бұл актілер мен бұқара биліктің (мемлекеттік органдардың), сонымен қатар бұқаралық қызмет атқарушы (азаматтардың санаттары мен топтардың басқа да мүдделерін білдіруге құрылған) қоғамдық бірлестіктер əрекетінің Конституцияға сəйкестігін тексерудің кез-келген нысаны.

Конституциялық бақылау идеясы 17 ғасырда Ұлыбританияда пайда болған жəне Құпия Кеңестің егер отарларға немесе жалпы құқыққа арналып шығарылған заңдары легислатур заңдары (заңнамалар жинағы) ағылшын Парламентінің заңдарына қайшы келсе, легислатур заңдарын (заңнамалар жинағы) жарамсыз деп танитын қызметімен байланысты болған деп есептеледі.

Алайда, конституциялық бақылау қазіргі түсінік бойынша ең алғаш АҚШ- та 1803 жылы Мэдисонға қарсы Мэрбэри ісінде пайда болды. Маршаллдың басшылығымен Жоғарғы Сот федеративті Конституция – елдің жоғары заңы жəне Конституцияға қайшы келуші кез-келген заң сотпен жарамсыз деп танылуы мүмкін деп жарялады. Бұл мысал кейінірек латынамерикасы елдерінде (1891 жылы Бразилияда, 1917 жылы Уругвайда жəне т.б.) жалғасын тапқан болатын. Бірінші Дүниежүзілік соғысқа дейін оған кейбір еуропалық елдер - Норвегия, Греция, Швейцария қосылды.

Еуропада Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін қазіргі уақытта бұрынғы КСРО территориясы мен басқа да континенттерге тараған конституциялық қадағалаудың өзіндік үлгісі жасап шығарылды. Оны барлық посткеңестік елдер қабылдады. еуропалық үлгі идеясының авторы - 1920 жылғы австриялық Федеральдық заңды дайындауға қатысушы, кейін Конституциялық соттың мүшесі, австриялық заңгер Ганс Кельзен.

Конституциялық қадағалаудың негізгі міндеттері:

Атқарушы жəне заңнамалық биліктер арасындағы жəне басқа да əртүрлі билік тармақтары арасындағы қақтығыстарды (конфликтарды) болдырмау. Қазіріг жағдайда бұл міндетті шешпейінше биліктің бөлінуі қағыдасының əрекетін тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. Мұндай қақтығыстар

құқықшығармашылық қызметте жəне мемлекеттік басқару аппаратының билік құзіреттілігін жүзеге асыру кезінде туындайды жəне билік органдары мен басқару тарапынан өте жоғары деңгейде потенциалды қауіпті билікіті кері пайдалану мен бұзу тұлғалардың бостандығы саласында маңызды болып саналады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандығын, азаматтардың теңдігін қамтамасыз етілуіне кепілдік берумен қамтамасыз ету.

Актілердің барлық нормаларының Конституцияға сəйкестігін, заңдардың тиісінше қолдануын қамтамасыз ету.

Конституция нормаларын түсіндіру.

Олар əртүрлі негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.

Конституцялық бекітуге байланысты Конституциялық қадағалауды органдары:

а) арнайы немесе өз қызметтері бойынша немесе өздерінің кейбір қызметтерін жүзеге асыру кезінде конституциялық бақылауды атқаратын - мемлекет басшысы, үкімет, Парламент, соттар, əкімшілік соттар

б) сот немесе квазисоттық конституциялық бақылаудың мамандандырылған органдары

Президентпен, Парламентпен, Үкіметпен жəне басқа да органдармен жүзеге асырылатын конституциялық бақылау кейде саяси органдар деп аталады немесе аталған органдар саяси қызмет атқарады. Олар белгілі бір уақыт аралығына сайланады, сайлау олардың құрамын толықтай өзгерту мүмкін жəне саяси курстың ауысуына əкелуі мүмкін. Сондықтан олармен жүзеге асырылатын конституциялық бақылау ағымдағы саяси міндеттермен теңестіріледі жəне тұрақсыз деп есептеледі.

Соттық талаптар негізінде айқындалған Конституцияның соттық қорғауының екі негізгі жүйесі болып табылатын конституциялық қадағалаудың сот жəне квазисоттық органдары тұрақтылыққа ие. Біріншіден, бұл қорғау жалпы соттар жүйесі арқылы оларың бір немесе бірнеше қызметтерімен байланысты жүзеге асырылуы мүмкін. Екіншіден, ол ерекше органға - жалпы соттар жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңеске тапсырылуы мүмкін.

