Главная страница

құқық негіздері УМК. Высший инновационный колледж международных отношений


Скачать 1.68 Mb.
НазваниеВысший инновационный колледж международных отношений
Дата21.06.2022
Размер1.68 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлақұқық негіздері УМК.docx
ТипДокументы
#608877
страница22 из 190
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   190

Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі


ҚР сайлау жүйесі бұл мемлекеттеазаматттарды сайлауға тартуға, депутаттың сайлаушылармен қарым-қатынасын жəне сайлауды ұйымдастыру негіздерін анықтауды қамтитын əрекет етуші өкілді органдар (Парламент жəне Маслихаттар), сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру реті.

Сайлау құқығы бұл ҚР Президенті, өкілді билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау процесінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын білдіретін конституциялық құқықтың маңызды институттарының бірі болып табылады.

Сайлау құқығы жиынтығын құрайтын нормалар 1993 жылғы Конституцияның арнайы «Сайлау» атты 18-тарауында көрініс тапқан, 1995 жылғы Конституцияда мұндай бөлім немесе арнайы сайлауға арналған тарау

бекітілмеген. Сайлау құқығының Президентті сайлауға арналған нормалары тиісінше «Президент» атты III тарауының 41-бабында айқындалған, ҚРПарламенті Сенаты мен Мəжілісін сайлау «Парламент»атты IV тарауының 50-51 б.б. айқындалған, жергілікті өкілді органдарды сайлау нормалары маслихаттар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары - «Жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару»VIII тарауында 86-баптың 2-3 тармақтарында, 89-баптың 2-тармағында көрініс тапқан.

Осы конституциялық нормаларды дамыту мақсатында «ҚР сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы шықты. 1995 жылғы Конституция жəне осы Конституциялық Заң сайлау құқығының қайнар көздеріне жатады. «Сайлау құқығы» сондай-ақ басқа мағынада қолданылады. Ол азаматтың сайлауға қатысу, Президентті сайлау жəне оған сайлануға, өкілді органдарды жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау жəне оларға сайлануға қатысты субъективтік құқықтарын білдіреді. Сайлау құқығының

«белсенді» жəне «бəсең» түсініктері ажыратылады.

Белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.

Бəсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мəслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы.

ҚР 1995 жылғы Конституциясы мен «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңы сайлау құқығының келесідей қағидаларын көрсетеді: Республика Президентiн, Парламентi Мəжiлiсiнiң жəне мəслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау келесі негідерде жүзеге асырылады:

  1. Жалпыға бірдей;

  2. Тікелей сайлау құқығы;

  3. Жасырын дауыс беру арқылы;

  4. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi;

  5. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады.

Жалпығабiрдейсайлауқұқығы

«ҚР Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 4-бабының 1-тармағына сəйкес, жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына,

тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы болып табылады.

Бəсең сайлау құқығы бұл - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мəслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Бұл – жас шектелімі, мемлекеттік тілді меңгеру цензасы.

ҚР Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сəйкес, Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген əрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады.

Мəжіліс депутатыболып жасы жиырма беске толған, ҚР-да соңғы 10 жыл тұрған адам сайлана алды. Масихат депутаты болып 20 жасқа толған ҚР азаматы сайлана алады.

Сайлауға сот iс-əрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

Тең сайлау құқығы сайлаушылардың Республика Президентi, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мəжілісінің депутаттары жəне мəслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысуын əрi олардың əрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болатындығын білдіреді.

Тең сайлау құқығының бірінші элементі – сайлауға тең негізде қатысу – бірде бір сайлаушы басқа сайлаушы алдында артықшылықтарға ие бола алмайтындығымен қамтамасыз етіледі (Мысалы, ҚР «Сайлау туралы» Заңының 21-бабына сəйкес, сайлау округтерi Республиканың əкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi жəне сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы ескерiлiп құрылады). Барлық азаматтардың сайлау құқығы заңмен теңдей негізде қорғалады.

Тең сайлау құқығының екінші элементі - сайлаушылардың əрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болатындығы сайлаушы сайлаушылардың тек бір тізімге енуін қамтамасыз етуді білдіреді (ҚР «Сайлау туралы» Заңының 24-бабы); əрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi (Заңның 41-бабының 1-тармағы), сайлауда дауыс құқығын басқа бiреуге беруге жəне сол сияқты басқа адам үшiн дауыс беруге жол берiлмейдi (Заңның 41- бабының 2-тармағы); дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға (таңдаушыларға) сайлаушылар тiзiмдерi (таңдаушылар тiзiмдерi) негiзiнде сайлаушының (таңдаушының) жеке басын куəландыратын құжатты көрсетуi бойынша берiледi; сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмге бюллетеньдердi алғандығы туралы қол қояды; комиссияның бюллетеньдi берген мүшесi оларға өзiнiң қолын қояды, сондай-ақ бюллетеньдi алған сайлаушының (таңдаушының) тiзiмдегi тегiнiң тұсына қол қояды (41-баптың 3-5-тармақтары).

Төте сайлау құқығы – сайлау құқығының келесі бір қағидасы. Республика Президентiн, Парламентi Мəжiлiсiнiң жəне мəслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тiкелей сайлайды. Бұл сайлаушылар арқылы емес, өздігінен екендігін білдіреді. Бұл органдарды сайлау таңдаушылар коллегиясымен емес, тұрғын халықпен тікелей сайлауды білдіреді.

Парламент Сенаты депутаттарын сайлауда келесідей сайлау құқығының қағидасы орын алған: жанама сайлау құқығы. Бұл Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мəслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысуын білдіреді. ҚР Конституциясына сəйкес Парламент Сенаты депутаттарын сайлауда таңдаушы ҚР азаматтары, яғни маслихат депутаттары қатысады.

Сенат конституциялық заңда белгіленген тəртіппен əр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан жəне Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады.Сенатта қоғамның ұлттық-мəдени жəне өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады əрi олардың əрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.

Конституцияға сəйкес, Сенат депутаттарын жасырын дауыс беру арқылы сайлау құқығы шектеулермен жүзеге асырылады. Сенат депутаты болып келесі азаматтар таныла алады:

ҚР азаматтығында кем дегенде 5 жыл тұрған; 30 жасқа толған;

Жоғарғы білімі бар жəне кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі бар;

Тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала не астана аумағында кем дегенде 3 жыл тұрақты тұратын;

ҚР-да соңғы 10 жыл тұрған.

Сайлау құқығының келесі қағидасы - жасырын дауыс беру. Республика Президентiн, Парламентiнiң жəне мəслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс берiледi əрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi.

Сайлау құқығының соңғы қағидасы – азаматтардың сайлауға ерікті түрде қатысуы. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мəжбүрлеуге, сондай- ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
    1. 1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   190


написать администратору сайта