Конституциялық Кеңес қызметі мен ұйымдастырылу қағидалары: Конституциялық Кеңестің тəуелсіздігі мен дербестігі. Конституциялық

Кеңес өз уəкілеттілігін жүзеге асыру кезінде дербес жəне мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан тəуелсіз, тек Конституцияға бағынады.

Конституциялық Кеңес құзіреттілігі қағидасы. Ол өз өкілеттілігін Конституция мен 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Президент Жарлығын басшылыққа ала отырып жүзеге асырады, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мəселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады. Осыған байланысты

мəні бойынша өз құзыретіне кірмейтін өтініштер келіп түскен жағдайда Конституциялық Кеңес конституциялық өндіріске қабылдаудан бас тартады.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің тəуелсіздігі. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері өз міндеттерін атқару кезінде тəуелсіз жəне Конституция мен 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Президент Жарлығына бағынады. Басқа актілердің оларға міндетті күші жоқ. Олардың қызметіне кез-келген араласу, сонымен қатар күш көрсету немесе басқа да кез- келген нысандағы əсер ету рұқсат етілмейді жəне заң бойынша жауапкешілікке тартылады.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері қызметі конституциялық өндіріс мəселелері бойынша есеп берілмейді. Олардан ешкім өз уəкілеттілігін жүзеге асыру мəселелері бойынша есеп талап етуге құқығы жоқ.

Қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн Конституциялық Кеңестiң қарауына арқау болып отырған мəселелер бойынша ешкiмнiң де пiкiр немесе кеңес сұрауға, ал Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң отырысынан басқа кезде, пiкiр айтуға немесе кеңес беруге хақы жоқ.

Конституциялық Кеңестiң мүшелерi өкiлеттiк мерзiмi iшiнде ауыстырылмайды. Олардың өкiлеттiгiн, Конституциялық заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болмайды.

Егер Конституциялық Кеңестiң қарауындағы мəселеге тiкелей жеке немесе жанама мүдделiлігiне байланысты өзiнiң əдiлдiгiне күмəн тууы мүмкiн болса, Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе мүшесi бұл мəселенi қараудан бас тартуға мiндеттi, мұны Конституциялық Кеңес қанағаттандыруға тиiс.

Конституциялық Кеңес мүшесiнiң сотта немесе өзге құқық қолдану органдарында, заңды өкiлдiктен басқа, қорғауды немесе өкiлдiктi жүзеге асыруға, құқықтарды жүзеге асыру мен мiндеттерден босату iсiнде қандай адамдарға болса да қамқоршылық жасауға хақы жоқ.

Конституциялық Кеңес мүшелеріне ешкiмнiң тиiспеуi. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп əкелуге, оған сот тəртiбiмен белгiленетiн əкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасалған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын республикалық мемлекеттiк органның басшысы ғана қозғай алады. Iстi тергеу барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды Республиканың Бас Прокуроры жүзеге асырады, ол Парламентке Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм беру туралы ұсыныс енгiзедi.

Конституциялық Кеңестiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық

iстi Республика Жоғарғы Соты қарайды.

Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi тəртiптiк жауапкершiлiкке тартылмайды.

Конституциялық Кеңестiң мүшесiн, егер осы Конституциялық заңға сəйкес оның өкiлеттiгi тоқтатыла тұрмаған болса, Конституциялық Кеңестiң отырысына қатысудан шеттетуге ешкiмнiң хақы жоқ.

Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерi құқықтарының теңдiгi. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi Конституциялық Кеңес жүргiзiп жатқан мəселелердi қарауда жəне олар бойынша шешiмдер қабылдауда, Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы шешушi дауыс болып табылатын жағдайды қоспағанда, тең құқықтарға ие болады.

Конституциялық Кеңестің құрамы, сайлау тəртібі жəне уəкілеттілік мерзімдері.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi 7 мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi 6 жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.

Конституциялық Кеңестің құрылу тəртібі. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi тағайындайды жəне дауыс тең бөлiнген жағдайда оның даусы шешушi болып табылады.

Конституциялық Кеңестiң 2-мүшсін Сенат, 2-мүшсін Мəжiлiс, 2 мүшесiн - Республика Президентi тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң жартысы əрбiр 3 жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық Кеңестiң құрамына 30 жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы бар Республика азаматы тағайындала алады. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кəсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды..

1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   190


написать администратору сайта